F.A.Q

Форумның мейманханалары

Жиі қойылатын сұрақтар

Қатысушыларды тіркеу қашан жабылады?

Делегаттарды тіркеу 14 мамырға дейін жалғасады.
БАҚ өкілдерін аккредитациялау 12 мамырда аяқталады.

Мен Форумға қалай тіркелсем болады?
Тіркеуден Форумымыздың www.astanaeconomicforum.org (www.forum-astana.org) Ресми сайтында өтуге болады.
Қатысу ақысын қалай төлесем болады?
Сізге қолайлы болуы үшін біз сайтта әр түрлі төлеу тәсілдерін ұсынамыз: банк картасымен, төлем терминалдары, интернет-банкингтер. Барлық төлем түрлері Форум сайтында тіркелудің барлық жолдарын толтырғаннан кейін Төлем бөлімінде болады.
Ұйым өкілдеріне қатысу ақысын қалай төлеуге болады?
Сіз қатысу ақысын қызмет көрсету шартын жасасу арқылы ұсынылған шот бойынша төлей аласыз. Бұл үшін ақылы қатысуды тіркеу жөніндегі Үйлестірушіге жүгіну қажет. Байланыс деректері Форумның Ресми сайтында көрсетілген.
Менде төлем жасаумен қиындықтар туындады. Кімге жүгінуге болады?
Сайтта төлем жасаумен қиындықтар туындаған жағдайда, сізге registration@forum-astana.org электронды адресіне жазу немесе ақылы тіркеу жөніндегі Үйлестірушіге жүгіну қажет. Байланыс деректері Форумның Ресми сайтында көрсетілген.
Менде Форум сайтында фотосурет жүктелмейді. Не істесем болады?
Сізде фотосуретті орналастыру кезінде «Фотосуреттің өлшемдері дұрыс емес» деген хабарлама шықса, Сізге фотосуреттің өлшемін 480 x 640 пиксельге өзгерту қажет болады.
Мен тіркеліп, қатысу ақысын төледім. Әрі қарай не істеуім керек?
Қатысу ақысын төлеп, Аккредиттеу орталығы сіздің тіркелу кезінде енгізген деректеріңізді тексергеннен кейін сіз тіркеуден табысты өткендігіңіз туралы хабарлама аласыз. Тіркелу кезінде деректерді дұрыс көрсетпеген болсаңыз, сіздің көрсеткен поштаңызға деректерді түзету туралы өтініш білдірілген хабарлама келеді.
Өз бейджімді қайдан алсам болады?
Бейдждерді беру орындары туралы ақпарат форумның www.astanaeconomicforum.org (www.forum-astana.org) Ресми сайтында беріледі.
Мен виза рәсімдеу үшін шақыру хат ала аламын ба?
- Сізге виза рәсімдеу үшін шақыру алу қажет болса, сізге алдымен Форум сайтында тіркеуден өтіп, қатысу ақысын төлеу, содан соң визалық қолдау жөніндегі үйлестірушіге жүгіну қажет. Байланыс деректері Форумның Ресми сайтында көрсетілген. - Маңызды! Виза рәсімдеуге арналған құжаттар Қазақстан Республикасына ұшып келетін күннен кем дегенде 5 жұмыс күні бұрын тапсырылады.
Мен БАҚ өкілімін. Тіркеуден қалай өтсем болады?
Форумның ресми сайтында «БАҚ аккредиттеу» бөлімі бар. Аккредиттеу тегін жүргізіледі.