Бағдарлама

13:30 - 17:45
Cyber & Digital Security-2019
Сессия серіктесі: ҚР ЦДҚӘӨМ
«Сингапур» залы
Hilton Astana

Cyber & Digital Security-2019      

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДҚАӨМ), «Касперский зертханасы» АҚ

Ақпараттық және коммуникациялық технологияларын (АКТ) дамыту әр елден бөлек, жалпы адамзаттың экономикалық және әлеуметтік-саяси дамуында маңызды рөлді атқарады. Дегенмен АКТ өсу мен даму үшін қолайла жағдай жасап қана қоймай, сонымен қатар, халықаралық және ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер туғызады. Ақпараттық ортаға ауысқан мемлекетаралық тайталас шиеленістерге әкеп соқтырады, ал бұл ақпараттық соғыстарға алып келуі мүмкін.

Халықаралық ақпараттық қауіпсіздік бүгін «әлемдік тұрақтылықты бұзу және ақпараттық кеңістікте мемлекет пен әлемдік қауымдастықтың қауіпсіздік қатерін құруды шығарып тастаушы халықаралық қатынастар жағдайы» ретінде бағаланады.

1 секция. Мемлекет және цифрлық қауіпсіздіктің экожүйесі

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қазақстан Республикасындағы және әлемдегі Ақпараттық қауіпсіздік заңнамалық базасының ағымдағы жағдайы
  • Қазақстан және әлем үшін қауіп-қатер картасы
  • «Цифрлық Қазақстан» бағдарлама жұмысының нәтижелері
  • АКИАМО)технологиялық қорғау шаралары: реттеушінің көзқарасы
  • Мемлекетті қорғаудың шетелдік заңнамалық және практикалық тәжірибесі

Модератор:

  • Дмитрий Голобурда, Ақпараттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан РеспубликасыныңЦифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Спикерылер:

  • Руслан Әбдіхалықов, Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі(АҚК ЦДҚАӨМ)
  • Олег Биль, Зиянды кодты зерттеу зертханасының бас сәулетші-әзіршеулшісі (басшысы), РМКМТҚ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті
  • Ғани Надирханов, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Ақпараттық қауіпсіздік департаментінің директоры
  • Сәкен Жұмашев, басқарушы серіктес, KPMG-нің Қазақстан және Орта Азия бойынша басқару және тәуекелдер жайында кеңес бері тәжірибесінің басшысы
  • Гонен Варди, STM (Түркия)

2 секция. Процесстер, технологиялар, кадрлар. Цифрлық қауіпсіздіктің іргетасы

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Мемлекетті қорғаудың үздік тәжірибелері
  • Технологиялардың базалық қорғаудан бастап қауіп-қатерлерді болжауға дейінгі эволюциясы
  • Ұйым ішіндегі қорғанысқа жауаптылардың рөлдері
  • АҚЖО командалары, кәсіби дайындық, жұмыс регламенттері
  • АКИАМО-нытехнологиялық қорғау шаралары
  • Цифрлық тұлға, цифрлық көшірме бедерлер, тұлғаның қауіпсіздігі
  • Кадрлар мен технологиялар тоғысқан жердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік

Модератор:

  • Евгений Питолин, Касперский зертханасының Орта Азия және Моңғолия аймағындағы атқарушы директоры

Спикерлер:

  • Евгений Питолин, Касперский зертханасының Орта Азия және Моңғолия аймағындағы атқарушы директоры
  • Рустэм Хайретдинов, InfoWatch бірнші вице-президенті
  • Ғазиз Дөненбай, «Транстелеком» АҚ атқарушы директоры
  • Тимур Абдульменов, Infowatch аймақтық өкілдігінің басшысы
  • Кирилл Ильганаев, Орта Азия бойынша аймақтық менеджері, PaloAlto
  • Назим Латыпаев, жүйелік инженер, Cisco
  • Руслан Стефанов, ТП АБЖ қорғау жөніндегі кеңесші, Honeywell

3 секция. Қоғам және бизнес диалогы

«Цифрлық қауіпсіздік эволюциясы»

Модератор:

  • Андрей Беклемишев, IDC вице-президенті

Спикерлер:

  • Шавкат Сабиров, «Қазақстанның Интернет Қауымдастықтары» ЗТБ президенті
  • Виктор Покусов, «Қазақстандық Ақпараттық Қауіпсіздік Қауымдастығы» ЗТБ төрағасы
  • Арман Әбдірасылов, «Кибершабуылдарды анализдеу және зерттеу орталығы» ЗТБ (КАЗО ЗТБ)
  • Виталий Ли, Орта Азиядағы Ақпараттық қауіпсіздік сарапшылары қауымдастығының төрағасы
  • Арнұр Тоқтабаев, «T&TSecurity» директоры
  • Байжан Қанафин, «Documentolog» ЖШС
  • Д-р Махмут Томанов, Алматы Энергетика және байланыс университеті директорлар кеңесінің кеңесшісі (АЭБУ)
  • Калилалло Байтасов, Қазақстан-Британ Техникалық Университеті (ҚБТУ)
  • Ержан Сейітқұлов, Ақпараттық қауіпсіздік және криптология ҒЗИ директоры, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ)

 

 

15:00 - 16:15
Big Data Conference
Сессия серіктесі: ЭЗИ / Қазақтелеком
«Дубай» залы
Конгресс-орталығы

Big Data Conference

Ұйымдастырушылар: «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, Дүниежүзілік банк, «Қазақтелеком» АҚ

Әр апта сайын 1,3 миллион адам қалаға көшуде және 2040 жылға дейін әлем тұрғындарының 65%-ы қалаларда тұрады деп күтілуде, тағы бір айта кетерлік жайт, қала тұрғындары артуының 90%-ы Африка және Азияда орын алады деп болжануда.

Сарапшылар қалалардағы өмір сапасын жақсарту үшін он жылдан астам уақыттарын жұмсады, олар электрондық велосипедтен көлік кептелісіне дейін төлеу әдісін енгізді.

Ақылды қала — қалалық өмірдің барлық аспектілеріндегі нәтижелерді жақсартуға және өз тұрғындарына ұсынатын қызмет сапасын арттыруға арналған технологиялар.

Ақылды қала атану үшін қалаларға деректер қажет, ұзақмерзімді шешімдер негізделетін сенімді деректер керек.

Ауқымды деректерді кеңейтілуі және Интернет заттары (IoT) технологиясының дамуы ақылды қаланың бастамаларын іске асыруда маңызды рөл ойнады. Ауқымды деректер қалаларға түрлі дереккөздерден жиналған көп мәліметтерден бағалы ақпарат алуға мүмкіндік жасайды, ал IoT жоғары желілі сервистерді қолдану арқылы хабаршыларды, радиожиілікті сәйкестендіру және Bluetooth нақты ортаға біріктіруге жағдай туғызады.

IoT және ауқымды деректер комбинациясы болашақ ақылды қалалардың мақсатқа қол жеткізу жолындағы жаңа әрі қызықты міндеттерін анықтап берген зерттеудің тексерілмеген саласы болып саналады.

Бұл сессияда «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Дүниежүзілік банк және «Қазақтелеком» АҚ бірлесе отыра, ақылды қалалар контекстінде қолданылатын заманауи байланыс технологиялары мен интелектуалдық қосымшаларды сипаттауды жоспарлауда. Қазір ақылды қалаларды қолдауға бағытталған аналитика, соның ішінде ауқымды деректердің түрлі деңгейдегі қала тұрғындарын қалай түбегейлі өзгертетіндігі кеңінен талқылануда. Сонымен қатар, бүгінде ақылды қалаларға арналған ауқымды деректердің бизнес-моделі ұсынылды, сондай-ақ, бизнес зерттеулері мен технологиялық зерттеулердің мақсаттары анықталды. Бұл зерттеулер ауқымды деректер контекстіндегі ақылды қалалардың өркендеуі мен дамуы үшін зерттеушілер мен салаларға бағдар ретінде қызмет етпек.

Smart City менеджерлері қалалық инфрақұрылымға хабаршылар орнату, әрі жаңа дереккөздерін жасақтау, соның ішінде тұрғындардың көмегімен олардың мобильдік құрылғыларын қолдану арқылы дереккөздер құру арқылы ауқымды деректердің анализін қала өмірін бақылау және болджамдауға қолдана алады.

Ауқымды деректер анализі және деректер туралы ғылымға бағытталған аталмыш конференция Астана экономикалық форумында зерттеулердің нақты нәтижелері (case studies) қамтылған презентациялар (case studies) ұсынады, сонымен қатар, мұнда ақылды қалаларды дамытуға бағытталған инновациялық және тәжірибелік идеялармен алмасу және оларды тарату мүмкіндігі де бар. Конференцияда деректер туралы ғылым, деректердің интеллектуалдық анализі, соның ішінде алгоритмдер, бағдарламалық жасақтама, жүйелер және қосымшалардың барлық аспектілері қамтылады.

«Big Data and Smart Cities» деректердің интеллектуалдық анализі, машиналық оқыту, статистика, деректерді визуалдау, кескіндерді тану, мәліметтер базасы және мәліметтер қоймасы, ғылымға негізделген жүйелер және жоғары өнімділікті есептер секілді деректер туралы ғылыммен байланысты түрлі салалар спектрінің зерттеушілері мен жасаушыларын қызықтырады. Ғылыми бағдарламадан бөлек, конференцияда стендтік презентациялар мен қалалар өмірінде ауқымды деректерді қолдану жөніндегі панельдер ұсынылады. Конференцияда ақылды қалалардағы деректерді басқару саласының маңызды мәселелерін шешумен айналысып жүрген жетекші әлемдік компаниялардың инновациялық тәсілдері туралы кеңінен айтылады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Деректердің қауіпсіздігі
  • Деректер негізінде ақылды қалаларды дамытуды жоспарлау
  • Көлік және ауқымды деректер
  • Жаңа трендтер (тақырыптық зерттеулер)
  • Ауқымды деректер негізінде ақылды қалалардың тұрақты дамуы

Модератор:

  • Әсет Тұяқбаев, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Трансформация жөніндегі басқарушы директоры

Спикерлер:

  • Виталий Саттаров, Сколково сарапшысы, Ubic компаниясының негізін қалаушы
  • Антон Мусин, Accenture компаниясының Қазақстандағы атқарушы директоры
  • Вибке Шлёмер, Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) Еуропа және Орталық Азиядағы директоры
  • Вадим Лю, «Кселл» АҚ бизнес-нарықты дамыту жөніндегі директоры

 

 

 

15:00 - 16:15
Қазақстандағы цифрландыру жөніндегі халықаралық сараптамалық кеңесі «Тұрақты әлеуметтік дамуға қол жеткізу үшін цифрландыру»
Сессия серіктесі:
"Astana hub" IT-стартаптардың Халықаралық технопаркі"
(Мәңгілік Ел данғ., 55/23, павильон С-4.6)

Қазақстандағы цифрландыру жөніндегі халықаралық сараптамалық кеңесі «Тұрақты әлеуметтік дамуға қол жеткізу үшін цифрландыру»

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ  

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индикаторларын сапалы іске асыру және қол жеткізу мақсатында 2018 ж. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жанындағы Қазақстандағы цифрландыру жөніндегі халықаралық сараптамалық кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылды.

Кеңестің негізгі міндеті - Қазақстан Республикасында цифрландыруды дамыту, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобалар, іс-шаралар мен бағдарламалар бойынша ұсыныстар әзірлеу, консультациялар және сараптамалық қорытындылар беру болып табылады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Жедел әлеуметтік-экономикалық дамуға арналған цифрлық технологиялар

Модератор:

  • Андрей Беклемишев, IDC вице-президенті

Сәлемдесу сөзі:

  • Асқар Мамин, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Спикерлер:

  • Роберт Фэриш, ТМД және Ресей аймағындағы IDC Вице-президенті
  • Джейн Тредвелл, Дүниежүзілік банктің цифрлық дамудың практикалық жетекшісі
  • Ясмин Махмуд, Цифрлық экономиканы трансформациялау жөніндегі консультант
  • Ивар Талло, Электрондық басқару академиясының құрылтайшысы
  • Лиам Максвелл, Amazon Web Services-дегі Үкіметтік трансформация жөніндегі директор
  • Бруно Ланвин, INSEAD атқарушы директоры
  • Джефф Мерритт, Дүниежүзілік экономикалық форумның IoT, Робототехника және Smart cities басшысы

 

 

16:30 - 18:30
Ауыл шаруашылығын цифрландыру: нақты егіншіліктен «ақылды фермаларға» дейін
Сессия серіктесі: ФАО БҰҰ / ҚР АШМ
«Нью-Йорк» залы
Конгресс-орталығы

Ауыл шаруашылығын цифрландыру: нақты егіншіліктен «ақылды фермаларға» дейін

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түліктік және ауыл шаруашылық ұйымы (ФАО)

Қазіргі таңда әлем ақпарат, идеялар және инновацияларды қамтитын мәліметтер ағыны байқалатын цифрлық жаһанданудың дәуіріне аяқ басты. Сарапшылардың болжалды мәліметтеріне сенсек, 2020 жылға дейін әлемдік экономиканың 25%-ы мемлекетке, бизнеске және қоғамға тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін цифрлық технологияны ендіруге көшеді. Дамыған елдер индустрияландыруды аяқтап, өз экономикасын қайта жандандыратын болады. Олар жасанды интеллект, автоматтандыру және цифрлық платформалар басымдық танытатын инновациялық технологияларды қарқынды түрде дамытуда. Бүгінде ғылыми-технологиялық зерттемелерге жұмсалатын жаһандық шығын 2,0 триллион АҚШ долларын құрайды, жыл сайынғы өсім – 4,0%.

Қазақстандағы цифрлық технология ұлттық экономиканы әртараптандыру, оны шикізаттық бағыттан индустриалдық-сервистік модельге қайта бағдарлаудың негізгі жолы ретінде қарастырылады.

Ауыл шаруашылығы секілді дәстүрлі салалар, соның ішінде қоршаған ортаға зиянын тигізетін жаппай өндіріу мен қолдануды қамтамасыз ететін егін және мал шаруашылығындағы будандастыру және клондау маңыздылығын жоғалтуда. Олардың орнын машиналық үйрету, нейрожелілер, цифрлық платформалар, 3D баспа, робототехника, биосенсорлар мен Big Data арқылы «ақылды» агротехнологиялар алмастырып келеді. Саланы жандандырудың мүмкіндіктері мол. Ауыл шаруашылығы дәстүрлі саладан көптеген тәжірибелік мәселелерді шешу үшін бұрын болмаған инновациялық шешімдер мен зерттемелер үшін жаңа нарықтар құруға қабілетті жоғары технологиялық салаға айналып келеді. Интеллектуалды цифрлық шешімдердің елдегі ауыл шаруашылығына, атап айтсақ, бұл саладағы еңбек өнімділігін арттыру және оның тұрақты өсуіне қатысты мәселелерді шешу жолында көмектесетін кезі келді.

Ауыл шаруашылығы экономиканың осал саласы болып саналады, әрі ол көп ретте климаттық факторларға тәуелді. Уақыт өте келе әлемдегі климат өзгерісінің азық-түліктік қауіпсіздікке әсері өсетін болады. Интенсивтік, маусымдық және жауын-шашын мөлшері болжай алмайтын деңгейге жетуде, бұл аграрлық бизнестің мұндай типтес өзгерістерге бейімделу мүмкіндігін азайтады. Бұған климаттық өзгеру салдарынан пайда болған қуаңшылық пен су тасқындары нәтижесінде ел экономикасына тиген үлкен зардапты қосуға болады. Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру: тәуекелдерді азайту, климат өзгерісіне бейімделу, ауыл шаруашылығы мәдениеттерінің шығымдылығы мен малдардың өнімділігін арттыру, егін жұмыстарын уақытылы жоспарлауға мүмкіндік береді. Ғылымға негізделген тәсілдер және тиімді ресурстарды қолдану негізінде өнім өндірудегі шығындарды азайту, оның сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру — бұл ауыл шаруашылығын цифрландырудың басты мақсаты. Ауыл тауар өндірушілерін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету сату және сатып алу жұмысына транзакциялық шығындарды төмендетеді, егін алқабынан тұтынушыға жеткізу тізбегін жеңілдетеді әрі білікті қызметкерлердің тапшылығын қысқартады. Ауыл кәсіпкерлері аз ресурсты қамтитын азық-түлікті өндіру қажет. Сол себепті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру технологияларына үлкен бір серпіліс қажет. Ауыл шаруашылығында бұрынғы дәстүрмен, яғни цирфландырусыз жұмыс істеуді жалғастыру – демек әлемдік бәсекелестіктен жеңілу. Фермер нарықта бәсекеге қабілетті болып қалу үшін тұтынушылар сұраныстары мен талаптарына байланысты өз өнімдері бойынша ұсыныстарды болжай білу керек.

Дұрыс, қазіргі тілмен айтқанда, «ақылды» басқарушылық шешім қабылдау үшін фермер спутниктік кескіндер, алқапты әртарапты өңдеу алгоритмдері, жоғары технологиялық хабаршылар, мобильдік қосымшалар және GPS-жүйелер секілді цифрлық меңгеруі тиіс.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Фермерлер үшін қаржылық қолжетімділікті арттыру
  • Білім мен ақраратты тарату, технологиялар трансфертін жоғарылату, аграрлық сектордағы мемлекеттік қолдау институттарын дамыту
  • Спутниктік бақылау және АӨК-дегі биофизиикалық параметрлер
  • Сүт және ет малшылығы үшін нақты егіншілікті қолдау үшін бақылау технологияларының әлеуеті
  • Органикалық ауыл шаруашылығын цифрландыру

Модератор:

  • Рақым Ошақбаев, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Спикерлер:

  • Сапархан Омаров, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
  • Александр Субботин, Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп пен ауылшаруашылық кешені жөніндегі коллегия мүшесі (Министр)
  • Марсель Андрисс, Еуропа және Орта Азия аумағындағы Агро-қайта сақтандыру жөніндегі басшысы, SwissRe компаниясы
  • Джордж Драган, KAZBEK коммерциялық бөлімшесінің басшысы (Қазақстан, Беларусь, Кавказ және Орталық Азия елдері) Syngenta компаниясы
  • Джеральд Хэррманн, Organic Services GmbH директоры
  • Джордж Возикиc, Шығыс Еуропа және Орта Азия елдеріндегі сатылым жөніндегі директор, Airbus компаниясы
  • Андрей Андрейчук, CROPIO компаниясының EMEA өңірі бойынша басшысы

 

 

09:00 - 10:15
Жасанды интеллект: адамдар, қалалар және салалар үшін шешімдер
Сессия серіктесі: ЭЗИ / BCG
«Бейжің» залы
Конгресс-орталығы

Жасанды интеллект: адамдар, қалалар және салалар үшін шешімдер

Ұйымдастырушылар: «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, BCG

Он жылға созылған зерттеулер мен бірыңғай пилоттық жобалардан соң, жасанды интеллект (ЖИ) экономикалық өсім тетіктерінің біріне айналды. Компаниялар мен ұйымдар жасанды интеллектті ағымдағы және инновациялық үдерістер, өнімдер мен қызметтердің кең шоғырына табысты қолдана бастады. Жасанды интеллект цифрландыру және үлкен мәліметтермен байланысты қиындықтарды шешуде бизнес үшін аса маңызды.

Бүгінде адамдар өмірінің сапасын жоғарылату және қалаларды дамыту үшін жасанды интеллект негізінде шешімдері қолдану әлеуеті анық байқалуда. Интеллектуалдық көлік жүйелері, «ақылды» энергетикалық шешімдер, «ақылды» үйлер ифрақұрылымның тиімділігі мен өткізбелі қабілетін көтеруге, онымен байланысты шығындарды және адамдарды сол инфрақұрылымды қолдануын оңталандыруға бағытталған. Денсаулық сақтау саласындағы сервистер медициналық қызметтерге қолжетімділктің жеңілдетуге, ұзақ өмір сүруді қамтамасыз ететін өмір үлгісі бойынша емделулер мен ұсыныстарды дербестеуге жағдай туғызады.

Алайда, жасанды интеллект технологияларын дамытудағы ғылыми прогресс пен бұл технологияны күнделікті өмірге енгізуден бақыланатын экономикалық әсерге қарамастан, бүгінде жасанды интеллектінің жағымды әсерін жоққа шығаратын бірқатар үлкен сын-тегеуріндер мен тәуекелдер пайда болуда.

Жасанды интеллектіні ендірудегі қиындықтары ақпарат жинау, инфрақұрылым құру және нормативтік-құқықтық қатынастар мен моралдық-этикалық мәселе қауіпсіздігін қамтитын бірнеше блоктарға бөлінеді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Елдің игілігі, қалалар мен экономиканы дамыту үшін жасанды интеллект негізінде шешімдерді қолданудың мүмкіндіктері мен пайдасы қандай?
  • Бұл шешімдердің тек пилоттық енгізілім емес, сонымен қатар, күнделікті үдеріс пен қызметтің ажырамас бөлігі атануы үшін не істеу қажет?
  • Бұл ретте саясат пен бизнестегі киберқауіпсіздіктің үдемелі тәуекелдерін қалай басқаруға болады?
  • Жеке мәліметтерді қорғаудағы құқықты сақтау мен дербестелген өнімдер мен сервистерді алу арасындағы ұтымды теңгерім қандай?
  • Жасанды интеллектінің тұрақты моделдік және оңтайландырылған механизмі және сәйкестендіруші инфрақұрылымын қалай ұйымдастыруға болады?

 Модератор:

  • Александр Жоров, BCG серіктесі және атқарушы директоры

Спикерлер:

  • Пол Ромер, Дүниежүзілік банктің бас экономисі (2016-2018), Экономика бойынша Нобель сыйлығы (2018)
  • Дмитрий Песков, РФ Президентінің цифрлық және технологиялық даму мәселелері жөніндегі арнайы өкілі
  • Қуанышбек Есекеев, Қазақстандық мультисервистік оператор – «Қазақтелеком» АҚ Басқармасының төрағасы
  • Джейн Тредвелл, Дүниежүзілік банкі цифрлық даму тәжірибесінің жетекшісі
  • Георгий Ранделов, Орталық және Шығыс Еуропа елдер тобының мемлекеттік сектор мәселелері жөніндегі директоры, Microsoft
  • Джозеф Зиглер Кеннет, "Astana hub" IT-стартаптардың Халықаралық технопаркі" Корпоративтік қорының Бас директоры

 

10:30 - 11:45
Индустрия 4.0 және Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі
Сессия серіктесі: МНЭ РК, АО «QazTech Ventures», АО «ИЭИ», ВЭФ
«Дубай» залы
Конгресс-орталығы

Индустрия 4.0 және Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі

Ұйымдастырушылар:Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, «QazTech Ventures» АҚ, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, Дүниежүзілік экономикалық форумы (ДЭФ)

Төртінші Өнеркәсіптік Революция еңбек өнімділігінен, саудадан және адами капиталдың тиімділігінен бастап, қоғам құрылымындағы ықтимал өзгерістерге және цифрлық өзгеру процесіндегі мемлекеттің жаңа рөліне дейінгі әлемдік экономиканың барлық құрылымына ықпал етеді.

Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін табысты енгізу үшін қолайлы жағдай жасау, оның ішінде нормативтік құқықтық база мен тұтастай инфрақұрылымды жетілдіру қажет.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері және Дүниежүзілік Экономикалық Форум Өкілдері «ақылды» қалалар және тез өнеркәсіптік даму үшін қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ететін «Заттар интернеті» анағұрлым перспективалы технологиялық салалардың бірінде жаңа нормативтік –құқықтық актілерді әзірлеу бойынша бірлескен бастама көтерді.

ДЭФ-пен ынтымақтастық шеңберіндегі бірлескен жұмыстар нәтижелері бәсекеге қабілеттілікті арттыру және индустрия 4.0 элементтерін табысты енгізуге, Қазақстанның, сондай-ақ ЕАЭО -ның сауда саясатын жүргізуге қолайлы жағдайлар жасау бойынша басқа технологиялық бағдарламалар үшін негіз ретінде қолданылатын болады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Жаңа технологиялардың Қазақстан мен ЕАЭО елдерінің бәсекеге қабілеттілігіне ықпалы
  • Төртінші Өнеркәсіптік Революцияның елдердің бәсекеге қабілеттілігіне ықпалын өлшеу
  • Төртінші Өнеркәсіптік Революция элементтерін іске асыру кезінде бәсекеге қабілеттілікті қолдаудағы Қазақстан үшін әлеуетті тәуекелдер.
  • Цифрландыру және төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін енгізу бойынша әлемдік тәжірибе
  • IoT саласындағы заң шығару жұмыстары бойынша қызметті іске асыру

Модератор:

  • Марат Омаров, «QazTechVentures» АҚ Басқарма төрағасы

Спикерлер:

  • Роман Скляр, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
  • Кеннет Рогофф, Гарвард университетінің экономика профессоры, ХВҚ бас экономисі(2001-2003)
  • Дмитрий Песков, РФ Президентінің цифрлық және технологиялық даму мәселелері жөніндегі арнайы өкілі
  • Қуанышбек Есекеев, Қазақстандық мультисервистік оператор – «Қазақтелеком» АҚ Басқармасының төрағасы
  • Андерс Йонссон, ЕЭК экономикалық ынтымақтастық және сауда бөлімінің инновациялық саясат бөлімінің басшысы
  • Анастасия Калинина, Дүниежүзілік экономикалық форумының еуразиялық бағыты жөніндегі басшысы

 

12:00 - 13:15
Киберспорт — жаһандық цифрлық экономикадағы тауаша ретінде. Қазақстанның әлемдік киберспорт нарығына интеграциялану жолдары
Сессия серіктесі: "Қазақтелеком" АҚ
АХҚО
(Мәңгілік Ел данғ., 55/23, павильон С-4.4)

Киберспорт — жаһандық цифрлық экономикадағы тауаша ретінде. Қазақстанның әлемдік киберспорт нарығына интеграциялану жолдары

Ұйымдастырушылар: «Қазақтелеком» АҚ, «Қазақстандық Киберспорт Федерациясы» ӨҚҰ

Киберспорт соңғы уақытта қарқынмен дербес дамып келе жатқан салаға айналып, әртүрлі мемлекеттердің цифрлық экономикалары үшін тауаша болып отыр. Киберспорт қазіргі уақытта спорттың серпінмен дамушы түрі болып табылады: телеком, бейнеойындар өндіру индустриясы, арнайы жабдықтар мен құрылғылар, онлайн платформалар, тікелей эфирдегі ойындар трансляциясы («стриминг»), жарнаманы орналастыру және басқа да коммерциялық қызмет түрлері онымен тығыз байланыста.

Осыған байланысты, тауарлары мен қызметтерін, компания мен жұмыс берушінің имиджін алға жылжыту үшін киберспортқа аса зор қызығушылық көрсетіп жүрген дүние жүзіне белгілі компаниялардың қарасы артып келеді (соның ішінде Intel, HP, Alibaba Group, Adidas, Procter&Gamble, MasterCard, Castrol, Audi, Mercedes, Mail.ru Group, т.б.). 2017 жылы киберспорт нарығы 655 млн АҚШ долларына бағаланып, 2018 жылы бұл көрсеткіш 906 млн АҚШ долларын құрады. Ал мамандардың болжамына қарағанда, ол 2021 жылға қарай 1.6 млрд АҚШ долларына жетеді. Сонымен қатар киберспорт аудиториясы әлемде шамамен 557 млн адамға жетуі мүмкін.

Қарқынды өсімге қарамастан, жаһандық дамуды ерте сатысында тұр деп есептеуге болатынын ескере отырсақ, киберспорт іс-шараларын өткізу жүйесінің өзінің белгілі бір тауашасында, сондай-ақ киберспорттың қаржылық инфрақұрылымында Қазақстанның көшбасшы орын алуына айтарлықтай мүмкіндік бар. Мысал үшін, Қазақстан «Киберспорт турзиміне» назар аударып, Қазақстанды киберспорттың негізгі пәндері бойынша өңірдің киберспорттық астанасы ретінде алға жылжыту үшін адами және қаржылық ресурстарды бағыттау, АХҚО базасында халықаралық киберспорт арбитражын орналастыру мүмкіндігіне ие. Жергілікті деңгейде жастар арасындағы танымалдылық, жарнама берушілер мен инвесторлар үшін жаппай қамту есебінен коммерцияландырылатын дербес сала әрі спорттың танымал түрін жасау мүмкіндігі бар. Сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» МБ белсенді дамуы, қазірде киберспорт пәнін ресми тану, өңірлік чемпионаттарды өткізу, нарықтың мүдделі тараптарының болуы, Астана Хаб, АХҚО, Экспо базасындағы Astana IT University және басқа халықаралық алаңдардың дамуы, сондай-ақ халықаралық іс-шараларды өткізу үшін дайын инфрақұрылым болуы осы тақырыптың өзектілігін арттырады.

Осы жалпы сессияның міндеті халықаралық қонақтармен киберспортты, соның ішінде жаһандық цифрлық экономикадағы киберспорттың орны, киберспорт нарығының әлемдік трендтерін, ірі компаниялар мен әртүрлі мемлекеттердің қызығушылық таныту себептерін, киберспорттың әлемдік нарыққа тиімді интеграциялану мәселелері мен жолдарын экономикалық тұрғыдан талқылау, нақты қорытындылар шығарып, Қазақстанның алдағы қадамдарын пысықтау болып табылады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Киберспорттың әлемдегі спорт және сала ретінде даму себептері;
  • Ірі компаниялар мен әртүрлі мемлекеттердің қызығушылық таныту себептері, киберспортпен іргелес салалар нарығының құрылымы;
  • Жаһандық трендтер, нарықтың негізгі ойыншылары, кейстер және шетелдік тәжірибе;
  • Киберспорт дамуының ерекшелігі мен кезеңділігі – спорттық пән және Қазақстанның цифрлық экономикасының жаңа саласы ретінде;
  • Қазақстанға киберспортты қаржылық институцияландыру, нарықтың жергілікті және шетелдік ойыншыларын тарту, спорттың және қазақстандық командалардың жүйелік дамуы, киберспорттық туризм және жаһандық нарыққа интеграциялану үшін не қажет?

Модератор:

  • Степан Шульга, Parimatch Халықаралық холдингі eSports бөлімінің бастығы
  • Қуанышбек Есекеев, «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы, «Қазақстандық Киберспорт Федерациясы» ӨҚҰ Президенті

Спикерлер:

  • Эмин Антонян, Ресей Компьютерлік спорт федерациясы Басқарма төрағасы
  • Джейсон Фанг, Alisports электрондық спорт жөніндегі жаһандық директоры (Alibaba Group спорт индустриясындағы еншілес компаниясы)
  • Ярослав Мешалкин, ESforce киберспорт холдингінің (Mail.Ru Group мүшесі) стратегиялық коммуникациялар жөніндегі директоры, Ресей
  • Михеев Андрей, U Can Company ЖШС-ның даму директоры және бірлескен иесі

 

12:00 - 13:15
Мұнай-газ саласындағы технологиялар мен инновациялар: Халықаралық тәжірибе және Қазақстан үшін оқшаулау және даму перспективалары
Сессия серіктесі: Dasco Consulting Group / РФ Ұлттық мұнайгаз форумы
«Дубай» залы
Конгресс-орталығы

Мұнай-газ саласындағы технологиялар мен инновациялар: Халықаралық тәжірибе және Қазақстан үшін оқшаулау және даму перспективалары

Ұйымдастырушылар: Dasco Consulting Group, Ұлттық мұнай-газ форумы

Елдің экономикалық дамуы өнеркәсіптің негізгі салаларында қазіргі заманғы технологияларды қолданусыз мүмкін емес. Бұл ретте көптеген технологиялық шешімдер шетелде әзірленеді, ал олардың импортының құны экономикалық өсу моделімен үйлеспеуі мүмкін. Мәселені шешудің бір жолы – технологиялық шешімдердің құнын жасаудың негізгі элементтерін елдің ішіне көшіру арқылы технологиялардың құнын төмендету. Егер «әзірлемелер немесе R&D» атымен белгілі технологиялық шешімдердің құны тізбегінің түйінді буынын көшіру орта мерзімді перспективада көп жағдайда қолжетімсіз болса, өндірістің белгілі бір элементтерін оқшаулауға әбден болады.

Ол үшін технологияларды оқшаулау және жергілікті қамтуды дамыту үшін басым салаларды айқындайтын, ынталандыру жасайтын және инфрақұрылымдық және заңнамалық қолдауды қамтамасыз ететін нысаналы мемлекеттік саясат қажет. Технологияларды сәтті жолмен жергіліктендіру кезінде технологияларды импорттаушы ел оның ішінде құрылған бірегей технологиялық шешімдердің тауашалық экспорттаушысына айналған бірқатар мысалдар тарихқа мәлім.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Мемлекеттің қандай салалары технологиялық шешімдерді оқшаулауды қажет етеді? Олардың қайсысы тестілеу және сыртқы әлем үшін жаңа тиімді шешімдерді жасау және экспорттау үшін полигон бола алады?
  • Технологиялық шешімдерді оқшаулау мәселелері және Қазақстан мұнай-газ саласы үшін стратегиялық маңызы негізінде жаңа тиімді зерттемелерді құру перспективалары
  • 4.0 индустриясы секілді технологиялық дамудың заманауи трендтерінің контекстінде мұнай-газ өнеркәсібі үшін жаңа мүмкіндіктер және олардың өндіріс тиімділігі, жұмыс орындарын құруға ықпалы және елдің экономикалық дамуының перспективалары

Модераторлар:

  • Дәрмен Сәдуақасов, «Dasco Consulting Group»атқарушы серіктесі
  • Максим Нечаев, «IHS Markit» консалтинг жөніндегі директоры

Спикерлер:

  • Оливье Лазар, «Shell» компаниясының Қазақстандағы бөлімшесінің басшысы
  • Мұрат Жүребеков, «PSA» компаниясының Басқарма төрағасы

Пікірсайысшылар және Конференцияның негізгі қатысушылары:

  • Әсет Мағауов, Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі
  • Майкл Лалли, АҚШ Елшілігі Коммерциялық қызмет жанындағы Еуразиялық аймақтағы сауда мәселелері жөніндегі министр-кеңесші
  • Кеннет Рогофф, Гарвард университетінің экономика профессоры, ХВҚ бас экономисі(2001-2003)
  • Әлішер Әбдіқадыров, «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ Басқарма төрағасы
  • Асылбек Жәкиев, «Атамекен» ҰКП мұнай-газ операторларымен өзара әрекеттесу жөніндегі ресми өкілі
  • Нұрлан Жұмағұлов, Мұнай-сервистік компаниялар одағының бас директоры
  • Айдар Досбаев, «ТШО Болашақ кеңейту жобасы» бас директорының орынбасары
  • Зарина Бакенова, «Shell» компаниясының сыртқы байланыс және Үкіметпен қатынас бөлімшесінің басшысы
  • Данияр Салимбаев, «Total E&P Kazakhstan» компаниясы GR-департаментінің басшысы

 

14:15 - 15:30
Цифрлық трансформация – ЕЭО-дағы қатынастың жаңа түрі
Сессия серіктесі: ЕЭК
«Нью-Йорк» залы
Конгресс-орталығы

Цифрлық трансформация – ЕЭО-дағы қатынастың жаңа түрі

Ұйымдастырушылар: Еуразиялық экономикалықкомиссия, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДҚАӨМ)

Еуразиялық экономикалықкомиссия(ЕЭК) – Еуразиялық экономикалық одақтың ұлттық органдардан жоғары тұратын тұрақты реттеуші органы.

ЕЭК құру туралы шешімнің негізі – бес мемлекет бірігу арқылы жаһандық тұрақсыздықтың жағымсыз нәтижелерін төмендетіп қана қоймай, сонымен қатар, сыртқы нарықтарда өздерін белсенді жайғастыру. Еуразиялық экономикалық одақ бұл бірлестіктің мақсаттарына ортақтасатын және өздерінен талап етілетін міндеттерді қабылдауға әзір басқа да мемлекеттердің Одақ жұмысына қатысуына ашық екендігін білдіреді.

Еуразиялық экономикалық комиссиянегізгі мақсаты — ЕЭО дамуы мен қызметі шарттарымен қамтамасыз ету, ары қарай біріктіру жөнінде ұсыныстар жасау. Қазіргі таңда ЕЭК құрамында бес мемлекет бар: Армения Республикасы, БеларусьРеспубликасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы.

Жеткізілім тізбегінің цифрлық трансформациясы мен Еуразиялықэкономикалық одақ барлық кеңістігіне бірыңғай электрондық-ілеспе құжаттамаларды енгізуөнімді, соның ішінде жаңа өнімдерді жеткізуді тездетуге мүмкіндік береді, бизнес үшін әкімшілік шығын көлемін азайтады.Бұл өзара тауар айырбасының өсуіне алып келеді. Мұның бір құралы ретінде трансшекаралық кеңістікті және электрондық цифрлық қолтаңбасын қолдануды айтуға болады. Бұған қоса, мәселелерді оңтайлы жолмен шешуге мүмкіндік беретін бизнес пен технологияның жаңа модельдері пайда болады, сол себепті олар нарық қатысушыларымен кеңейтілген талқылауды талап етеді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Еуразиялық цифрлық экожүйелерді қалыптастыру, экономиканың цифрлықтрансформациясы– ЕЭО-дағы қарым-қатынастың жаңа формасы
  • «Еуропалық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде электрондық ілеспе құжаттамалар жобасын енгізу және өзара мойындау
  • Электрондық ілеспе құжаттары бизнес жүргізуді жеңілдету және айқындық үшін
  • Сәйкестендіру жүйесін құрудағы халықаралық стандарттардың қолданылу және ЕЭО цифрлық күн тәртібін дамыту контекстіндегі мәліметтерді электрондық тәсілмен алмасудағы тәжірибесі
  • ЕЭО-дағы трансшекаралық сенім кеңістіктігін дамыту, B2B, B2G концепциялары
  • Трансшекаралық сенім кеңістіктігінің модельдері, бизнес көзқарасы жағынан B2G қолдану
  • Бизнес және оның мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестігі, соның ішінде блок-чейн технологияларын қолданудың цифрлық ортадағы қорғалған сервистеріне арналған қауіпсіздікпен қамту үрдістері
  • Трансшекаралық электрондық ілеспе құжаттамалар бойынша жаһандық пилоттық жобалардың тәжірибесі
  • Трансшекаралық келісімдер жасау үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану

Модератор:

  • Александр Петров, ЕЭО Ішкі нарықтар, ақпараттандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі коллегия мүшесінің (Министр) көмекшісі

Спикерлер:

  • Тигран Тигранян, Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясы төрағасының көмекшісі
  • Алексей Серегин, «Ұлттық электрондық қызметтер орталығы» РУК директорының орынбасары, Беларусь Республикасы
  • Сергей Кирюшкин, «Газинформсервис» ЖШҚ бас директорының кеңесшісі
  • Екатерина Силантьева, БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ АзТМЭӘК) кеңесшісі
  • Бикеш Курмангалиева, Қазақтелеком АҚ атқарушы директоры
  • Евгений Якушкин, Беларусь Ұлттық ғылым академиясы «Сәйкестендіру жүйелері және электрондық іскерлік операциялар» Салаларалық ғылыми-тәжірибелік орталығы» Ғылыми-тәжірибелік республикалық унитарлық кәсіпорны электрондық ресурстар басқармасының басшысы
  • Геннадий Волнистый, Беларусь Ұлттық ғылым академиясы «Сәйкестендіру жүйелері және электрондық іскерлік операциялар» Салаларалық ғылыми-тәжірибелік орталығы» Ғылыми-тәжірибелік республикалық унитарлық кәсіпорнының техникалық директоры
  • Таалай Байтереков, ЕЭО Ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары
  • Александр Сазонов, «Касперский зертханасы» АҚ жобалар жетекшісі
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің өкілі