Бағдарлама

07:00-8:30
«АХҚО – АЙМАҚТЫҚ ҚАРЖЫ ХАБЫ» АХҚО БИЗНЕС-ТАҢҒЫ АСЫ (ШАҚЫРТУ БОЙЫНША)

Өткізу орны: Конгресс-орталығы, "Аспан" залы
09:00-10:00
Тіркелу
11:00-12:30
ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС

Өткізу орны: Конгресс-орталығы, Пленарлық отырыс "Нұр-Сұлтан" залы
12:30-13:30
Форум қатысушыларына арналған түскі ас
10:30 - 12:00
Жаһандық экономиканың баяулауы: ауқымды рецессияның қалай алдын алуға болады?
Сессия серіктесі: Бреттон-Вудстың жаңарту бойынша комитеті
«Мәскеу» залы
Конгресс-орталығы

Жаһандық экономиканың баяулауы: ауқымды рецессияның қалай алдын алуға болады?

Ұйымдастырушы: Бреттон-Вудс Жаңарту жөніндегі комитеті

Қазіргі күні әлемдік экономика синхрондалмаған қалыпта. Әлемнің екі ірі экономикасы сауда соғысын жүргізуде, Еуропа БРЕКСИТ жөнінде қамығуда, жаһандық экономика баяулай бастады, әлемдік сауда қысқартылуда, протекционизм екпіндеп күшею үстінде, тоғыспалы санкциялардың көлемі азаймауда, ал егер бұл қатарға геосаяси тәуекелдерді қосса — бұл 2019 жылы әлемдік экономикаға төнген ықтимал дағдарыстың дайын рецепті болуы мүкмін. Бұл үдеріс ұлттық валюталар мен дамушы нарықтарға кері әсерін тигізетін дамыған елдердегі монетарлық саясаттың қалыпқа келтірілуімен одан сайын күшейе түсуде. Жаһандық нарықтар құбылмалылықтың жаңа дәуіріне аяқ басуда, себебі әлем он жылға жалғасқан ультра-жұмсақ ақша-несиелік саясатынан соң, жоғары пайыздық мөлшерлемеге бейімделуде.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Толық ауқымдағы протекционизм жағдайында жаңа жаһандық экономиканың сұлбасы қандай болады?
  • Протекционизм жаһандық экономиканың өсуіне қандай әсер тигізеді?
  • Аталмыш үдерістердің тез дамушы экономикадағы қаржы дағдарысының триггері бола алатын жаңа жаһандық экономикалық құлдырауға алып келуі мүмкін бе? (дағдарыс белгілері қазірдің өзінде ірі дамушы экономикаларда байқалады: Аргентина, Түркия және т.б.)

Модератор:

  • Джон Дефтериос, дамушы нарықтар мәселелері жөніндегі редактор және жүргізуші, CNNBusiness

Спикерлер:

  • Морис Обстфельд, Экономика профессоры, Калифорния университеті, Беркли, ХВҚ бас экономисі (2015-2018)
  • Джастин Лин, Бейжің университеті Ұлттық даму мектебінің профессоры, Қытай Халық Республикасы, Дүниежүзілік банктің бас экономисі және аға вице-президенті (2008-2012)
  • Стэнли Фишер, АҚШ Федералды резервтік жүйесінің вице-төрағасы (2014-2017)

 

13:30 - 14:45
Бизнес үшін Еуразиялық экономикалық одақ: инвестициялық болжау, мүмкіндіктер, перспективалар
Сессия серіктесі:
«Дубай» залы
Конгресс-орталығы

Бизнес үшін Еуразиялық экономикалық одақ: инвестициялық болжау, мүмкіндіктер, перспективалар

Ұйымдастырушылар: Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті

Еуразиялық экономикалық интеграция бизнеске кең жалпы нарыққа ырықтандырудың қолжетіміділігі бойынша едәуір мүмкіндіктер сыйлады. Алайда, кәсіпкерлер ЕЭО басымдықтарын толық өлшемде қолдана алмайды және оны қолдануға асықпайды.

ЕЭО-та бизнес жүргізу үшін қажетті экожүйені қалыптастыру – тауарлар және қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, сәйкесінше, экономикалық өсу қарқынын жылдамдатуды шешетін маңызды мәселе. Сонымен қатар, ЕЭО-та бизнесті дамытудағы негізгі мәселелердің бірі – түрлі кедергілер, жеткіліксіз деңгейдегі ақпаратпен қамту және ЕЭО ұсынған мүмкіндіктерді пайдаланбау, сонымен қатар, Одақтың әр мемлекетіндегі бизнес үдресітерін реттеудің өзгеше жағдайы.

Еуразиялық кеңістіктегі бизнесті дамыту үшін интеграциялық үдерістердің үлесі қандай?

Еуразиялық интеграциялық жобаның жалпы ЕЭО және әр мемлекеттегі бизнес климатты жақсартуға тигізетін жағымды әсерін қалай бағалауға болады?

Еуразиялық интеграция және бәсекелестік құзіретті қолдану арқылы бизнесті жүргізу және инвестициялау кезінде синергетикалық нәтижеге қалай қол жеткізуге болады?

Қалайша ішкі реттеуді қатайту үрдісі мен ұлттық протекционизм ортадан тепкіш күшін интеграцияның ортаға тартушы күшіне айналдырып және инвестициялық әлеуетті еуразиялық кеңістікке тоғыстыруға болады?

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Еуразиялық интеграциялық үдерістердің ЕЭО елдерінің халықаралық рейтингтердегі позицияларына әсері (Doing Business, The Global Competitiveness Index).
  • Интеграциялық бірлестіктегі «Бизнес ерікндіктің индексі»: әдістеме жасау және бақылау жүргізудегі идея және ықтимал тәсілдер?
  • Үздік ұлттық тәжірибелер мен қолайлы инвестициялық климатқа қол жеткізу механизмдерін қалайша еуразиялық форматқа ауқымдаса болады?
  • Одақ мемлекеттері реттеушілері және ұлттық бизнестерінің өзара сенімдерін қалай көтеруге болады?: имплементация, үйлесімдік, әкімшілік ынтымақтастық?
  • Бизнесті адвокаттаудың жоғары тұрған ұлттық құралдары: құрылған база және кеңейту қажеттілігі.
  • ЕЭО-та бизнес жүргізудегі «өмірлік циклдің» ерекшеліктері (құрылуы, жұмыс істеуі, тоқтатылуы).
  • Аймақтық интеграция немесеұлттық протекционизм: бірыңғай нарық басымдықтары мен Одақ туралы келісімнің «кәсіпкерлік-инвестициялық» кепілдерін қолдану арқылы трендтердің қақтығысының қалай алдын алуға болады?

Модератор:

  • Станислав Наумов, ЕЭО Іскерлік кеңесі хатшылығының жетекшісі

Спикерлер:

  • Ғалия Жолдыбаева, Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры
  • Амангелді Исенов, Еуразиялық даму банкі (ЕДБ)Басқарма төрағасының орынбасары
  • Данил Ибраев, Қырғыз өнеркәсіп иелері мен кәсіпкерлер одағының президенті
  • Евгений Больгерт, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер одағының (ҚР ҰКО) Басқарма төрағасы
  • Стефка Славова,Дүниежүзілік банкінің Орта Азиядағы қаржы, бәсекеге қабілеттілік және инновациялар жөніндегі өңірлік өкілдіктің жетекші экономисі
  • Олег Гощанский, KPMG International Директорлар кеңесінің және Еуропа, Таяу Шығыс және Африка аймағы бойынша KPMG Директорлар кеңесінің мүшесі;  Ресей мен ТМД-дағы KPMG басқарма төрағасы және басқарушы серіктесі

 

 

 

 

13:30 - 17:45
Еркін экономикалық аймақтар бойынша Дүниежүзілік Кеден Ұйымының Өңірлік Форумы
Сессия серіктесі: ҚР ҚМ
Rixos President Astana Hotel

Еркін экономикалық аймақтар бойынша Дүниежүзілік Кеден Ұйымының Өңірлік Форумы

Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Бірлескен ұйымдастырушылар: Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДКҰ), Жапонияның кедендік қызметі, USAID

Қазақстанның кедендік қызметі сауда рәсімдерін оңайлату және тиімді кедендік бақылау бойынша, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтарды (АЭА) басқарусекілді маңызды салада шаралар қолданады. АЭА-ны басқару және реттеу саласы кедендегі жұмыстың маңызды бағыты болып табылады, себебі көрсетілген аймақтар экономиканы дамытуға көп салалы тәсілді қолданады, ішкі және сыртқы нарықтарға шоғырланады. Олар инфрақұрылымды, салықтық және кедендік жеңілдіктер мен едәуір жеңілдетілген әкімшілік рәсімдерді қоса алғанда, көптеген оңайлатуларды ұсынады.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының аумағында 12 АЭА жұмыс істейді (оның ішінде 1 порттық, 1 логистикалық, 1 – ЕЭА, оның шектері экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара сәйкес келеді). Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы АЭА тиімді басқару және кедендік әкімшілік ету жөніндегі табысты елдердің тәжірибесін зерттеуге мүдделі.

ДҚҰ-на мүше елдердің кедендік қызметтерін, халықаралық ұйымдарды, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерін шақыра отырып, халықаралық іс-шараны өткізу тек Қазақстан мен Еуропа өңірінде ғана емес, сонымен қатар ДКедҰ-ның басқа өңірлерінде де АЭА-ны табысты реттеуде және басқаруда әрі қарай және тиімді серпін береді.Тәжірибе алмасу сауда рәсімдерін оңайлатудың қазіргі заманғы құралдарын дамытуда, шығын тәуекелдерін азайтуға және, нәтижесінде, салалар мен көрсетілген аймақтарда орналасқан өңірлердің инфрақұрылымдық және экономикалық дамуы бойынша күтілетін мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • АЭА кедендік басқарудың халықаралық тәжірибесі
  • АЭА аумағында кедендік басқаруды жүзеге асыру кезіндегі проблемалар
  • АЭА аумағындағы бонды қоймаларға арналған кедендік басқару тәжірибесі

Модератор:

  • Марат Сұлтанғазиев, Қазақстан Республикасы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
  • Кенжи Оми, ДКҰ зерттеу бөлімінің техникалық аташесі
  • Сатоко Кагава, ДКҰ Оңайлату және сәйкестендіру директоратының техникалық офицері

Спикерлер:

  • Ана Б.Хиноджоса, ДКҰ Бас хатшысының орынбасары- Оңайлату және сәйкестендіру Директоратының Директоры
  • Кенжи Оми, ДКҰ зерттеу бөлімінің техникалық аташеcі
  • Сатоко Кагава, ДКҰ Оңайлату және сәйкестендіру директоратының техникалық офицері
  • Герман де Мело Понсе, Еуропалық комиссияның кедендік заңнама департаментінің өкілі;
  • Кристофер Эдвардс, Орталық Азия бойынша аймақтық директоры ЮСАИД

 

13:30 - 14:45
Бейресми экономика. Цифрлық төлемдер экономикалық ашықтықты арттыру факторы ретінде
Сессия серіктесі: Visa
«Токио» залы
Hilton Astana

Бейресми экономика. Цифрлық төлемдер экономикалық ашықтықты арттыру факторы ретінде

Ұйымдастырушы: VISA ғаламдық технологиялық төлем компаниясы

Бейресми экономика өкіметтердің қызметтер көрсету мүмкіндіктерін шектеп, бәсекелестіктің дамуына кедергі жасап, әділ емес еңбек тәжірибесіне септігін тигізеді. Барлық транзакцияны ресми экономикаға ауыстыру бірқатар артықшылықтарға қол жеткізу мүмкіндігін береді, соның ішінде табыстары төмен азаматтар үлесін азайтуға, жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға, әлеуметтік жеңілдіктерге қол жетімділікті кеңейтуге және инфрақұрылымды, білім мен денсаулық сақтауды дамытуды жылдамдату үшін қажетті қосымша салықтық түсімдерге.

Бүкіл әлем елдерінің үкіметтері бейресми экономиканы зерттеуге және оның дамуы салдарынан туындайтын салықтық және әлеуметтік мәселелерді шешуге басты назарларын аударуда.

Бейресми экономиканы зерттеу оның көлемдері мен әсерлері және цифрлық төлемдердің бейресми экономиканы қысқартуға әсері жөніндегі білімді арттыруға септігін тигізіп, ол өз кезегінде ІЖӨ мен салықтық түсімдердің артуына септігін тигізе алады.

«Бейресми экономика. Цифрлық төлемдер экономикалық ашықтықты арттыру факторы ретінде» панельді сессия қатысушылары цифрлық технологияларды енгізудің ашықтықты арттыру, тұтынушылардың сенімін нығайту және экономикалық өсуді жылдамдату үшін беретін артықшылықтарын талқылап, инновациялық бастамаларды енгізудің нәтижелі тәжірибелерімен, зерттеулердің нәтижелерімен және Орталық Азияда цифрлық төлемдерді пайдалануға ауысу барысындағы қаржылық ашықтықтың дамуы бойынша болжамдарымен бөліседі.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Цифрлық төлемдер инклюзивтік экономиканы қалай ынталандырып, нарықтың барлық ойыншыларының ашықтығын қолдап отыруға қалай көмектеседі?  
  • «Бейресми экономика» ұлттық экономика үшін тудыруы мүмкін бөгеттер.
  • Бұл бөгеттерден өту үшін цифрлық төлемдер саласында қандай шараларды қолдануға болады?   
  • Ашықтықтың қандай құралдары/технологиялары бейресми экономика үлесін азайтуға көмектесе алады?
  • Орталық Азия елдерінің өкіметтері цифрлық экономикаға өту мен ашықтықты арттыруды жылдамдатуда қандай рөл атқара алады?  

Модератор:

  • Константин Пак, Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы Қаржылық технологиялар және инновацияларды дамыту орталығының директоры

Спикерлер:

  • Эндрю Торре, Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Африка өңіріндегі Visa президенті
  • Вера Платонова, Аға вице-президент, ТМД және Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы Visa аймақтық директоры
  • Сәкен Сәрсенов, «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы

 

13:30 - 14:45
Жаһандық экономикадағы жаңа норма: сауда соғыстары және протекционизм
Сессия серіктесі: Бреттон-Вудстың жаңарту бойынша комитеті
«Мәскеу» залы
Конгресс-орталығы

Жаһандық экономикадағы жаңа норма: сауда соғыстары және протекционизм

Ұйымдастырушылар: Бреттон-Вудс Жаңарту жөніндегі комитеті

Қазіргі таңда әлемде заманауи әлемдік экономика негізделген үстемді либералдық тәртіптен популистік, протекционистік және ұлтшылдық платформаға ауысу орын алуда. Экономикалық тұрғыдан қарағанда бұл әлемдік сауда драйвері болған гипер-жаһанданудың отыз жылдық циклінен соң, жаһандық сауда саясатына қайта теңгерімделумен байланыстырылады. ДСҰ және жаһандық жүйе үлкен соққыға тап болды және әлемдік сауданың үйлестірушісі және төрешісі саналатын ДСҰ-ның болашағы қазіргі таңда көп үміт күтерлік емес және оның жұмыс істеуіне сауда соғыстары мен протекционизм кедергі келтіретін болады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Ұзаққа жалғасқан сауда соғысы 2019 жылдағы жаһандық экономиакаға қалай әсер етеді?
  • Жаһандық экономиканы қайта теңгерімдеуге жаңа ойыншылар қосыла ма?
  • Сауда соғысының кері әсерін тигізбеу үшін елдерге қандай стратегиялар таңдау қажет?
  • Мультилатерализм үшін альянс құру қаншалықты шындыққа жанасымды?
  • Қазақстанның 2020 жылы ДСҰ-да министрлік кездесу өткізуді жоспарлауына байланысты қандай реформалар қажет?
  • Мемлекеттер өсудің ішкі қозғалтқыштарын, соның ішінде тұтыну және инвестициялардықалай нығайта алады әрі сыртқы нарықтарға тәуелділіктерін қалай төмендете алады?

Модератор:

  • Янкинг Янг, Бас редактордың орынбасары, China Business News

Спикерлер:

  • Сәлемдесу сөзі: Марк Узан, Бреттон-Вудс Жаңарту жөніндегі комитеттің негізін қалаушысыжәне атқарушы директоры
  • Мехмет Шімшек,саясаткер және экономист, Түркияның бұрынғывице-премьер-министрі
  • Джеймс Бахус, Орталық Флорида Университетінде Жаһандық экономикалық және экологиялық мүмкіндіктер орталығының директоры, Университеттің жаһандық мәселелер бойынша еңбегі сіңген профессоры, Дүниежүзілік сауда ұйымы Аппеляциялық органының бұрынғы төрағасы, Құрама Штаттар Конгрессінің бұрынғы мүшесі
  • Монтек Сингх Ахлувалия, Профессор, Үндістан жоспарлық комиссиясы төрағасының бұрынғы орынбасары
  • Хеннинг Вопель,директор, Гамбург халықаралық экономика иинституты

 

13:30 - 14:45
Денсаулық сақтау саласындағы адами капиталды дамыту
Сессия серіктесі: ҒБМ / ДСМ
«Нью-Йорк» залы
Конгресс-орталығы

Денсаулық сақтау саласындағы адами капиталды дамыту

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Денсаулық сақтау жүйесін нығайтудың ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі адами капиталды дамыту стратегиясы болып табылады. Бүкіл әлемде денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі мен медициналық қызметтердің сапасы денсаулық сақтау ұйымдарының және ел өңірлерінің білікті мамандардың жеткілікті санымен қамтамасыз етілуіне, олардың білімдерімен, шеберліктерімен және уәждемелерімен, ғылыми-технологиялық даму деңгейімен айқындалатын сала қызметкерлері қызметінің көрсеткіштеріне байланысты.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қазіргі кезеңде мемлекеттің экономикалық өсуінің шешуші факторы адами капиталды қалыптастыру мен дамытуға байланысты инвестициялар болып табылады. Әлемнің 192 елінің экономикасын зерттеуге негізделген Дүниежүзілік Банктің деректері бойынша экономикалық өсудің тек 16% – ы ғана физикалық капиталмен, 20% – ы-табиғи, 64% - ы-адами капиталмен негізделген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) анықтамасына сәйкес негізгі қызметі денсаулықты жақсартуға бағытталған адамдар денсаулық сақтау қызметкерлері болып табылады. Олардың қатарына медициналық қызмет көрсететін мамандар (дәрігерлер, медбикелер, фармацевттер және зертханашылар), сондай-ақ әкімшілік және қосалқы қызметкерлер кіреді. Әлемде 60 миллионға жуық денсаулық сақтау қызметкерлері бар. Олардың үштен екісі медициналық қызметтерді (провайдерлер) көрсетеді, ал үштен бірі әкімшілік және қосалқы функцияларды орындайды.

Кез келген елдің, оның ішінде Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы өзінің адами капиталын сапалы дайындау мен дамытуға зор шығындар мен ресурстарды талап етеді. Өйткені, тек жоғары білікті қызметкерлер мен табысты кәсіпкерлер ғана сол қоғамның жоғары экономикалық тиімділігіне қол жеткізудің қуатты кепілі болып табылады.

Тұрақты экономикалық даму үшін әлеуметтік-экономикалық негізді білім беру, ғылым, денсаулық сақтау мен мәдениет салалары құрайды. Сондықтан қазіргі Қазақстанда мемлекеттің қызметі білім беруге, ғылымға, денсаулық сақтауға, әлеуметтік қамсыздандыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, тұрғын үй саясатына бағытталатын шығыстар мен инвестицияларды ұлғайту жағына қарай өзгеруде.

Адам капиталының өзегі адам және ол солай болып қалады, бірақ енді-білімді, жасампаз және бастамашыл, жоғары кәсіби деңгейіне ие адам. Білімі, кәсіби тәжірибесі мен біліктілігі бар адамдар қажетті өзгерістердің мүмкіндіктері мен шекараларын анықтайды. Қызметкерлердің білімі мен шығармашылық әлеуеті экономикалық жүйе тиімділігінің басты факторына айналуда, онсыз техникалық және экономикалық прогресс іс жүзінде қол жетпейтін міндетке айналуда.

Осылайша, тез жаңаратын технологиялар жағдайында ғылыми және өндірістік процестерге енуге дайын инновацияларға сезімтал адами капиталды қалыптастыру міндеті бірінші жоспарға қойылып отыр.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Денсаулық сақтауда салалық біліктілік шеңберін қалыптастыру
  • Адам ресурстарын басқару: әлемдегі заманауи үрдістер және Қазақстандағы жағдай
  • Жоғары білім берудегі жаңа жаһандық сын-қатерлер
  • Білім беру нәтижелерін жақсарту бойынша жүйелі тәсілі

Модератор:

  • Олжас Әбішев, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

Спикерлер:

  • Елжан Біртанов, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
  • Павел Черных, Skillscenter «Дағдылар мен құзыреттілік орталығы» одағының директоры, БҰҰ-ның Ресейдегі білім беруді дамыту жобасында сарапшысы, Халықты жұмыспен қамту және құзыреттілік мәселелері бойынша Дүниежүзілік Банк жобасының сарапшысы
  • Гүлмира Раисова, Қазақстан HR-менеджерлері қауымдастығы Үйлестіру кеңесінің төрайымы
  • Дайнюс Павалькис, «Астана медицина университеті» (КЕАҚ ректоры)
  • Син Ши, «ҚМУ» БАҚ зерттеулер жөніндегі директоры, Қарағанды, Қазақстан

 

13:30 - 16:15
Жаһандық комиссияның еңбек болашағы жөніндегі баяндамасын талқылау үшін Халықаралық Еңбек Ұйымының 100 жылдығына орайластырған халықаралық конференциясы
Сессия серіктесі: МТСЗН
«Бейжің» залы
Конгресс-орталығы

Жаһандық комиссияның еңбек болашағы жөніндегі баяндамасын талқылау үшін Халықаралық Еңбек Ұйымының 100 жылдығына орайластырған халықаралық конференциясы

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ведомстволық бағынысты ұйымдар, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің республикалық бірлестіктері.  

Қазақстан Республикасы Халықаралық еңбек ұйымына 1993 жылдың 31 мамырынан бері мүше.

БҰҰ-ның ең тәжірибелі маманданған мекемесі саналатын ХЕҰ 2019 жылы өз 100 жылдығын тойлауда. Осыған орай, Қазақстан Республикасы ХЕҰ мүшесі ретінде аталмыш конференцияны ұйымдастыруда.

ХЕҰ халықаралық еңбек нормаларын бекіту және орындауға жағдай туғызады, еңбек және әлеуметтік мәселелер бойынша ақпарат пен анализ ұсынады.

ХЕҰ қызметінің басты маңызды салалары: еңбек және әлеуметтік мәселелер, жұмыспен қамтуды дамыту, кедейлікті қысқарту, еңбекті қорғау және әлеуметтік диалог, түрлі кеңестер, ұсыныстар және тағы да басқа бағдарлы және үйретуші бағдарламалар көмегімен саясат құрастыру және техникалық көмек көрсету арқылы ағымдағы өзекті мәселелерді шешу бойынша құқықтық және заңнамалық базаны жетілдіруге көмектесу.

Халықаралық еңбек нормативтері саласында Қазақстан ХЕҰ-ның 24 Конвенциясын (8 күрделі, 4 директивті, 177 техникалық конвенция ішінен 12) бекітті.

Еңбек саласы жасанды интеллект, автоматтандыру және робототехниканың дамуы секілді технологиялық жетістіктердің әсерімен күн сайын түрленуде. Бұл технологиялар өз кезегінде өмір сапасын жоғарылату, таңдау мүмкіндігін кеңейту, гендерлік алшақтықты қысқарту және тағы да басқа мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.    

Алайда, еңбек саласындағы бұл өзгерістер еңбек нарығында және адамның қабілеттілігін дамыту мақсатында инвестицияларды көбейтуге бағытталуы тиіс әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастардың қазіргі қағидаларын жетілдіруге сын-тегеуріндер алып келуде.

Сессия тақырыбы:

1 сессия: Еңбек саласының болашағы

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Еңбек болашағы туралы ХЕҰ Жаһандық комиссия баяндамасының негізгі ұсыныстары
  • Еңбек нарығы институттарына салынатын инвестицияны арттыру
  • Лайықты еңбек тұрақты дамумен қамсыздандырудың құралы ретінде
  • Қазіргі заманның үдерістері және болашақтың мамандықтары: 5-7 жылдан кейін қандай мамандықтар ерекше сұранысқа ие болады?
  • Өмір бойы кәсіби оқытудың тиімді жүйесін құру

2 сессия: 4.0 индустрия шеңберінде жаңа цифрлық шынайылықта әлеуметтік-еңбек саласын дамыту

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Өнеркәсіптік революция және оның еңбек нарығына әсері;
  • Ақпараттық технологиялар және автоматтандыруды дамыту жағдайында жалпыға бірдей жұмыспен қамту кепілдігін қамтамасыз ету жолдары
  • Әлеуметтік-еңбек қатынасындағы цифрландырудың перспективалары

Модератор:

  • 1 сессия: Дәулет Арғандықов, «Dasco Consulting Group» серіктесі
  • 2сессия: Нариман Мұқышев,Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

 

Спикерлер:

 

Сәлемдесу сөзі:

  • ГүлшараӘбдіхалықова, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

1 сессия:

  • Бердібек Сапарбаев, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
  • Шерзод Кудбиев, Өзбекстанның Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрі
  • Бақытжан Әбдірайым, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы
  • Грахам Минтон, Халықаралық Әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (ХӘҚҚ) мүшелер қызметі және коммуникацияларды дамыту департаментінің директоры
  • Сергей Перапечка, серіктес және атқарушы директор, BCG Қазақстан, Ресей және ТМД елдерінде мемлекеттік сектормен жұмыс бойынша сараптау тәжірибесінің басшысы
  • Михаэль Хармс, Германия экономикасы Шығыс комитетінің бас директоры

       

2 сессия:

  • Джованни Капанелли,Азия Даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры
  • Марат Атнашев, СКОЛКОВО бизнес мектебінің ректоры
  • Майкл Ахерн, PwC-дің Еуразия бойынша салықтық және заңгерлік серіктесі
  • Сусанна Айрапетян, Дүниежүзілік банкінің Орта Азиядағы адами капитал жөніндегі бағдарламалар жетекшісі
  • Паиза Суюмбаева, Еуразиялық экономикалық комиссиясы Еңбек көші-қон және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры

 

13:30 - 16:15
Көпжақты сауда жүйесінің алдында тұрған өзекті жүйелік сын-қатерлер: ықтимал шешу жолдары және жаңа шындыққа бейімделу
Сессия серіктесі:
«Лондон» залы
Конгресс-орталығы

Көпжақты сауда жүйесінің алдында тұрған өзекті жүйелік сын-қатерлер: ықтимал шешу жолдары және жаңа шындыққа бейімделу

Ұйымдастырушылар:Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі және басқа халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілдігі, Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ)

ДСҰ-да жүзеге асырылған көпжақты сауда жүйесі бүгінгі таңда теңдессіз сын-қатерлерге тап болды. Оларға, басқаларымен қатар, жаһандық сауда шиеленісі жағдайындағы біржақты сауда әрекеттері мен жауап шаралары, протекционистік көңіл-күйдің өсуі, оның ішінде импортты шектейтін, белгісіздікті арттыратын шаралардың жаңа шыңы; апелляциялық орган мүшелерінің тағайындауларын оқшаулау жатады

Бұл сын-қатерлер бүкіл әлем бойынша бизнеске және инвестицияларға тікелей теріс әсер етеді. Индикаторлар кәсіпорындардың жұмыс орындарын құруға инвестицияны тежейтінін, ал экспорттық тапсырыстар қысқарып жатқанын көрсетеді. Қалыптасқан жағдай бизнес пен инвесторлардың жаһандық нарыққа деген сенімін бұзып қана қоймай, сондай-ақ жаһандық өсім мен жұмыс орындарын құруға да әсер етеді. Әлемдік сауданың үштен екісі бүгінде жаһандық өндірістік-өткізу тізбектері арқылы өтеді. Бұл жанама әсерлердің әлеуетті мүмкіндігін, сондай-ақ протекционистік шаралар нәтижесінде сауда қатынастарының алшақтығы мен нашарлауын көрсетеді.

Бұл ретте саудаға ықпал ететін ережелер мен институттар неғұрлым нәзік болып көрінеді. ДСҰ-ның үш негізгі функциясы қозғалды: (1) қолданыстағы міндеттемелердің мониторингі, шамасы, сауда шиеленісін және шектеу шараларының ұлғайып келе жатқан санын толық ұстап тұруға мүмкіндігі жоқ; (2) апелляциялық орган мүшелерін тағайындау кезіндегі тұйық жағдай дауларды шешу жүйесінің толық тоқтауы қатерін төндіреді; және (3) келіссөз функциясы қарапайым нәтижелер берді және қолданыстағы ережелер қазіргі экономикалық шындықты толық көрсете алмайды.

Дәлелдердің бірі - сауда жүйесі бұрмалаушы сауда практикасына жазасыз қалуға мүмкіндік береді және жүйені өзгерту қажет. Кейбіреулер сауда жүйесі жаһандық нарықтағы маңызды мәселелерді - ДСҰ-ны құру кезінде болмаған проблемаларды шешпейді деп санайды.

Осы сын-қатерлерге ден қою және сауда жүйесі ағымдағы шындықтар үшін өзекті болып қалуын қамтамасыз ету қажеттігі туралы мәселе өткір болды.

Көптеген адамдар жүйенің неғұрлым тиімді, неғұрлым нәтижелі және қазіргі заманғы сын-қатерлерге аса сезімтал болуы тиіс, оларға қалған шешілмеген "ескі" проблемалардың кейбірі де жатады. Сондықтан көптеген адамдар жүйені жаңарту қажеттілігі туралы, яғни ДСҰ реформасы туралы айтады. Көшбасшылар жаһандық сауда және ДСҰ мәселелерін талқылауда көбірек сезінеді және тартылады. Көптеген мүше елдер ДСҰ-ға және оны жақсарту тәсілдеріне көбірек көңіл бөле отырып, жүйелі мәселелерді талқылауға қайтадан енгізіледі. Бұл жүйенің алдында тұрған шешімдерге жол табуға көмектесетін оң қадам.

Осы көпжақты сауда жүйесі үшін тарихи кезеңде Қазақстан 2020 жылдың маусымында ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясын өткізуге және осылайша ДСҰ-ға деген сенімді нығайтуға, оның өзектілігін сақтауға, сондай-ақ сауда саласындағы халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге өз үлесін қосуға құқылы.

Нұр-Cұлтанда ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясының күн тәртібінің басты мәселелері келіссөздердің ДСҰ мүшелері белгілеген реформалаудың әр түрлі мәселелерін қоса алғанда Дохийлік раундының ағымдағы мәселелерінен басқа, көпжақты сауда жүйесінің алдында тұрған өзекті мәселелер болады, сондай-ақ, ДСҰ мүшелері Буэнос-Айрестегі 11-ші министрлік конференциясы барысында қабылданған бастамалар мәселелері бойынша елеулі прогреске қол жеткізе алады. Ол - электрондық сауда саласындағы халықаралық сауданың жаңа ережелерін қалыптастыру, шағын және орта кәсіпорындардың жаһандық саудаға кірігуін дамыту және қолдау мақсатында инвестицияларға жәрдемдесу.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Жаһандық сауда шиеленісі мен өсіп келе жатқан протекционизм жағдайында көпжақты сауда жүйесін одан әрі нығайту қажет пе?
  • Үш негізгі бағыт бойынша ДСҰ-ның жұмысын қалай жақсартуға болады: мониторинг; дауларды шешу және келіссөздер?
  • Жаһандық сауда ережелерінің жаһандық экономиканың ағымдағы болмыстарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін ДСҰ-ның жаңа ережелерін жетілдіру/әзірлеу
  • ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясына дайындық бойынша одан әрі қадамдар жасау

I бөлім

Модераторлар:

  • Виктор ду Прадо, ДСҰ сауда келісімдері департаментінің директоры

Спикерлер:

  • Джуничи Ихара, Елші, Жапонияның ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілі
  • Дэвид Уолкер, Елші, Жаңа Зеландияның ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілі
  • Люк Девин, Ресей, Шығыс әріптестік, Орталық Азия, өңірлік ынтымақтастық және ЕҚЫҰ жөніндегі директоры, Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметі (EEAS)
  • Марк Линскотт, Атлант Кеңесінің Оңтүстік Азия орталығының аға ғылыми қызметкері
  • Екатерина Майорова, Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігі саудакеліссөздері департаментінің директоры
  • Майкл Хан, Берн университетінің профессоры, Еуропалық және Халықаралық экономикалық құқық Институтының директоры, Дүниежүзілік сауда институтында директоры
  • Найл Майгер, ДСҰ құқығы жөніндегі консультативтік орталықтың (ACWL) басқарушы директоры

II бөлім

Модераторлар:

  • Кристиан Паулетто, Женева халықаралық институтының (IUG) профессоры

Спикерлер:

  • Эрнст Ульрих Петерсманн, Флоренциядағы Еуропалық Университет институтының (EUI) құрметті профессоры, Италия
  • Максим Медведков, профессор, Жоғары экономика мектебі сауда саясаты кафедрасының кеңгерушісі
  • Дэниел Кросби, King & Spalding LLP заң компаниясының серіктесі
  • Халил Хамдани, Лахор экономика мектебінің шақырылған профессоры
  • Абдель-Хамид Мамду, King & Spalding LLP заң компаниясының аға кеңесшісі
  • Роберт Макдугал, Cadence Global Ltd талдау орталығының директоры

 

13:30 - 17:45
Cyber & Digital Security-2019
Сессия серіктесі: ҚР ЦДҚӘӨМ
«Сингапур» залы
Hilton Astana

Cyber & Digital Security-2019      

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДҚАӨМ), «Касперский зертханасы» АҚ

Ақпараттық және коммуникациялық технологияларын (АКТ) дамыту әр елден бөлек, жалпы адамзаттың экономикалық және әлеуметтік-саяси дамуында маңызды рөлді атқарады. Дегенмен АКТ өсу мен даму үшін қолайла жағдай жасап қана қоймай, сонымен қатар, халықаралық және ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер туғызады. Ақпараттық ортаға ауысқан мемлекетаралық тайталас шиеленістерге әкеп соқтырады, ал бұл ақпараттық соғыстарға алып келуі мүмкін.

Халықаралық ақпараттық қауіпсіздік бүгін «әлемдік тұрақтылықты бұзу және ақпараттық кеңістікте мемлекет пен әлемдік қауымдастықтың қауіпсіздік қатерін құруды шығарып тастаушы халықаралық қатынастар жағдайы» ретінде бағаланады.

1 секция. Мемлекет және цифрлық қауіпсіздіктің экожүйесі

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қазақстан Республикасындағы және әлемдегі Ақпараттық қауіпсіздік заңнамалық базасының ағымдағы жағдайы
  • Қазақстан және әлем үшін қауіп-қатер картасы
  • «Цифрлық Қазақстан» бағдарлама жұмысының нәтижелері
  • АКИАМО)технологиялық қорғау шаралары: реттеушінің көзқарасы
  • Мемлекетті қорғаудың шетелдік заңнамалық және практикалық тәжірибесі

Модератор:

  • Дмитрий Голобурда, Ақпараттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан РеспубликасыныңЦифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Спикерылер:

  • Руслан Әбдіхалықов, Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі(АҚК ЦДҚАӨМ)
  • Олег Биль, Зиянды кодты зерттеу зертханасының бас сәулетші-әзіршеулшісі (басшысы), РМКМТҚ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті
  • Ғани Надирханов, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Ақпараттық қауіпсіздік департаментінің директоры
  • Сәкен Жұмашев, басқарушы серіктес, KPMG-нің Қазақстан және Орта Азия бойынша басқару және тәуекелдер жайында кеңес бері тәжірибесінің басшысы
  • Гонен Варди, STM (Түркия)

2 секция. Процесстер, технологиялар, кадрлар. Цифрлық қауіпсіздіктің іргетасы

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Мемлекетті қорғаудың үздік тәжірибелері
  • Технологиялардың базалық қорғаудан бастап қауіп-қатерлерді болжауға дейінгі эволюциясы
  • Ұйым ішіндегі қорғанысқа жауаптылардың рөлдері
  • АҚЖО командалары, кәсіби дайындық, жұмыс регламенттері
  • АКИАМО-нытехнологиялық қорғау шаралары
  • Цифрлық тұлға, цифрлық көшірме бедерлер, тұлғаның қауіпсіздігі
  • Кадрлар мен технологиялар тоғысқан жердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік

Модератор:

  • Евгений Питолин, Касперский зертханасының Орта Азия және Моңғолия аймағындағы атқарушы директоры

Спикерлер:

  • Евгений Питолин, Касперский зертханасының Орта Азия және Моңғолия аймағындағы атқарушы директоры
  • Рустэм Хайретдинов, InfoWatch бірнші вице-президенті
  • Ғазиз Дөненбай, «Транстелеком» АҚ атқарушы директоры
  • Тимур Абдульменов, Infowatch аймақтық өкілдігінің басшысы
  • Кирилл Ильганаев, Орта Азия бойынша аймақтық менеджері, PaloAlto
  • Назим Латыпаев, жүйелік инженер, Cisco
  • Руслан Стефанов, ТП АБЖ қорғау жөніндегі кеңесші, Honeywell

3 секция. Қоғам және бизнес диалогы

«Цифрлық қауіпсіздік эволюциясы»

Модератор:

  • Андрей Беклемишев, IDC вице-президенті

Спикерлер:

  • Шавкат Сабиров, «Қазақстанның Интернет Қауымдастықтары» ЗТБ президенті
  • Виктор Покусов, «Қазақстандық Ақпараттық Қауіпсіздік Қауымдастығы» ЗТБ төрағасы
  • Арман Әбдірасылов, «Кибершабуылдарды анализдеу және зерттеу орталығы» ЗТБ (КАЗО ЗТБ)
  • Виталий Ли, Орта Азиядағы Ақпараттық қауіпсіздік сарапшылары қауымдастығының төрағасы
  • Арнұр Тоқтабаев, «T&TSecurity» директоры
  • Байжан Қанафин, «Documentolog» ЖШС
  • Д-р Махмут Томанов, Алматы Энергетика және байланыс университеті директорлар кеңесінің кеңесшісі (АЭБУ)
  • Калилалло Байтасов, Қазақстан-Британ Техникалық Университеті (ҚБТУ)
  • Ержан Сейітқұлов, Ақпараттық қауіпсіздік және криптология ҒЗИ директоры, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ)

 

 

13:45 - 18:10
AEF Talks (Ашық лекциялар)
Сессия серіктесі:
АХҚО
(Мәңгілік Ел, 55/23, павильон С-4.4),

Өткізу орны: АХҚО (Мәңгілік Ел, 55/23, павильон С-4.4), 16 мамыр

Ұйымдастырушылар: «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), Экономикалық зерттеулер орталығы, БАҚ саласындағы медиа біліктілігін арттыру орталығы, Казмедиа орталығы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады және осы ретте AEF Talks Астана экономикалық форумы шеңберінде қазақстандық жастарға беделді ғалымдар және саясаткерлермен өтетін лекциялар-әңгімелесулерге қатысуға мүмкіндік жасайды. Лекция мазмұны «Ынталандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар» тақырыбы шеңберінде қонақтар-лекторлардың практикалық тәжірибесі мен біліміне негізделеді .

AEF Talks шеңберінде танымал экономистер-Форум қонақтарымен ашық лекция-әңгіме форматында өтетін бұл шараға тек жастар ғана емес, сонымен қатар кез келген адам қатыса алады (кіру тегін).

Модератор:

  • Махаббат Есен, журналист, БАҚ саласындағы біліктілікті арттыру орталығының басшысы,ҚазМедиа Орталығы

Лекторлар:

  • Джеффри Сакс, Колумбия университеті Тұрақты даму мәселелері жөніндегі орталықтығының директоры, профессор
  • Владислав Иноземцев, Постиндустриалдық қоғамды зерттеу орталығының директоры, Ресей Ғылыми кеңесі Халықаралық істер жөніндегі кеңесінің мүшесі
  • Мухаммад Юнус, 2006 жылғы бейбітшілік саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты
  • Хавьер Сала-и-Мартин, Колумбия университетінің экономика профессоры, жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің негізін қалаушы
  • Хазем Галяль, Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік секторға қызмет көрсету жөніндегі PwC жаһандық тәжірибесінің басшысы, PwC-тің БАӘ-дегі серіктесі
  • Владимир Якунин, «Ресей темір жолдары» ААҚ президенті (2005-2015), «Өркениеттер диалогы» зерттеу институты Қадағалау кеңесінің төрағасы
  • Сергей Велеско, Митвайда университетінің халықаралық бағдарламалар деканы
  • Николас Гутьеррес, Басқарушы директор, Ресейдегі "Ресурстар және Индустрия Х.0 Accenture" тәжірибелерінің жетекшісі
  • Мария Григорьева, Басқарушы директор, Ресейдегі Accenture "Технологиялар" департаментінің жетекшісі

 

14:30 - 16:30
Кавказ және Орта Азия елдері, Моңғолия және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер өңірлерінің қаржы министрлері мен орталық банк басшыларының дөңгелек үстелі «Инклюзивті өсу үшін экономикалық саясат шаралары»
Сессия серіктесі: ҚРҰБ / ХВҚ
The St. Regis Astana

Кавказ және Орта Азия елдері, Моңғолия және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер өңірлерінің қаржы министрлері мен орталық банк басшыларының дөңгелек үстелі «Инклюзивті өсу үшін экономикалық саясат шаралары»

Бірлескен ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Халықаралық валюта қоры, Қазақстан Республикасының Үкіметі

2000-2014 жылдардағы экономикалық өсудің жоғарғы қарқыны Кавказ бен Орта Азия (КОА) өңірлерінің елдеріне кедейшілікті азайту саласында прогресске қол жеткізуге жағдай жасады. Алайда 2014 жылдан бастап өсу қарқыны бәсеңдеу себебінен ендігі кезекте саясат өлшемдері мығым, тұрақты және инклюзивтік өсімге баса назар аударуы қажет. Инклюзивтік өсу саясаты жұмыс орындар санының өсу, еңбек өнімділігін арттыруға, жеке және шетелдік инвестицияларды көбейту, сәйкесінше кедейшілік және теңсіздік ауқымын қысқартуға ынталандырады. Инклюзивтік өсу саясаты нарық саясаты және кірістерді басқару, кірістердің құрылымы мен сапасы, басқару жүйесін қаржылай реттеу және айқындық деңгейін көтеруді қамтиды. КОА елдері инклюзивтік өсі саясатын табысты жүргізуде, мұны барлық өңірлер бойынша іске асырылып жатқан экономикалық стратегияларынан байқауға болады. Алайда, инклюзивтік саясатты жоспарлау, іске асыру және бағалау үшін бұдан да көп жұмыс атқарылуы тиіс.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Мемлекеттердің аймақтарындағы нарықтың төменгі деңгейін ескере отыра, инклюзивтік өсуді ынталандыруға қажетті әлеуметтік және капиталдық шығындарды жабу үшін кірістерді қалайша мобилизациялау керек?
  • Қаржы секторларын нығайту және толық көлемдегі қол жетімді қаржыландырумен қамтамасыз ететін бизнес-модельдер, банктерді жақсы бағытқа өзгерту үшін не істеу қажет?
  • Шикізаттық тауарлар экспорты мен мемлекеттік сектор басымдық танытатын аймақта қағаз күйіндегі іскерлік климатты жақсартудың жеке сектордың белсенділігін ынталандыру көзқарасы жағынан маңызды өзгерістерге алып келуі үшін не істеу керек?
  • Мемлекеттік органдардың әкімшіліктік тиімділігін нығайту үшін басқару жүйесі мен анықтық деңгейін қалай көтеруге болады?

Сәлемдесу сөзі:

  • Асқар Мамин, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
  • Ерболат Досаев, Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы

Негізгі баяндама:

  • Кристин Лагард, Халықаралық валюта қорының директор-басқарушысы

Талқылау:

  • Қаржы министрлері және орталық банк басшылары

 

 

 

15:00 - 16:15
Big Data Conference
Сессия серіктесі: ЭЗИ / Қазақтелеком
«Дубай» залы
Конгресс-орталығы

Big Data Conference

Ұйымдастырушылар: «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, Дүниежүзілік банк, «Қазақтелеком» АҚ

Әр апта сайын 1,3 миллион адам қалаға көшуде және 2040 жылға дейін әлем тұрғындарының 65%-ы қалаларда тұрады деп күтілуде, тағы бір айта кетерлік жайт, қала тұрғындары артуының 90%-ы Африка және Азияда орын алады деп болжануда.

Сарапшылар қалалардағы өмір сапасын жақсарту үшін он жылдан астам уақыттарын жұмсады, олар электрондық велосипедтен көлік кептелісіне дейін төлеу әдісін енгізді.

Ақылды қала — қалалық өмірдің барлық аспектілеріндегі нәтижелерді жақсартуға және өз тұрғындарына ұсынатын қызмет сапасын арттыруға арналған технологиялар.

Ақылды қала атану үшін қалаларға деректер қажет, ұзақмерзімді шешімдер негізделетін сенімді деректер керек.

Ауқымды деректерді кеңейтілуі және Интернет заттары (IoT) технологиясының дамуы ақылды қаланың бастамаларын іске асыруда маңызды рөл ойнады. Ауқымды деректер қалаларға түрлі дереккөздерден жиналған көп мәліметтерден бағалы ақпарат алуға мүмкіндік жасайды, ал IoT жоғары желілі сервистерді қолдану арқылы хабаршыларды, радиожиілікті сәйкестендіру және Bluetooth нақты ортаға біріктіруге жағдай туғызады.

IoT және ауқымды деректер комбинациясы болашақ ақылды қалалардың мақсатқа қол жеткізу жолындағы жаңа әрі қызықты міндеттерін анықтап берген зерттеудің тексерілмеген саласы болып саналады.

Бұл сессияда «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Дүниежүзілік банк және «Қазақтелеком» АҚ бірлесе отыра, ақылды қалалар контекстінде қолданылатын заманауи байланыс технологиялары мен интелектуалдық қосымшаларды сипаттауды жоспарлауда. Қазір ақылды қалаларды қолдауға бағытталған аналитика, соның ішінде ауқымды деректердің түрлі деңгейдегі қала тұрғындарын қалай түбегейлі өзгертетіндігі кеңінен талқылануда. Сонымен қатар, бүгінде ақылды қалаларға арналған ауқымды деректердің бизнес-моделі ұсынылды, сондай-ақ, бизнес зерттеулері мен технологиялық зерттеулердің мақсаттары анықталды. Бұл зерттеулер ауқымды деректер контекстіндегі ақылды қалалардың өркендеуі мен дамуы үшін зерттеушілер мен салаларға бағдар ретінде қызмет етпек.

Smart City менеджерлері қалалық инфрақұрылымға хабаршылар орнату, әрі жаңа дереккөздерін жасақтау, соның ішінде тұрғындардың көмегімен олардың мобильдік құрылғыларын қолдану арқылы дереккөздер құру арқылы ауқымды деректердің анализін қала өмірін бақылау және болджамдауға қолдана алады.

Ауқымды деректер анализі және деректер туралы ғылымға бағытталған аталмыш конференция Астана экономикалық форумында зерттеулердің нақты нәтижелері (case studies) қамтылған презентациялар (case studies) ұсынады, сонымен қатар, мұнда ақылды қалаларды дамытуға бағытталған инновациялық және тәжірибелік идеялармен алмасу және оларды тарату мүмкіндігі де бар. Конференцияда деректер туралы ғылым, деректердің интеллектуалдық анализі, соның ішінде алгоритмдер, бағдарламалық жасақтама, жүйелер және қосымшалардың барлық аспектілері қамтылады.

«Big Data and Smart Cities» деректердің интеллектуалдық анализі, машиналық оқыту, статистика, деректерді визуалдау, кескіндерді тану, мәліметтер базасы және мәліметтер қоймасы, ғылымға негізделген жүйелер және жоғары өнімділікті есептер секілді деректер туралы ғылыммен байланысты түрлі салалар спектрінің зерттеушілері мен жасаушыларын қызықтырады. Ғылыми бағдарламадан бөлек, конференцияда стендтік презентациялар мен қалалар өмірінде ауқымды деректерді қолдану жөніндегі панельдер ұсынылады. Конференцияда ақылды қалалардағы деректерді басқару саласының маңызды мәселелерін шешумен айналысып жүрген жетекші әлемдік компаниялардың инновациялық тәсілдері туралы кеңінен айтылады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Деректердің қауіпсіздігі
  • Деректер негізінде ақылды қалаларды дамытуды жоспарлау
  • Көлік және ауқымды деректер
  • Жаңа трендтер (тақырыптық зерттеулер)
  • Ауқымды деректер негізінде ақылды қалалардың тұрақты дамуы

Модератор:

  • Әсет Тұяқбаев, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Трансформация жөніндегі басқарушы директоры

Спикерлер:

  • Виталий Саттаров, Сколково сарапшысы, Ubic компаниясының негізін қалаушы
  • Антон Мусин, Accenture компаниясының Қазақстандағы атқарушы директоры
  • Вибке Шлёмер, Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) Еуропа және Орталық Азиядағы директоры
  • Вадим Лю, «Кселл» АҚ бизнес-нарықты дамыту жөніндегі директоры

 

 

 

15:00 - 16:15
Дамушы елдерге көзқарас: жоғары деңгейлі табысқа ие елдер қатарына өтуді қалай қамтамасыз етуге болады?
Сессия серіктесі: Бреттон-Вудстың жаңарту бойынша комитеті
Конгресс-орталығы
«Мәскеу» залы

Дамушы елдерге көзқарас: жоғары деңгейлі табысқа ие елдер қатарына өтуді қалай қамтамасыз етуге болады?

Ұйымдастырушы: Бреттон-Вудс Жаңарту жөніндегі комитеті

Соңғы әлемдік қаржы дағдарысы орын алғаннан бері дамушы нарықтар сапалы әрі пруденциялық саясат жүргізіп, құрылымдарын нығайтты, әрі қолайсыз күйзелістерге қарсы буфер ретінде қаржы қауіпсіздігінің жүйелерін жасақтады. Дегенмен дамушы нарықтар доллар курсына және көбейіп жатқан халықаралық тәуекелдерге бағынышты бола бастады. Шетелдік валютада қарызға алуы, неопротекционизм жаңа үрдісінің күшеюінен «жұғу» эффектісімен қатар, қалыпқа келтірілу үдерісі – дамушы нарықтардағы белгісіздіктің факторлары атанды.

Дамушы нарықтар, көп жағдайда экономикалық жаһанданудың бенефициарлары атанды. Алайда, бүгінде әлемдік экономикадағы либералдық тәртіп протекционизмге айналуда. Сауда соғыстары, протекционизм, әлемдік экономикадағы белгісіздіктер, энергия тасымалдаушыларға қатысты бағалардың құбылмалылығы, монетарлық саясаттын қалыпқа келтірілуі, геосаяси тәуекелдер дамушы нарықтардың өсуін бәсеңдетуде.

 

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Тез дамушы нарықтардың дамуына аталмыш үдерістердің әсері қандай, қандай реформалар дамушы нарықтарды тұрақты өсуге бағыттай алады?
  • Басым көпшілігі АҚШ долларымен көрсетілген дамушы экономикасы бар елдер қарыздарының едәуір көбеюі қаржы жүйесіндегі ірі тәуекел болып санала ма?
  • Орташа деңгейлі табысы бар мемлекет қалайша жоғары деңгейлі табысқа ие мемлекеттердің қатарына қосыла алады және орташа табыстың қақпанынан қалай шыға алады? Бұл өзгерістер жаңа технологиялар мен 4.0 индустриясы қосылғаннан кейін ғана мүмкін бола ма?  

Модератор:

  • Массимилиано Кастелли, атқарушы директор, Стратегия басшысы, Global Sovereign Markets, UBS Global Asset Management

Спикерлер:

  • Хосе Антонио Окампо,Орталық банк Кеңесінің мүшесі, Колумбияның бұрынғы қаржы министрі, БҰҰ бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бұрынғы орынбасары
  • Ярослав Лисоволик. Аға басқарушы директор, Sberbank Investment Research-тің зерттеу бағыты бойынша басшысы
  • Хатиб Басри, Мандири инстиутының директоры, Индонезияның бұрынғы қаржы министрі
  • Бэндид Ниджатаворн, Тай директорлар институтының Президенті және бас атқарушы директоры, Тайланд Басқару банкінің бұрынғы орынбасары

 

15:00 - 16:15
Инновациялар – ЕЭО автоөнеркәсібінің болашағы
Сессия серіктесі: ЕЭК
«Токио» залы
Hilton Astana

Инновациялар – ЕЭО автоөнеркәсібінің болашағы

Ұйымдастырушылар: Еуразиялық экономикалық комиссия

Бірлескен ұйымдастырушылар: «Автонет» Ұлттық технологиялық бастамасы, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстандық автобизнес қауымдастығы

Астана экономикалық форумының «Инновациялар – ЕЭО автоөнеркәсібінің болашағы» панельдік сессиясында заманауи автомобильдік өнеркәсіптің негізгі сын-тегеуріндері мен үрдістері, атап айтсақ: цифрлық технологияларды, экологиялық таза (электромобильдер), ұшқышсыз және өздігінен қосылатын көліктерді дамыту және қалалық мобильділіктің жаңа шешімдері талқыланады. Сонымен қатар, автоөнеркәсіптегі инновацияларды мемлекеттік ынталандыру мәселесіне де көңіл бөлінеді. Спикерлер технологиялық шешімдерді іске асырудағы, соның ішінде ұшқышсыз көлік, әлемдік автомобильдік IT-шешімдерді Еуразия нарығына біріктіруге қатысты инновациялық тәсілдері туралы әңгімелейді.

Талқыланатын сұрақтар қатарында – автомобильдік саласындағы нормативтік-құқықтық реттеу, ЕЭО аумағында автомобильдік брендтерді дамыту стратегиясы; Connectivity негізінде сервистерді қолдану; әлемде және ЕЭО-да 5G, V2X, C-V2X, DSRC секілді ұшқышсыз технологиялар мен тағы басқа құрылғыларды қолдану.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • ЕЭО-ға мүше мемлекеттерде экологиялық таза көлікті қолдау
  • ЕЭО аумағында автомобильдік брендтерді дамыту стратегиясы
  • Connectivity негізінде сервистерді қолдану
  • Әлемде және ЕЭО-да 5G, V2X, C-V2X, DSRC секілді ұшқышсыз технологияларды қолдану

Модератор:

  • Гурко Александр, «ГЛОНАСС» БС президенті, «Автонет» ҰТБ жұмыс тобының бірлескен басшысы, Ресей Федерациясы Экономиканы жаңарту және инновациялық даму жөніндегі Үкіметтік комиссиясының мүшесі

Спикерлер:

  • Александр Субботин, Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп пен ауылшаруашылық кешені жөніндегі коллегия мүшесі (Министр)
  • Роман Скляр, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
  • Александр Морозов, Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары
  • Франк Шауфф, Еуропалық бизнес қауымдастығының бас директоры
  • Дина Ақпанбаева, Еуразиялық экономикалық комиссия Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары
  • Андрей Лаврентьев, Қазақстан Республикасы Қазақстандық автобизнес қауымдастығының президенті
  • Антон Петраков, «Яндекс.Такси» компаниясының корпоративтік қатынастар жөніндегідиректоры
  • Павел Козлов, бизнесті дамыту бойынша директор, HERE TECHNOLOGIES
  • Николай Одинцов, «Группа ГАЗ» компаниясының сатуды дамыыту жөніндегі вице-президенті

 

 

15:00 - 16:15
Жасыл өсім үшін инновациялық экожүйелерді құру: ғылым, білім және технологиялар
Сессия серіктесі: IGTIC
«Нью-Йорк» залы
Конгресс-орталығы

Жасыл өсім үшін инновациялық экожүйелерді құру: ғылым, білім және технологиялар

Ұйымдастырушы: «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Бірлескен ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы» ЗТБ, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы

Қазіргі таңда ең көп талқыланатын тақырыптардың бірі "Жасыл экономика" болып табылады. Бұл тақырып түрлі форумдар мен конференцияларда талқыланып, ғалымдардың, экологтардың және бүкіл әлем экономистерінің назарын аударады. Жасыл экономика-қоршаған ортаға ең аз зиян келтіру арқылы адамдардың әл-ауқаты мен жайлылығын арттыру мүмкіндігі.

«Жасыл экономиканы» дамыту болашақ мамандарды даярлау жүйесінде сапалы реформаларсыз мүмкін емес. Республиканың экологиялық білімі жүйелі тәсілді талап ететін реформалауға ұмтылуда. Білім беру саласындағы ведомствоаралық мекемелердің, білім беру институттары мен мамандардың өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығы кезінде ғана Қазақстанда білім беруді қайта құру экологияландыруға бағытталатын болады.

Өткізілетін панельдік Сессия "жасыл" технологияларды дамыту және үздік қолжетімді технологиялар қағидаларына көшу жағдайында кадрларды даярлау мәселелерін талқылау үшін диалог алаңын құруға мүмкіндік береді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • «Жасыл» экономика мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында болашақ мамандарды (студенттерді) жүйелі оқытуға арналған ұсыныстарды талқылау және әзірлеу
  • Үздік қолжетімді технологиялар қағидалары бойынша технологиялық реттеуге көшу

Модератор:

  • Руслан Рақымбай, «Smart Advisory» ЖШС басқарушы серіктесі

Спикерлер:

  • Бақытжан Жұмағұлов,Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты
  • Аднан Амин, Халықаралық жаңартылатын энергия көздері агенттігінің (IRENA) құрметті бас директоры
  • Әлия Назарбаева, Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы Президиумының төрағасы, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері
  • Рәпіл Жошыбаев, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ басшысы
  • Энтони Кокс, Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі дирекция директорының орынбасары, ЭЫДҰ
  • Евгений Гашо, «Экологиялық өнеркәсіп саясаты орталығы» ҒЗИ» ФМАМ қызметкері, РФ МЭИ ҒЗУ энергия үнемдеу зертханасының меңгерушісі
  • Крейг Смит, Dhahran Technology Development компаниясының бас директоры
  • Фред Уолти, Жаһандық инновациялар желісінің президенті және бас директоры (NGIN), «LACI» таза технологиялар инкубаторының негізін қалаушы және бас директоры
  • Кристина Хаверкамп, Dena компаниясының басқарушы директоры (Deutsche Energie-Agentur)
  • Гудни Йоуханнессон, Исландия Жұмыспен қамту және инновациялар министрлігі Ұлттық энергетикалық басқармасының басшысы (Orkustofnun)
  • Мария Ребекка Баллестра, Дүниежүзілік Жер Фестивалінің негізін қалаушысы
  • Бахыт Есекина, «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығының директоры, профессор, э.ғ.д.
  • Сәуле Сағынтаева, Алматы Энергетика және байланыс университетінің ректоры
16:30 - 17:45
ОАЭЫ болашағының дәлізі: Азиядағы экономикалық дәліздерді дамыту тәжірибесі
Сессия серіктесі: АДБ
«Лондон» залы
Конгресс-орталығы

ОАЭЫ болашағының дәлізі: Азиядағы экономикалық дәліздерді дамыту тәжірибесі

Ұйымдастырушылар: Азия даму банкі (АДБ)

Азия елдеріндегі табысты экономикалық дәліздердің көптеген мысалдары жеке және мемлекеттік инвестицияларды мобилизациялауда, жоғары сапалы өсім жасауға көмектесу және жұмыс орындарын құру, экспортты ғылымды қажетсіну деңгейін арттыруда өз мүмкіндіктерін көрсетеді.

Орта Азияда соңғы уақытта байқалып жүрген экономиканы жаңарту және жайлы өңірлік динамика өңірлік экономикалық ынтымақтастықтың дамуына жаңа серпіліс береді. Орта Азия Аймақтық Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасы (ОАЭЫ) шеңберіндегі Алматы-Бішкек дәлізі ауыл шаруашылығы, туризм, денсаулық сақтау және көлік саласындағы салаларға арналған мүмкіндіктер құрудың үлгісі болып саналады. Трансшекаралық агломерация кәсіпорындарға мамандануға, ауқымды жұмыс істеуге және әлемге тауарлар мен қызметтерді экспорттау арқылы бәсекеге қабілеттілік пен әртараптандыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Дәлізді дамытудағы қарқынды прогрессті тарату үшін ОАЭЫ Қазақстан (Шымкент), Өзбекстан (Ташкент) және Тәжікстан (Худжанд) елдерінің араларында жаңа экономикалық дәліз құру бастамасын қолға алды. Сессия әлемдегі экономикалық дәліздерді дамыту барысында пайда болған мүмкіндіктерді және мемлекеттік және жеке секторды жұмылдыру арқылы ОАЭЫ өңірінде экономикалық әртараптандыруды ілгері бастыру мәселелерін талқылайды.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Үлкен табысқа қол жеткізу мүмкіндігі бар «ұтысты» өңірлік дәліздерді қалай таңдауға болады?
  • Табысты дәліздердің алғышарттары қандай?
  • Трансшекаралық арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) және индустриалды саябақтар (ИС) экономикалық дәліздердің дамуына қалайша мүмкіндік жасайды?
  • Табысты АЭА және ИС құру үшін қандай талаптар бар?
  • Экономикалық дәлізді дамытудағы жеке сектордың рөлі қандай?
  • Экономикалық дәліздің дамуына қатысудан шағын және орта кәсіпорындардың пайдасын барынша жақсарту үшін қандай саясат қажет?
  • ОАЭЫ Бағдарламасы секілді дамыту институтары мен аймақтық платформалар ОАЭЫ елдері арасында өңірлік экономикалық дәлізді дамытуға қалай қолдау білдіре алады?
  • Бірнеше елді кесіп өтетін және құрамына субұлттық білім беру жүйесі кіретін өңірлік экономикалық дәліздерді үйлестіру және басқару үшін тиімді институтционалды құрылғылар қандай болмақ?
  • Ұлттық, провинциялық және жергілікті деңгейдегі үкіметтің үйлестірілген рөлімен қалай қамтамасыз етуге болады?

Модератор:

  • Вернер Липах, Орта және Батыс Азия департаментінің бас директоры, АДБ

 

Спикерлер:

  • Мәди Тәкиев, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
  • Захид Хамдард, Ауғанстан Қаржы министрінің орынбасары
  • Гулру Джабборзода, Тәжікстан Экономикалық даму және сауда министрінің орынбасары
  • Шиксин Чен, АДБвице-президенті
  • Пол Валлели, ынтымақтастық және инфрақұрылым бағдарламасының жетекшісі, Дүниежүзілік банктің Алматыдағы өңірлік өкілдігі
  • Арадна Аггарвал, Копенгаген бизнес мектебінің профессоры

 

 

 

15:00 - 16:15
Қазақстандағы цифрландыру жөніндегі халықаралық сараптамалық кеңесі «Тұрақты әлеуметтік дамуға қол жеткізу үшін цифрландыру»
Сессия серіктесі:
"Astana hub" IT-стартаптардың Халықаралық технопаркі"
(Мәңгілік Ел данғ., 55/23, павильон С-4.6)

Қазақстандағы цифрландыру жөніндегі халықаралық сараптамалық кеңесі «Тұрақты әлеуметтік дамуға қол жеткізу үшін цифрландыру»

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ  

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индикаторларын сапалы іске асыру және қол жеткізу мақсатында 2018 ж. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жанындағы Қазақстандағы цифрландыру жөніндегі халықаралық сараптамалық кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылды.

Кеңестің негізгі міндеті - Қазақстан Республикасында цифрландыруды дамыту, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобалар, іс-шаралар мен бағдарламалар бойынша ұсыныстар әзірлеу, консультациялар және сараптамалық қорытындылар беру болып табылады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Жедел әлеуметтік-экономикалық дамуға арналған цифрлық технологиялар

Модератор:

  • Андрей Беклемишев, IDC вице-президенті

Сәлемдесу сөзі:

  • Асқар Мамин, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Спикерлер:

  • Роберт Фэриш, ТМД және Ресей аймағындағы IDC Вице-президенті
  • Джейн Тредвелл, Дүниежүзілік банктің цифрлық дамудың практикалық жетекшісі
  • Ясмин Махмуд, Цифрлық экономиканы трансформациялау жөніндегі консультант
  • Ивар Талло, Электрондық басқару академиясының құрылтайшысы
  • Лиам Максвелл, Amazon Web Services-дегі Үкіметтік трансформация жөніндегі директор
  • Бруно Ланвин, INSEAD атқарушы директоры
  • Джефф Мерритт, Дүниежүзілік экономикалық форумның IoT, Робототехника және Smart cities басшысы

 

 

16:30 - 17:45
Өңірлік дамудың сын-тегеуріндеріне жауаптар
Сессия серіктесі: «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Өңірлік зерттеулер орталығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
«Токио» залы
Hilton Astana

Өңірлік дамудың сын-тегеуріндеріне жауаптар

Ұйымдастырушылар: «Экономикалық зерттеулер институты»,  АҚ Өңірлік зерттеулер орталығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Өңірлердің аумақтық-кеңістіктік даму талаптары және оларға берілетін жауаптар халықтың қоныстандырылуының жүйесін және мемлекеттердің экономикалық орталықтарын қалыптастырды. Қазіргі әлемде елдердің әкімшілік шекаралары өңірлердің тұрақты және инклюзивтік даму жолында табиғи кедергі болып табылады. Ішкі және сыртқы нарықтардың байланысын қалай қамтамасыз етуге болады? Қосылған құнды арттыруға және шығасыларды азайтуға қандай интервенциялар жәрдемдеседі? Қалалар мен мекендердің урбандалуынан және кеңеюінен, трансшекаралық сауданы ынталандырудан басымдықтарды алу үшін қандай саясат қажет?

Үйлестірілген аумақтық-кеңістіктік жоспарлау нарықтардың үздік қолжетімділігіне, кеңістіктік шоғырланудың артуына және базалық мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуде теңсіздікті азайтуға жәрдемдеседі. Ірі және шағын қалалардың, сондай-ақ басқа мекендердің экономикалық шоғырлануы жергілікті және ел деңгейінде бәсекелестікі арттырады, компаниялардың өнімділігін ұлғайтады және шетел инвестицияларын тартады.

Бүгінде аумақтар мен кеңістіктің дамуы сыртқы да, ішкі да факторларды ескеруі тиіс. Біз сессиямызда халықаралық тәжірибеден аумақтық-кеңістіктік дамудың сәтті практикаларын талқылаймыз, Қазақстан Республикасының аумақтық-кеңістіктік дамуы бөлігінде саясатты одан әрі түзету үшін сарапшылармен біліммен және тәжірибемен алмасамыз.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Кеңістіктік дамудың жаңа факторлары, олардың аумақтық ықпалы және Қазақстан контекстінде шешу әдістері
  • Жаһандандырылу және экономикалық интеграция бойынша халықаралық тәжірибе мысалдары
  • Қазақстанда қолданылуы
  • Мемлекеттік саясатты үйлестіру жүйесі және оның кеңістіктік пен өңірлік дамуға ықпалы
  • Ұлттық, өңірлік және жергілікті деңгейлерде кеңістіктік-аумақтық саясатты үйлестіру жүйесін ұйымдастыру бойынша халықаралық тәжірибеден алынған мысалдар
  • Қазақстанда ауматық-кеңістіктік саясаттың ең тиімді құралдарын қолдану
  • Моно және шағын қалаларды, табиғи ресурстары таусылып жатқан депрессивті елді мекендерді тиімді дамыту бойынша халықаралық тәжірибеден алынған мысалдар және басқарылатын урбандалу бойынша мысалдар
  • Басқарылатын урбандалу жөніндегі шараларды талқылау

Модератор:

  • Д-р Пиотр Зубер, Варшава Институтының профессоры (University of Warsaw); Польша Өңірлік даму министрлігі Кеңістікті дамыту жөніндегі комитетінің басшысы (2012-2015)

Спикерлер:

  • Ермек Алпысов, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
  • Сергей Перапечка, серіктес және атқарушы директор, BCG Қазақстан, Ресей және ТМД елдерінде мемлекеттік сектормен жұмыс бойынша сараптау тәжірибесінің басшысы
  • Д-р Эрик Райнерт, Таллин техникалық университетініңпрофессоры, «The Other Canon Foundation» негізін салушысы
  • Д-р Кришна Кумар, RAND корпорациясының халықаралық зерттеулер жөніндегі директоры және аға экономисі
  • Василий Савин, KPMG-дың Ресей мен ТМД-дағы энергетика секторы мен коммуналдық шаруашылық компанияларымен жұмыс жасау жөніндегіпрактика жетекшісі, серіктес
16:30 - 17:45
Еуразиялық интеграцияға 25 жыл: идеядан іске асыруға
Сессия серіктесі: ЕЭК
«Дубай» залы
Конгресс-орталығы

Еуразиялық интеграцияға 25 жыл: идеядан іске асыруға

Ұйымдастырушылар: Еуразиялық экономикалық комиссия

2019 жылы Еуразиялық жобаға 25 жыл, ал 2019 жылғы 29 мамырда Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылғанына тура бес жыл толады.

Осы кезең ішінде Еуразиялық интеграциялық жоба – еркін сауда аймағынан, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтан, Кеден одағынан, Бірыңғай экономикалық кеңістіктен бастап 2014 жылғы мамырда қол қойылған Одақ туралы шартқа дейін қалыптасудың негізгі сатыларынан өтті, бұл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бұдан 25 жыл бұрын айтқан идеясының практика жүзінде нақты іске асырылуы болды.

Бүгінде жылдам өзгеріп жатқан әлем бұрын болып көрмеген қолдампаздық сауда және экономика саясаты, санкциялар сияқты сын-қатерлерге, сондай-ақ жаңа трендтерге тап болуда. Әлемдік жаһандық архитектура түбегейлі өзгеруде және әлемдік сауданың құрылу қағидаларын ірі өңірлік бірлестіктер мен олардың әріптестері айқындайтынын жете түсіну байқалып отыр. Сол себепті мемлекеттер жаһандық экономикалық процестерге кірігу үшін әріптестіктер құру қажеттігін сезіне түсуде. Осы орайда, әлемдік экономиканың трансформациясы жағдайымен байланыстырғанда, бұдан жиырма жылдан астам уақыт бұрын айтылған идея нағыз көрегендік болып шықты, ал Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы мүше мемлекеттердің дер кезінде жасаған қадамы болды. Жұмыс істей бастаған 5 жыл ішінде Одақ негізгі халықаралық алаңдарда танылды және қазір халықаралық қатынастардың белсенді қатысушысы болып табылады – ЕАЭО атынан Қытаймен, Вьетнаммен, Иранмен шарттар жасасылды, сондай-ақ әртүрлі континенттердегі елдер үкіметтерімен меморандумдар жасасылды.

Одақ берік институционалдық және нормативтік негізін тапты, ал ЕАЭО кеңістігіндегі интеграциялық процестер нық сенімді жоспарлы дамуды көрсетіп отыр.

Жаһандық экономикалық сын-қатерлердің әсеріне, әлемдік және өңірлік тұрақсыздықтың өсуіне қарамастан, Одақ ойдағыдай дамып келеді, іс жүзінде барлық негізгі көрсеткіштердің – ЖІӨ-нің, өнеркәсіп өндірісінің, ауыл шаруашылығының, жүк және жолаушы айналымының өсуі байқалуда, жұмыссыздық деңгейі төмендеуде.

Бүгін, Одақ жұмыс істей бастағалы бес жылға жуық уақыт өткеннен кейін, интеграцияның ағымдағы деңгейін бағалауға, Одақтың қалыптасу жетістіктерін атап өтуге, сондай-ақ оның даму перспективаларың талқылауға болады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Еуразиялық интеграциялық жобаны іске асырудан күткен үміт қандай дәрежеде ақталды, атап айтқанда, оның бастауында тұрғандардың үміті ақталды ма?
  • Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі Еуразиялық экономикалық интеграцияның ағымдағы деңгейіне қандай баға беруге болады?
  • Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс істей бастағаннан бергі 5 жыл аралығында қандай оң нәтижелерге қол жеткізілді?
  • Еуразиялық экономикалық одақты одан әрі дамытудың басымдықтары мен перспективалары қандай?

Модератор:

  • Татьяна Валовая, Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика жөніндегі коллегия (Министр) мүшесі

Спикерлер:

  • Әлихан Смайылов, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
  • Виктор Христенко, Еуразиялық экономикалық одақ Іскерлік кеңесінің президенті
  • Армида Салсия Алишахбана ханым, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ АзТМЭӘК) атқарушы хатшысы
  • Роберт Уразов, «Кәсіби қоғамдастықтар және жұмыс кадрларын дамыту агенттігі «Жас кәсіпқойлар (Ворлдскиллс Россия)» Одағының бас директоры
  • Франк Шауфф, Еуропалық бизнес қауымдастығының бас директоры
  • Кристиан Хартен, Ресей-Германия ССП атқарушы директоры

 

16:30 - 17:45
Венчурлық капиталды дамытудағы мемлекеттің рөлі
Сессия серіктесі: Бәйтерек
«Бейжің» залы
Конгресс-орталығы

Венчурлық капиталды дамытудағы мемлекеттің рөлі 

Ұйымдастырушылар: «Бәйтерек» Ұлттық Басқару Холдингі» АҚ, «QazTech Ventures» АҚ, e27 Singapore

Бірқатар дамушы елдерде мемлекет пен бизнестің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және инновациялық экожүйені дамыту бойынша күш-жігерді шоғырландыру үшін практикалық шаралар қабылданды.

Әлемдегі инновациялық технологиялар мен өнімдердің пайда болу қарқыны венчурлық капитал индустриясының даму деңгейіне тікелей байланысты, бұл өз кезегінде салауатты инвестициялық ахуалды қалыптастырады. Экономиканы цифрландыру, индустрияландырудың жаңа кезеңін іске асыру, жоғары қосылған құнды жоғары технологиялық тауарлар мен қызметтерді дамыту мемлекет пен бизнестің бірлескен күш-жігерін талап етеді. Мемлекет венчурлық инвестицияның бизнесін нығайтуға, сондай-ақ инвесторлардың тәуекелдерін азайтуға кепілдік беруі тиіс.

Сингапур мен Корея сияқты елдер бастауыш және тәжірибелі кәсіпкерлерді ғана емес, сонымен қатар еліміздің инновациялық экожүйесін де дамытатын бірнеше мемлекет қолдауындағы қорды құра отырып, венчурлық стратегияны табысты қабылдады. Табысты халықаралық тәжірибе елде венчурлық үдерістерді енгізудің катализаторы ретінде венчурлық кәсіпкерлікті дамытуды қолдайтын мемлекеттік бағдарламалардың рөлін айқындайды.

Табысты халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстан өзінің алғашқы венчурлық қорын - KazTech Ventures-ты енгізу арқылы өзінің инновациялық экожүйесін және халықаралық бәсекеге қабілеттілігін дамыту жолында маңызды қадам жасайды.

QazTech Ventures қызметінің төмендегі стратегиялық бағыттарына назар аударады:

  • Венчурлік инвестициялар нарығын дамыту
  • Технологиялық консалтинг
  • Бизнес-инкубациялау жүйесін дамыту

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Венчурлық инвестициялар елдің цифрлық трансформациялауының тұтқасы ретінде
  • Венчурлық қаржыландырудың индустриясын дамытудағы мемлекеттің рөлі
  • Сингапур мен Кореяның венчурлық индустрияны және инновациялық экожүйелерді дамытудағы табысты тәжірибесі;
  • Қазақстан үшін ең жақсы венчурлық инвестициялық стратегияны таңдау
  • Сингапур тәжірибесіндегі тиімді инновациялық инфрақұрылымды қалыптастырудың перспективалары

Модератор:

  • Тадеус Ко, e27 Singapore бірлескен негізін қалаушысы және директоры

Спикерлер:

  • Ган Фон Джек, JubileeCapitalManagement Басқарушы директоры
  • Пун-Ардж Чайратана, National Innovation Agency of Thailand атқарушыДиректоры
  • Эдвин Чоу, Enterprise Singapore Assistant CEO
  • Марат Омаров, «QazTech Ventures» Басқарматөрағасы
  • Әділ Нұрғожин, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚБасқарушыдиректоры
  • Джеймс Тан, Quest Ventures басқарушысеріктесі
  • Чан Лай Фунг, A*STAR Singapore өкілі

 

16:30 - 18:00
Ашық пікірсайыс: ынымақтастықтың жаһандық жүйесіндегі дәрменсіздік тәуекелдері
Сессия серіктесі: Бреттон-Вудстың жаңарту бойынша комитеті
«Мәскеу» залы
Конгресс-орталығы

Ашық пікірсайыс: ынымақтастықтың жаһандық жүйесіндегі дәрменсіздік тәуекелдері

Ұйымдастырушы: Бреттон-Вудс Жаңарту жөніндегі комитеті

Әлемнің көпполярлы әрі мультитұжырымдамалық екендігін ескерсек, бүгінде ол жаңа қауіп-қатерлі геосаяси кезеңге аяқ басуда. Әлемнің барлық ірі державалары (олардың соңынан — шағын мемлекеттер) ептеп жететін әлдебір норма және институттың бар екендігі туралы түсінік аксиома саналмайтын болды. Мұның барлығы жаңа қауіп төндіруі мүмкін: әскери күшею, экономика мен саудадағы ауытқулар, жеке мемлекеттердің ауыспалы халықаралық қатынастары мен ішкі саяси ландшафты арасындағы кері байланыстың тұрақсыздануы.

Жетпіс жыл бұрын Құрама Штаттар құрған либералдық тәртіп бүгінде бұзылу үстінде. Көпжылдық геосаяси одақтар өзгеруде. Дамушы елдер үлкен экономикалық сын-тегеуріндермен қақтығысуда, ал бүкіл әлем жаңа ауқымды рецессияның кезеңіне аяқ басуда.

Сауда соғыстары ДСҰ-ның өзінің ірі мүшелері арасындағы келіспеушіліктерді шешуде босаңдық танытқандығын анық көрсетті. Аймақтандыру үдерістерінің белсенді күшейіп жатқанымен, халықаралық инстиуттардың рөлі төмендеу үстінде. Елдерге аймақтық деңгейде шешімге келу жылдам әрі оңай болуда, себебі мұнда қолайлы жағдайлар жасалған және барлық тараптың мүддесі ескеріледі. Жаһандық жүйенің өзгеруі екпіндеп аймақтық блоктардың фрагменттелген моделіне айналуда. Осылайша, анық көшбасшылары бар аймақтық блоктардың жүйесі барлық жаһандық жүйені ішінен көрсетеді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Жаһандық ынтымақтастық жүйесі дәрменсіздігінің негізгі тәуекелдері қандай?
  • Жаңа технологиялар биліктің бір орталықтан жүргізілмеуіне әкеліп соғуда, әлем бір уақытта ауқымды технологиялық ревоюция мен протекционизмнің табалдырығында тұр, бұл үдерістен қандай нәтиже шығады?
  • Әлем егеменділік пен қауіпсіздіктің бәсекелі күштері, технология мен әлеумет, сонымен қатар, теңдік пен өркендеу арасында қалай теңгерім таба алады?

Модератор:

  • Питер Франкопан, Оксфорд университетінің аға ғылыми қызметкері, Византиялық зерттеулер орталығының директоры

Спикерлер:

  • Армен Саркисян, Армения Республикасының Президенті
  • Әлихан Смайылов, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
  • Стэнли Фишер, АҚШ Федералды резервтік жүйесінің вице-төрағасы (2014-2017)
  • Карло Монтичелли, Вице-басқарушы, Еуропа Кеңесінің даму банкі
  • Владимир Якунин, «Өркениет диалогы» зерттеу инстиуты Бақылау кеңесінің төрағасы, «Ресей темір жолдары» ААҚ бұрынғы президенті
  • Марк Узан, Бреттон-Вудс Жаңарту жөніндегі комитеттің негізін қалаушысы және атқарушы директоры
  • Риаз Кхокхар, Пәкістан сыртқы істерінің бұрынғы мемлекеттік хатшысы (2002-2005)

 

 

16:30 - 18:30
Ауыл шаруашылығын цифрландыру: нақты егіншіліктен «ақылды фермаларға» дейін
Сессия серіктесі: ФАО БҰҰ / ҚР АШМ
«Нью-Йорк» залы
Конгресс-орталығы

Ауыл шаруашылығын цифрландыру: нақты егіншіліктен «ақылды фермаларға» дейін

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түліктік және ауыл шаруашылық ұйымы (ФАО)

Қазіргі таңда әлем ақпарат, идеялар және инновацияларды қамтитын мәліметтер ағыны байқалатын цифрлық жаһанданудың дәуіріне аяқ басты. Сарапшылардың болжалды мәліметтеріне сенсек, 2020 жылға дейін әлемдік экономиканың 25%-ы мемлекетке, бизнеске және қоғамға тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін цифрлық технологияны ендіруге көшеді. Дамыған елдер индустрияландыруды аяқтап, өз экономикасын қайта жандандыратын болады. Олар жасанды интеллект, автоматтандыру және цифрлық платформалар басымдық танытатын инновациялық технологияларды қарқынды түрде дамытуда. Бүгінде ғылыми-технологиялық зерттемелерге жұмсалатын жаһандық шығын 2,0 триллион АҚШ долларын құрайды, жыл сайынғы өсім – 4,0%.

Қазақстандағы цифрлық технология ұлттық экономиканы әртараптандыру, оны шикізаттық бағыттан индустриалдық-сервистік модельге қайта бағдарлаудың негізгі жолы ретінде қарастырылады.

Ауыл шаруашылығы секілді дәстүрлі салалар, соның ішінде қоршаған ортаға зиянын тигізетін жаппай өндіріу мен қолдануды қамтамасыз ететін егін және мал шаруашылығындағы будандастыру және клондау маңыздылығын жоғалтуда. Олардың орнын машиналық үйрету, нейрожелілер, цифрлық платформалар, 3D баспа, робототехника, биосенсорлар мен Big Data арқылы «ақылды» агротехнологиялар алмастырып келеді. Саланы жандандырудың мүмкіндіктері мол. Ауыл шаруашылығы дәстүрлі саладан көптеген тәжірибелік мәселелерді шешу үшін бұрын болмаған инновациялық шешімдер мен зерттемелер үшін жаңа нарықтар құруға қабілетті жоғары технологиялық салаға айналып келеді. Интеллектуалды цифрлық шешімдердің елдегі ауыл шаруашылығына, атап айтсақ, бұл саладағы еңбек өнімділігін арттыру және оның тұрақты өсуіне қатысты мәселелерді шешу жолында көмектесетін кезі келді.

Ауыл шаруашылығы экономиканың осал саласы болып саналады, әрі ол көп ретте климаттық факторларға тәуелді. Уақыт өте келе әлемдегі климат өзгерісінің азық-түліктік қауіпсіздікке әсері өсетін болады. Интенсивтік, маусымдық және жауын-шашын мөлшері болжай алмайтын деңгейге жетуде, бұл аграрлық бизнестің мұндай типтес өзгерістерге бейімделу мүмкіндігін азайтады. Бұған климаттық өзгеру салдарынан пайда болған қуаңшылық пен су тасқындары нәтижесінде ел экономикасына тиген үлкен зардапты қосуға болады. Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру: тәуекелдерді азайту, климат өзгерісіне бейімделу, ауыл шаруашылығы мәдениеттерінің шығымдылығы мен малдардың өнімділігін арттыру, егін жұмыстарын уақытылы жоспарлауға мүмкіндік береді. Ғылымға негізделген тәсілдер және тиімді ресурстарды қолдану негізінде өнім өндірудегі шығындарды азайту, оның сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру — бұл ауыл шаруашылығын цифрландырудың басты мақсаты. Ауыл тауар өндірушілерін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету сату және сатып алу жұмысына транзакциялық шығындарды төмендетеді, егін алқабынан тұтынушыға жеткізу тізбегін жеңілдетеді әрі білікті қызметкерлердің тапшылығын қысқартады. Ауыл кәсіпкерлері аз ресурсты қамтитын азық-түлікті өндіру қажет. Сол себепті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру технологияларына үлкен бір серпіліс қажет. Ауыл шаруашылығында бұрынғы дәстүрмен, яғни цирфландырусыз жұмыс істеуді жалғастыру – демек әлемдік бәсекелестіктен жеңілу. Фермер нарықта бәсекеге қабілетті болып қалу үшін тұтынушылар сұраныстары мен талаптарына байланысты өз өнімдері бойынша ұсыныстарды болжай білу керек.

Дұрыс, қазіргі тілмен айтқанда, «ақылды» басқарушылық шешім қабылдау үшін фермер спутниктік кескіндер, алқапты әртарапты өңдеу алгоритмдері, жоғары технологиялық хабаршылар, мобильдік қосымшалар және GPS-жүйелер секілді цифрлық меңгеруі тиіс.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Фермерлер үшін қаржылық қолжетімділікті арттыру
  • Білім мен ақраратты тарату, технологиялар трансфертін жоғарылату, аграрлық сектордағы мемлекеттік қолдау институттарын дамыту
  • Спутниктік бақылау және АӨК-дегі биофизиикалық параметрлер
  • Сүт және ет малшылығы үшін нақты егіншілікті қолдау үшін бақылау технологияларының әлеуеті
  • Органикалық ауыл шаруашылығын цифрландыру

Модератор:

  • Рақым Ошақбаев, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Спикерлер:

  • Сапархан Омаров, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
  • Александр Субботин, Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп пен ауылшаруашылық кешені жөніндегі коллегия мүшесі (Министр)
  • Марсель Андрисс, Еуропа және Орта Азия аумағындағы Агро-қайта сақтандыру жөніндегі басшысы, SwissRe компаниясы
  • Джордж Драган, KAZBEK коммерциялық бөлімшесінің басшысы (Қазақстан, Беларусь, Кавказ және Орталық Азия елдері) Syngenta компаниясы
  • Джеральд Хэррманн, Organic Services GmbH директоры
  • Джордж Возикиc, Шығыс Еуропа және Орта Азия елдеріндегі сатылым жөніндегі директор, Airbus компаниясы
  • Андрей Андрейчук, CROPIO компаниясының EMEA өңірі бойынша басшысы

 

 

19:00-20:30
ҚР Үкіметінің атынан ресми кешкі ас (шақырту бойынша)
07:30-09:00
McKinsey & Company іскерлік таңғы асы (шақырту бойынша)

Өткізу орны: Конгресс-орталығы, «Аспан» залы
07:00-08:30
Газета "Курсив" «Ең ірі қазақстандық компаниялардың ашықтығы» Бизнес- таңғы асқа шақырады.
Өткізу орны: Hilton Astana қонақ үйі
09:00 - 11:45
Тұрақты даму мақсаттары бойынша бірінші қазақстандық Форум
Сессия серіктесі: БҰҰ / АДБ
«Нұр-Сұлтан» Пленарлық отырыстар залы
Конгресс-орталығы

Ұйымдастырушылар: Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық экономика министрлігі, Экономикалық зерттеулер институты, БҰҰ Агенттігі, Азия даму банкі

2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 2030 жылға дейінгі кезеңге Тұрақты даму саласындағы күн тәртібін қабылдады, ол тұрақты даму саласындағы 17 мақсатты (ТДМ) қамтиды. БҰҰ басқа мүше мемлекеттері сияқты Қазақстан өзінің қазіргі және болашақ ұрпағы үшін тұрақты дамуға қол жеткізуді қамтамасыз ету міндетін анықтады. 2018 жылы БҰҰ Агенттіктерінің және Азия даму банкінің жәрдемдесуімен Қазақстан 2030 жылға арналған ТДМ мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесу үшін институтционалдық архитектураны, оның ішінде, Үйлестіру кеңесін, бес жұмыс тобын (адамдар, жер, көркею, әлем, серіктестік) және үйлестіру кеңесін енгізді. Қазақстанның ұлттық тәсілі және ТДМ саласындағы жетістіктер 2019 жылғы шілдеде БҰҰ Ассамблеясында Жоғары деңгейдегі саяси форумда Ерікті ұлттық есеп нысанында ұсынылады. ТДМ қол жеткізуде алдынғы қатарлы халықаралық тәжірибені зерттеу үшін Қазақстанға Үкімет пен халықаралық сарапшылар арасында белсенді серіктестікті және тәжірибемен алмасуды қамтамасыз ету қажет. «ТДМ қол жеткізу бойынша Алғашқы қазақстандық форум» Үкіметтің, іскерлік ортаның сарапшыларын, дамыту жөніндегі серіктестерді және тұрақты дамуға жәрдемдесетін танымал тұлғалардың басын бір алаңда қосады. Спикерлер ТДМ күн тәртібінде прогреске қол жеткізу үшін Қазақстан үшін практикалық шешімдер ұсынады. 2019 жылғы Жоғары деңгейдегі саяси форумда талқыланатын алты Мақсат осы шараның басты назарында болмақ (4 ТДМ: Сапалы білім; 8 ТДМ: Адал жұмыс және экономикалық өсу; 10 ТДМ: Теңсіздіктің азаюы; 13 ТДМ: Климаттың өзгеруімен күрес жүргізу; 16 ТДМ: Әділдік әлемі және тиімді институттар және 17 ТДМ: Мақсаттарға қол жеткізудегі серіктестік).

Мақсаты: Тұрақты даму мақсаттарын терең түсінуге және олардың Қазақстан мен Орталық Азияның (ОА) басқа елдерінің экономикалық өсуіне және әлеуметтік дамуына үлесіне жәрдемдесу және 2030 жылға дейінгі жаһандық күн тәртібін ұлттандыруды одан әрі ілгерілету бойынша Қазақстан Үкімет үшін бірқатар ұсынымдар әзірлеу.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Әлеуметтік даму

  • Қазақстан үшін 2030 жылға қарай ТДМ қол жеткізуде қандай салалар маңызды болып келеді?
  • Үкіметтер мен халықаралық ұйымдар ТДМ қалай қаржыландыра алады?
  • Қазақстанда және ОА басқа елдерінде ТДМ бизнесі үшін қандай негізгі мүмкіндіктер бар?
  • Сіз қандай салаларда Мақсаттар арасында синергияны байқайсыз?
  • Қазақстанда ТДМ шоғырландырудың негізгі мәселелері қандай?
  • Қандай салалардағы ТДМ Орталық Азияда аймақтандырыла алады?
  • ТДМ насихаттау қаншалықты маңызды?
  • Қазақстанныңдамустратегиясындаешкімдіарттақалдырмауқаншалықтымаңызды?

Экономикалық өсу

  • ТДМ ұзақ мерзімді әлеуметтік даму стратегияларында қалай көрініс табады?
  • ТДМ-ның әлеуметтік дамуға қосатын үлесін өлшеудегі ең маңызды көрсеткіштер қандай?
  • Тұрақты бизнес әлеуметтік дамуға қалай жәрдемдесе алады?
  • ТДМ іске асыруға қатысатын және әлеуметтік дамуға жәрдемдесетін бизнестің нақты мысалын сипаттай аласыз ба?
  • ТДМ іске асыруға қатысатын және әлеуметтік дамуға жәрдемдесетін бизнеске инвестициялау қаншалықты тиімді?

Сәлемдесу сөзі:

  • Асқар Мамин, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
  • Армида Салсия Алишахбана ханым, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ АзТМЭӘК) атқарушы хатшысы

Сессия 1. ТДМ жетістігіндегі ұлттық, аймақтық және жаһандық үлес

Модератор:

  • Джеффри Сакс,Колумбия университетінің Тұрақты даму мәселелері жөніндегі орталықтың директоры, профессор

Спикерлер:

  • Армида Салсия Алишахбана ханым, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ АзТМЭӘК) атқарушы хатшысы
  • Шиксин Чен, АДБ вице-президенті
  • Жак Аттали, француз экономисті, жазушы және саяси қайраткер
  • Хуан Мануэль Сантос, Колумбия Президенті (2010-2018), 2016 жылы бейбітшілік саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты

Cессия 2. ТДМ тұрақты экономикалық өсуге қалай жәрдемдеседі?

Модератор:

  • Рақым Ошақбаев, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Спикерлер:

  • Мирьяна Эггер ханым, БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰДБ әкімшісінің ассистенті, Еуропа және ТМД үшін Өңірлік бюроның директоры
  • Татьяна Немцан, Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының төрағасы
  • Хойкур Хардарсон, Arctic Green Energy Corporation негізін қалаушы және Басқарма төрағасы
  • Динара Сейітжапарова, Қаржы директоры, Алматы халықаралық әуежайы

Cессия 3. ТДМ әлеуметтік дамуға қалай жәрдемдеседі?

Модератор:

  • Ерлік Қаражан, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасы

Спикерлер:

  • Оса Регнер, БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, «БҰҰ-әйелдер» құрылымының атқарушы директорының орынбасары
  • Алаа Мурабит ханым, БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) елшісі
  • Сусанна Айрапетян, Дүниежүзілік банкінің Орта Азиядағы адами капитал жөніндегі бағдарламалар жетекшісі
  • Асет Ахмадиев, «Green TAL» әлеуметтік шеберханасының бірлескен негізін қалаушысы
09:00 - 13:00
Түркі Сауда-Өнеркәсіп Палатасының жарғысына қол қою
Сессия серіктесі:
Rixos President Astana
«Шаңырақ» залы

Ұйымдастырушы: Түркі Кеңесінің Хатшылығы, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы

2009 жылдың 3 қазанында Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия Республикалар Түркі кеңесін құрды.

Түркі Іскерлік кеңесінің отырысы 2019 жылы 17 мамырда Нұр-сұлтан қаласында Астана экономикалық форумы аясында ұйымдастырылады. Кездесуге Әзірбайжан кәсіпкерлер ұйымдары (жұмыс берушілер) ұлттық Конфедерациясының Президенті Мамед Мұсаев, "Атамекен" Қазақстан Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Аблай Мырзахметов, Қырғызстанның Сауда-Өнеркәсіп палатасының президенті Марат Шаршекеев және Түркияның Сауда палаталары мен тауар биржалары Одағының (TOBВ) президенті Рифат Хисарджықлыоглу, сондай-ақ Қазақстандағы мүше мемлекеттердің елшілері, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен жоғары лауазымды шенеуніктер мен бизнес қауымдастықтың өкілдері қатысады.

Тараптар Түркі Іскерлік кеңесінін күн тәртібіндегі тармақтарды талқылағаннан кейін Түркі кеңесінін Хатшылығымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтін және мүше мемлекеттердің кәсіпкерлердің арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал ететін СӨП құру туралы Жарғыға қол қою рәсімі өтеді.

Модератор:

  • Бағдад Әміреев, Түркі кеңесінің Бас хатшысы

Спикерлер:

  • Бағдад Әміреев, Түркі кеңесінің Бас хатшысы
  • Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы
  • Рифат Хисарчиклиоглу, Түркияның сауда палатасы және тауар биржасы Одағының президенті (TOBB)
  • Аян Еренов, Қазақстанның сыртқы сауда палатасының Басқарма Төрағасы
  • Мусаев Мамед, Әзірбайжан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер (жұмыс берушілер) конфедерациясының Президенті
  • Марат Шаршекеев, Қырғызcтан Сауда-кәсіпкерлік палатасының Президенті
09:00 - 10:15
Жасанды интеллект: адамдар, қалалар және салалар үшін шешімдер
Сессия серіктесі: ЭЗИ / BCG
«Бейжің» залы
Конгресс-орталығы

Жасанды интеллект: адамдар, қалалар және салалар үшін шешімдер

Ұйымдастырушылар: «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, BCG

Он жылға созылған зерттеулер мен бірыңғай пилоттық жобалардан соң, жасанды интеллект (ЖИ) экономикалық өсім тетіктерінің біріне айналды. Компаниялар мен ұйымдар жасанды интеллектті ағымдағы және инновациялық үдерістер, өнімдер мен қызметтердің кең шоғырына табысты қолдана бастады. Жасанды интеллект цифрландыру және үлкен мәліметтермен байланысты қиындықтарды шешуде бизнес үшін аса маңызды.

Бүгінде адамдар өмірінің сапасын жоғарылату және қалаларды дамыту үшін жасанды интеллект негізінде шешімдері қолдану әлеуеті анық байқалуда. Интеллектуалдық көлік жүйелері, «ақылды» энергетикалық шешімдер, «ақылды» үйлер ифрақұрылымның тиімділігі мен өткізбелі қабілетін көтеруге, онымен байланысты шығындарды және адамдарды сол инфрақұрылымды қолдануын оңталандыруға бағытталған. Денсаулық сақтау саласындағы сервистер медициналық қызметтерге қолжетімділктің жеңілдетуге, ұзақ өмір сүруді қамтамасыз ететін өмір үлгісі бойынша емделулер мен ұсыныстарды дербестеуге жағдай туғызады.

Алайда, жасанды интеллект технологияларын дамытудағы ғылыми прогресс пен бұл технологияны күнделікті өмірге енгізуден бақыланатын экономикалық әсерге қарамастан, бүгінде жасанды интеллектінің жағымды әсерін жоққа шығаратын бірқатар үлкен сын-тегеуріндер мен тәуекелдер пайда болуда.

Жасанды интеллектіні ендірудегі қиындықтары ақпарат жинау, инфрақұрылым құру және нормативтік-құқықтық қатынастар мен моралдық-этикалық мәселе қауіпсіздігін қамтитын бірнеше блоктарға бөлінеді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Елдің игілігі, қалалар мен экономиканы дамыту үшін жасанды интеллект негізінде шешімдерді қолданудың мүмкіндіктері мен пайдасы қандай?
  • Бұл шешімдердің тек пилоттық енгізілім емес, сонымен қатар, күнделікті үдеріс пен қызметтің ажырамас бөлігі атануы үшін не істеу қажет?
  • Бұл ретте саясат пен бизнестегі киберқауіпсіздіктің үдемелі тәуекелдерін қалай басқаруға болады?
  • Жеке мәліметтерді қорғаудағы құқықты сақтау мен дербестелген өнімдер мен сервистерді алу арасындағы ұтымды теңгерім қандай?
  • Жасанды интеллектінің тұрақты моделдік және оңтайландырылған механизмі және сәйкестендіруші инфрақұрылымын қалай ұйымдастыруға болады?

 Модератор:

  • Александр Жоров, BCG серіктесі және атқарушы директоры

Спикерлер:

  • Пол Ромер, Дүниежүзілік банктің бас экономисі (2016-2018), Экономика бойынша Нобель сыйлығы (2018)
  • Дмитрий Песков, РФ Президентінің цифрлық және технологиялық даму мәселелері жөніндегі арнайы өкілі
  • Қуанышбек Есекеев, Қазақстандық мультисервистік оператор – «Қазақтелеком» АҚ Басқармасының төрағасы
  • Джейн Тредвелл, Дүниежүзілік банкі цифрлық даму тәжірибесінің жетекшісі
  • Георгий Ранделов, Орталық және Шығыс Еуропа елдер тобының мемлекеттік сектор мәселелері жөніндегі директоры, Microsoft
  • Джозеф Зиглер Кеннет, "Astana hub" IT-стартаптардың Халықаралық технопаркі" Корпоративтік қорының Бас директоры

 

09:00 - 10:15
Технологиялық революция дәуіріндегі әлем: 4.0 индустриясы жаһандық өсуге қалай әсер етеді?
Сессия серіктесі: Бреттон-Вудстың жаңарту бойынша комитеті
«Мәскеу» залы
Конгресс-орталығы

Технологиялық революция дәуіріндегі әлем: 4.0 индустриясы жаһандық өсуге қалай әсер етеді?

Ұйымдастырушы:Бреттон-Вудс Жаңарту жөніндегі комитеті

Біз қазір робототехника, жасанды интеллект, автоматтандыру, цифрлық платформалар және басқа да инновациялардың экономикалық қызметтің күрделі сипаттамасын түбегейлі өзгертіп жатқан дәуірде тұрамыз. Әлемнің ең бағалы сегіз компаниялары — технологиялық кәсіпорындар. 4,7 триллион доллар көлеміндегі нарықтық капиталдандыруы бар және жұмыс күшінің жаңа түріне ие бұл компанияларүлкен макроэкономикалық әсер етуі мүмкін. Бұл жайттар өз кезегінде қаржылық жүйені және жалпы экономиканы өзгертуі мүмкін. Пікірталас барысында төртінші өнеркәсіптік революцияның жаңа дәуірімен байланысты шешуші іскерлік, техникалық және этикалық мәселелер қарастырылатын болады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Технология дәуірінің жаһандық қаржы жүйесіне және жалпы экономикаға тигізетін әсері қандай?
  • Төртінші өнеркәсіптік революцияның жаңа дәуірінде қандай шешуші іскерлік, техникалық және этикалық мәселелер маңызды саналады?
  • Еңбек нарығы мен адам капиталы үшін робототехника, жасанды интеллект, автоматтандыру, цифрлық платформалар және басқа да инновациялардың тигізетін салдары қандай?

Модератор:

  • Клаус Мангольд, Rothschild & Co Еуропа елдері Төрағасының орынбасары, Rothschild & Co Ресей және ТМД елдерінің Төрағасы және «Бәйтерек» холдингінің тәуелсіз директоры

Спикерлер:

  • Хавьер Сала-и-Мартин, Колумбия университетінің экономика профессоры, жаһандық бәсекелестік индексінің негізін қалаушы
  • Ристо Сииласмаа, Nokia Corporation директорлар кеңесінің төрағасы

 

 

 

09:00 - 10:15
Жаһандық Жібек Жолы-қала әкімдерінің II форумы
Сессия серіктесі:
«Дубай» залы
Конгресс-орталығы

Жаһандық Жібек Жолы-қала әкімдерінің II форумы

Ұйымдастырушылар: G-Global халықаралық хатшылығы, ERG, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Жібек жолы ғылымдарының халықаралық академиясы, «Жаһандық Жібек жолы» қауымдастығы,

Бірлескен ұйымдастырушылар: Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институты, BBC WORLD NEWS, АХҚО, Жібек жолының СКП, China Overseas Development Association, JUMORE GROUP, Silk Road Chamber of International Commerce, «Techgarden» автономды кластерлік қоры, China Chamber of International Commerce, «EXPO&WOMEN» ХҚҰ.

Ұлы жібек жолы көптеген жүз жылдықтар бойы түрлі ұлттарды біріктіре білді. Бұл біріктіру идеялар мен білім, тілдер мен мәдениетті өзара байыту арқылы жүргізілді.

Ұлы Жібек жолының тарихы - Шығыс пен Батыстың халықтарының арасында кең мәдени-сауда қатынастарының тарихы. Бұл тек қана тығыз ынтымақтастық - барлық адамзат үшін бейбітшілік пен прогрестің негізі.

Global Silk Road Жібек жолы елдері қалаларының әкімдерінің форумы қалалар мен үкімет көшбасшыларының, аймақтар/қалалардың жаңа өсіру сапасы мен дамуын қалыптастыруға арналған салалық сарапшылардың басын біріктірген эксклюзивті плафторма болып саналады.

Форумның мақсаты әлеуметтік-экономикалық және мәдени өзара іс-қимыл, сауда-экономикалық интеграция, сондай-ақ Еуропалық және Еуразиялық экономикалық одақты «Бір белдеу-бір жол» бастамасымен байланыстыруға арналған Жібек жолы елдерінің халықтарының әлеуетін біріктіру болып табылады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Жібек жолы елдерінің экономикалық ынтымақтастығы
  • Жібек жолының Көліктік-логистикалық хабын құрудағы бірлескен күш-жігер
  • «Бір белбеу - бір жол» жобасының іске қосылуы
  • «Цифрлық Жібек жолы» жобасы
  • Қала туризміжәне сауданы дамыту
  • Қалалар экологиясы
  • Шағын және орта бизнесті дамыту
  • Smart-city технологиялары

Модератор:

  • Сергей Становкин, Еуразиядағы BBC World News өңірлік кеңселерінің басшысы

Спикерлер:

  • Сәлемдесу сөзі: Бақыт Сұлтанов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі
  • Сергей Черемин, Мәскеу Үкіметінің министрі, Мәскеу қаласы сыртқы экономикалық және халықаралық байланыстар департаментінің басшысы
  • Михаил Кылварт, Таллин қаласының әкімі (Эстония)
  • Фан Вей, Ляньюньган қаласының әкімі (ҚХР)
  • Айк Марутян, Ереван қаласының әкімі (Армения)
  • Се Шаоди, Үрімші қаласы әкімінің орынбасары (ҚХР)
  • Ван Яньмин, Харбин қаласы әкімінің орынбасары (ҚХР)
  • Валлоп Суванди, Бангкок қаласы әкімінің кеңесшісі, Бангкок қаласының бұрынғы вице -мэры (Таиланд)
  • Александр Машкевич Eurasian Resources Group директорлар кеңесінің төрағасы
  • Раймонд Ип, Гонконг Сауданы дамыту жөніндегі кеңесі атқарушы директорының орынбасары
  • Кристофер Кэмпбелл-Холт, АХҚО және Халықаралық арбитражды орталық сотының тіркеушісі және аппарат басшысы
  • Михай Дарабан, Румыния Сауда-өнеркәсіптік Палатасының Президенті
  • Шайлобек Мұсақожоев, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профессор
  • Владимир Архипов, Маарду қаласының әкімі (Эстония)
  • Дмитрий Кулагин, Орынбор қаласының әкімі (РФ)
  • Максим Дмитриевский, Куманово қаласының әкімі (Солтүстік Македония Республикасы)
  • Игор Шпекторь, Воркут қалалық округының бұрынғы әкімі
  • Жольт Винтермантель, Уйпешт әкімі, IV аудан, Будапешт (Венгрия)
  • Виталий Бородин, Кохтла-Ярве қаласы әкімінің орынбасары
  • Серік Нөгербеков, G-Global Халықаралық хатшылығының басшысы
  • Владимир Пискурев, ЕЭЫҰ бас хатшысы
  • Анисет Габриэль Кочофа, ЕЭЫҰ Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жоғарғы комиссары– ЕЭЫҰ бас хатшысының орынбасары
  • Роберто Биажини, Флоренция әкімінің кеңесшісі (Италия)
  • Ханон Барабанер, эстониялық экономист, Экономика және басқару институтының ректоры — ECOMEN, Таллин қаласының құрметті азаматы
  • Сергей Велеско, Митвайда университетінің халықаралық бағдарламалар деканы
  • Д-р Бернд Халлиер, Еуропалық сауда институтының бас директоры, профессор, доктор
  • Денис Цыро, Еуропадағы G-Global өкілі, 4.0 Индустрия мектебінің директоры

 

09:00 - 10:15
Қолжетімді тұрғын үйдің заманауи экожүйесін құрудағы мемлекеттің рөлі
Сессия серіктесі: «Бәйтерек» Ұлттық Басқару Холдингі» АҚ
«Сингапур» залы
Hilton Astana

Қолжетімді тұрғын үйдің заманауи экожүйесін құрудағы мемлекеттің рөлі

Ұйымдастырушылар: «Бәйтерек» Ұлттық Басқару Холдингі» АҚ

Әлемдік тенденция жаппай урбанизация қазіргі заманның сипатты тренді ретінде қала халқының өсуіне, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымға түсетін жүктемеге ықпал ететіндігін, қалаға қысым жасайтындығын көрсетіп отыр.

Осының барлығы қалалар мен өңірлерде қажетті әлеуметтік және коммерциялық инфрақұрылымы бар халық үшін өмірді ұйымдастырудың экологиялық және энерготиімді тәсілін әзірлеу қажеттілігін негіздейді.

Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, құрылыстың жаңа әдістерін, қазіргі заманғы материалдарды, жаппай құрылыс салуды жоспарлаудағы қағидатты түрде өзге де тәсілдерді қолдану маңызды. Қазіргі заманғы технологияларды енгізу, тұрғын үй құрылысын әртүрлі рекреациялық және әлеуметтік жайлылықтармен сапалы өмір сүру ортасына айналдыру, сайып келгенде тұрғын үйдің халық үшін қолжетімділігін арттырады және тұру үшін қолайлы орта жасайды.

Бұл жерде қолжетімді тұрғын үйдің қазіргі заманғы экожүйесін құрудағы мемлекеттің рөлі маңызды. Бүгінде көптеген елдердің үкіметтері әлемдік қоғамдастықпен бірлесіп, дәстүрлі проблемаларды (тұрғын үй тапшылығы, аумақтардың бақылаусыз өсуі, қолайсыз аудандар, коммуникациялар мен әлеуметтік объектілерді уақтылы жеткізбеу), сондай-ақ экологиялық тұрақтылық пен инновацияларға байланысты жаңа мәселелерді шешудің түрлі тәсілдерін іздестіруде.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ел ішінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда, оның шеңберінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ өзінің еншілес компаниялары (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Қазақстанның ипотекалық компаниясы, Бәйтерек девелопмент, Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры) арқылы тұрғын үй құрылысы нарығындағы сұраныс пен ұсынысты ынталандырады. Халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру жөніндегі жүйелі шараларды дамытуды жалғастыру және 2030 жылға қарай бір тұрғынға 30 ш.м. тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткішіне қол жеткізу қажет.

Бұл ретте, бірыңғай мемлекеттік оператор халық үшін барлық қажетті игіліктермен жаппай тұрғын үй құрылысын кешенді түрде іске асыратын Сингапур, Түркия және Оңтүстік Корея сияқты елдерде тәжірибе бар.

Қорыта келгенде орнықты және жалпыға бірдей қалалық экономика құру, тұрғын үй құрылысын қолжетімді тұрғын үйдің қазіргі заманғы экожүйесіне трансформациялау нәтижелі жұмыспен қамтуға және барлығына лайықты жұмыс істеуге, жұмыс орындарын құруға және халық үшін экономикалық және өндірістік ресурстар мен мүмкіндіктерге тең қол жеткізуге жәрдемдесетін болады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Халық үшін қолжетімді тұрғын үйдің қазіргі заманғы экожүйесін құрудағы мемлекеттің рөлі
  • Заманауи технологияларды қолдану арқылы қала құрылысы шешімдері және құрылыс саласын цифрландыру
  • «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ тұрғын үй блогын (Қазақстанның ипотекалық компаниясы, Бәйтерек девелопмент, тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры) шетелдік практикалардың үздік тәжірибесін ескере отырып, тұрғын үй құрылысы бойынша бірыңғай операторға трансформациялау

Модератор:

  • Жақсыбек Құлекеев, Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының сарапшысы

Спикерлер:

  • Қайырбек Өскенбаев, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі
  • Әнуар Омарқожаев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары
  • Яп Чин Бенг, Singapore Cooperation Enterprise аға кеңесшісі (Сингапур)
  • Ли Чае Кванг, Тұрғын-үйді сақтандыру корпорациясының президенті (Korea Housing & Urban Guarantee Corporation) (Корея Республикасы)
  • Ляззат Ибрагимова, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы
  • Асхат Тұрғынбекұлы, «BeIn Tech» ЖШС құрылыс индустриясын цифрландыру жөніндегі директоры


X

09:00 - 10:15
Ақылды қалалар цифрлық экономика негізі ретінде
Сессия серіктесі: «Қазақтелеком» АҚ
«Лондон» залы
Конгресс-орталығы

Ақылды қалалар цифрлық экономика негізі ретінде

Ұйымдастырушылар: «Қазақтелеком» АҚ

Қазіргі заманғы қалалар жер тұрғындары үшін тартылыс орталығы және өмірдің барлықсаласында ілгерілеудің локомотиві болып табылады. Ақылды қалалар тұжырымдамасы ортақ талқылау тақырыбы және нарықтық ойыншылар мен қоғамдық институттардың жаңа кооперациясы ретінде қарастырылады. Цифрлық технологиялардың қалалар инфрақұрылымымен бірігуі олардың мәртебесін көтеріп, инвестициялар тартуға, жоғары технологиялық бизнесті жергіліктендіруге мүмкіндік береді.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «ақылды қалалар» үлгі тұжырымдамасыәзірленіп, олар Қазақстанның бес ірі қаласында іске асырылуда. Ол мыналар: Smart Astana, Smart Karaganda, Smart Ontystuk, Smart Almaty, Smart Aktobe секілді жобалар.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Smart Cities дамыту себептері және қалаларды басқару эволюциясы кезеңдері
  • Ақылды қалалар функционалына қажеттіліктер және олардың қаланы басқару эволюциясындағы артықшылықтары
  • Ақылды технологияларды енгізудің экономикаға және мегаполистердің дамуына әсері
  • Smart Cities қызметтерін енгізудің әкімшілік тәсімі (оны кім жасауы керек?)
  • Кейстер және шетелдік тәжірибе
  • Қазақстанда Smart Cities технологиясын енгізу ерекшеліктері мен кезеңділігі
  • Қазақстанда Smart Citiesенгізу үлгілері және келесі қадамдар

Модератор:

  • Роман Саввин, әлемдегі IoT желілер шығару мен қолдау саласындағы ең ірі компанияның өкілі, Actility

Спикерлер:

  • Александр Горбатько, Мәскеу қаласы Ақпараттық технологиялар департаменті басшысының орынбасары, байланыс және телехабар тарату саласын дамытуға, «Ақпараттық қала» бағдарламасын әзірлеу мен іске асыруға және басқа да көптеген ақпараттық технологияларды дамыту мәселелеріне жауапты
  • Геворк Вермишян, «МегаФон» бас директоры
  • Қуанышбек Есекеев, Қазақстандық мультисервистік оператор – «Қазақтелеком» АҚ Басқармасының төрағасы
  • Джонатан Спарроу, ақпараттық технологиялар және желілер саласындағы әлемдік көшбасшы саналатын Cisco компаниясының Ресей және ТМД елдері бойынша вице-президенті
  •  Хазем Галяль, PwC мемлекеттік органдар және мемлекеттік секторға қызмет көрсету жөніндегі жаһандық тәжірибесінің басшысы, PwC-дің БАӘ-дегі серіктесі
  • Илья Кузьмин, Мәскеу қаласының сыртқы экономикалық және халықаралық қатынастар департаменті бастығының орынбасары

 

09:00 - 11:45
AEF Talks (Ашық лекциялар)
Сессия серіктесі:
АХҚО
(Мәңгілік Ел, 55/23, павильон С-4.4)

Ұйымдастырушылар: «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), Экономикалық зерттеулер орталығы, БАҚ саласындағы медиа біліктілігін арттыру орталығы, Казмедиа орталығы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады және осы ретте AEF Talks Астана экономикалық форумы шеңберінде қазақстандық жастарға беделді ғалымдар және саясаткерлермен өтетін лекциялар-әңгімелесулерге қатысуға мүмкіндік жасайды. Лекция мазмұны «Ынталандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар» тақырыбы шеңберінде қонақтар-лекторлардың практикалық тәжірибесі мен біліміне негізделеді .

AEF Talks шеңберінде танымал экономистер-Форум қонақтарымен ашық лекция-әңгіме форматында өтетін бұл шараға тек жастар ғана емес, сонымен қатар кез келген адам қатыса алады (кіру тегін).

Модератор:

  • Махаббат Есен, журналист, БАҚ саласындағы біліктілікті арттыру орталығының басшысы,ҚазМедиа Орталығы

Лекторлар:

  • Асхат Садуов,урбанистика орталығы басшысының орынбасары
  • Дина Байтасова,(Орта Азиядағы жаңа мәдени институтция) өнертанушы және куратор, TSE art destination негізін қалаушысы
  • Жером Санс, куратор-визионер, L'Officiel Art француздық мәдени журналының креативті директоры және бас редакторы
  • Аншу Гупта, Үнді әлеуметтік кәсіпкері, Goonj негізін қалаушысы
  • Хамза Али Малик, БҰҰ АТМЭӘК Макроэкономикалық саясат және дамуды қаржыландыру бөлімінің директоры
09:00 - 11:45
Қазақстан: ЭЫДҰ елдік шолуы
Сессия серіктесі: ЭЫДҰ
«Нью-Йорк» залы
Конгресс-орталығы

Қазақстан: ЭЫДҰ елдік шолуы

Ұйымдастырушылар: Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), ЭЫДҰ Халықаралық Көлік Форумы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі

Бірлескен ұйымдастырушы: «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі - ЭЫДҰ) 1948 жылы құрылған. Штаб-пәтері Парижде (Франция) орналасқан. 2006 жылдан қазіргі уақытқа дейін Бас хатшысы - Анхель Гурриа. ЭЫДҰ-ның негізгі мақсаты бүкіл әлемдегі адамдардың экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясатты көтермелеу және үкіметтер өзара тәжірибе алмасып, ортақ проблемалардың шешімін іздеуге болатын форумды қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығы 2008 жылы Орталық Азия, Кавказ және Шығыс Еуропа елдерінің 13 елін қамтитын Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасының аясында басталды. Бүгінгі таңда елмен осы ұйыммен ынтымақтастық Қазақстан Үкіметі мен ЭЫДҰ арасында өзара түсіністік туралы Меморандум шеңберінде жүзеге асырылуда.

«Қазақстан: ЭЫДҰ елдік шолуы» сессиясының мақсаты ЭЫДҰ мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың соңғы нәтижелерін ұсыну және талқылау:

  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары және ЭЫДҰ Жаһандық байланыстар хатшылығының директоры А. Шааль «Қазақстанның экономикалық реформалары және еліміздің ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықтағы жетістіктері» атты сессиясын құттықтау сөз сөйлейді;
  • ЭЫДҰ сессия шеңберінде Қазақстан мен Орталық Азия бойынша жоғары деңгейдегі екі жарияланымды ұсынады:
    -Аймақтық байланыстар: ЭЫДҰ және ХФТ "Жергілікті қосылған құн тізбектерін оңтайландыру" жобасы шеңберінде "Аймақтық Байланысты Нығайту: Орталық Азияда жүк және көлік байланыстарын жақсарту" баяндамасын ұсынады;
    -Экономикалық өсу жолындағы кедергілерді жою: ЭЫДҰ "Тауарлар мен қызметтер нарығын реттеуге шол (PMR)" жобасы шеңберінде "Going for Growth in Kazakhstan" баяндамасын ұсынады.
  • Сессия бұл жұмыстарды ЭЫДҰ мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың кең контексінде ұсынуға мүмкіндік береді, бұл Қазақстанның ЭЫДҰ-мен өңірмен ынтымақтастығын кеңейтудегі рөліне ерекше назар аударады.

Модератор:

  • Уильям Томпсон, ЭЫДҰ Жаһандық қатынастар жөніндегі хатшылығының Еуразия бөлімшесінің меңгерушісі

 Спикерлер:

  • Әлихан Смайылов, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініңбірінші орынбасары
  • Андреас Шааль, ЭЫДҰ Жаһандық байланыстар хатшылығының директоры
  • Яри Кауппила, ЭЫДҰ Сандық саясатты талдау және болжау бөлімінің бастығы
  • Алан де Серрес, ЭЫДҰ Экономика департаменті директорының орынбасары
  • Руслан Дәленов, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
  • Берік Қамалиев, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

 

10:30 - 12:00
"Жаңа экономика және Қазақстанның инвестицияларға қатысты потенциалының ұлғаюы" пленарлық отырысы
Сессия серіктесі: Казах Инвес, А.У.Мамин, ҚР Премьер-Министрі
The Ritz-Carlton

Ұйымдастырушылар: «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ, Financial Times

Соңғы 20 жылда жаңа технологиялар біздің өмірімізге түбегейлі өзгерістер енгізді. Олар бірнеше салаларды жойды, басқару үлгілерін өзгертті, кәсіпкерлердің, тұтынушылар мен мемлекеттің мүмкіндіктерін кеңейтті. Сондай-ақ, бұлар бірінші кезекте адам капиталын пайдалана отырып, барлық елдерге жетістікке жету мүмкіндігін ұсынып жаһандық бәсекелестік үшін мүмкіндіктерді теңестірді. Үкіметтің жаңарту бағдарламасы инновацияға айтарлықтай ықпал етті және ел экономикасын оның зор табиғи ресурстарының шегінен шығарды. Жаңа секторлардың дамуы мемлекеттің Еуразия жүрегіндегі іскерлік орталық ретіндегі рөлін одан әрі қалай нығайта алады? Мүмкіндіктер мен үндеулер қандай?

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Жаңа секторлардың дамуы елдің Еуразия жүрегіндегі іскерлік орталық ретінде рөлін қалай күшейте алады?
  • Қандаймүмкіндіктербар? Мәселелері қандай?
  • Теxникалықноу-xаудықолданаотырыпдамукезеңдерін«аттапөтуге»әзірелдерменсалалардыңxалықаралықтәжірибесі

Модератор:

  • Джеймс Кин, Global China журнал редакторы, Financial Times

Сәлемдесу сөзі:

  • Асқар Мамин, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 

Спикерлер:

  • Мехмет Шімшек, саясаткер және экономист, Түркияның бұрынғывице-премьер-министрі
  • Алан Пию, ЕДҚҚБ банктік операциялар бойынша вице-президенті
  • Ханс-Пол Бюркнер, BCG төрағасы
  • Йоаxим фон Амсберг, Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің Саясат пен стратегия жөніндегі вице-президенті
  • Валерий Вавилов, Bitfury Group көпсалалы блокчейн компаниясының бас директоры және негізін қалаушылардың бірі, Bitfury Group

 

10:30 - 11:45
Индустрия 4.0 және Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі
Сессия серіктесі: МНЭ РК, АО «QazTech Ventures», АО «ИЭИ», ВЭФ
«Дубай» залы
Конгресс-орталығы

Индустрия 4.0 және Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі

Ұйымдастырушылар:Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, «QazTech Ventures» АҚ, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, Дүниежүзілік экономикалық форумы (ДЭФ)

Төртінші Өнеркәсіптік Революция еңбек өнімділігінен, саудадан және адами капиталдың тиімділігінен бастап, қоғам құрылымындағы ықтимал өзгерістерге және цифрлық өзгеру процесіндегі мемлекеттің жаңа рөліне дейінгі әлемдік экономиканың барлық құрылымына ықпал етеді.

Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін табысты енгізу үшін қолайлы жағдай жасау, оның ішінде нормативтік құқықтық база мен тұтастай инфрақұрылымды жетілдіру қажет.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері және Дүниежүзілік Экономикалық Форум Өкілдері «ақылды» қалалар және тез өнеркәсіптік даму үшін қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ететін «Заттар интернеті» анағұрлым перспективалы технологиялық салалардың бірінде жаңа нормативтік –құқықтық актілерді әзірлеу бойынша бірлескен бастама көтерді.

ДЭФ-пен ынтымақтастық шеңберіндегі бірлескен жұмыстар нәтижелері бәсекеге қабілеттілікті арттыру және индустрия 4.0 элементтерін табысты енгізуге, Қазақстанның, сондай-ақ ЕАЭО -ның сауда саясатын жүргізуге қолайлы жағдайлар жасау бойынша басқа технологиялық бағдарламалар үшін негіз ретінде қолданылатын болады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Жаңа технологиялардың Қазақстан мен ЕАЭО елдерінің бәсекеге қабілеттілігіне ықпалы
  • Төртінші Өнеркәсіптік Революцияның елдердің бәсекеге қабілеттілігіне ықпалын өлшеу
  • Төртінші Өнеркәсіптік Революция элементтерін іске асыру кезінде бәсекеге қабілеттілікті қолдаудағы Қазақстан үшін әлеуетті тәуекелдер.
  • Цифрландыру және төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін енгізу бойынша әлемдік тәжірибе
  • IoT саласындағы заң шығару жұмыстары бойынша қызметті іске асыру

Модератор:

  • Марат Омаров, «QazTechVentures» АҚ Басқарма төрағасы

Спикерлер:

  • Роман Скляр, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
  • Кеннет Рогофф, Гарвард университетінің экономика профессоры, ХВҚ бас экономисі(2001-2003)
  • Дмитрий Песков, РФ Президентінің цифрлық және технологиялық даму мәселелері жөніндегі арнайы өкілі
  • Қуанышбек Есекеев, Қазақстандық мультисервистік оператор – «Қазақтелеком» АҚ Басқармасының төрағасы
  • Андерс Йонссон, ЕЭК экономикалық ынтымақтастық және сауда бөлімінің инновациялық саясат бөлімінің басшысы
  • Анастасия Калинина, Дүниежүзілік экономикалық форумының еуразиялық бағыты жөніндегі басшысы

 

10:30 - 11:45
«Орталық Азияда және Қазақстанда тұрақты «жасыл» өсімді қамтамасыз етудегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту»
Сессия серіктесі:
«Лондон» залы
Конгресс-орталығы

«Орталық Азияда және Қазақстанда тұрақты «жасыл» өсімді қамтамасыз етудегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту»

Ұйымдастырушылар: G-Global Халықаралық хатшылығы, Халықаралық «жасыл» технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, G-Global «жасыл» экономика және даму коалициясы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Экологиялық ұйымдар қауымдастығы.

Қазіргі таңда әлемің барлық мемлекеттері тұрақты даму жолына бет алуға тырысуда.

Тұрақты дамудың негізгі құралы – ол жасыл экономика, яғни ауқымды экологиялық тәуекелдер немесе экологиялық тапшылықтың болашақ ұрпаққа әсерін тигіздірмей отыра, ұзақ мерзімді перспективада адам ауқаттылығын көтеруге алып келетін тауарлар мен қызметтерді тарату және қолдануға қатысты өндіріспен байланысты экономикалық қызметтер түрлерінің жүйесі. «Жасыл» экономикаға сенім арту көміртек және экоысырапшылдық құрылысты ысырған жаңа технологиялық құрылыстың басталуына септігін тигізді. «Жасыл экономика» концепциясы тұрақты дамудың үш компоненті – экономикалық, әлеуметтік және экологиялық компоненттерінің арасында кешенді үйлесімділік пен жайлы келісіммен қамтамасыз етеді. Бұл ретте жасыл экономиканың моделі тұрақты дамудың моделін жоймай, керісінше оны толықтырып тұрады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • «Жасыл бизнестің жаңа секторлары» және экономиканың «жасыл» тұрақты өсуіне көшудің заңды, экономикалық және институционалдық жағдайларын жасау үшін мемлекеттік және халықаралық саясатты реформалау
  • «Жасыл экономикаға» көшу және ортақ экожүйелерді сақтау үшін таза технологияларды тасымалдау, бірлескен инвестициялар мен демонстрациялық жобалар механизмі
  • Жасыл экономика стандарттары
  • Тұрақты энергетика, оның қолжетімділігі және тиімділігі
  • Климаттың өзгеруіне және табиғи апаттарға бейімделу
  • Тұрақты энергия көздеріне қолжетімділік, жаңартылған энергия көздерін пайдалану, барлығына әділ және тең қолжеткізу арқылы энергияны тиімді пайдалану
  • Тұрақты урбанистік жүйелер, «жасыл» құрылыс», «жасыл» инфрақұрылым, антропогендік ортаны жоспарлау үдерістері, соның ішінде «ақылды қала» технологиялары жәнетабиғат қорғау жобалауы
  • Климаттың өзгеруіне тұрақтылық, климаттық тәуекелдер мен сұрапыл апаттар тәуекелдерін азайту, сонымен қатар, климаттың соңғы өзгерістеріне бейімделу, соның ішінде сақтандыруды қоса алғанда тәуекелдерді басқару жүйесін ендіру.

Модератор:

  • Айгүл Соловьева, «Қазақстанның Экологиялық ұйымдар қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы, IV-V шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты

Спикерлер:

  • Сәлемдесу сөзі: Сәбит Нұрлыбай, Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі
  • Рае Квон Чунг, бейбітшілік саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты
  • Тарек Эмтаира, Энергия бөлімінің директоры, ЮНИДО
  • Крейг Смит, Dhahran Technology Development компаниясының бас директоры
  • Рапиль Жошыбаев, Халықаралық «жасыл» технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының директоры
  • Винсент Дуйнхауэр, энерготиімділік және клиамт өзгеруі жөніндегі бөлім директорының орынбасары, ЕҚҚДБ
  • Гай Имз, экологиялық құрылыс жөніндегі Ресей кеңесінің төрағасы
  • Айдар Қазыбаев, «Астана» халықаралық қаржы орталығы әкімшілігінің атқарушы директоры
  • Салтанат Рақымбекова, «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ басқарма төрағасы, Қазакстан Республикасы Президентінің жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің мүшесі
10:30 - 11:45
Жібек Жолы елдерінде кәсіпкерлікті дамыту: мәселелері мен оларды шешу жолдары
Сессия серіктесі: "Жаһандық Жібек жолы" Ассоциациясы
«Сингапур» залы

Жібек Жолы елдерінде кәсіпкерлікті дамыту: мәселелері мен оларды шешу жолдары

Ұйымдастырушылар: «Жаһандық Жібек жолы» халықаралықұйымы, «Жібек Жолы» Халықаралық Логистика және Бизнес институты

Қазақстан өзін Еуразияның жүрегінде орналасқан және Қытай, Шығыс Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік жолдарды ашатын логистикалық хаб ретінде есептейді. Бұған АЭФ секілді алаңдарда ғана бірлесіп қол жеткізуге мүмкін. Осы іс-шара аясында Жібек Жолы елдерінде кәсіпкерлікті тұрақты дамыту, саланы реттеуді оңтайландыру, кедендік әкімшілендіру және т.б. өзекті мәселелер талқыланады деп пайымдалады.

Нысаналы аудитория – Жібек Жолы елдерінің бизнес өкілдері – осы бағытта үлкен тәжірибесі бар және өздерінің жаңа идеяларымен және ұсыныстарымен бөлісуге дайын практиктер.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Сауда проблемалары. Жібек жолы елдерінде кәсіпкерлікті дамыту үшін қажетті жағдайлар: экономикалық, саяси және еркін бәсеке
  • Экспортты ынталандыру: салықтық жеңілдіктер, субсидиялар, жеңілдікпен берілген несие, инфрақұрылымдық мәселелерді шешу бойынша көмек, тікелей шетелдік инвестицияларды ынталандыру
  • Жібек Жолы елдерінде әкімшілік кедергілерді төмендету жолдары

Модератор:

  • Болат Смағұлов, «Жаһандық Жібек жолы» халықаралық ұйымының төрағасы

Спикерлер:

  • Сидик Хан, Globalink Logistics Ltd бас директоры
  • Қаһарман Джазин, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ президенті
  • Джефф Райт Орталық Азияда бәсекеге қабілеттілік, сауда және жұмыс орындарын құру жөніндегі USAID жобасының жетекшісі
  • Лариса Кислякова, Орта Азиядағы көлік және логистика жөніндегі серіктестік төрағасы, Тәжікстанның кәсіби кеңесшілері одағы» ҚБ Басқарма төрағасы,
  • Александр Яковлев, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы сауда өкілі
  • Аян Еренов, «Қазақстан Республикасының Сыртқы сауда палатасы» ЖШС Басқарма төрағасы
  • Санжар Кеттебеков, «ПИТ» (Tech Garden) Автономдық кластерлік қордың бас директоры
  • Чэнь Шибо «OBOR Cloud» трансшекаралық сауда компаниясының атқарушы директоры (ҚХР)
  • Руслан Ысқақов, «Kazakh Export» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы, Басқарма мүшесі
  • Құралай Қанахина, «Silkroad» экспорт орталығы» ЖШС басшысы
  • Қайрат Бектүргенев, «Қазақстанда жасалған» тауар өндірушілер және кәсіпкерлер қауымдастығы» ЗТБ төрағасы
  • Бауыржан Бакшилов, «Ауыл шаруалылығы өнімінің экспорттаушылар қауымдастығы»

 

 

10:30 - 13:15
Өзгермелі әлемдегі трансформациялық көшбасшылық жаһандық конференциясы
Сессия серіктесі: МҚІА / МБА
«Бейжiн» залы
Конгресс-орталығы

Өзгермелі әлемдегі трансформациялық көшбасшылық жаһандық конференциясы

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

Жаһандық сын-тегеуріндерге тап болған қазіргі заманда мемлекеттің баршаны біріктірудегі рөлі тек нығая түсуде. Интеграциялық міндеттерді шеше алатын жаңа формацияның көшбасшыларын даярлау кез келген ұлттық үкімет үшін өзекті күн тәртібі болып табылады. Мемлекеттік қызметкер қандай болуы тиіс, қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне жауап беріп, Қазақстандағы реформалардың фасилитаторы атануы үшін ол қандай дағдылар мен қасиеттерге ие болуы керек – «Өзгермелі әлемдегі трансформациялық көшбасшылық» атты жаһандық конференцияның ұсынатын негізгі мәселелері.  

Бизнес ортада және азаматтық қоғамда орын алып жатқан жүйелі өзгерістердің үлкен қарқыны мемлекеттік қызметшілерге жоғары деңгейлі талаптарды қоюда - олар қызмет етіп жатқан мемлекет инновациялар арқылы сұраныстарды алдын ала болжай алатын және қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын өзгерістердің көшбасшысы болуға тиіс.

Конференцияның мақсаты: өзгерістерді басқаруға қабілетті көшбасшылықтың жаңа мәдениетін қалыптастыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.

Панельдік талқылау 1:

Жаңа формацияның көшбасшыларын қалыптастырудағы жаһандық трендтер

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Көшбасшылық трансформациясы: кәсібиден стратегиялық және цифрлық ойлауға;
  • Мемлекеттік басқару трансформациясы: стратегиялықтан инновациялық мемлекеттік басқару бағытында бизнес үдерістерінің реинжинирингі.

Модератор:

  • Әлтайыр Ахметов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры

Спикерлер:

  • Әсет Исекешев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры
  • Алик Шпекбаев, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы
  • Лим Су Хун, Сингапур Қаржы министрлігінің аға кеңесшісі және Мемлекеттік қызмет колледжінің аға ғылыми қызметкері
  • Гарегин Манукян, Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті, Мемлекеттік мекемелер және цифрлық басқару бөлімінің Басқару және мемлекеттік әкімшілік мәселелері жөніндегі аға қызметкері
  • Марат Атнашев, СКОЛКОВО Мәскеу басқару мектебінің ректоры

Панельдік талқылау 2:

Инновациялық мемлекеттік басқаруға арналған қазіргі заманғы көшбасшының дағдылары (практикалық кейс-конференция)

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қоғам трансформациясы: ашық сана, азаматтық қоғамның мемлекеттік сектормен белсенді өзара іс-қимылы, ашық үкімет
  • Трансформациялық көшбасшылық қағидаттарын біріктіру (транспаренттілік, сценарийлік жоспарлау, альтернативті көзқарас)
  • Agile көшбасшылық және мемлекеттік басқару

Модератор:

  • Әлтайыр Ахметов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры

Спикерлер:

  • Уильям Мозер, Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
  • Датук Крис Тан, PEMANDU Rus LLC басқарушы директоры
  • Сепп Верхайен, Эмираттық Дипломатиялық академиясының инновация және арнайы бастамалар жөніндегі менеджері
  • Жанар Тайжанова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығының басшысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Адалдық алаңы» республикалық жобалау кеңсесінің басшысы

 

12:00 - 13:15
Киберспорт — жаһандық цифрлық экономикадағы тауаша ретінде. Қазақстанның әлемдік киберспорт нарығына интеграциялану жолдары
Сессия серіктесі: "Қазақтелеком" АҚ
АХҚО
(Мәңгілік Ел данғ., 55/23, павильон С-4.4)

Киберспорт — жаһандық цифрлық экономикадағы тауаша ретінде. Қазақстанның әлемдік киберспорт нарығына интеграциялану жолдары

Ұйымдастырушылар: «Қазақтелеком» АҚ, «Қазақстандық Киберспорт Федерациясы» ӨҚҰ

Киберспорт соңғы уақытта қарқынмен дербес дамып келе жатқан салаға айналып, әртүрлі мемлекеттердің цифрлық экономикалары үшін тауаша болып отыр. Киберспорт қазіргі уақытта спорттың серпінмен дамушы түрі болып табылады: телеком, бейнеойындар өндіру индустриясы, арнайы жабдықтар мен құрылғылар, онлайн платформалар, тікелей эфирдегі ойындар трансляциясы («стриминг»), жарнаманы орналастыру және басқа да коммерциялық қызмет түрлері онымен тығыз байланыста.

Осыған байланысты, тауарлары мен қызметтерін, компания мен жұмыс берушінің имиджін алға жылжыту үшін киберспортқа аса зор қызығушылық көрсетіп жүрген дүние жүзіне белгілі компаниялардың қарасы артып келеді (соның ішінде Intel, HP, Alibaba Group, Adidas, Procter&Gamble, MasterCard, Castrol, Audi, Mercedes, Mail.ru Group, т.б.). 2017 жылы киберспорт нарығы 655 млн АҚШ долларына бағаланып, 2018 жылы бұл көрсеткіш 906 млн АҚШ долларын құрады. Ал мамандардың болжамына қарағанда, ол 2021 жылға қарай 1.6 млрд АҚШ долларына жетеді. Сонымен қатар киберспорт аудиториясы әлемде шамамен 557 млн адамға жетуі мүмкін.

Қарқынды өсімге қарамастан, жаһандық дамуды ерте сатысында тұр деп есептеуге болатынын ескере отырсақ, киберспорт іс-шараларын өткізу жүйесінің өзінің белгілі бір тауашасында, сондай-ақ киберспорттың қаржылық инфрақұрылымында Қазақстанның көшбасшы орын алуына айтарлықтай мүмкіндік бар. Мысал үшін, Қазақстан «Киберспорт турзиміне» назар аударып, Қазақстанды киберспорттың негізгі пәндері бойынша өңірдің киберспорттық астанасы ретінде алға жылжыту үшін адами және қаржылық ресурстарды бағыттау, АХҚО базасында халықаралық киберспорт арбитражын орналастыру мүмкіндігіне ие. Жергілікті деңгейде жастар арасындағы танымалдылық, жарнама берушілер мен инвесторлар үшін жаппай қамту есебінен коммерцияландырылатын дербес сала әрі спорттың танымал түрін жасау мүмкіндігі бар. Сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» МБ белсенді дамуы, қазірде киберспорт пәнін ресми тану, өңірлік чемпионаттарды өткізу, нарықтың мүдделі тараптарының болуы, Астана Хаб, АХҚО, Экспо базасындағы Astana IT University және басқа халықаралық алаңдардың дамуы, сондай-ақ халықаралық іс-шараларды өткізу үшін дайын инфрақұрылым болуы осы тақырыптың өзектілігін арттырады.

Осы жалпы сессияның міндеті халықаралық қонақтармен киберспортты, соның ішінде жаһандық цифрлық экономикадағы киберспорттың орны, киберспорт нарығының әлемдік трендтерін, ірі компаниялар мен әртүрлі мемлекеттердің қызығушылық таныту себептерін, киберспорттың әлемдік нарыққа тиімді интеграциялану мәселелері мен жолдарын экономикалық тұрғыдан талқылау, нақты қорытындылар шығарып, Қазақстанның алдағы қадамдарын пысықтау болып табылады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Киберспорттың әлемдегі спорт және сала ретінде даму себептері;
  • Ірі компаниялар мен әртүрлі мемлекеттердің қызығушылық таныту себептері, киберспортпен іргелес салалар нарығының құрылымы;
  • Жаһандық трендтер, нарықтың негізгі ойыншылары, кейстер және шетелдік тәжірибе;
  • Киберспорт дамуының ерекшелігі мен кезеңділігі – спорттық пән және Қазақстанның цифрлық экономикасының жаңа саласы ретінде;
  • Қазақстанға киберспортты қаржылық институцияландыру, нарықтың жергілікті және шетелдік ойыншыларын тарту, спорттың және қазақстандық командалардың жүйелік дамуы, киберспорттық туризм және жаһандық нарыққа интеграциялану үшін не қажет?

Модератор:

  • Степан Шульга, Parimatch Халықаралық холдингі eSports бөлімінің бастығы
  • Қуанышбек Есекеев, «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы, «Қазақстандық Киберспорт Федерациясы» ӨҚҰ Президенті

Спикерлер:

  • Эмин Антонян, Ресей Компьютерлік спорт федерациясы Басқарма төрағасы
  • Джейсон Фанг, Alisports электрондық спорт жөніндегі жаһандық директоры (Alibaba Group спорт индустриясындағы еншілес компаниясы)
  • Ярослав Мешалкин, ESforce киберспорт холдингінің (Mail.Ru Group мүшесі) стратегиялық коммуникациялар жөніндегі директоры, Ресей
  • Михеев Андрей, U Can Company ЖШС-ның даму директоры және бірлескен иесі

 

10:30 - 18:00
Үшінші жыл сайынғы Қазақстандық жаһандық инвестициялар бойынша дөңгелек үстел
Сессия серіктесі: Казах Инвес, А.У.Мамин, ҚР Премьер-Министрі
The Ritz-Carlton

10:30-12:00 ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС: «ЖАҢА ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ҮШІН ӨСІП КЕЛЕ ЖАТҚАН ӘЛЕУЕТІ»

Өткізу орны: The Ritz-Carlton, 17 мамыр

Ұйымдастырушылар: «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ, Financial Times

Соңғы 20 жылда жаңа технологиялар біздің өмірімізге түбегейлі өзгерістер енгізді. Олар бірнеше салаларды жойды, басқару үлгілерін өзгертті, кәсіпкерлердің, тұтынушылар мен мемлекеттің мүмкіндіктерін кеңейтті. Сондай-ақ, бұлар бірінші кезекте адам капиталын пайдалана отырып, барлық елдерге жетістікке жету мүмкіндігін ұсынып жаһандық бәсекелестік үшін мүмкіндіктерді теңестірді. Үкіметтің жаңарту бағдарламасы инновацияға айтарлықтай ықпал етті және ел экономикасын оның зор табиғи ресурстарының шегінен шығарды. Жаңа секторлардың дамуы мемлекеттің Еуразия жүрегіндегі іскерлік орталық ретіндегі рөлін одан әрі қалай нығайта алады? Мүмкіндіктер мен үндеулер қандай?

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Жаңа секторлардың дамуы елдің Еуразия жүрегіндегі іскерлік орталық ретінде рөлін қалай күшейте алады?
  • Қандаймүмкіндіктербар? Мәселелері қандай?
  • Теxникалықноу-xаудықолданаотырыпдамукезеңдерін«аттапөтуге»әзірелдерменсалалардыңxалықаралықтәжірибесі

Модератор:

  • Джеймс Кин, Global China журнал редакторы, Financial Times

Сәлемдесу сөзі:

  • Асқар Мамин, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Спикерлер:

  • Мехмет Шімшек,саясаткер және экономист, Түркияның бұрынғывице-премьер-министрі
  • Алан Пию, ЕДҚҚБ банктік операциялар бойынша вице-президенті
  • Ханс-Пол Бюркнер, BCG төрағасы
  • Йоаxим фон Амсберг, Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің Саясат пен стратегия жөніндегі вице-президенті
  • Валерий Вавилов, Bitfury Group көпсалалы блокчейн компаниясының бас директоры және негізін қалаушылардың бірі, Bitfury Group

 

14:30-16:00 ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ №1 «ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ: IPO НЕГІЗГІ МЕМЛЕКЕТТІК КОМПАНИЯЛАР АРҚЫЛЫ КАПИТАЛ НАРЫҒЫН ҚҰРУ»

Өткізу орны: The Ritz-Carlton, 17 мамыр

Ұйымдастырушылар: «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ, Financial Times

2018 жылғы қарашада әлемдегі ірі уран өндіруші Қазатомөндіріс акцияларын бірінші ретті халықтық орналастыру (IPO) елдің жекешелендіру бағдарламасы үшін белгілі оқиға болды. Өзге ірі мемлекеттік кәсіпорындар халықтық болады деп күтілуде, осылайша, жекешелендіруге жаңа серпіліс береді. Қандай қазақстандық мемлекеттік компания келесі кезекте? Жекешелендіру бағдарламасының іске аспаған бөлімдерінің мерзімі қандай?

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Жаңа жоспарланған IPO мерзімдері
  • Ұлттық компанияларды басқару құрылымдарын қайта қарастыру
  • Жетекші xалықаралық тәжірибені іске асыру

Модератор:

  • Якопо Деттони, редактор орынбасары, fDi Magazine/Financial Times

Спикерлер:

  • Әлихан Смайылов, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініңбірінші орынбасары
  • Тим Беннетт, Басқарма төрағасы, АХҚО биржасы (AIX)
  • Ғалымжан Пірматов, Басқарма Төрағасы, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК

 

14:30-16:00 ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ №2 «ЕУРОПА МЕН АЗИЯ АРАСЫН ҚОСА ОТЫРЫП: ЖАҢА ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РӨЛІ»

Өткізу орны: TheRitz-Carlton, 17 мамыр

Ұйымдастырушылар: «KAZAKHINVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ, FinancialTimes

Еуразия континенттің орталығында орналаса отырып, ел Жібек жолы сияқты белгілі ежелгі сауда жолдарын жаңартудың зор схемасында басты көліктік түйінге айналды. Азия мен Еуропа арасындағы құрлықтық сауда үшін көліктік және логистикалық орталық болуға мүмкіндіктер қандай? Және бұған қандай кедергілер болуы мүмкін?

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Азия мен Еуропа арасында құрлықтық сауда үшін көліктік және логистикалық xаб болу үшін мүмкіндіктер қандай?
  • Елдің бүгінгі күнгі жетістіктері.
  • Операторлар мен кәсіпорындардың практикалық тәжірибесі

Модератор:

Спикерлер:

  • Жеңіс Қасымбек, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
  • Груя Стойка, Grampet Group президенті
  • Вазил Худак, Еуропалық инвестициялық банкінің вице-президенті
  • Чен Шиксин, АДБ вице-президенті
  • Йенс Даллендоерфер, Eurasia аймағы бойынша WILO SE концернінің вице-президенті, «ВИЛО РУС» ЖШБ бас директоры

14:30-16:00ҮКІМЕТТІК БРИФИНГ № 1 «ТАУ-КЕН КЕШЕНІН РЕФОРМАЛАУ:1 ЖЫЛДАН КЕЙІН»

Өткізу орны: The Ritz-Carlton, 17 мамыр

Ұйымдастырушылар: «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ, Financial Times

2018 жылдың ортасында қабылданған жаңа Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы кодекс қазақстандық тау-кен өндіруші өнеркәсібінің болашақ дамуына екпін береді. Елдің тау-кең өндіруші секторында күтіліп отырған өзгерістерге негіз болды ма?

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Реформа елдің тау-кен металлургиялық кешенінде күтіліп отырған өзгертулерге әкелді ме?
  • Елдің тау-кен металлургиялық кешеніндегі әлеуетін ашу үшін не істеу қажет?

Модератор:

  • Генри Фой, Мәскеулік Financial Times бюросының басшысы

Спикерлер:

  • Роман Скляр, Қазақстан РеспубликасыныңИндустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
  • Виктор Попов, Dinatron директоры
  • Кин Джунман, Төраға, China Nonferrous Metal Industry’s Foreign Engineering and Construction Co. Ltd. (NFC)

 

14:30-16:00 ҮКІМЕТТІК БРИФИНГ №2 «ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ДӘУІРІНДЕГІ ЭНЕРГЕТИКА»

Өткізуорны: The Ritz-Carlton, 17 мамыр

Ұйымдастырушылар: «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ, Financial Times

Технологиялар энергияны өндіру және тұтыну тәртібін толығымен өзгертті. Қалпына келетін энергияның дамуымен әлемдік энерготиімділік пен экологиялық стандарттар талаптарына бейімделе отырп «дәстүрлі жолмен» энергия өндірісі де өзгерді. Қазақстан қазбалы ресурстарға бай және қалпына келетін энергияны дамыту үшін зор әлеуетке ие. Мұндай қос әрекет елді таза энергияны өндіру орталығына айналуына ықпал ете алады ма?

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қазбалы отын түрлері болсын, қалпына келетін көздер болсын,энергия өндірісі үшін теxнологияларды дамытудықолдаудағы Қазақстан әлеуеті
  • Мемлекет қалай таза энергия өндірісінің орталығына айнала алады?

Модератор:

  • Настасья Астрашеуская, Орталық Азия бойынша тілші, Financial Times

Спикерлер:

  • Қанат Бозымбаев, Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
  • Рза Нуриев, Орталық Азия және Каспий өңірлерінде BCG басшысының серіктесі және басқарушы директоры
  • Видмантас Янулевичюс, Басқарма төрағасы, GlobalBODGroup (GBG)

16:30–18:00 ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ №3 «ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨП ВЕКТОРЛЫ ДИПЛОМАТИЯСЫ: ИНВЕСТИЦИЯ МЕН САУДА ҰШІН ДИВИДЕНТТЕРІ»

Өткізу орны: TheRitz-Carlton, 17 мамыр

Ұйымдастырушылар: «KAZAKHINVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ, FinancialTimes

 Елдің тактикалық жан-жақты дипломатиялық саясаты оның халықаралық беделін арттырды, сондай-ақ, сауда мен инвестиция саласында жетістіктерге жетуге ықпал етті. Ағымдағы геосаяси және экономикалық шарттарда Нұр-Сұлтан өзінің әлемдегі жаһандық дәрежесін одан әрі қалай нығайта алады? Жаһандық бизнес пен үкімет үшін негізгі салдарлар қандай?

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Нұр-Сұлтангеосаяси және экономикалық шиеленіс жағдайында өзінің жаһандық дәрежесін қалай күшейте алады?
  • Жаһандық бизнес пен үкімет үшін негізгі салдарлар қандай?

Модератор:

  • Якопо Деттони, fDI Magazine редакторының орынбасары

Спикерлер:

  • Бейбіт Атамқұлов, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
  • Ульф Шнайдер, SchneiderGroup Басқарма төрағасы және Президенті
  • Денис Ван ден Вейх, Қазақстан Республикасындағы Бельгия Корольдігінің Құрметті консулы, Қазақстан Республикасының Құрметті консулдар ассоциациясының мүшесі
  • Рики Тан, Басқарма төрағасы, KinderWorld International Group
  • Майкл Хармс, Директор, Шығыс Еуропа Экономикалық Комиссиясы

 

16:30–18:00 ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ №4 «ЕУРАЗИЯНЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК РЕСУРСЫ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК ӘЛЕУЕТІН АША ОТЫРЫП»

Өткізу орны: The Ritz-Carlton, 17 мамыр

Ұйымдастырушылар: «KAZAKHINVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ, FinancialTimes

Әлемдегі өсіп келе жатқан демографиялық қысым жағдайында, Қазақстанның зор ауылшаруашылық территориясы мен жыртылмалы жерлері әлемдік азық-түліктік қауіпсіздік проблемасын шешуде негізгі рөл атқаруы мүмкін. Елдің агробизнесі жаңа алтын эра бастамасында ма?

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Елдің Аагробизнесі жаңа алтың кезең алдында ма?
  • Елдің ауылшаруашылық жерлерінің әлеуетін ашу.
  • Агробизнестің бүкіл өндірістік-сату кезеңінде қосымша құнын құру

Модератор:

Спикерлер:

  • Сапархан Омаров, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
  • Вернер Липах, Орталық және Батыс Азия бөлімнің бас директоры, АДБ
  • Гаурав Дхаван, Төраға және ортақ құрылтайшы, PhoenixGlobalDMCC
  • Алойз Шонбергер, Басқарушы директор, Polcotton
  • Джошуа Диксон, Вице-президент және Бас директор, ValmontIndustries
  • Филип Жарвис, директор, Direct Agriculture
  • Томас Велке, Вице-президент, AGCO
  • Александр Субботин, Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп пен ауылшаруашылық кешені жөніндегі коллегия мүшесі (Министр)

16:30–18:00 ҮКІМЕТТІК БРИФИНГ №3 «ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕ: БИЗНЕС ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ҮШІН ЖАҢА ОЙЫН ЕРЕЖЕЛЕРІ»

Өткізу орны: The Ritz-Carlton, 17 мамыр

Ұйымдастырушылар: «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ, Financial Times

Интернет заттардың, зор мәліметтер мен жасанды зияткерліктің құрылғылар мен есептеу техникалар мүмкіндіктерінің экспоненциялық ұлғайуымен болған үйлесімдіктегі пайда болуы, мемлекеттік және жеке ұйымдар үшін қолжетімді құралдар спектрін айтарлықтай кеңейтті. Жоспарлау және енгізу кезеңіндегі дәл талдау негізінде мемлекеттік басқару жетілдірілуде, кәсіпорындардың жоспрлауы мен операциялық қызметі оңтайландырылуда. Қазақстан технолгиялық төңкеріске қалай бейімделуде?

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қазақстан жалғасушы теxнологиялық революцияға қалай бейімделуде?
  • «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының тәжірибесі

Модератор:

  • Настасья Астрашеуская, Орталық Азия бойынша тілші, Financial Times

Спикерлер:

  • Ерлан Дурмағамбетов, «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» АҚ Басқарма төрағасы
  • Джонатан Спэрроу, ТМД және Ресей бойынша Вице-президенті, Cisco
  • Норхалим бин Юнус, Малайзиялық теxнологияларды дамыту жөніндегі корпорацияның (MTDC) бас директоры

 

16:30–18:00 БРИФИНГ 4 «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ - ҚАРЖЫ НАРЫҚТАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ЖАҢА КӨКЖИЕГІ»

Өткізу орны: The Ritz-Carlton, 17 мамыр

Ұйымдастырушылар: «KAZAKHINVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ, FinancialTimes

АХҚО Еуразия орталығында ағылшындық жалпы құқықпен басқарылатын Қазақстанның ірі қаржы орталығына айналу идеясын іске асыратын Жаңа қаржы орталығының болашағы қандай? Ол болашақ қаржы инновациялар мен жергілікті қаржылық теxнологиялардың бір нүктесі бола алады ма?

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қазақстан жалғасушы теxнологиялық революцияға қалай бейімделуде?
  • «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының тәжірибесі

Модератор:

  • Джон Дефтериос, дамушы нарықтар мәселелері жөніндегі редактор және жүргізуші, CNN Business

Спикерлер:

  • Қайрат Келімбетов, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы
  • Ли Цинпин, Директорлар кеңесінің төрағасы, China CITIC Bank Corporation Limited
  • Кристиан Паулетто, Профессор, Женева Халықаралық университеті (IUG)

 

12:00 - 13:15
Болашақ климатты қаржыландыру тетіктері: Орталық Азиядағы тұрақты даму үшін инфрақұрылымға жаңа көзқарас
Сессия серіктесі:
Сингапур» залы
Hilton Astana

Болашақ климатты қаржыландыру тетіктері: Орталық Азиядағы тұрақты даму үшін инфрақұрылымға жаңа көзқарас

Ұйымдастырушылар: Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан РеспубликасыныңЭнергетика министрлігі, «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ

Бірлескен ұйымдастырушылар: Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы, Дүниежүзілік банк тобы

Инфрақұрылым тұрақты, инклюзивтік өсуді және Орталық Азияны әлемдік экономикаға интеграциялауды дамытуда маңызды рөл атқарады. Бүгінде құрылған инфрақұрылым Орталық Азияның климатына және орнықты даму мақсаттарына жауап беру қабілеттілігін анықтайды. 2016-2030 жж. аралығындағы аймақтағы инфрақұрылымдық инвестицияға қойылатын талаптар $ 492 млрд. бағаланады. Экономикалық өсуді қолдайтын және тұрақты даму мен климат мақсаттарымен үйлесетін тұрақты инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға бірегей мүмкіндік бар.

Қоршаған орта, табиғатты қорғау және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Германияның Федералдық министрлігінің қолдауымен ЭЫДҰ, Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы және Дүниежүзілік банк тобы «Болашақ климатты қаржыландыру тетіктері: инфрақұрылымға жаңа көзқарас» бастамасы бойынша күштерді біріктіріп, климаттық және даму мақсаттарына қол жеткізу үшін ынталандыру мен инфрақұрылымды қаржыландыруды түбегейлі үйлестіру үшін үкіметтерге трансформациялау күн тәртібін әзірледі.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Орта Азиядағы байланыстарды жақсарту үшін ақылды инфрақұрылымды жоспарлау үшін саяси қолдауды және әлеуетті арттыруды қажет ететін басым салалар қандай?
  • Әлеуметтік-экономикалық дамуды және климаттың өзгеруін азайтудың басымдықтарын және дамудың ұзақ мерзімді стратегиясында бейімделуді қалай теңдестіруге болады? Стратегиялық инфрақұрылымды жоспарлауға ұлттық және сектораралық тәсілдерді қалай ынталандыру керек?
  • Ұлттық инфрақұрылымды жоспарлаудың әлеуметтік және экономикалық артықшылықтарын барынша арттыру үшін аймақтық деңгейде қандай ынтымақтастық қажет?
  • Аймақта банктік қызмет үшін қолайлы тұрақты инфрақұрылымдық жобаларды жеткізу жүйесін қалай құру керек? Дамуды қаржыландыру институттары тұрақты инфрақұрылымдық жобаларды жоспарлау мен қаржыландыруда Қазақстан мен бүкіл аймақты қалай қолдай алады?

Модератор:

  • Уильям Томпсон, ЭЫДҰ Жаһандық байланыстар жөніндегі хатшылығы Еуразия бөлімшесінің меңгерушісі

Спикерлер:

  • Руслан Дәленов, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
  • Андреас Шааль, ЭЫДҰ Жаһандық байланыстар хатшылығының директоры
  • Энтони Кокс, Қоршаған орта жөніндегі директордың орынбасары, ЭЫДҰ
  • Тимур Тоқтабаев, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі
  • Cәбит Нұрлыбай, Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі
  • Лилия Бурунчук, Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры

 

12:00 - 13:15
«G-global платформасы» пленарлық стратегиялық сессиясы
Сессия серіктесі:
«Лондон» залы
Конгесс-орталығы

«G-global платформасы» пленарлық стратегиялық сессиясы

Ұйымдастырушылар: G-Global Халықаралық хатшылығы, БҰҰ, БҰҰДБ, ЮНКТАД, BBC World News, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы, Мадрид Клубы, «Global Citizen» Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму инстиуты

Бірлескен ұйымдастырушылар: Жібек жолы халықаралық ғылым академиясы, Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы, Ислам Даму Банкі, «Жаһандық Жібек Жолы» қауымдастығы

G-Global Халықаралық хатшылығы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының халықаралық бастамаларын насихаттайтын үкіметтік емес ұйым. Әлем халықтарының біртұтас, ашық және тең диалогы арқылы әлемдік қоғамдастықтың тиімділігін арттыру мақсатында жұмыс істейді. 7 жыл бойы G-Global қызметі әлемнің 147 елінен 30 мыңнан астам ғалымдар, тәжірибешілер мен сарапшыларды біріктіретін танымал және беделді халықаралық орталыққа айналды.

G-Global Халықаралық хатшылығы:

  • Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің (ЭКОӘЛК) кеңесшісінің жоғары мәртебесі,
  • БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі Конференциясының (ЮНКТАД) кеңесші-бақылаушысының мәртебесі,
  • Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму инстиутының Қамқоршылар кеңесінің мүшесі
  • Мадрид Клубының серіктесімәртбесіне ие.

G-GLOBAL Хатшылығының қызметі әлемдік экономиканың жаңа өсу модельдерін іздестіру және әлемнің жаһандық трансформациясы тұрғысынан біздің заманымыздың қиындықтарын қанағаттандыру үшін жаһандық сарапшылар қауымдастығын нығайту болып табылады.

 

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қазақстан РеспубликасыныңТұңғыш Президенті– Елбасы Н.Назарбаевтың жобаларын БҰҰ-ның алаңында халықаралық серіктестермен бірге насихаттау және институционализациялау.
  • 2018-2021 жылдарға арналған G-Global халықаралық жобасын одан әрі дамыту,тұжырымдамасын таныстыру және талқылау
  • Әрбір жоба бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларды ұйымдастыру, сарапшылар қауымдастығының ұсыныстарын және ұсынымдарын халықаралық деңгейде одан әрі іске асыру бойынша әзірлеу
  • БҰҰ агенттіктерімен және өңірлердегі негізгі серіктестермен бірлесіп ғаламдық форумдарды, онлайн конференцияларды, интерактивті сессияларды өткізу
  • G-Global жобасын одан әрі дамыту және G-global клубын құру туралы сұрақтарды талқылау
  • G-Global интерактивті платформасын дамыту
  • Конференция қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылы G-Global форумын бірлесіп өткізу туралы ұсыныспен Мемлекет және үкімет басшыларына, БҰҰ Бас Ассамблеясына, халықаралық ұйымдарға хабарлама жолдау

Модератор:

  • Ариэль Коэн, Атлант кеңесінің бас сарапшысы

Спикерлер:

  • Мария Елена Агуэро, WLA Club de Madrid бас хатшысы
  • Роза Отунбаева, Қырғыз Республикасының Президенті (2010-2011)
  • Нұрлан Аққошқаров, ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары
  • Нұртай Әбіқаев, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының Президенті
  • Рае Квон Чунг, «Жаһандық энергия» сыйлығын тағайындау жөніндегі халықаралық комитеттің төрағасы, Бейбітшілік саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (2007)
  • Хен О Сок, Корея Республикасының бұрынғы вице-премьер-министрі, Стратегия және қаржы министрі
  • Сергей Становкин, Еуразиядағы BBC World News өңірлік кеңселерінің басшысы
  • Моника Фролер, Пан Ги Мунның жаһандық азаматтарға арналған орталығының атқарушы директоры(BanKi-moonCenterforGlobalcitizens)
  • Мұрат Кәрімсақов, EECSA Президенті, G-Global Халықаралық Секретариаты басшысының бірінші орынбасары

 

12:00 - 13:15
Мұнай-газ саласындағы технологиялар мен инновациялар: Халықаралық тәжірибе және Қазақстан үшін оқшаулау және даму перспективалары
Сессия серіктесі: Dasco Consulting Group / РФ Ұлттық мұнайгаз форумы
«Дубай» залы
Конгресс-орталығы

Мұнай-газ саласындағы технологиялар мен инновациялар: Халықаралық тәжірибе және Қазақстан үшін оқшаулау және даму перспективалары

Ұйымдастырушылар: Dasco Consulting Group, Ұлттық мұнай-газ форумы

Елдің экономикалық дамуы өнеркәсіптің негізгі салаларында қазіргі заманғы технологияларды қолданусыз мүмкін емес. Бұл ретте көптеген технологиялық шешімдер шетелде әзірленеді, ал олардың импортының құны экономикалық өсу моделімен үйлеспеуі мүмкін. Мәселені шешудің бір жолы – технологиялық шешімдердің құнын жасаудың негізгі элементтерін елдің ішіне көшіру арқылы технологиялардың құнын төмендету. Егер «әзірлемелер немесе R&D» атымен белгілі технологиялық шешімдердің құны тізбегінің түйінді буынын көшіру орта мерзімді перспективада көп жағдайда қолжетімсіз болса, өндірістің белгілі бір элементтерін оқшаулауға әбден болады.

Ол үшін технологияларды оқшаулау және жергілікті қамтуды дамыту үшін басым салаларды айқындайтын, ынталандыру жасайтын және инфрақұрылымдық және заңнамалық қолдауды қамтамасыз ететін нысаналы мемлекеттік саясат қажет. Технологияларды сәтті жолмен жергіліктендіру кезінде технологияларды импорттаушы ел оның ішінде құрылған бірегей технологиялық шешімдердің тауашалық экспорттаушысына айналған бірқатар мысалдар тарихқа мәлім.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Мемлекеттің қандай салалары технологиялық шешімдерді оқшаулауды қажет етеді? Олардың қайсысы тестілеу және сыртқы әлем үшін жаңа тиімді шешімдерді жасау және экспорттау үшін полигон бола алады?
  • Технологиялық шешімдерді оқшаулау мәселелері және Қазақстан мұнай-газ саласы үшін стратегиялық маңызы негізінде жаңа тиімді зерттемелерді құру перспективалары
  • 4.0 индустриясы секілді технологиялық дамудың заманауи трендтерінің контекстінде мұнай-газ өнеркәсібі үшін жаңа мүмкіндіктер және олардың өндіріс тиімділігі, жұмыс орындарын құруға ықпалы және елдің экономикалық дамуының перспективалары

Модераторлар:

  • Дәрмен Сәдуақасов, «Dasco Consulting Group»атқарушы серіктесі
  • Максим Нечаев, «IHS Markit» консалтинг жөніндегі директоры

Спикерлер:

  • Оливье Лазар, «Shell» компаниясының Қазақстандағы бөлімшесінің басшысы
  • Мұрат Жүребеков, «PSA» компаниясының Басқарма төрағасы

Пікірсайысшылар және Конференцияның негізгі қатысушылары:

  • Әсет Мағауов, Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі
  • Майкл Лалли, АҚШ Елшілігі Коммерциялық қызмет жанындағы Еуразиялық аймақтағы сауда мәселелері жөніндегі министр-кеңесші
  • Кеннет Рогофф, Гарвард университетінің экономика профессоры, ХВҚ бас экономисі(2001-2003)
  • Әлішер Әбдіқадыров, «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ Басқарма төрағасы
  • Асылбек Жәкиев, «Атамекен» ҰКП мұнай-газ операторларымен өзара әрекеттесу жөніндегі ресми өкілі
  • Нұрлан Жұмағұлов, Мұнай-сервистік компаниялар одағының бас директоры
  • Айдар Досбаев, «ТШО Болашақ кеңейту жобасы» бас директорының орынбасары
  • Зарина Бакенова, «Shell» компаниясының сыртқы байланыс және Үкіметпен қатынас бөлімшесінің басшысы
  • Данияр Салимбаев, «Total E&P Kazakhstan» компаниясы GR-департаментінің басшысы

 

12:00 - 13:15
Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі қалалар трансформациясы
Сессия серіктесі: Нұр-Сұлтан қ. әкімдігі
«Нью-Йорк» залы
Конгресс-орталығы

Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі қалалар трансформациясы

Ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

Төртінші өнеркәсіптік революцияның технологиясы қалалардың бәсекеге қабілеттілігіне, өмір сапасына және ресурс тиімділігіне, сонымен қатар, қалалық басқару жұмысына үлкен әсер етуде. Дамыған және дамушы елдердің қалалары заманауи технологиялық шешімдерді белсене қолдануда, соның ішінде цифрлық өзгерудің кешенді стратегияларын жасақтауда. Әлемде қалалардың тиімділігін жоғарылатуға бағытталған үздік тәжірибелер пайда болуда, алайда маңызды факторлардың кешендік түсінігі әлі қалыптаса қоймады. Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде шешімдер портфелін қалыптастыру және қалаларды дамытудың табысты стратегияларын құру үшін қандай тиімді стандарттар қолданылуы қажет? Сессия Дүниежүзілік экономикалық форумымен бірлесе өткізіледі.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде қалалардың экономикалық рөлі қалай өзгеруде?
  • Қалаларды цифрлық өзгертуге бағытталған кешендік бағдарламаларды жүзеге асырудың алғашқы тәжірибесінен қандай сабақтар алуға болады?
  • Қалалардың бәсекеге қабілеттілігін, өмір сапасын және ресурс тиімділігін, сонымен қатар, қалалық басқару жұмысының тиімділігін жоғарылату және тұрғындарды тарту үшін қандай тиімді цифрлық технологиялық шешімдер қолдануға болады?

Модератор:

  • Анастасия Калинина, Дүниежүзілік экономикалық форумының еуразиялық бағыты жөніндегі басшысы

Спикерлер:

  • Бақыт Сұлтанов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі
  • Михаил Кылварт, Таллин қ. әкімі (Эстония)
  • Владимир Панов, Нижний-Новгород қаласының әкімі (Ресей)
  • Фан Вей, Ляньюньган қаласының әкімі
  • Карл-Филип Коэнеграхтс, Гент қаласы (Бельгия) әкімінің стратегия жөніндегі орынбасары және стратегияларды жүзеге асыру кеңсесінің басшысы, Cities of People компаниясының директоры
  • Томас Шевчик, қалалық маркетинг жөніндегі кеңесші
  • Александр Идрисов, Strategy Partners негізін қалаушы және президенті
  • Дато Шри Идрис Джала, Бас атқарушы директоры және PEMANDU Associates Sdn Bhd, Малайзия Президенті
  • Доминик Моксон-Тритч, Bolt компаниясының Реттеу және мемлекеттік саясат жөніндегі бас директоры

 

12:15 - 12:45
Колумбияның бұрынғы Президенті Х.М. Сантоспен Эксклюзивті Сұхбат «Бітімгершілік – ынталандырушы өсудің негізі»
Сессия серіктесі: Қазақстандық экономикалық бастамалар қоры
Конгресс-орталығы
Баспасөз орталығы

Колумбияның бұрынғы Президенті Х.М. Сантоспен Эксклюзивті Сұхбат «Бітімгершілік – ынталандырушы өсудің негізі»

Ұйымдастырушы: Қазақстандық экономикалық бастамалар қоры

«Ел ішінде 50-жылға жалғасқан азаматтық соғыстың тоқтатылуы. 220 000-ға жуық колумбиялықтардың өмірін қиып, алты миллионға жуық колумбиялықтарды өз жерінен көшіруге мәжбүр қылған соғыс». Елдің немесе өңірдің дамуындағы бұрма сәтін сипаттайтын тарих оқулығының үзіндісі осындай болуы мүмкін. Алайда, мұндағы әңгіме танымал саясаткер, экономист, журналист және бейбітшілік саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты – Колумбия елінің бұрынғы Президенті Хуан Мануэль Сантостың көмегімен қол жеткізілген жетістік жайында болмақ.

Былай қарағанда, бітімгершілік экономикаға тікелей қатысы жоқ саяси құбылыс ретінде қабылдануы мүмкін. Дегенмен, бұл қате пікір. Бітімгершілік – басқарушылар мен ғалымдар жетекшілік ететін өсудің дәстүрлі драйверлеріне қарағанда, маңызды рөл атқаратын ынталандырушы өсудің кепілі, әрі міндетті шарты.

Бұл күн тәртібі бірқатар аймақтық және жаһандық бітімгершілік бастамалардың бастамашысы саналатын Қазақстан үшін маңызды және қызықты. Сессия шеңберінде Колумбияның бұрынғы Президенті Хуан Мануэль Сантоспен эксклюзивті сұхбат жүргізіледі. Бұл сұхбатта ол Қазақстанның бейбітшілік және қауіпсіздік бойынша қазіргі және ықтимал бастамаларының призмасы арқылы өз мансабындағы бітімгершілік тәжірибесімен бөлісіп, сонымен қатар, ынталандырушы экономикалық өсудің негізгі факторлары туралы өз ойын ортаға салады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Күрделі шиеленістер, қарбаластың созылмалы ошағын алдын алудағы жетістік кепілі неде?
  • Жаңа экономикалық шынайылық, кедейшілік және теңсіздік мәселелерін шешу, әлеуметтік қарбаластың ошағы жағдайында жаһандық әлемдің қолдаудың рецепті неде?
  • Жаһандық бейбітшілік және қауіпсіздікті қолдауда Қазақстан, Орта Азия және Үлкен Еуразияның маңызды рөлі қандай болуы мүмкін?
  • Қазақстанның жаңа бітімгершілік бастамаларына қандай заманауи сын-тегеуріндер негіз бола алады?

Модератор:

  • Саясат Нұрбек, cаясаттанушы, National Geographic елшісі, Бақыт пен амандық жаһандық коалициясының ұлттық кеңсесінің кеңесшісі

Спикер:

  • Хуан Мануэль Сантос, Колумбия Президенті (2010-2018), 2016 жылы бейбітшілік саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты

 

 

14:15 - 15:30
Түйінді ұлттық көрсеткіштер: тұрақты даму құралы
Сессия серіктесі: Есеп комитеті
«Сингапур» залы
Hilton Astana

Түйіндіұлттықкөрсеткіштер: тұрақтыдамуқұралы

Ұйымдастырушылар: Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті

Тұрақты өсу - бұл тек экономикалық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік, мәдени, экологиялық және басқа да салалар жетістігіндегі прогресс. Елдің, оның халқының және институттарының жай-күйін әртүрлі тәсілдермен өлшеуге болады. Макроэкономикалық көрсеткіштер елдердің дамуын өлшеу үшін кеңінен қолданылады, бірақ олар әлеуметтік прогрестің барлық элементтерін ескермейді. Түйінді ұлттық көрсеткіштерді айқындау Үкімет қызметінің сапасын арттыруға және сайып келгенде, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал етеді. Ұлттық көрсеткіштер жүйесінің мақсаты жүйелі түрде шаралар қолдану және азаматтар үшін маңызды әл-ауқаттың түрлі аспектілері бойынша есеп беру болып табылады. Олар ұлттық стратегияларды кешенді басқару және олардың барлық кезеңдерде іске асырылуын тиімді бағалау үшін де қажет.

INTOSAI-дың түйінді ұлттық көрсеткіштер жөніндегі жұмыс тобы бірқатар зерттеулер жүргізді, алдыңғы қатарлы халықаралық практиканы жинақтады. Осы мәселе бойынша панельдік сессия шеңберінде талқылау елдердің ұлттық мақсаттарға қол жеткізудегі тиімді басқару жүйесін дамытуға ықпал ететін болады.

Тиімділікті және есеп берушілікті қамтамасыз етудегі ұлттық үкіметтердегі рөлдер мен міндеттерді ескере отырып, Жоғары аудит органдары түйінді ұлттық міндеттерді шешу жолдарын айқындауда маңызды рөл атқара алады. Проблемаларды шешу және ұлттық нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті құралдардың бірі түйінді көрсеткіштер негізінде тиімділікті бағалау жүйелерін әзірлеу болып табылады, олар шарттар мен үрдістерді бағалауға, қалаған нәтижелерге қол жеткізудегі прогресті бағалауға және ақырында мақсаттарға қол жеткізілгендігін куәландыруға мүмкіндік береді. Бұл нәтижелер стратегиялық жоспарлау кезінде, жұмыс нәтижелерін бағалау есептілігін және есеп беруді арттыру үшін, сондай-ақ саясатты тиімді талдауға және бағдарламаларды бағалауға жәрдемдесу үшін ақпарат ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Түйінді ұлттық көрсеткіштер жүйесінің теңгерімділігі, келісімділігі және тұтастығы – Жоғары аудит органдарының көзқарасы.
  • Мемлекеттің басқару деңгейлері бойынша ұлттық көрсеткіштердің декомпозициясы.
  • Іске асыру кезеңінде ұлттық көрсеткіштердің қол жеткізілуіне аудит жүргізу және мониторингілеу – теория және практика.
  • Түйінді ұлттық көрсеткіштерді қолдану практикасындағы жоғары аудит органдарының рөлі.
  • Ұлттық түйінді көрсеткіштер жүйесіне сапалы бағалау жүргізу үшін мемлекеттік аудитордың кәсіби деңгейі.

Модератор:

  • Наталья Годунова, Қазақстан РеспубликасыЕсеп комитетінің төрайымы

Спикерлер:

  • Янар Холм, Эстонияның бас аудиторы
  • Мухаммед Найем, Ауғанстанның бас аудиторы
  • Азар Адель, Иран Ислам РеспубликасыЖоғары сот аудитініңпрезиденті
  • Василий Герасимов, Беларусь Республикасының Мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары
  • Ванг Янбин, Қытай Халық Республикасының ЖАО өкілі, аймақтық филиалдың директоры
  • Ибрахим Узуноз, Түркия Соттық есебінің өкілі, Даярлау департаментінің басшысы
  • Джованни Капаннелли, Қазақстандағы Азиялық даму банкі директоры
  • Сюзи Юн, Орталық Азиядағы Әлемдік Банкі Бағдарламаларының бас үйлестірушісі
14:15 - 15:00
Жаһандық пікірсайыстар: дамушы елдер үшін жаңа экономикалық саясат
Сессия серіктесі: Қазақстандық экономикалық бастамалар қоры
Конгресс-орталығы
Баспасөз орталығы

Жаһандық пікірсайыстар: дамушы елдер үшін жаңа экономикалық саясат

Ұйымдастырушы: Қазақстандық экономикалық бастамалар қоры

Дамушы елдердің 2000-жылдың басында орын алған айтарлықтай әсерлі өсуіне қарамастан, 2008 жылғы қаржы дағдарысынан кейін қалпына келу оларға әлі күнге дейін қиынға соғуда. Дамыған елдерде протекционизм мен ұлтшылдық саясатын қарқындатқан популизмнің шарықтауы бүгінгі таңда жаһандық «оңтүстіктің» даму перспективаларына кері ықпалын тигізуде. Дамушы елдерге сапалы инклюзивті өсіммен қамтамасыз ететін жаңа экономикалық саясат қалыптастыру қажет.

Аталмыш пікірсайыс сессиясында әлемдегі экономикалық саясатты қалыптастыру саласының ең үздіктері пікір алмасады. Оның біреуі - 2001-2003 жылдар аралығында ХВҚ бас экономисі қызметін атқарған Кеннет Рогофф. Ол жаһандық қаржы тұрақтылығының қалыптасуына ат салысып, дағдарыс қауіпіне таяу тұрған елдер үшін экономикалық саясат жөнінде ұсыныстар жасақтаған. Доктор Рогофф The Other Canon Foundation жаңа экономикалық мектептің негізгі құрушысы доктор Эрик Райнертпен пікір жарыстырады. Доктор Райнерт «солға» және «оңға» тәсіліндегі классикалық бөлуге қарсы екендігін алға тартады және неоклассикалық экономикаға сын келтіріп, ауқатты және кедей елдердің арасындағы теңсіздік себептерін түсіндіретін болады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Дамушы елдер тұрақсыз жаһандық әлемде қалайша экономикалық серпіліс жасай алады? Жаһандық мега-трендтарға қалай қарсы тұруға болады? Оларға либералды экономикалық саясатты ұстану қажет пе?
  • Мемлекет жаңа экспорттық индустрия құруда белсенді рөл ойнау қажет пе? «Жеңімпаздарды қолмен таңдау» және белгілі бір компанияларға субсидиялар ұсыну саясаты қаншалықты тиімді?
  • Қазақстан секілді энерготасымалдаушы экспорттаушы мемлекеттің экономикалық даму перспективасы қандай? «Мүмкіндіктер терезесін» мүлт жіберіп алмай, дамыған елдердің клубына қалайша кіруге болады?

Модератор:

  • Ерлік Қаражан, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасы

Спикерлер/пікірсайысшылар:

  • Кеннет Рогофф, Гарвард университетінің экономика профессоры, ХВҚ бас экономисі (2001-2003)
  • Д-р Эрик Райнерт, Таллин техникалық университетінің профессоры, «Other Canon Foundation» негізін қалаушысы
14:15 - 15:30
Су Орталық Азиядағы экономикалық даму мен қауіпсіздіктің факторы
Сессия серіктесі:
«Токио» залы
Hilton Astana

Су Орталық Азиядағы экономикалық даму мен қауіпсіздіктің факторы

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Швейцариялық даму және ынтымақтастық агенттігі, Халықаралық суды бағалау орталығы, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы делегациясы, Дүниежүзілік Банк

 

Сапалы судың қолжетімділігі әлем халқының әл-ауқатын жақсарту мен орнықты дамудың негізгі параметрі болып табылады. Орталық Азия сияқты жартылай құрғақ өңірде су барлық елдер үшін орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз етудің кілті болып табылады. Оған өзара сенім мен түсіністік, ортақ пайда тұжырымдамасына негізделген жүйелі трансшекаралық ынтымақтастық арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Бұл сессия Орталық Азия елдерінің жоғары деңгейдегі өкілдерінің қатысуымен ұлттық қажеттіліктерді және «суды экономикалық даму мен қауіпсіздік факторы ретіндегі» өңірлік контекстіндегі көзқарастарын талқылауға бағытталған.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Орталық Азиядағы су ресурстарына деген көзқарасыңыз қандай -Сіздің еліңіз су ресурстарын пайдаланудан қандай пайда көреді (ортақ пайда, әлеуметтік және экономикалық пайда)?
  • Суды пайдаланудың қандай тетігі елдердің экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады?
  • жалпы экономикалық пайда мен суды тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін трансшекаралық / салааралық келісім нені көздеуі тиіс?
  • Орталық Азия елдерінің су-энергетикалық ресурстарды кешенді пайдаланудағы тиімді өзара іс-қимылын қалай қамтамасыз ету керек?
  • Экономикалық даму үшін су ресурстарының әлеуетін қалай тиімді пайдалануға болады?
  • Қандай қадамдар қажет?

Сессия төрағасы:

  • Жеңіс Қасымбек, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, сессия төрағасы

Сессия модераторы:

  • Гий Бонвэн, Швейцария Федералдық Сыртқы істер департаментінің су жөніндегі арнайы өкілі

Халықаралық сарапшылар:

  • Ато Браун, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілдігінің директоры
  • Кристоф Бош, Женева Су хабының стратегиялық кеңесшісі
  • Люк Девин, Ресей, Шығыс әріптестік, Орталық Азия, өңірлік ынтымақтастық және ЕҚЫҰ жөніндегі директоры, Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметі (EEAS)

Негізгі қатысушылар:

  • Сапархан Омаров, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
  • Каххорзода Саттор, Тәжікстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары
  • Силап Велбеков, Түрікменстан Қаржы және экономика министрініңорынбасары
  • Зарема Шаукенова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры
  • Көкымбек Таштаналиев, Қырғыз Республикасы Су шаруашылығы және мелиорация департаментінің бас директоры
  • Нозим Ерназаров, Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы Министрлігі жанындағы мемлекеттік су шаруашылық қадағалау агенттігінің бастығы
  • Санжар Валиев, Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институты директорының орынбасары
  • Фаррух Турсунов, Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Департамент басшысы

 

14:15 - 15:30
Түйінді ұлттық көрсеткіштер: тұрақты даму құралы
Сессия серіктесі: Есеп комитеті
Сингапур» залы
Hilton Astana

Түйінді ұлттық көрсеткіштер:тұрақты даму құралы

Ұйымдастырушылар: Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті

Тұрақты өсу - бұл тек экономикалық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік, мәдени, экологиялық және басқа да салалар жетістігіндегі прогресс. Елдің, оның халқының және институттарының жай-күйін әртүрлі тәсілдермен өлшеуге болады. Макроэкономикалық көрсеткіштер елдердің дамуын өлшеу үшін кеңінен қолданылады, бірақ олар әлеуметтік прогрестің барлық элементтерін ескермейді. Түйінді ұлттық көрсеткіштерді айқындау Үкімет қызметінің сапасын арттыруға және сайып келгенде, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал етеді. Ұлттық көрсеткіштер жүйесінің мақсаты жүйелі түрде шаралар қолдану және азаматтар үшін маңызды әл-ауқаттың түрлі аспектілері бойынша есеп беру болып табылады. Олар ұлттық стратегияларды кешенді басқару және олардың барлық кезеңдерде іске асырылуын тиімді бағалау үшін де қажет.

INTOSAI-дың түйінді ұлттық көрсеткіштер жөніндегі жұмыс тобы бірқатар зерттеулер жүргізді, алдыңғы қатарлы халықаралық практиканы жинақтады. Осы мәселе бойынша панельдік сессия шеңберінде талқылау елдердің ұлттық мақсаттарға қол жеткізудегі тиімді басқару жүйесін дамытуға ықпал ететін болады.

Тиімділікті және есеп берушілікті қамтамасыз етудегі ұлттық үкіметтердегі рөлдер мен міндеттерді ескере отырып, Жоғары аудит органдары түйінді ұлттық міндеттерді шешу жолдарын айқындауда маңызды рөл атқара алады. Проблемаларды шешу және ұлттық нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті құралдардың бірі түйінді көрсеткіштер негізінде тиімділікті бағалау жүйелерін әзірлеу болып табылады, олар шарттар мен үрдістерді бағалауға, қалаған нәтижелерге қол жеткізудегі прогресті бағалауға және ақырында мақсаттарға қол жеткізілгендігін куәландыруға мүмкіндік береді. Бұл нәтижелер стратегиялық жоспарлау кезінде, жұмыс нәтижелерін бағалау есептілігін және есеп беруді арттыру үшін, сондай-ақ саясатты тиімді талдауға және бағдарламаларды бағалауға жәрдемдесу үшін ақпарат ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Түйінді ұлттық көрсеткіштер жүйесінің теңгерімділігі, келісімділігі және тұтастығы – Жоғары аудит органдарының көзқарасы.
  • Мемлекеттің басқару деңгейлері бойынша ұлттық көрсеткіштердің декомпозициясы.
  • Іске асыру кезеңінде ұлттық көрсеткіштердің қол жеткізілуіне аудит жүргізу және мониторингілеу – теория және практика.
  • Түйінді ұлттық көрсеткіштерді қолдану практикасындағы жоғары аудит органдарының рөлі.
  • Ұлттық түйінді көрсеткіштер жүйесіне сапалы бағалау жүргізу үшін мемлекеттік аудитордың кәсіби деңгейі.

Модератор:

  • Наталья Годунова, Қазақстан РеспубликасыЕсеп комитетінің төрайымы

Спикерлер:

  • Янар Холм, Эстонияның бас аудиторы
  • Мухаммед Найем, Ауғанстанның бас аудиторы
  • Азар Адель, Иран Ислам РеспубликасыЖоғары сот аудитініңпрезиденті
  • Василий Герасимов, Беларусь Республикасының Мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары
  • Ванг Янбин, Қытай Халық Республикасының ЖАО өкілі, аймақтық филиалдың директоры
  • Ибрахим Узуноз, Түркия Соттық есебінің өкілі, Даярлау департаментінің басшысы
  • Джованни Капаннелли, Қазақстандағы Азиялық даму банкі директоры
  • Сюзи Юн, Орталық Азиядағы Әлемдік Банкі Бағдарламаларының бас үйлестірушісі

 

14:15 - 15:30
Азық-түлік қауіпсіздіктің негізгі факторлары. Қазақстан және ИЫҰ мемлекеттері
Сессия серіктесі:
«Лондон» залы
Конгресс-орталығы

Азық-түлік қауіпсіздіктің негізгі факторлары. Қазақстан және ИЫҰ мемлекеттері

Ұйымдастырушылар: G-Global халықаралық хатшылығы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚазАгро, БҰҰ ДБ, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы, Ислам даму банкі

Қазақстан экономикасының перспективалы секторларының бірі ауыл шаруашылығы болып табылады, олар өз экспортын әртараптандыру стратегиясына жаңа серпін бере алады.

Қазіргі кезеңде еліміздің Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (бұдан әрі - ИЫҰ) басқа ірі аймақтық және жаһандық ұйымдарға белсенді қатысуы маңызды болып саналады. Қазақстан ИЫҰ-ға 1995 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 50-ші сессиясы аясында қосылды. «Еуразиялық» тұжырымдамасына сүйенсек, Қазақстан сыртқы саяси қызметті Еуропамен және Азиямен халықаралық ынтымақтастықты теңдестіріп қана қоймай, сонымен бірге екі бағыт бойынша да белсенді саясатты жүзеге асырады. Бұған куә Нұр-Сұлтанның (Астананың) 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі және 2011 жылы Ислам ынтымақтастығы ұйымындағы көшбасшылыққа қол жеткізуі.

2018 жылы Сыртқы істер министрлері кеңесі (CІМК) «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық дағдарысқа қарсы шешімдерді іздестіруге қатысушы елдердің санын кеңейту арқылы халықаралық экономикалық саясатты анықтаудағы ең ықпалды күші ретінде жаңа G-Global коммуникациялық алаңын құру жөніндегі бастамасын» құптады. Қарар «ИЫҰ Бас хатшысына және ИДБ-ге басқа мекемелермен келісіп, G-Global-ға қатысуға шақырды».

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Ауыл шаруашылығын тиімді дамытудың түрлі аспектілері бойынша, ауылдық аумақтарда азық-түлік қауіпсіздігін және биотехнологияны дамыту бойынша мүше мемлекеттерге сараптама және техникалық нұсқау беру.
  • Шөлейттенуден, орман алқабының төмендеуінен, топырақтың эрозиясынан және тұздануынан туындаған проблемалар, сондай-ақ тұрақты әлеуметтік қатынастарды қамтамасыз ету
  • Ауыл шаруашылығын дамыту және мүше мемлекеттерде азық-түлік қауіпсіздігін арттыру мақсатында қаржы және ауыл шаруашылығы ресурстарын жұмылдыру және басқару
  • Ортақ ауыл шаруашылық қағидаттарын үйлестіру, тұжырымдау және енгізу, соның ішінде тиісті технологияларды алмасу және беру арқылы
  • OIC ішінде ауыл шаруашылығында және азық-түлік қауіпсіздігіне инвестицияларды ынталандыру
  • Ауыл шаруашылығында жаңа экономикалық саясат
  • Суармалы жерлерді арттыру: Жерді ұтымды пайдалану
  • Ауыл шаруашылығын цифрландыру: цифрлы фермалар
  • Барлық өңірлердегі аулшаруашылығы өнеркәсіптік кешенді дамыту тұжырымдамасы
  • Агроөнеркәсіптік кешеннің ұзақ мерзімді бағдарламалары: мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығындағы салалық бағдарламалар
  • Ауыл шаруашылығында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік
  • Үлкен қалаларда көтерме сауда орталықтарының желісін дамыту (ORC)

Модератор:

  • Вахид Кайзер, Chapterhouse Capital LLP төрағасы; Bankers Confidence бас директоры

Спикерлер:

  • Сәлемдесу сөзі: Айдарбек Сапаров, Қазақстан РеспубликасыныңАуыл шаруашылығы бірінші вице-министрі
  • Александр Субботин, Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп пен ауылшаруашылық кешені жөніндегі коллегия мүшесі (Министр)
  • Набиль Ганги, Еуропа және Орталық Азия аймақтық өкілінің орынбасары, ФАО
  • Элвин Афанди, Бас экономист, Стратегия және саясат департаменті, ICD, IDB
  • Қайрат Нәжмиденов, ФАО-ның Қазақстан Республикасындағы байланыс жәнесеріктестік жөніндегі бюро жетекшісі
  • Гарри Нанда, Media Gurus директоры

 

14:15 - 15:30
Дамыған елдердің отыздығына кіру жолында: рейтингтік агенттіктердің көзқарасы
Сессия серіктесі:
«Дубай» залы
Конгресс-орталығы

Дамыған елдердің отыздығына кіру жолында: рейтингтік агенттіктердің көзқарасы

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Экономикалық зерттеулер институты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы.

Жалпыұлттық ауқымдағы стратегиялық мақсат – Қазақстанның әлемдегі экономикасы мықты отыз елдің қатарына енуі. Қазақстан дамудың жаңа дәуіріне аяқ басты және серпілісті ғылыми-технологиялық дамумен қамтамасыз ету, жемқорлық деңгейін төмендету, сонымен қатар, ел тұрғындарының өмір сүру сапасы мен деңгейін көтеру мәселелеріне баса назар аударылуда. Қазақстан Республикасы Үкіметінің бәсекелестікке қабілетті әлеуетті көтеру жөніндегі жүргізіліп жатқан жұмысы ДЭФ (БЖИ) бәсекелестік рейтингі, IMD, Дүниежүзілік банкінің бизнесті жүргізу жеңілдігі жөніндегі рейтингі («Doing Business»), Transparency International және тағы басқа танымал әлемдік рейтингтерде көрінеді.

Қазіргі таңда Қазақстан «Doing Business» рейтингі бойынша 28-орынды иеленіп, «үздік» отыздықтар қатарында тұр және Transparency International рейтингі бойынша әлемнің сыбайласқан елдер санатынан шықты, әрі PRS Group және IHS Markit рейтингтерінде тұрақты өсімді көрсетеді.

Дегенмен басқа жаһандық рейтингтер бойынша мемлекеттің позициясы айтарлықтай мығым емес. Бұған қоса, қазіргі сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктерді ескере отыра, қол жеткізген нәтижелерді ұстап тұру да елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жүйелік жұмысты жүргізуді талап етеді.

Осы ретте Қазақстанның үздік отыздыққа кіру мәселесін ілгері бастыруға қатысты кеңейтілген сұрақтар жөнінде әлемдік рейтингілік агенттіктердің өкілдерімен пікірсайыс және талқылау өткізу өзектілігін туындайды.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қазақстан үздік отыздыққа кіруі: не істелінді және алдағы перспективалары қандай?
  • Үдеуші бәсекелестік жағдайында әлемдік рейтингтердегі көш бастауда Қазақстан үшін сын-тегеуріндер мен перспективалар;
  • Жаһандық рейтингтер: мемлекеттің дамуына және күн тәртібіне әсері;
  • Әлемдік рейтингтердегі көшбасшылар: жетістікке қол жеткізу және үздік елдердің позицияларын ұстаудағы құпиялары;
  • Жаһандық рейтингтер: кеше, бүгін, ертең (жаһандық рейтингтерді дамыту перспективалары және осы өзгерістерге Қазақстанды дайындау)

Модератор

  • Бен Слей, БҰҰ ДБ Еуропа және ТМД елдері бойынша аймақтық бюросының (ЕТАБ) аға кеңесшісі

Спикерлер:

  • Артуро Брис, IMD қаржы профессоры, IMD Бәсекеге қабілеттілік орталығының директоры (IMD World Competitiveness Center)
  • Бахытжан Саркеев, Cтратегиялық бастамалар орталығының директоры (CSI Group)
  • Бен Слей, БҰҰ ДБ Еуропа және ТМД елдері бойынша аймақтық бюросының (ЕТАБ) аға кеңесшісі
  • Кристофер Макки, PRS Group бас атқарушы директоры
  • Мәдина Әбілқасымова, Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары

 

 

14:15 - 15:30
Қаржылық өзара әрекеттесу: XXI ғасырдағы қаржы орталықтарының рөлі
Сессия серіктесі: АХҚО
АХҚО
(Мәңгілік Ел данғ., 55/23, павильон С-4.4)

Қаржылық өзара әрекеттесу: XXI ғасырдағы қаржы орталықтарының рөлі

Ұйымдастырушылар: «Астана» халықаралық қаржы орталығы

Дамыған елдерде жаһандану процесі әлі де даулы болғанмен, Еуразия үшін өңірлік интеграция маңызды аспект болып қалуда. Негізгі еуразиялық бағдарлардың тоғысында орналасқан Қазақстан қызметі өңірлік өзара байланысты ілгерілетуге бағытталған жаңа орталыққа айнала алады. Сонымен бірге, бүгінгі нарық бәсекелестік енді елдер арасында емес, қаржы орталықтардың/хабтардың арасында өтетін түрге өтті. Қаржылық қызметтердің өңірлік орталықтарының рөлі – Шығыс пен Батысты байланыстырып, жалпы дамуға ықпал ету болады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Өңірдің қаржы секторын дамытудың интеграциялық процестерінің мүмкіндіктері мен тәуекелдері
  • Қаржы орталықтары инвестициялық ағынды қалай тарта алады және өзін өңірлік көшбасшы әрі Жаңа Жібек жолы экономикасын жандандыру бойынша халықаралық орталық ретінде қалай таныта алады?
  • Әлемдік нарықтардың қазіргі трендтерінің (қаржытех, жасыл қаржы, жауапты қаржыландыру және т.б.) қаржы орталықтарының стратегиялық дамуына ықпалы қандай?

Модератор:

  • Сергей Становкин, Еуразиядағы BBC World News өңірлік кеңселердің басшысы

Спикерлер:

  • Қайрат Келімбетов, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы
  • Юлия Куcиди, EUROBAK атқарушы директоры
  • Кристофел Кэмпбелл-Холт, АХҚО соты мен Халықаралық төрелік орталығының тіркеушісі
  • Хамза Әли Мәлік, БҰҰ АТМЭӘК Даму бөлімі үшін макроэкономикалық саясат және қаржыландыру департаментінің директоры
  • Ахмад М.Хасна, Хамад Бен Халифа Университетінің президенті, Доха, Катар
  • Хазем Галяль, PwCмемлекеттік органдар және мемлекеттік секторға қызмет көрсету жөніндегі жаһандық тәжірибесінің басшысы, PwC-дің БАӘ-дегі серіктесі

 

 

14:15 - 15:30
Цифрлық трансформация – ЕЭО-дағы қатынастың жаңа түрі
Сессия серіктесі: ЕЭК
«Нью-Йорк» залы
Конгресс-орталығы

Цифрлық трансформация – ЕЭО-дағы қатынастың жаңа түрі

Ұйымдастырушылар: Еуразиялық экономикалықкомиссия, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДҚАӨМ)

Еуразиялық экономикалықкомиссия(ЕЭК) – Еуразиялық экономикалық одақтың ұлттық органдардан жоғары тұратын тұрақты реттеуші органы.

ЕЭК құру туралы шешімнің негізі – бес мемлекет бірігу арқылы жаһандық тұрақсыздықтың жағымсыз нәтижелерін төмендетіп қана қоймай, сонымен қатар, сыртқы нарықтарда өздерін белсенді жайғастыру. Еуразиялық экономикалық одақ бұл бірлестіктің мақсаттарына ортақтасатын және өздерінен талап етілетін міндеттерді қабылдауға әзір басқа да мемлекеттердің Одақ жұмысына қатысуына ашық екендігін білдіреді.

Еуразиялық экономикалық комиссиянегізгі мақсаты — ЕЭО дамуы мен қызметі шарттарымен қамтамасыз ету, ары қарай біріктіру жөнінде ұсыныстар жасау. Қазіргі таңда ЕЭК құрамында бес мемлекет бар: Армения Республикасы, БеларусьРеспубликасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы.

Жеткізілім тізбегінің цифрлық трансформациясы мен Еуразиялықэкономикалық одақ барлық кеңістігіне бірыңғай электрондық-ілеспе құжаттамаларды енгізуөнімді, соның ішінде жаңа өнімдерді жеткізуді тездетуге мүмкіндік береді, бизнес үшін әкімшілік шығын көлемін азайтады.Бұл өзара тауар айырбасының өсуіне алып келеді. Мұның бір құралы ретінде трансшекаралық кеңістікті және электрондық цифрлық қолтаңбасын қолдануды айтуға болады. Бұған қоса, мәселелерді оңтайлы жолмен шешуге мүмкіндік беретін бизнес пен технологияның жаңа модельдері пайда болады, сол себепті олар нарық қатысушыларымен кеңейтілген талқылауды талап етеді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Еуразиялық цифрлық экожүйелерді қалыптастыру, экономиканың цифрлықтрансформациясы– ЕЭО-дағы қарым-қатынастың жаңа формасы
  • «Еуропалық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде электрондық ілеспе құжаттамалар жобасын енгізу және өзара мойындау
  • Электрондық ілеспе құжаттары бизнес жүргізуді жеңілдету және айқындық үшін
  • Сәйкестендіру жүйесін құрудағы халықаралық стандарттардың қолданылу және ЕЭО цифрлық күн тәртібін дамыту контекстіндегі мәліметтерді электрондық тәсілмен алмасудағы тәжірибесі
  • ЕЭО-дағы трансшекаралық сенім кеңістіктігін дамыту, B2B, B2G концепциялары
  • Трансшекаралық сенім кеңістіктігінің модельдері, бизнес көзқарасы жағынан B2G қолдану
  • Бизнес және оның мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестігі, соның ішінде блок-чейн технологияларын қолданудың цифрлық ортадағы қорғалған сервистеріне арналған қауіпсіздікпен қамту үрдістері
  • Трансшекаралық электрондық ілеспе құжаттамалар бойынша жаһандық пилоттық жобалардың тәжірибесі
  • Трансшекаралық келісімдер жасау үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану

Модератор:

  • Александр Петров, ЕЭО Ішкі нарықтар, ақпараттандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі коллегия мүшесінің (Министр) көмекшісі

Спикерлер:

  • Тигран Тигранян, Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясы төрағасының көмекшісі
  • Алексей Серегин, «Ұлттық электрондық қызметтер орталығы» РУК директорының орынбасары, Беларусь Республикасы
  • Сергей Кирюшкин, «Газинформсервис» ЖШҚ бас директорының кеңесшісі
  • Екатерина Силантьева, БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ АзТМЭӘК) кеңесшісі
  • Бикеш Курмангалиева, Қазақтелеком АҚ атқарушы директоры
  • Евгений Якушкин, Беларусь Ұлттық ғылым академиясы «Сәйкестендіру жүйелері және электрондық іскерлік операциялар» Салаларалық ғылыми-тәжірибелік орталығы» Ғылыми-тәжірибелік республикалық унитарлық кәсіпорны электрондық ресурстар басқармасының басшысы
  • Геннадий Волнистый, Беларусь Ұлттық ғылым академиясы «Сәйкестендіру жүйелері және электрондық іскерлік операциялар» Салаларалық ғылыми-тәжірибелік орталығы» Ғылыми-тәжірибелік республикалық унитарлық кәсіпорнының техникалық директоры
  • Таалай Байтереков, ЕЭО Ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары
  • Александр Сазонов, «Касперский зертханасы» АҚ жобалар жетекшісі
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің өкілі

 

14:15 - 15:30
Байланыстылық дәуірі: жеке сектордың рөлі
Сессия серіктесі:
«Мәскеу» залы
Конгресс-орталығы

Байланыстылық дәуірі: жеке сектордың рөлі

Ұйымдастырушылар: Бреттон-Вудс Жаңарту жөніндегі комитеті, Еуропа қайта құру және даму банкi (ЕҚДБ)

Орталық Азия - Еуразияның дәл жүрегінде орналасқан үлкен территориясы бар аймақ, екі жағындағы дамыған Еуропаны және тез өсіп келе жатқан Азияны байланыстырар көпір. Ұлы Жібек жолының құлдырауынан кейін көптеген ұлы державалар Орталық Азия елдерін тым алыс деп санады, әсіресе олар әлемдік экономикаға нашар интеграцияланған болғандықтан, елдердің арасында сауда қатынастарының деңгейі төмен болатын. Дегенмен, қазір бұл қабылдау өзгерді: бүгінгі күні ол - байланыс пен өсуді қамтамасыз ету оқиғасы. Қытай, Еуропа және Ресей елдерінің арасындағы жаһандық алаңда орналасуы арқылы, Орта Азия Қытайдың «Белбеу және жол» бастамасы және Еуропа мен Азияны өзара әрекеттестіру стратегия сияқты бастамалардың маңызды құрамдас бөлігі болды. «Қатты» және «жұмсақ» инфрақұрылымды ынталандыру және олардың айналасында экономикалық дәліздерді құру, сондай-ақ аймақ елдердің арасындағы байланыстарды қалыптастыру қазіргі уақытта аймақтың дамуының негізгі көзі болып саналады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Жаңа технологиялар Еуразиядағы байланыстылық мүмкіндігін қалай өзгертеді?
  • Орталық Азияда қандай технологиялар байланыстылыққа (тасымалдау, логистика және т.б.) әсер етеді?
  • Орталық Азиядағы байланыстылық жақсарту арқылы қандай мүмкіндіктер пайда болады?
  • Осы үдерісте жеке меншік сектор мен реттеуші органдардың рөлі қандай?

Модератор:

  • Маттиа Романи, Еуропа қайта құру және даму банкінің экономика, саясат және басқару мәселелері жөніндегі атқарушы директоры (ЕҚҚДБ)

Спикерлер:

  • АлексейГром, Eurasia Cargo Rail Alliance президенті
  • Юджин Си, Баку портының бас операциялық директоры
  • Ерлан Абсатов,«KAZLOGISTICS» көлік қызметкерлері одағының бас директоры
  • Массимо Деандрес, С.Р.М. бас директоры, Экономикалық зерттеулер орталығы, Бизнес экономистері Италияндық кеңесінің GEI төрағасы
  • Томас Ламнидис, KLC Law Firm серіктесі және вице-президенті

 

14:15 - 17:00
Марапат пен құрмет: ХХІ-ші ғасырда мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру
Сессия серіктесі: БҰҰДБ / ACSH / GSPP NU
«Бейжің» залы
Конгресс-орталығы

Марапат пен құрмет: ХХІ-ші ғасырда мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру

Ұйымдастырушылар: Қазақстандағы БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы, Астана мемлекеттік қызмет хабы, Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі

Белгісіздік, күрделілік пен құбылмалылықтың жоғары дәрежесімен сипатталатын ХХІ ғасырда азаматтар тарапынан туындайтын жаңа сын-қатерлерге үкіметтер мен мемлекеттік қызметтің жедел ден қою қабілеті шешуші мәнге ие. Тиісінше, өзгермелі жағдайларға тез икемделетін тиімді мемлекеттік қызмет адамдардға лайықты өмір, қалалардың қалыпты жұмыс істеуін және экономиканың инклюзивті өсуін қамтамасыз етуде басты рөл атқарады. Бұл 2015 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Тұрақты даму мақсаттарында көрініс тапты.

Тиімді мемлекеттік қызметті құруда сапалы адами ресурстар, меритократия қағидаттары мен ынталандыруға ерекше орын беріледі. Сондықтан да бұл мәселелер Астана мемлекеттік қызмет хабына қатысушы елдерді қоса алғанда, көптеген үкіметтердің реформаларының күн тәртібіндегі басым бағыттардың бірі болып табылады.

Сонымен бірге, әрбір үкіметтің күн тәртібі әртүрлі, осы салалардағы реформалардың жылдамдығы, қарқыны мен тереңдігінде айырмашылықтар бар. Дегенмен, үкіметтер осы ізденіс барысында жаһандық трендтер мен мәдени-тарихи ұқсас проблемаларға негізделген аймақ елдері үшін бірдей сын-қатерлерді ескеруі қажет. Демек, ынталандыру, еңбекақы төлеу және бағалау мәселелерінде өзара білім алмасу, басқа елдердің тәжірибесін есепке алу және зерттеулер маңызды рөл атқарады.

Осыған орай, аталған мәселелер бойынша тәжірибе мен білім алмасу аймақ елдерінің үкіметтері мен жауапты мемлекеттік органдары үшін аса маңызды мәнге ие. Панельдік сессияда әр түрлі елдердің, соның ішінде Хабқа қатысушы елдердің мемлекеттік органдары өкілдері сөз сөйлейді. Негізгі спикер ретінде мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру теориясының негізін қалаушылардың бірі болып табылатын профессор Джеймс Перри шақырылды. Ол «Comparative Civil Service Systems in the 21st Century» кітабында «Civil Service Systems and Public Service Motivation» тарауын (2015 ж.) және Анна Хондегхеммен бірлесіп «Motivation In Public Management: The Call Of Public Service» (2008 ж.) атты кітап жазған.

Сессия мақсаты – мемлекеттік қызметшілерге еңбекке ақы төлеу мен бағалау саласындағы прогресс пен жетістіктер, соңғы зерттеулер нәтижелері мен анықтаған проблемалары, сондай-ақ өңірлік және жаһандық трендтермен танысу мен талқылау.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру, еңбекақы төлеу және бағалау жүйесінде прогрессивті, тиімді және инновациялық құралдарды анықтау
  • Мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру, еңбекақы төлеу және бағалау саласындағы жаһандық трендтер мен заманауи зерттеулердің нәтижелерін талқылау
  • Мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіруге, олардың қызметінің тиімділігін бағалауға бағытталған нақты елдік мысалдар, кейстер мен реформаларды қарастыру
  • Мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру, еңбекақы төлеу және бағалау саласында жаңа құралдарды әзірлеу мен енгізу тәжірибесінен алынған сабақтарды қорыту
  • Қатысушы елдердің ынталандыру жүйесін дамытудағы қазіргі заманғы трендтері және оны басқа елдерде енгізудің практикалық нәтижелері туралы хабар алу
  • Ынталандыру, еңбек ақы төлеу және бағалау саласындағы сарапшылар желісін нығайту

Модераторлар:

  • Алихан Байменов, Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы
  • Гүлмира Раисова, Қазақстан HR-менеджерлері қауымдастығы Үйлестіру кеңесінің төрайымы

Спикерлер:

  • Алихан Байменов, Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитеті төрағасы
  • Мирьяна Сполярич Эггер ханым, БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰДБ әкімшісінің ассистенті, Еуропа және ТМД бойынша Өңірлік бюр директоры
  • Шигео Катсу, Назарбаев Университетінің президенті
  • Алик Шпекбаев,Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы
  • Джеймс Л. Перри, Блумингтон Индиана университеті О’ Нил атындағы Қоғамдық және экологиялық мәселелер жөніндегі мектептің аса құрметті профессоры
  • Гүлмира Раисова, Қазақстан HR-менеджерлері қауымдастығы Үйлестіру кеңесінің төрайымы
  • Басскаран Наир, Сингапур Ұлттық университеті Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінің адъюнкт-профессоры; Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің шақырылған профессоры
  • Екатериана Кардава, Грузияның Мемлекеттік қызмет бюросының директоры; Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитетінің мүшесі
  • Бакытбек Сагынбаев, Қырғыз Республикасы Мемлекеттік кадр қызметінің директоры міндетін атқарушы
  • Алона Пасека, Украина Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі ұлттық агенттігінің бөлім басшысы
  • Жандос Хасен,Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет департаментінің Ынталандыру, бағалау және персоналды дамыту басқармасының басшысы
  • Панос Ливеракос, Астана мемлекеттік қызмет хабы мен Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының техникалық кеңесшісі

 

14:15 - 17:00
Ғылым, инновация және бизнестегі әйелдер
Сессия серіктесі: Expo & Women / BCG
«Нұр-Сұлтан» Пленарлық отырыстар залы
Конгресс-орталығы

Ғылым, инновация және бизнестегі әйелдер

Ұйымдастырушылар: «Expo&Women» халықаралық ұйымы, BCG, БҰҰДБ Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның қолдауымен

Стратегиялық серіктестер: IRENA жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттігі

Жаһандық экономикада әйелдердің ұстанымын нығайтуға және олардың қазіргі заманғы әлемге әсерін күшейтуге сұраныс өсуде. Бүгінгі таңда көптеген дамыған мемлекеттерде әйелдер капиталын дамыту негізінде инклюзивті экономиканы қалыптастыру қажеттілігін бұрыннан түсінді.

Әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, гендерлік теңдіктің өсуі өнімділікті арттырады, экономиканы әртараптандыруды және табыстың теңдігін ұлғайтады. Халықаралық валюта қорына сәйкес гендерлік теңгерімнің артуы Канада мен Жапония сияқты дамыған елдерде ЖІӨ – нің 4%-ға, ал дамушы елдерде 30-32%-ға дейін өсуіне ықпал ететін болады. Гендерлік теңгерім инновацияларды енгізуге, бизнес тиімділігінің басты көрсеткіштеріне, компаниялардың жалпы ұйымдастырушылық және қаржылық табыстылығына, бизнестің әлеуметтік құрамдас бөлігінің өсуіне оң әсер етеді.

Ғылым мен технологиялардың қарқынды дамуы компаниялар қанағаттандыратын таланттарға үлкен сұраныс тудырады. Бұл ретте компаниялар бүкіл әлем бойынша жаратылыстану ғылымдары, технологиялар, инжинирнг және математика саласындағы мамандықтар бойынша бітірушілердің 36%-ын құрайтын әйелдердің әлеуетін әрдайым тиімді пайдаланбайды, бірақ тек 25% жұмыс орнын және осы салаларда басшылық позициялардың 9%-ын ғана алады.

Соңғы онжылдықта әлемнің көптеген елдері, оның ішінде Қазақстан да гендерлік теңдік саласында үлкен жетістіктерге жетті. Дегенмен, әлі де шешілуі керек проблемалар бар. Мысалы, қаржыға, жерге, жылжымайтын мүлікке және технологияларға тең қолжетімділікті шектеу. Жоғары ақы төленетін жұмыс орындарына, басшылық позицияларға қол жеткізуде, әсіресе ауылдық жерлерде гендерлік алшақтықтар бар, ол ерлер мен әйелдер арасындағы еңбекке ақы төлеудігі алшақтықтарға алып келеді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Ғылым, инновациялар және бизнестегі әйелдердің рөлі қандай және әйелдердің экономикалық дамуға қосар үлесін арттырудың қандай пәрменді тәсілдері бар?
  • Түрлі қызметтер саласындағы гендерлік алшақтықты қысқартуда халықаралық ұйымдар, мемлекеттер мен бизнестің қандай табысты тәжірибелері бар?
  • Басшылық қызметтегі әйелдер елдің немесе өз ұйымының жетістікке қол жеткізуіне қалай әсер ете алады?
  • Гендерлік теңгерімді ілгері бастыртуда әйелдер қоғамының жігерін біріктіру, осылайша, қоғам, ғылым, инновациялар және бизнестегіілгерілмелі дамуды қамтамасыз етудің мүмкіндіктері қандай?

Модератор:

  • Рақым Ошақбаев, «Талап» қолданбалы зерттеу орталығының директоры

Спикерлер:

  • Гүлшара Әбдіхалықова, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
  • Роза Отунбаева, Қырғыз Республикасының Президенті (2010-2011 жж.)
  • Бруно Балванера, Орталық Азия бойынша ЕҚҚДБ басқарушы директоры
  • Асли Курбай, серіктес және атқарушы директор, BCG Стамбул
  • Селия Гарсия-Банос, Саясат және қаржы орталығының бағдарламалар жөнідегі маманы, IRENA
  • Әсел Аяпова, дрондарды қолдануды дамыту жөніндегі жаһандық инновациялық бағдарламаның директоры, AES корпорациясы
  • Александра Аккирман, «Соca-Cola» компаниясының Орта Азия және Кавказ елдері бойынша үкіметтік және қоғамдық байланыс жөніндегі менеджері
  • Гаухар Нургалиева, Мәскеу СКОЛКОВО басқару мектебінің Еуразиялық зерттеулер зертханасының меңгерушісі
  • Талғат Нәрікбаев, М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ-ның ректоры
  • Салтанат Рақымбекова, «Expo&Women»Халықаралық ұйымының Президиум төрайымы
  • Камила Магзиева, Еуропа Одағындағы «Горизонт 2020» Шекті бағдарламасының Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі, InExCB-KZ директоры; «Көк-сағыз СМ» ЖШС директоры

 

15:45 - 17:00
БҰҰ тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде Enactus студенттік кәсіпкерліктің рөлі
Сессия серіктесі: ENACTUS Kazakhstan
АХҚО
(Мәңгілік Ел данғ., 55/23, павильон С-4.4)

БҰҰ тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде Enactus студенттік кәсіпкерліктің рөлі

Ұйымдастырушылар: EnactusKazakhstan

БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыруда студенттік кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік болашақ бизнес көшбасшыларын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Enactus студенттері – жоғары оқу орындары жастарының көрнекті өкілдері.

Студенттер отандық бизнес көшбасшылары мен оқытушыларының қолдауымен инновациялық бизнес идеяларды жүзеге асыру үдерісіне белсене қатысуда, кәсіпкерліктің тәжірибелік дағдыларына үйренуде және өзіндік жеке шығармашылық қабілеттерін дамытуда.

Enactus студенттерінің қызметі – әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар тобының өмір сапасын жақсарту және оларды кәсіпкерлік дағдыларға үйрету, осылайша ұлттық және әлемдік экономиканың әлеуметтік-экономикалық жағдайына жағымды әсер етуіне көметесу.

«Әділдік», «құштарлық», «инновациялар» сөздерінде көрсетілген Enactus-тың құндылықтары студент жастардың кәсіпкерлік қызметіндегі анықтаушы мотивтер болып саналады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қазақстанда студенттік кәсіпкерлікті дамытудың негізгі үдерістері
  • Enactusәлеуметтік белсенді студент жастарды тартудың формасы ретінде
  • Студенттік кәсіпкерлікті қолдау жүйесін жетілдіру
  • Жастар саясаты және кәсіпкерлік

Модератор:

  • Дәуіржан Ауғамбай, «Ақыл-кеңес Консалтинг» ЖШС директоры

Спикерлер:

  • Альбина Ержанова, Enactus Kazakhstan президенті, философия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі
  • Юсуф Маджидов, ENACTUS Eurasia атқарушы директоры
  • Виталий Времиш, Қазақстан Ресупбликасындағы БҰҰ ДБ Тұрақты өкілінің орынбасары
  • Әмір Әбдіғалымов, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің 3-курс студенті, Алматы қаласы
  • Әлижан Мейрамов, М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің студенті, Астана қаласы
  • Кәрімжан Сулейманов, М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің 4 курс студенті, Тараз қаласы
  • Әсел Коғабаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 3 курс студенті, Алматы қаласы

 

15:45 - 17:00
Қорытынды пікірталас: шақыртулар, қайшылық тәуекелдері (шақырту бойынша)
Сессия серіктесі: ЭЗИ
«Дубай» залы
Конгресс-орталығы

Ұйымдастырушы: «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ

Сессия барысында ұйымдастырушылар корпусы шара бойынша қорытынды жүргізіп, өзекті тұстар мен Астана экономикалық форумы халықаралық сарапшылары туралы ұсыныстарды талқылайды.

Аталмыш сессияға сессиялардың бірлескен ұйымдастырушылары, мемлекеттік орган өкілдері, халықаралық сарапшылар және қазақстандық экономистер қатысады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • АЭФ-2019 халықаралық сарапшылары туралы ұсыныстарды талқылау
  • АЭФ-2020 тақырыптары мен негізгі бағыттарын талқылау

Модератор:

  • Ерлік Қаражан, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасы

Спикерлер:

  • сессиялардың ұйымдастырушылары және форум қонақтары
15:45 - 17:00
Азаматтық қоғамды әл-ауқат саясатына тарту
Сессия серіктесі:
Сингапур» залы
Hilton Astana

Азаматтық қоғамды әл-ауқат саясатына тарту

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, «El tiregi» қазақстандық шағын және орта бизнес қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ

Дамушы елдердің ұлттық әл-ауқатты адамдар өмірінің сапасына және берекелі ғұмыр кешуіне айналдыра білу қабілеті заманауи экономикада маңызды рөл атқарады. Адам басына шаққанда көрсетілетін тәсіл және азаматтардың өмір сүру сапасының жеткіліксіз деңгейі – экономикалық өсім сапасының жеткіліксіз екендігінің айғағы.

Азаматтардың әлеуметтік-экономикалық теңсіздігі қоғам мен жалпы мемлекетті дамытудың нәтижесі болып саналады. Әлемнің дамыған үздік отыз елдерінің қатарына кіруді мақсат еткен Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) стандарттарын негізге алды. Бұл ұйымға мүше болу инвестицияның, ғылыми зерттемелердің, еңбек өнімділігінің, бизнесті және тұрғындар өмірінің стандарттарын дамытуды қамтамасыз етуді талап етеді.

Қазақстан түрлі әлемдік рейтингтерде жоғары орындарға ие. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде обьективтік ақиқат пен азаматтардың әл-ауқат деңгейі елдегі ауқаттылық пен өмір сүру деңгейінің әлемдік стандарттарға сай деп айтуға жол бермейді. Экономикалық өсімге қарамастан Қазақстан соңғы жылдары әлеуметтік саясат назардан тыс қалып жатты. Нәтижесінде әлеуметтік қалыптағы ел тұрғындарының түрлі топтардың дифференциациялануы пайда болды.

Бүгінгі әлемнің мұндай реалияларында азаматтық қоғамның позициясы мен ықпалы тұрғындардың әл-ауқаты мен дамуында маңызды рөлдердің бірін атқарады.

Бүгінде үкіметтік емес сектор – мемлекет пен тұрғындар арасындағы қажетті көпір, өзіндік буферлік аймақ.

Мемлекеттік бюджеттің іске асырылуын қоғамдық деңгейде бақылау, ағымдағы жағдайды объективті бағалау, заңнама ретінде жасақталған ұсыныстар, мемлекеттік жүргізіп жатқан саясатына сындарлы сын айту және қатысу – ел тұрғындары ауқаттылық деңгейінің тиімді өсуіне қажетті құралдар

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын іске қосу
  • 2030 жылға дейінгі БҰҰ ТДМ мақсатты көрсеткіштерін іске асыру және бақылауды ұйымдастыруға азаматтық қоғам институттарының қатысуын дамыту
  • Қазақстан азаматтық қоғамын дамыту трендтері және болашағы
  • Азаматтық секторды ауқатты саясатқа тиімді тарту

Модератор:

  • Асылбек Қожахметов, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті

Спикерлер:

  • Дәурен Абаев, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі
  • Саясат Нұрбек, Бақыт пен амандық жаһандық коалициясының ұлттық кеңсесінің кеңесшісі
  • Рикардо Пелиццо, Қауымдастырылған профессор және зерттеулер бойынша вице-декан, Назарбаев Университеті
  • Джозеф Зиглер Кеннет, «Astana hub» IT-стартаптардың Халықаралық технопаркі» Корпоративтік қорының Бас директоры  
  • Лейла Ахметова, HPAIR Азия конференциясы Ұйымдастыру комитетінің атқарушы директоры

 

 

 

 

15:45 - 17:00
Бөлшек сауда инвесторларының экономикадағы рөлі
Сессия серіктесі: "Фридом Финанс" АҚ
Конгресс-орталығы
"Лондон" залы

Бөлшек сауда инвесторларының экономикадағы рөлі

Ұйымдастырушы: "Фридом Финанс" АҚ

Бөлшек сауда инвесторлары институтын дамыту ауқаттылықты және адам өмірін жақсартудағы озық құралдардың бірі болып саналады. Соңғы он жылда дамыған елдерде сауда бөлшек сауданы инвестициялау статистикалық банк өнімдері мен жылжымайтын мүлікке қаражат салу бойынша басымдыққа ие капиталды басқару механизміне айналды. Сонымен қатар, ТМД елдері ұлттық валюталарының құнсыздануы және жылдық құнсыздануды ескерсек, жеке капиталды тиімді сақтау және көбейту үшін бөлшек сауданы инвестициялау қазақстандықтар үшін инттелектуалды мүмкіндіктің шынайы құралы болуы тиіс.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қаржы нарықтарының даму жағдайын бақылау
  • Құнды қағаздарды дамыту мәселелері
  • Қарыз алысуды дамыту мәселесі

Модератор:

  • Алина Алдамберген, «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) Басқарма төрағасы

Спикерлер:

  • Алина Алдамберген, «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) Басқарма төрағасы
  • Тимур Турлов, FreedomHoldingCorp. негізін қалаушы және басшысы
  • Александр Афанасьев, Мәскеу биржасының (МОЕХ) Басқарма төрағасы
  • Роберт Вотчак, бірінші вице-президент, CBNY Investment Services Corp.

 

 

15:45 - 17:00
Икемді білім мен ғылым арқылы әлеуметтік даму
Сессия серіктесі: ҚР БҒМ
Нью-Йорк» залы
Конгресс-орталығы

Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Білім беру саласында: 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 17 Тұрақты даму мақсаттарын қабылдады. Мыңжылдық дамуының бұрын қолданыста болған мақсаттарына қарағанда елдер дамуының барлық маңызды аспектілері бойынша даму мониторингінің неғұрлым нақты жаһандық архитектурасы құрылған. «Кедейшілікті жою», «аштықты жою», «жақсы денсаулық пен әл-ауқат» сияқты маңызды мақсаттардан кейін төртінші ТБО «сапалы білім» деп белгіленген. Осы арқылы әлемнің елдері сапалы адами капиталсыз, оның басты көзі - білімсіз тұрақты даму мүмкін еместігін тағы да растады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің ел халқына арнаған алғашқы жолдауында: «жетекші фактор — адамдардың өздері, олардың ерік-жігері, энергиясы, табандылығы, білімі. Бұл бізге өркендеу мен Тәуелсіздіктің есігін ашуға мүмкіндік беретін «Алтын кілт». 20 жыл өткеннен кейін Елбасы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында елдің экономикалық өсуінің жаңа моделінің орталық буыны білім беру болуы тиіс екенін тағы да атап өтті.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында «Жаңа адами капитал» реформасы шеңберінде ХХІ ғасырдың жоғары сапалы және талап етілетін дағдыларына ие адами капиталды дамыту көзделген. Білім беру жүйесі барлық деңгейлерде қолжетімділік пен инклюзивтілікті қамтамасыз етуге және еңбек нарығының, сондай-ақ болашақ экономиканың ағымдағы сұраныстарына жауап беретін кадрларды даярлауға бағытталуы тиіс.

Білім және ғылым саласындағы әлемдік стандарттарға сәйкес келу мақсатында Қазақстан 2017 жылы ЭЫДҰ-ның Инновациялық және білім беру саясаты жөніндегі комитеттеріне кірді.

Әлемдік үрдістер бүкіл әлемде білім берудің өсіп келе жатқан рөлінің куәсі. БҰҰДБ сарапшылары атап өткендей, дәл осы ең ұзақ оқыту кезеңінде адам тұлғасы қалыптасады, психологиялық тұрақтылық негіздері мен одан әрі даму әлеуеті қаланады.

Бүгінде білім беру білікті жұмысшы кадрларды даярлау құралы ғана емес, сонымен қатар жастарды әлеуметтік бейімдеу құралы болып табылады.

Бұл проблеманы дер кезінде шешу елдегі тұрақсыз және шиеленіскен әлеуметтік жағдайға әкелуі мүмкін.

Ғылым саласында: қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ғылымның елеулі рөлі әрдайым мойындалады. Қазіргі жағдайда ғылым - ұлттық экономиканың жалпыға танылған негізгі саласы, Ұлттық қауіпсіздік, әл-ауқат, ұлттың физикалық және ақыл-ой денсаулығы ғылым прогресіне байланысты. Білімге негізделген экономика тиімділігінің негізі тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын, тұрақты дамуға ықпал ететін, жұмыспен қамту проблемаларын шешуге, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға көмектесетін инновациялар болып табылады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Мамандарды болашақ үшін даярлап жатырмыз ба? Біз түлектеріміз болашаққа дайын ба?
  • Қазақстан мектептеріндегі бизнес-білім: парадигмалар және перспективалар
  • Болашақтың дағдылары. Біздің айналамыздағы әлемнің өзгеруі
  • Инклюзивтік инновациялар (әлеуметтік-бағытталған жобалар): Қазақстан ғылымын дамытудың заманауи тренді ретінде

Модератор:

  • Фатима Жақыпова, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылымвице-министрі

Спикерлер:

  • Аида Сағынтаева, «Nazarbayev University Graduate School of Education» ЖМ деканы
  • Алмагүл Мұхамедханова, Ы.Алтынсарин атындағыҰлттықбілімакадемиясыныңвице-президенті
  • Ермек Күзенбаев, «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы
  • Мұрат Сартбаев, «Өнімді инновацияларды ынталандыру» Жобасын басқару тобының директоры, биология ғылымдарының кандидаты

 

 

15:45 - 17:15
Орта Азия: Жаһандық инфрақұрылымдық, экономикалық және сауда дәлізі
Сессия серіктесі: Бреттон-Вудстың жаңарту бойынша комитеті
«Мәскеу» залы
Конгресс-орталығы

Орта Азия: Жаһандық инфрақұрылымдық, экономикалық және сауда дәлізі

Ұйымдастырушы: Бреттон-Вудс Жаңарту жөніндегі комитеті

Өсудің ықтимал көздерінің бірі саналатын Орта Азияның болашағы жаһандық факторларға қарсы тұру, елдер арасындағы аймақтар ішінде сауданың деңгейін көтеру үшін халықаралық экономикалық дәліздерді байланыстыратын тиімді инфрақұрылым құру мүмкіндігіне байланысты болмақ.

Бұл сессияның мақсаты - жаһандық және аймақтық экономикалық тәуекелдердің Орта Азия елдерінің экономикасына және ұлттық валюталарына әсерін азайтуға бағытталған ықтимал шараларды анықтау.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Орта Азия елдеріне аймақ ішіндегі саудаға қатысты өзара қарым-қатынас деңгейін қалай көтеруге болады?
  • Орта Азия елдеріне экономиканы қалай нығайтуға және ынтымақтастық, байланыс және 4.0 индустриясының жаңа мүмкіндіктерін қалай қолданса болады?
  • Орта Азия елдеріне халықаралық экономикалық дәліздерді байланыстыратын тиімді инфрақұрылымды қалай құрса болады?

Модератор:

  • Георгий Квирикашвили, ГрузияПремьер-министрі(2015-2018)

Спикерлер:

  • Йоахим фон Амсберг, саясат және стратегия жөніндегі вице-президент, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі
  • Вазил Худак, Еуропалық инвестиция банкінің вице-президенті
  • Дмитрий Панкин, Қара теңіз сауда және даму банкінің президенті
  • Бруно Балванера, Орталық Азия бойынша ЕҚҚДБ басқарушы директоры
  • Лилия Бурунчук, Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры
  • Люк Девин, Ресей, Шығыс әріптестік, Орталық Азия, өңірлік ынтымақтастық және ЕҚЫҰ жөніндегі директоры, Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметі (EEAS)

 

 

 

 

19:00-20:30
Private dinners