Бағдарлама

15:00 - 16:15
Жасыл өсім үшін инновациялық экожүйелерді құру: ғылым, білім және технологиялар
Сессия серіктесі: IGTIC
«Нью-Йорк» залы
Конгресс-орталығы

Жасыл өсім үшін инновациялық экожүйелерді құру: ғылым, білім және технологиялар

Ұйымдастырушы: «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Бірлескен ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы» ЗТБ, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы

Қазіргі таңда ең көп талқыланатын тақырыптардың бірі "Жасыл экономика" болып табылады. Бұл тақырып түрлі форумдар мен конференцияларда талқыланып, ғалымдардың, экологтардың және бүкіл әлем экономистерінің назарын аударады. Жасыл экономика-қоршаған ортаға ең аз зиян келтіру арқылы адамдардың әл-ауқаты мен жайлылығын арттыру мүмкіндігі.

«Жасыл экономиканы» дамыту болашақ мамандарды даярлау жүйесінде сапалы реформаларсыз мүмкін емес. Республиканың экологиялық білімі жүйелі тәсілді талап ететін реформалауға ұмтылуда. Білім беру саласындағы ведомствоаралық мекемелердің, білім беру институттары мен мамандардың өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығы кезінде ғана Қазақстанда білім беруді қайта құру экологияландыруға бағытталатын болады.

Өткізілетін панельдік Сессия "жасыл" технологияларды дамыту және үздік қолжетімді технологиялар қағидаларына көшу жағдайында кадрларды даярлау мәселелерін талқылау үшін диалог алаңын құруға мүмкіндік береді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • «Жасыл» экономика мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында болашақ мамандарды (студенттерді) жүйелі оқытуға арналған ұсыныстарды талқылау және әзірлеу
  • Үздік қолжетімді технологиялар қағидалары бойынша технологиялық реттеуге көшу

Модератор:

  • Руслан Рақымбай, «Smart Advisory» ЖШС басқарушы серіктесі

Спикерлер:

  • Бақытжан Жұмағұлов,Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты
  • Аднан Амин, Халықаралық жаңартылатын энергия көздері агенттігінің (IRENA) құрметті бас директоры
  • Әлия Назарбаева, Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы Президиумының төрағасы, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері
  • Рәпіл Жошыбаев, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ басшысы
  • Энтони Кокс, Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі дирекция директорының орынбасары, ЭЫДҰ
  • Евгений Гашо, «Экологиялық өнеркәсіп саясаты орталығы» ҒЗИ» ФМАМ қызметкері, РФ МЭИ ҒЗУ энергия үнемдеу зертханасының меңгерушісі
  • Крейг Смит, Dhahran Technology Development компаниясының бас директоры
  • Фред Уолти, Жаһандық инновациялар желісінің президенті және бас директоры (NGIN), «LACI» таза технологиялар инкубаторының негізін қалаушы және бас директоры
  • Кристина Хаверкамп, Dena компаниясының басқарушы директоры (Deutsche Energie-Agentur)
  • Гудни Йоуханнессон, Исландия Жұмыспен қамту және инновациялар министрлігі Ұлттық энергетикалық басқармасының басшысы (Orkustofnun)
  • Мария Ребекка Баллестра, Дүниежүзілік Жер Фестивалінің негізін қалаушысы
  • Бахыт Есекина, «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығының директоры, профессор, э.ғ.д.
  • Сәуле Сағынтаева, Алматы Энергетика және байланыс университетінің ректоры
16:30 - 17:45
Өңірлік дамудың сын-тегеуріндеріне жауаптар
Сессия серіктесі: «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Өңірлік зерттеулер орталығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
«Токио» залы
Hilton Astana

Өңірлік дамудың сын-тегеуріндеріне жауаптар

Ұйымдастырушылар: «Экономикалық зерттеулер институты»,  АҚ Өңірлік зерттеулер орталығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Өңірлердің аумақтық-кеңістіктік даму талаптары және оларға берілетін жауаптар халықтың қоныстандырылуының жүйесін және мемлекеттердің экономикалық орталықтарын қалыптастырды. Қазіргі әлемде елдердің әкімшілік шекаралары өңірлердің тұрақты және инклюзивтік даму жолында табиғи кедергі болып табылады. Ішкі және сыртқы нарықтардың байланысын қалай қамтамасыз етуге болады? Қосылған құнды арттыруға және шығасыларды азайтуға қандай интервенциялар жәрдемдеседі? Қалалар мен мекендердің урбандалуынан және кеңеюінен, трансшекаралық сауданы ынталандырудан басымдықтарды алу үшін қандай саясат қажет?

Үйлестірілген аумақтық-кеңістіктік жоспарлау нарықтардың үздік қолжетімділігіне, кеңістіктік шоғырланудың артуына және базалық мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуде теңсіздікті азайтуға жәрдемдеседі. Ірі және шағын қалалардың, сондай-ақ басқа мекендердің экономикалық шоғырлануы жергілікті және ел деңгейінде бәсекелестікі арттырады, компаниялардың өнімділігін ұлғайтады және шетел инвестицияларын тартады.

Бүгінде аумақтар мен кеңістіктің дамуы сыртқы да, ішкі да факторларды ескеруі тиіс. Біз сессиямызда халықаралық тәжірибеден аумақтық-кеңістіктік дамудың сәтті практикаларын талқылаймыз, Қазақстан Республикасының аумақтық-кеңістіктік дамуы бөлігінде саясатты одан әрі түзету үшін сарапшылармен біліммен және тәжірибемен алмасамыз.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Кеңістіктік дамудың жаңа факторлары, олардың аумақтық ықпалы және Қазақстан контекстінде шешу әдістері
  • Жаһандандырылу және экономикалық интеграция бойынша халықаралық тәжірибе мысалдары
  • Қазақстанда қолданылуы
  • Мемлекеттік саясатты үйлестіру жүйесі және оның кеңістіктік пен өңірлік дамуға ықпалы
  • Ұлттық, өңірлік және жергілікті деңгейлерде кеңістіктік-аумақтық саясатты үйлестіру жүйесін ұйымдастыру бойынша халықаралық тәжірибеден алынған мысалдар
  • Қазақстанда ауматық-кеңістіктік саясаттың ең тиімді құралдарын қолдану
  • Моно және шағын қалаларды, табиғи ресурстары таусылып жатқан депрессивті елді мекендерді тиімді дамыту бойынша халықаралық тәжірибеден алынған мысалдар және басқарылатын урбандалу бойынша мысалдар
  • Басқарылатын урбандалу жөніндегі шараларды талқылау

Модератор:

  • Д-р Пиотр Зубер, Варшава Институтының профессоры (University of Warsaw); Польша Өңірлік даму министрлігі Кеңістікті дамыту жөніндегі комитетінің басшысы (2012-2015)

Спикерлер:

  • Ермек Алпысов, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
  • Сергей Перапечка, серіктес және атқарушы директор, BCG Қазақстан, Ресей және ТМД елдерінде мемлекеттік сектормен жұмыс бойынша сараптау тәжірибесінің басшысы
  • Д-р Эрик Райнерт, Таллин техникалық университетініңпрофессоры, «The Other Canon Foundation» негізін салушысы
  • Д-р Кришна Кумар, RAND корпорациясының халықаралық зерттеулер жөніндегі директоры және аға экономисі
  • Василий Савин, KPMG-дың Ресей мен ТМД-дағы энергетика секторы мен коммуналдық шаруашылық компанияларымен жұмыс жасау жөніндегіпрактика жетекшісі, серіктес
09:00 - 10:15
Жаһандық Жібек Жолы-қала әкімдерінің II форумы
Сессия серіктесі:
«Дубай» залы
Конгресс-орталығы

Жаһандық Жібек Жолы-қала әкімдерінің II форумы

Ұйымдастырушылар: G-Global халықаралық хатшылығы, ERG, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Жібек жолы ғылымдарының халықаралық академиясы, «Жаһандық Жібек жолы» қауымдастығы,

Бірлескен ұйымдастырушылар: Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институты, BBC WORLD NEWS, АХҚО, Жібек жолының СКП, China Overseas Development Association, JUMORE GROUP, Silk Road Chamber of International Commerce, «Techgarden» автономды кластерлік қоры, China Chamber of International Commerce, «EXPO&WOMEN» ХҚҰ.

Ұлы жібек жолы көптеген жүз жылдықтар бойы түрлі ұлттарды біріктіре білді. Бұл біріктіру идеялар мен білім, тілдер мен мәдениетті өзара байыту арқылы жүргізілді.

Ұлы Жібек жолының тарихы - Шығыс пен Батыстың халықтарының арасында кең мәдени-сауда қатынастарының тарихы. Бұл тек қана тығыз ынтымақтастық - барлық адамзат үшін бейбітшілік пен прогрестің негізі.

Global Silk Road Жібек жолы елдері қалаларының әкімдерінің форумы қалалар мен үкімет көшбасшыларының, аймақтар/қалалардың жаңа өсіру сапасы мен дамуын қалыптастыруға арналған салалық сарапшылардың басын біріктірген эксклюзивті плафторма болып саналады.

Форумның мақсаты әлеуметтік-экономикалық және мәдени өзара іс-қимыл, сауда-экономикалық интеграция, сондай-ақ Еуропалық және Еуразиялық экономикалық одақты «Бір белдеу-бір жол» бастамасымен байланыстыруға арналған Жібек жолы елдерінің халықтарының әлеуетін біріктіру болып табылады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Жібек жолы елдерінің экономикалық ынтымақтастығы
  • Жібек жолының Көліктік-логистикалық хабын құрудағы бірлескен күш-жігер
  • «Бір белбеу - бір жол» жобасының іске қосылуы
  • «Цифрлық Жібек жолы» жобасы
  • Қала туризміжәне сауданы дамыту
  • Қалалар экологиясы
  • Шағын және орта бизнесті дамыту
  • Smart-city технологиялары

Модератор:

  • Сергей Становкин, Еуразиядағы BBC World News өңірлік кеңселерінің басшысы

Спикерлер:

  • Сәлемдесу сөзі: Бақыт Сұлтанов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі
  • Сергей Черемин, Мәскеу Үкіметінің министрі, Мәскеу қаласы сыртқы экономикалық және халықаралық байланыстар департаментінің басшысы
  • Михаил Кылварт, Таллин қаласының әкімі (Эстония)
  • Фан Вей, Ляньюньган қаласының әкімі (ҚХР)
  • Айк Марутян, Ереван қаласының әкімі (Армения)
  • Се Шаоди, Үрімші қаласы әкімінің орынбасары (ҚХР)
  • Ван Яньмин, Харбин қаласы әкімінің орынбасары (ҚХР)
  • Валлоп Суванди, Бангкок қаласы әкімінің кеңесшісі, Бангкок қаласының бұрынғы вице -мэры (Таиланд)
  • Александр Машкевич Eurasian Resources Group директорлар кеңесінің төрағасы
  • Раймонд Ип, Гонконг Сауданы дамыту жөніндегі кеңесі атқарушы директорының орынбасары
  • Кристофер Кэмпбелл-Холт, АХҚО және Халықаралық арбитражды орталық сотының тіркеушісі және аппарат басшысы
  • Михай Дарабан, Румыния Сауда-өнеркәсіптік Палатасының Президенті
  • Шайлобек Мұсақожоев, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профессор
  • Владимир Архипов, Маарду қаласының әкімі (Эстония)
  • Дмитрий Кулагин, Орынбор қаласының әкімі (РФ)
  • Максим Дмитриевский, Куманово қаласының әкімі (Солтүстік Македония Республикасы)
  • Игор Шпекторь, Воркут қалалық округының бұрынғы әкімі
  • Жольт Винтермантель, Уйпешт әкімі, IV аудан, Будапешт (Венгрия)
  • Виталий Бородин, Кохтла-Ярве қаласы әкімінің орынбасары
  • Серік Нөгербеков, G-Global Халықаралық хатшылығының басшысы
  • Владимир Пискурев, ЕЭЫҰ бас хатшысы
  • Анисет Габриэль Кочофа, ЕЭЫҰ Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жоғарғы комиссары– ЕЭЫҰ бас хатшысының орынбасары
  • Роберто Биажини, Флоренция әкімінің кеңесшісі (Италия)
  • Ханон Барабанер, эстониялық экономист, Экономика және басқару институтының ректоры — ECOMEN, Таллин қаласының құрметті азаматы
  • Сергей Велеско, Митвайда университетінің халықаралық бағдарламалар деканы
  • Д-р Бернд Халлиер, Еуропалық сауда институтының бас директоры, профессор, доктор
  • Денис Цыро, Еуропадағы G-Global өкілі, 4.0 Индустрия мектебінің директоры

 

09:00 - 10:15
Қолжетімді тұрғын үйдің заманауи экожүйесін құрудағы мемлекеттің рөлі
Сессия серіктесі: «Бәйтерек» Ұлттық Басқару Холдингі» АҚ
«Сингапур» залы
Hilton Astana

Қолжетімді тұрғын үйдің заманауи экожүйесін құрудағы мемлекеттің рөлі

Ұйымдастырушылар: «Бәйтерек» Ұлттық Басқару Холдингі» АҚ

Әлемдік тенденция жаппай урбанизация қазіргі заманның сипатты тренді ретінде қала халқының өсуіне, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымға түсетін жүктемеге ықпал ететіндігін, қалаға қысым жасайтындығын көрсетіп отыр.

Осының барлығы қалалар мен өңірлерде қажетті әлеуметтік және коммерциялық инфрақұрылымы бар халық үшін өмірді ұйымдастырудың экологиялық және энерготиімді тәсілін әзірлеу қажеттілігін негіздейді.

Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, құрылыстың жаңа әдістерін, қазіргі заманғы материалдарды, жаппай құрылыс салуды жоспарлаудағы қағидатты түрде өзге де тәсілдерді қолдану маңызды. Қазіргі заманғы технологияларды енгізу, тұрғын үй құрылысын әртүрлі рекреациялық және әлеуметтік жайлылықтармен сапалы өмір сүру ортасына айналдыру, сайып келгенде тұрғын үйдің халық үшін қолжетімділігін арттырады және тұру үшін қолайлы орта жасайды.

Бұл жерде қолжетімді тұрғын үйдің қазіргі заманғы экожүйесін құрудағы мемлекеттің рөлі маңызды. Бүгінде көптеген елдердің үкіметтері әлемдік қоғамдастықпен бірлесіп, дәстүрлі проблемаларды (тұрғын үй тапшылығы, аумақтардың бақылаусыз өсуі, қолайсыз аудандар, коммуникациялар мен әлеуметтік объектілерді уақтылы жеткізбеу), сондай-ақ экологиялық тұрақтылық пен инновацияларға байланысты жаңа мәселелерді шешудің түрлі тәсілдерін іздестіруде.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ел ішінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда, оның шеңберінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ өзінің еншілес компаниялары (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Қазақстанның ипотекалық компаниясы, Бәйтерек девелопмент, Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры) арқылы тұрғын үй құрылысы нарығындағы сұраныс пен ұсынысты ынталандырады. Халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру жөніндегі жүйелі шараларды дамытуды жалғастыру және 2030 жылға қарай бір тұрғынға 30 ш.м. тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткішіне қол жеткізу қажет.

Бұл ретте, бірыңғай мемлекеттік оператор халық үшін барлық қажетті игіліктермен жаппай тұрғын үй құрылысын кешенді түрде іске асыратын Сингапур, Түркия және Оңтүстік Корея сияқты елдерде тәжірибе бар.

Қорыта келгенде орнықты және жалпыға бірдей қалалық экономика құру, тұрғын үй құрылысын қолжетімді тұрғын үйдің қазіргі заманғы экожүйесіне трансформациялау нәтижелі жұмыспен қамтуға және барлығына лайықты жұмыс істеуге, жұмыс орындарын құруға және халық үшін экономикалық және өндірістік ресурстар мен мүмкіндіктерге тең қол жеткізуге жәрдемдесетін болады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Халық үшін қолжетімді тұрғын үйдің қазіргі заманғы экожүйесін құрудағы мемлекеттің рөлі
  • Заманауи технологияларды қолдану арқылы қала құрылысы шешімдері және құрылыс саласын цифрландыру
  • «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ тұрғын үй блогын (Қазақстанның ипотекалық компаниясы, Бәйтерек девелопмент, тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры) шетелдік практикалардың үздік тәжірибесін ескере отырып, тұрғын үй құрылысы бойынша бірыңғай операторға трансформациялау

Модератор:

  • Жақсыбек Құлекеев, Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының сарапшысы

Спикерлер:

  • Қайырбек Өскенбаев, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі
  • Әнуар Омарқожаев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары
  • Яп Чин Бенг, Singapore Cooperation Enterprise аға кеңесшісі (Сингапур)
  • Ли Чае Кванг, Тұрғын-үйді сақтандыру корпорациясының президенті (Korea Housing & Urban Guarantee Corporation) (Корея Республикасы)
  • Ляззат Ибрагимова, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы
  • Асхат Тұрғынбекұлы, «BeIn Tech» ЖШС құрылыс индустриясын цифрландыру жөніндегі директоры


X

09:00 - 10:15
Ақылды қалалар цифрлық экономика негізі ретінде
Сессия серіктесі: «Қазақтелеком» АҚ
«Лондон» залы
Конгресс-орталығы

Ақылды қалалар цифрлық экономика негізі ретінде

Ұйымдастырушылар: «Қазақтелеком» АҚ

Қазіргі заманғы қалалар жер тұрғындары үшін тартылыс орталығы және өмірдің барлықсаласында ілгерілеудің локомотиві болып табылады. Ақылды қалалар тұжырымдамасы ортақ талқылау тақырыбы және нарықтық ойыншылар мен қоғамдық институттардың жаңа кооперациясы ретінде қарастырылады. Цифрлық технологиялардың қалалар инфрақұрылымымен бірігуі олардың мәртебесін көтеріп, инвестициялар тартуға, жоғары технологиялық бизнесті жергіліктендіруге мүмкіндік береді.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «ақылды қалалар» үлгі тұжырымдамасыәзірленіп, олар Қазақстанның бес ірі қаласында іске асырылуда. Ол мыналар: Smart Astana, Smart Karaganda, Smart Ontystuk, Smart Almaty, Smart Aktobe секілді жобалар.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Smart Cities дамыту себептері және қалаларды басқару эволюциясы кезеңдері
  • Ақылды қалалар функционалына қажеттіліктер және олардың қаланы басқару эволюциясындағы артықшылықтары
  • Ақылды технологияларды енгізудің экономикаға және мегаполистердің дамуына әсері
  • Smart Cities қызметтерін енгізудің әкімшілік тәсімі (оны кім жасауы керек?)
  • Кейстер және шетелдік тәжірибе
  • Қазақстанда Smart Cities технологиясын енгізу ерекшеліктері мен кезеңділігі
  • Қазақстанда Smart Citiesенгізу үлгілері және келесі қадамдар

Модератор:

  • Роман Саввин, әлемдегі IoT желілер шығару мен қолдау саласындағы ең ірі компанияның өкілі, Actility

Спикерлер:

  • Александр Горбатько, Мәскеу қаласы Ақпараттық технологиялар департаменті басшысының орынбасары, байланыс және телехабар тарату саласын дамытуға, «Ақпараттық қала» бағдарламасын әзірлеу мен іске асыруға және басқа да көптеген ақпараттық технологияларды дамыту мәселелеріне жауапты
  • Геворк Вермишян, «МегаФон» бас директоры
  • Қуанышбек Есекеев, Қазақстандық мультисервистік оператор – «Қазақтелеком» АҚ Басқармасының төрағасы
  • Джонатан Спарроу, ақпараттық технологиялар және желілер саласындағы әлемдік көшбасшы саналатын Cisco компаниясының Ресей және ТМД елдері бойынша вице-президенті
  •  Хазем Галяль, PwC мемлекеттік органдар және мемлекеттік секторға қызмет көрсету жөніндегі жаһандық тәжірибесінің басшысы, PwC-дің БАӘ-дегі серіктесі
  • Илья Кузьмин, Мәскеу қаласының сыртқы экономикалық және халықаралық қатынастар департаменті бастығының орынбасары

 

12:00 - 13:15
Болашақ климатты қаржыландыру тетіктері: Орталық Азиядағы тұрақты даму үшін инфрақұрылымға жаңа көзқарас
Сессия серіктесі:
Сингапур» залы
Hilton Astana

Болашақ климатты қаржыландыру тетіктері: Орталық Азиядағы тұрақты даму үшін инфрақұрылымға жаңа көзқарас

Ұйымдастырушылар: Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан РеспубликасыныңЭнергетика министрлігі, «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ

Бірлескен ұйымдастырушылар: Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы, Дүниежүзілік банк тобы

Инфрақұрылым тұрақты, инклюзивтік өсуді және Орталық Азияны әлемдік экономикаға интеграциялауды дамытуда маңызды рөл атқарады. Бүгінде құрылған инфрақұрылым Орталық Азияның климатына және орнықты даму мақсаттарына жауап беру қабілеттілігін анықтайды. 2016-2030 жж. аралығындағы аймақтағы инфрақұрылымдық инвестицияға қойылатын талаптар $ 492 млрд. бағаланады. Экономикалық өсуді қолдайтын және тұрақты даму мен климат мақсаттарымен үйлесетін тұрақты инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға бірегей мүмкіндік бар.

Қоршаған орта, табиғатты қорғау және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Германияның Федералдық министрлігінің қолдауымен ЭЫДҰ, Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы және Дүниежүзілік банк тобы «Болашақ климатты қаржыландыру тетіктері: инфрақұрылымға жаңа көзқарас» бастамасы бойынша күштерді біріктіріп, климаттық және даму мақсаттарына қол жеткізу үшін ынталандыру мен инфрақұрылымды қаржыландыруды түбегейлі үйлестіру үшін үкіметтерге трансформациялау күн тәртібін әзірледі.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Орта Азиядағы байланыстарды жақсарту үшін ақылды инфрақұрылымды жоспарлау үшін саяси қолдауды және әлеуетті арттыруды қажет ететін басым салалар қандай?
  • Әлеуметтік-экономикалық дамуды және климаттың өзгеруін азайтудың басымдықтарын және дамудың ұзақ мерзімді стратегиясында бейімделуді қалай теңдестіруге болады? Стратегиялық инфрақұрылымды жоспарлауға ұлттық және сектораралық тәсілдерді қалай ынталандыру керек?
  • Ұлттық инфрақұрылымды жоспарлаудың әлеуметтік және экономикалық артықшылықтарын барынша арттыру үшін аймақтық деңгейде қандай ынтымақтастық қажет?
  • Аймақта банктік қызмет үшін қолайлы тұрақты инфрақұрылымдық жобаларды жеткізу жүйесін қалай құру керек? Дамуды қаржыландыру институттары тұрақты инфрақұрылымдық жобаларды жоспарлау мен қаржыландыруда Қазақстан мен бүкіл аймақты қалай қолдай алады?

Модератор:

  • Уильям Томпсон, ЭЫДҰ Жаһандық байланыстар жөніндегі хатшылығы Еуразия бөлімшесінің меңгерушісі

Спикерлер:

  • Руслан Дәленов, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
  • Андреас Шааль, ЭЫДҰ Жаһандық байланыстар хатшылығының директоры
  • Энтони Кокс, Қоршаған орта жөніндегі директордың орынбасары, ЭЫДҰ
  • Тимур Тоқтабаев, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі
  • Cәбит Нұрлыбай, Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі
  • Лилия Бурунчук, Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры

 

12:00 - 13:15
Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі қалалар трансформациясы
Сессия серіктесі: Нұр-Сұлтан қ. әкімдігі
«Нью-Йорк» залы
Конгресс-орталығы

Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі қалалар трансформациясы

Ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

Төртінші өнеркәсіптік революцияның технологиясы қалалардың бәсекеге қабілеттілігіне, өмір сапасына және ресурс тиімділігіне, сонымен қатар, қалалық басқару жұмысына үлкен әсер етуде. Дамыған және дамушы елдердің қалалары заманауи технологиялық шешімдерді белсене қолдануда, соның ішінде цифрлық өзгерудің кешенді стратегияларын жасақтауда. Әлемде қалалардың тиімділігін жоғарылатуға бағытталған үздік тәжірибелер пайда болуда, алайда маңызды факторлардың кешендік түсінігі әлі қалыптаса қоймады. Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде шешімдер портфелін қалыптастыру және қалаларды дамытудың табысты стратегияларын құру үшін қандай тиімді стандарттар қолданылуы қажет? Сессия Дүниежүзілік экономикалық форумымен бірлесе өткізіледі.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде қалалардың экономикалық рөлі қалай өзгеруде?
  • Қалаларды цифрлық өзгертуге бағытталған кешендік бағдарламаларды жүзеге асырудың алғашқы тәжірибесінен қандай сабақтар алуға болады?
  • Қалалардың бәсекеге қабілеттілігін, өмір сапасын және ресурс тиімділігін, сонымен қатар, қалалық басқару жұмысының тиімділігін жоғарылату және тұрғындарды тарту үшін қандай тиімді цифрлық технологиялық шешімдер қолдануға болады?

Модератор:

  • Анастасия Калинина, Дүниежүзілік экономикалық форумының еуразиялық бағыты жөніндегі басшысы

Спикерлер:

  • Бақыт Сұлтанов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі
  • Михаил Кылварт, Таллин қ. әкімі (Эстония)
  • Владимир Панов, Нижний-Новгород қаласының әкімі (Ресей)
  • Фан Вей, Ляньюньган қаласының әкімі
  • Карл-Филип Коэнеграхтс, Гент қаласы (Бельгия) әкімінің стратегия жөніндегі орынбасары және стратегияларды жүзеге асыру кеңсесінің басшысы, Cities of People компаниясының директоры
  • Томас Шевчик, қалалық маркетинг жөніндегі кеңесші
  • Александр Идрисов, Strategy Partners негізін қалаушы және президенті
  • Дато Шри Идрис Джала, Бас атқарушы директоры және PEMANDU Associates Sdn Bhd, Малайзия Президенті
  • Доминик Моксон-Тритч, Bolt компаниясының Реттеу және мемлекеттік саясат жөніндегі бас директоры

 

14:15 - 15:30
Су Орталық Азиядағы экономикалық даму мен қауіпсіздіктің факторы
Сессия серіктесі:
«Токио» залы
Hilton Astana

Су Орталық Азиядағы экономикалық даму мен қауіпсіздіктің факторы

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Швейцариялық даму және ынтымақтастық агенттігі, Халықаралық суды бағалау орталығы, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы делегациясы, Дүниежүзілік Банк

 

Сапалы судың қолжетімділігі әлем халқының әл-ауқатын жақсарту мен орнықты дамудың негізгі параметрі болып табылады. Орталық Азия сияқты жартылай құрғақ өңірде су барлық елдер үшін орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз етудің кілті болып табылады. Оған өзара сенім мен түсіністік, ортақ пайда тұжырымдамасына негізделген жүйелі трансшекаралық ынтымақтастық арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Бұл сессия Орталық Азия елдерінің жоғары деңгейдегі өкілдерінің қатысуымен ұлттық қажеттіліктерді және «суды экономикалық даму мен қауіпсіздік факторы ретіндегі» өңірлік контекстіндегі көзқарастарын талқылауға бағытталған.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Орталық Азиядағы су ресурстарына деген көзқарасыңыз қандай -Сіздің еліңіз су ресурстарын пайдаланудан қандай пайда көреді (ортақ пайда, әлеуметтік және экономикалық пайда)?
  • Суды пайдаланудың қандай тетігі елдердің экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады?
  • жалпы экономикалық пайда мен суды тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін трансшекаралық / салааралық келісім нені көздеуі тиіс?
  • Орталық Азия елдерінің су-энергетикалық ресурстарды кешенді пайдаланудағы тиімді өзара іс-қимылын қалай қамтамасыз ету керек?
  • Экономикалық даму үшін су ресурстарының әлеуетін қалай тиімді пайдалануға болады?
  • Қандай қадамдар қажет?

Сессия төрағасы:

  • Жеңіс Қасымбек, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, сессия төрағасы

Сессия модераторы:

  • Гий Бонвэн, Швейцария Федералдық Сыртқы істер департаментінің су жөніндегі арнайы өкілі

Халықаралық сарапшылар:

  • Ато Браун, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілдігінің директоры
  • Кристоф Бош, Женева Су хабының стратегиялық кеңесшісі
  • Люк Девин, Ресей, Шығыс әріптестік, Орталық Азия, өңірлік ынтымақтастық және ЕҚЫҰ жөніндегі директоры, Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметі (EEAS)

Негізгі қатысушылар:

  • Сапархан Омаров, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
  • Каххорзода Саттор, Тәжікстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары
  • Силап Велбеков, Түрікменстан Қаржы және экономика министрініңорынбасары
  • Зарема Шаукенова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры
  • Көкымбек Таштаналиев, Қырғыз Республикасы Су шаруашылығы және мелиорация департаментінің бас директоры
  • Нозим Ерназаров, Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы Министрлігі жанындағы мемлекеттік су шаруашылық қадағалау агенттігінің бастығы
  • Санжар Валиев, Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институты директорының орынбасары
  • Фаррух Турсунов, Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Департамент басшысы

 

14:15 - 15:30
Қаржылық өзара әрекеттесу: XXI ғасырдағы қаржы орталықтарының рөлі
Сессия серіктесі: АХҚО
АХҚО
(Мәңгілік Ел данғ., 55/23, павильон С-4.4)

Қаржылық өзара әрекеттесу: XXI ғасырдағы қаржы орталықтарының рөлі

Ұйымдастырушылар: «Астана» халықаралық қаржы орталығы

Дамыған елдерде жаһандану процесі әлі де даулы болғанмен, Еуразия үшін өңірлік интеграция маңызды аспект болып қалуда. Негізгі еуразиялық бағдарлардың тоғысында орналасқан Қазақстан қызметі өңірлік өзара байланысты ілгерілетуге бағытталған жаңа орталыққа айнала алады. Сонымен бірге, бүгінгі нарық бәсекелестік енді елдер арасында емес, қаржы орталықтардың/хабтардың арасында өтетін түрге өтті. Қаржылық қызметтердің өңірлік орталықтарының рөлі – Шығыс пен Батысты байланыстырып, жалпы дамуға ықпал ету болады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Өңірдің қаржы секторын дамытудың интеграциялық процестерінің мүмкіндіктері мен тәуекелдері
  • Қаржы орталықтары инвестициялық ағынды қалай тарта алады және өзін өңірлік көшбасшы әрі Жаңа Жібек жолы экономикасын жандандыру бойынша халықаралық орталық ретінде қалай таныта алады?
  • Әлемдік нарықтардың қазіргі трендтерінің (қаржытех, жасыл қаржы, жауапты қаржыландыру және т.б.) қаржы орталықтарының стратегиялық дамуына ықпалы қандай?

Модератор:

  • Сергей Становкин, Еуразиядағы BBC World News өңірлік кеңселердің басшысы

Спикерлер:

  • Қайрат Келімбетов, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы
  • Юлия Куcиди, EUROBAK атқарушы директоры
  • Кристофел Кэмпбелл-Холт, АХҚО соты мен Халықаралық төрелік орталығының тіркеушісі
  • Хамза Әли Мәлік, БҰҰ АТМЭӘК Даму бөлімі үшін макроэкономикалық саясат және қаржыландыру департаментінің директоры
  • Ахмад М.Хасна, Хамад Бен Халифа Университетінің президенті, Доха, Катар
  • Хазем Галяль, PwCмемлекеттік органдар және мемлекеттік секторға қызмет көрсету жөніндегі жаһандық тәжірибесінің басшысы, PwC-дің БАӘ-дегі серіктесі

 

 

15:45 - 17:00
Бөлшек сауда инвесторларының экономикадағы рөлі
Сессия серіктесі: "Фридом Финанс" АҚ
Конгресс-орталығы
"Лондон" залы

Бөлшек сауда инвесторларының экономикадағы рөлі

Ұйымдастырушы: "Фридом Финанс" АҚ

Бөлшек сауда инвесторлары институтын дамыту ауқаттылықты және адам өмірін жақсартудағы озық құралдардың бірі болып саналады. Соңғы он жылда дамыған елдерде сауда бөлшек сауданы инвестициялау статистикалық банк өнімдері мен жылжымайтын мүлікке қаражат салу бойынша басымдыққа ие капиталды басқару механизміне айналды. Сонымен қатар, ТМД елдері ұлттық валюталарының құнсыздануы және жылдық құнсыздануды ескерсек, жеке капиталды тиімді сақтау және көбейту үшін бөлшек сауданы инвестициялау қазақстандықтар үшін инттелектуалды мүмкіндіктің шынайы құралы болуы тиіс.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қаржы нарықтарының даму жағдайын бақылау
  • Құнды қағаздарды дамыту мәселелері
  • Қарыз алысуды дамыту мәселесі

Модератор:

  • Алина Алдамберген, «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) Басқарма төрағасы

Спикерлер:

  • Алина Алдамберген, «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) Басқарма төрағасы
  • Тимур Турлов, FreedomHoldingCorp. негізін қалаушы және басшысы
  • Александр Афанасьев, Мәскеу биржасының (МОЕХ) Басқарма төрағасы
  • Роберт Вотчак, бірінші вице-президент, CBNY Investment Services Corp.