Бағдарлама

10:30 - 12:00
Жаһандық экономиканың баяулауы: ауқымды рецессияның қалай алдын алуға болады?
Сессия серіктесі: Бреттон-Вудстың жаңарту бойынша комитеті
«Мәскеу» залы
Конгресс-орталығы

Жаһандық экономиканың баяулауы: ауқымды рецессияның қалай алдын алуға болады?

Ұйымдастырушы: Бреттон-Вудс Жаңарту жөніндегі комитеті

Қазіргі күні әлемдік экономика синхрондалмаған қалыпта. Әлемнің екі ірі экономикасы сауда соғысын жүргізуде, Еуропа БРЕКСИТ жөнінде қамығуда, жаһандық экономика баяулай бастады, әлемдік сауда қысқартылуда, протекционизм екпіндеп күшею үстінде, тоғыспалы санкциялардың көлемі азаймауда, ал егер бұл қатарға геосаяси тәуекелдерді қосса — бұл 2019 жылы әлемдік экономикаға төнген ықтимал дағдарыстың дайын рецепті болуы мүкмін. Бұл үдеріс ұлттық валюталар мен дамушы нарықтарға кері әсерін тигізетін дамыған елдердегі монетарлық саясаттың қалыпқа келтірілуімен одан сайын күшейе түсуде. Жаһандық нарықтар құбылмалылықтың жаңа дәуіріне аяқ басуда, себебі әлем он жылға жалғасқан ультра-жұмсақ ақша-несиелік саясатынан соң, жоғары пайыздық мөлшерлемеге бейімделуде.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Толық ауқымдағы протекционизм жағдайында жаңа жаһандық экономиканың сұлбасы қандай болады?
  • Протекционизм жаһандық экономиканың өсуіне қандай әсер тигізеді?
  • Аталмыш үдерістердің тез дамушы экономикадағы қаржы дағдарысының триггері бола алатын жаңа жаһандық экономикалық құлдырауға алып келуі мүмкін бе? (дағдарыс белгілері қазірдің өзінде ірі дамушы экономикаларда байқалады: Аргентина, Түркия және т.б.)

Модератор:

  • Джон Дефтериос, дамушы нарықтар мәселелері жөніндегі редактор және жүргізуші, CNNBusiness

Спикерлер:

  • Морис Обстфельд, Экономика профессоры, Калифорния университеті, Беркли, ХВҚ бас экономисі (2015-2018)
  • Джастин Лин, Бейжің университеті Ұлттық даму мектебінің профессоры, Қытай Халық Республикасы, Дүниежүзілік банктің бас экономисі және аға вице-президенті (2008-2012)
  • Стэнли Фишер, АҚШ Федералды резервтік жүйесінің вице-төрағасы (2014-2017)

 

13:30 - 14:45
Бизнес үшін Еуразиялық экономикалық одақ: инвестициялық болжау, мүмкіндіктер, перспективалар
Сессия серіктесі:
«Дубай» залы
Конгресс-орталығы

Бизнес үшін Еуразиялық экономикалық одақ: инвестициялық болжау, мүмкіндіктер, перспективалар

Ұйымдастырушылар: Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті

Еуразиялық экономикалық интеграция бизнеске кең жалпы нарыққа ырықтандырудың қолжетіміділігі бойынша едәуір мүмкіндіктер сыйлады. Алайда, кәсіпкерлер ЕЭО басымдықтарын толық өлшемде қолдана алмайды және оны қолдануға асықпайды.

ЕЭО-та бизнес жүргізу үшін қажетті экожүйені қалыптастыру – тауарлар және қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, сәйкесінше, экономикалық өсу қарқынын жылдамдатуды шешетін маңызды мәселе. Сонымен қатар, ЕЭО-та бизнесті дамытудағы негізгі мәселелердің бірі – түрлі кедергілер, жеткіліксіз деңгейдегі ақпаратпен қамту және ЕЭО ұсынған мүмкіндіктерді пайдаланбау, сонымен қатар, Одақтың әр мемлекетіндегі бизнес үдресітерін реттеудің өзгеше жағдайы.

Еуразиялық кеңістіктегі бизнесті дамыту үшін интеграциялық үдерістердің үлесі қандай?

Еуразиялық интеграциялық жобаның жалпы ЕЭО және әр мемлекеттегі бизнес климатты жақсартуға тигізетін жағымды әсерін қалай бағалауға болады?

Еуразиялық интеграция және бәсекелестік құзіретті қолдану арқылы бизнесті жүргізу және инвестициялау кезінде синергетикалық нәтижеге қалай қол жеткізуге болады?

Қалайша ішкі реттеуді қатайту үрдісі мен ұлттық протекционизм ортадан тепкіш күшін интеграцияның ортаға тартушы күшіне айналдырып және инвестициялық әлеуетті еуразиялық кеңістікке тоғыстыруға болады?

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Еуразиялық интеграциялық үдерістердің ЕЭО елдерінің халықаралық рейтингтердегі позицияларына әсері (Doing Business, The Global Competitiveness Index).
  • Интеграциялық бірлестіктегі «Бизнес ерікндіктің индексі»: әдістеме жасау және бақылау жүргізудегі идея және ықтимал тәсілдер?
  • Үздік ұлттық тәжірибелер мен қолайлы инвестициялық климатқа қол жеткізу механизмдерін қалайша еуразиялық форматқа ауқымдаса болады?
  • Одақ мемлекеттері реттеушілері және ұлттық бизнестерінің өзара сенімдерін қалай көтеруге болады?: имплементация, үйлесімдік, әкімшілік ынтымақтастық?
  • Бизнесті адвокаттаудың жоғары тұрған ұлттық құралдары: құрылған база және кеңейту қажеттілігі.
  • ЕЭО-та бизнес жүргізудегі «өмірлік циклдің» ерекшеліктері (құрылуы, жұмыс істеуі, тоқтатылуы).
  • Аймақтық интеграция немесеұлттық протекционизм: бірыңғай нарық басымдықтары мен Одақ туралы келісімнің «кәсіпкерлік-инвестициялық» кепілдерін қолдану арқылы трендтердің қақтығысының қалай алдын алуға болады?

Модератор:

  • Станислав Наумов, ЕЭО Іскерлік кеңесі хатшылығының жетекшісі

Спикерлер:

  • Ғалия Жолдыбаева, Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры
  • Амангелді Исенов, Еуразиялық даму банкі (ЕДБ)Басқарма төрағасының орынбасары
  • Данил Ибраев, Қырғыз өнеркәсіп иелері мен кәсіпкерлер одағының президенті
  • Евгений Больгерт, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер одағының (ҚР ҰКО) Басқарма төрағасы
  • Стефка Славова,Дүниежүзілік банкінің Орта Азиядағы қаржы, бәсекеге қабілеттілік және инновациялар жөніндегі өңірлік өкілдіктің жетекші экономисі
  • Олег Гощанский, KPMG International Директорлар кеңесінің және Еуропа, Таяу Шығыс және Африка аймағы бойынша KPMG Директорлар кеңесінің мүшесі;  Ресей мен ТМД-дағы KPMG басқарма төрағасы және басқарушы серіктесі

 

 

 

 

13:30 - 14:45
Бейресми экономика. Цифрлық төлемдер экономикалық ашықтықты арттыру факторы ретінде
Сессия серіктесі: Visa
«Токио» залы
Hilton Astana

Бейресми экономика. Цифрлық төлемдер экономикалық ашықтықты арттыру факторы ретінде

Ұйымдастырушы: VISA ғаламдық технологиялық төлем компаниясы

Бейресми экономика өкіметтердің қызметтер көрсету мүмкіндіктерін шектеп, бәсекелестіктің дамуына кедергі жасап, әділ емес еңбек тәжірибесіне септігін тигізеді. Барлық транзакцияны ресми экономикаға ауыстыру бірқатар артықшылықтарға қол жеткізу мүмкіндігін береді, соның ішінде табыстары төмен азаматтар үлесін азайтуға, жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға, әлеуметтік жеңілдіктерге қол жетімділікті кеңейтуге және инфрақұрылымды, білім мен денсаулық сақтауды дамытуды жылдамдату үшін қажетті қосымша салықтық түсімдерге.

Бүкіл әлем елдерінің үкіметтері бейресми экономиканы зерттеуге және оның дамуы салдарынан туындайтын салықтық және әлеуметтік мәселелерді шешуге басты назарларын аударуда.

Бейресми экономиканы зерттеу оның көлемдері мен әсерлері және цифрлық төлемдердің бейресми экономиканы қысқартуға әсері жөніндегі білімді арттыруға септігін тигізіп, ол өз кезегінде ІЖӨ мен салықтық түсімдердің артуына септігін тигізе алады.

«Бейресми экономика. Цифрлық төлемдер экономикалық ашықтықты арттыру факторы ретінде» панельді сессия қатысушылары цифрлық технологияларды енгізудің ашықтықты арттыру, тұтынушылардың сенімін нығайту және экономикалық өсуді жылдамдату үшін беретін артықшылықтарын талқылап, инновациялық бастамаларды енгізудің нәтижелі тәжірибелерімен, зерттеулердің нәтижелерімен және Орталық Азияда цифрлық төлемдерді пайдалануға ауысу барысындағы қаржылық ашықтықтың дамуы бойынша болжамдарымен бөліседі.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Цифрлық төлемдер инклюзивтік экономиканы қалай ынталандырып, нарықтың барлық ойыншыларының ашықтығын қолдап отыруға қалай көмектеседі?  
  • «Бейресми экономика» ұлттық экономика үшін тудыруы мүмкін бөгеттер.
  • Бұл бөгеттерден өту үшін цифрлық төлемдер саласында қандай шараларды қолдануға болады?   
  • Ашықтықтың қандай құралдары/технологиялары бейресми экономика үлесін азайтуға көмектесе алады?
  • Орталық Азия елдерінің өкіметтері цифрлық экономикаға өту мен ашықтықты арттыруды жылдамдатуда қандай рөл атқара алады?  

Модератор:

  • Константин Пак, Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы Қаржылық технологиялар және инновацияларды дамыту орталығының директоры

Спикерлер:

  • Эндрю Торре, Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Африка өңіріндегі Visa президенті
  • Вера Платонова, Аға вице-президент, ТМД және Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы Visa аймақтық директоры
  • Сәкен Сәрсенов, «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы

 

13:30 - 14:45
Жаһандық экономикадағы жаңа норма: сауда соғыстары және протекционизм
Сессия серіктесі: Бреттон-Вудстың жаңарту бойынша комитеті
«Мәскеу» залы
Конгресс-орталығы

Жаһандық экономикадағы жаңа норма: сауда соғыстары және протекционизм

Ұйымдастырушылар: Бреттон-Вудс Жаңарту жөніндегі комитеті

Қазіргі таңда әлемде заманауи әлемдік экономика негізделген үстемді либералдық тәртіптен популистік, протекционистік және ұлтшылдық платформаға ауысу орын алуда. Экономикалық тұрғыдан қарағанда бұл әлемдік сауда драйвері болған гипер-жаһанданудың отыз жылдық циклінен соң, жаһандық сауда саясатына қайта теңгерімделумен байланыстырылады. ДСҰ және жаһандық жүйе үлкен соққыға тап болды және әлемдік сауданың үйлестірушісі және төрешісі саналатын ДСҰ-ның болашағы қазіргі таңда көп үміт күтерлік емес және оның жұмыс істеуіне сауда соғыстары мен протекционизм кедергі келтіретін болады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Ұзаққа жалғасқан сауда соғысы 2019 жылдағы жаһандық экономиакаға қалай әсер етеді?
  • Жаһандық экономиканы қайта теңгерімдеуге жаңа ойыншылар қосыла ма?
  • Сауда соғысының кері әсерін тигізбеу үшін елдерге қандай стратегиялар таңдау қажет?
  • Мультилатерализм үшін альянс құру қаншалықты шындыққа жанасымды?
  • Қазақстанның 2020 жылы ДСҰ-да министрлік кездесу өткізуді жоспарлауына байланысты қандай реформалар қажет?
  • Мемлекеттер өсудің ішкі қозғалтқыштарын, соның ішінде тұтыну және инвестициялардықалай нығайта алады әрі сыртқы нарықтарға тәуелділіктерін қалай төмендете алады?

Модератор:

  • Янкинг Янг, Бас редактордың орынбасары, China Business News

Спикерлер:

  • Сәлемдесу сөзі: Марк Узан, Бреттон-Вудс Жаңарту жөніндегі комитеттің негізін қалаушысыжәне атқарушы директоры
  • Мехмет Шімшек,саясаткер және экономист, Түркияның бұрынғывице-премьер-министрі
  • Джеймс Бахус, Орталық Флорида Университетінде Жаһандық экономикалық және экологиялық мүмкіндіктер орталығының директоры, Университеттің жаһандық мәселелер бойынша еңбегі сіңген профессоры, Дүниежүзілік сауда ұйымы Аппеляциялық органының бұрынғы төрағасы, Құрама Штаттар Конгрессінің бұрынғы мүшесі
  • Монтек Сингх Ахлувалия, Профессор, Үндістан жоспарлық комиссиясы төрағасының бұрынғы орынбасары
  • Хеннинг Вопель,директор, Гамбург халықаралық экономика иинституты

 

13:30 - 16:15
Көпжақты сауда жүйесінің алдында тұрған өзекті жүйелік сын-қатерлер: ықтимал шешу жолдары және жаңа шындыққа бейімделу
Сессия серіктесі:
«Лондон» залы
Конгресс-орталығы

Көпжақты сауда жүйесінің алдында тұрған өзекті жүйелік сын-қатерлер: ықтимал шешу жолдары және жаңа шындыққа бейімделу

Ұйымдастырушылар:Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі және басқа халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілдігі, Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ)

ДСҰ-да жүзеге асырылған көпжақты сауда жүйесі бүгінгі таңда теңдессіз сын-қатерлерге тап болды. Оларға, басқаларымен қатар, жаһандық сауда шиеленісі жағдайындағы біржақты сауда әрекеттері мен жауап шаралары, протекционистік көңіл-күйдің өсуі, оның ішінде импортты шектейтін, белгісіздікті арттыратын шаралардың жаңа шыңы; апелляциялық орган мүшелерінің тағайындауларын оқшаулау жатады

Бұл сын-қатерлер бүкіл әлем бойынша бизнеске және инвестицияларға тікелей теріс әсер етеді. Индикаторлар кәсіпорындардың жұмыс орындарын құруға инвестицияны тежейтінін, ал экспорттық тапсырыстар қысқарып жатқанын көрсетеді. Қалыптасқан жағдай бизнес пен инвесторлардың жаһандық нарыққа деген сенімін бұзып қана қоймай, сондай-ақ жаһандық өсім мен жұмыс орындарын құруға да әсер етеді. Әлемдік сауданың үштен екісі бүгінде жаһандық өндірістік-өткізу тізбектері арқылы өтеді. Бұл жанама әсерлердің әлеуетті мүмкіндігін, сондай-ақ протекционистік шаралар нәтижесінде сауда қатынастарының алшақтығы мен нашарлауын көрсетеді.

Бұл ретте саудаға ықпал ететін ережелер мен институттар неғұрлым нәзік болып көрінеді. ДСҰ-ның үш негізгі функциясы қозғалды: (1) қолданыстағы міндеттемелердің мониторингі, шамасы, сауда шиеленісін және шектеу шараларының ұлғайып келе жатқан санын толық ұстап тұруға мүмкіндігі жоқ; (2) апелляциялық орган мүшелерін тағайындау кезіндегі тұйық жағдай дауларды шешу жүйесінің толық тоқтауы қатерін төндіреді; және (3) келіссөз функциясы қарапайым нәтижелер берді және қолданыстағы ережелер қазіргі экономикалық шындықты толық көрсете алмайды.

Дәлелдердің бірі - сауда жүйесі бұрмалаушы сауда практикасына жазасыз қалуға мүмкіндік береді және жүйені өзгерту қажет. Кейбіреулер сауда жүйесі жаһандық нарықтағы маңызды мәселелерді - ДСҰ-ны құру кезінде болмаған проблемаларды шешпейді деп санайды.

Осы сын-қатерлерге ден қою және сауда жүйесі ағымдағы шындықтар үшін өзекті болып қалуын қамтамасыз ету қажеттігі туралы мәселе өткір болды.

Көптеген адамдар жүйенің неғұрлым тиімді, неғұрлым нәтижелі және қазіргі заманғы сын-қатерлерге аса сезімтал болуы тиіс, оларға қалған шешілмеген "ескі" проблемалардың кейбірі де жатады. Сондықтан көптеген адамдар жүйені жаңарту қажеттілігі туралы, яғни ДСҰ реформасы туралы айтады. Көшбасшылар жаһандық сауда және ДСҰ мәселелерін талқылауда көбірек сезінеді және тартылады. Көптеген мүше елдер ДСҰ-ға және оны жақсарту тәсілдеріне көбірек көңіл бөле отырып, жүйелі мәселелерді талқылауға қайтадан енгізіледі. Бұл жүйенің алдында тұрған шешімдерге жол табуға көмектесетін оң қадам.

Осы көпжақты сауда жүйесі үшін тарихи кезеңде Қазақстан 2020 жылдың маусымында ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясын өткізуге және осылайша ДСҰ-ға деген сенімді нығайтуға, оның өзектілігін сақтауға, сондай-ақ сауда саласындағы халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге өз үлесін қосуға құқылы.

Нұр-Cұлтанда ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясының күн тәртібінің басты мәселелері келіссөздердің ДСҰ мүшелері белгілеген реформалаудың әр түрлі мәселелерін қоса алғанда Дохийлік раундының ағымдағы мәселелерінен басқа, көпжақты сауда жүйесінің алдында тұрған өзекті мәселелер болады, сондай-ақ, ДСҰ мүшелері Буэнос-Айрестегі 11-ші министрлік конференциясы барысында қабылданған бастамалар мәселелері бойынша елеулі прогреске қол жеткізе алады. Ол - электрондық сауда саласындағы халықаралық сауданың жаңа ережелерін қалыптастыру, шағын және орта кәсіпорындардың жаһандық саудаға кірігуін дамыту және қолдау мақсатында инвестицияларға жәрдемдесу.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Жаһандық сауда шиеленісі мен өсіп келе жатқан протекционизм жағдайында көпжақты сауда жүйесін одан әрі нығайту қажет пе?
  • Үш негізгі бағыт бойынша ДСҰ-ның жұмысын қалай жақсартуға болады: мониторинг; дауларды шешу және келіссөздер?
  • Жаһандық сауда ережелерінің жаһандық экономиканың ағымдағы болмыстарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін ДСҰ-ның жаңа ережелерін жетілдіру/әзірлеу
  • ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясына дайындық бойынша одан әрі қадамдар жасау

I бөлім

Модераторлар:

  • Виктор ду Прадо, ДСҰ сауда келісімдері департаментінің директоры

Спикерлер:

  • Джуничи Ихара, Елші, Жапонияның ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілі
  • Дэвид Уолкер, Елші, Жаңа Зеландияның ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілі
  • Люк Девин, Ресей, Шығыс әріптестік, Орталық Азия, өңірлік ынтымақтастық және ЕҚЫҰ жөніндегі директоры, Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметі (EEAS)
  • Марк Линскотт, Атлант Кеңесінің Оңтүстік Азия орталығының аға ғылыми қызметкері
  • Екатерина Майорова, Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігі саудакеліссөздері департаментінің директоры
  • Майкл Хан, Берн университетінің профессоры, Еуропалық және Халықаралық экономикалық құқық Институтының директоры, Дүниежүзілік сауда институтында директоры
  • Найл Майгер, ДСҰ құқығы жөніндегі консультативтік орталықтың (ACWL) басқарушы директоры

II бөлім

Модераторлар:

  • Кристиан Паулетто, Женева халықаралық институтының (IUG) профессоры

Спикерлер:

  • Эрнст Ульрих Петерсманн, Флоренциядағы Еуропалық Университет институтының (EUI) құрметті профессоры, Италия
  • Максим Медведков, профессор, Жоғары экономика мектебі сауда саясаты кафедрасының кеңгерушісі
  • Дэниел Кросби, King & Spalding LLP заң компаниясының серіктесі
  • Халил Хамдани, Лахор экономика мектебінің шақырылған профессоры
  • Абдель-Хамид Мамду, King & Spalding LLP заң компаниясының аға кеңесшісі
  • Роберт Макдугал, Cadence Global Ltd талдау орталығының директоры

 

15:00 - 16:15
Дамушы елдерге көзқарас: жоғары деңгейлі табысқа ие елдер қатарына өтуді қалай қамтамасыз етуге болады?
Сессия серіктесі: Бреттон-Вудстың жаңарту бойынша комитеті
Конгресс-орталығы
«Мәскеу» залы

Дамушы елдерге көзқарас: жоғары деңгейлі табысқа ие елдер қатарына өтуді қалай қамтамасыз етуге болады?

Ұйымдастырушы: Бреттон-Вудс Жаңарту жөніндегі комитеті

Соңғы әлемдік қаржы дағдарысы орын алғаннан бері дамушы нарықтар сапалы әрі пруденциялық саясат жүргізіп, құрылымдарын нығайтты, әрі қолайсыз күйзелістерге қарсы буфер ретінде қаржы қауіпсіздігінің жүйелерін жасақтады. Дегенмен дамушы нарықтар доллар курсына және көбейіп жатқан халықаралық тәуекелдерге бағынышты бола бастады. Шетелдік валютада қарызға алуы, неопротекционизм жаңа үрдісінің күшеюінен «жұғу» эффектісімен қатар, қалыпқа келтірілу үдерісі – дамушы нарықтардағы белгісіздіктің факторлары атанды.

Дамушы нарықтар, көп жағдайда экономикалық жаһанданудың бенефициарлары атанды. Алайда, бүгінде әлемдік экономикадағы либералдық тәртіп протекционизмге айналуда. Сауда соғыстары, протекционизм, әлемдік экономикадағы белгісіздіктер, энергия тасымалдаушыларға қатысты бағалардың құбылмалылығы, монетарлық саясаттын қалыпқа келтірілуі, геосаяси тәуекелдер дамушы нарықтардың өсуін бәсеңдетуде.

 

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Тез дамушы нарықтардың дамуына аталмыш үдерістердің әсері қандай, қандай реформалар дамушы нарықтарды тұрақты өсуге бағыттай алады?
  • Басым көпшілігі АҚШ долларымен көрсетілген дамушы экономикасы бар елдер қарыздарының едәуір көбеюі қаржы жүйесіндегі ірі тәуекел болып санала ма?
  • Орташа деңгейлі табысы бар мемлекет қалайша жоғары деңгейлі табысқа ие мемлекеттердің қатарына қосыла алады және орташа табыстың қақпанынан қалай шыға алады? Бұл өзгерістер жаңа технологиялар мен 4.0 индустриясы қосылғаннан кейін ғана мүмкін бола ма?  

Модератор:

  • Массимилиано Кастелли, атқарушы директор, Стратегия басшысы, Global Sovereign Markets, UBS Global Asset Management

Спикерлер:

  • Хосе Антонио Окампо,Орталық банк Кеңесінің мүшесі, Колумбияның бұрынғы қаржы министрі, БҰҰ бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бұрынғы орынбасары
  • Ярослав Лисоволик. Аға басқарушы директор, Sberbank Investment Research-тің зерттеу бағыты бойынша басшысы
  • Хатиб Басри, Мандири инстиутының директоры, Индонезияның бұрынғы қаржы министрі
  • Бэндид Ниджатаворн, Тай директорлар институтының Президенті және бас атқарушы директоры, Тайланд Басқару банкінің бұрынғы орынбасары

 

16:30 - 17:45
ОАЭЫ болашағының дәлізі: Азиядағы экономикалық дәліздерді дамыту тәжірибесі
Сессия серіктесі: АДБ
«Лондон» залы
Конгресс-орталығы

ОАЭЫ болашағының дәлізі: Азиядағы экономикалық дәліздерді дамыту тәжірибесі

Ұйымдастырушылар: Азия даму банкі (АДБ)

Азия елдеріндегі табысты экономикалық дәліздердің көптеген мысалдары жеке және мемлекеттік инвестицияларды мобилизациялауда, жоғары сапалы өсім жасауға көмектесу және жұмыс орындарын құру, экспортты ғылымды қажетсіну деңгейін арттыруда өз мүмкіндіктерін көрсетеді.

Орта Азияда соңғы уақытта байқалып жүрген экономиканы жаңарту және жайлы өңірлік динамика өңірлік экономикалық ынтымақтастықтың дамуына жаңа серпіліс береді. Орта Азия Аймақтық Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасы (ОАЭЫ) шеңберіндегі Алматы-Бішкек дәлізі ауыл шаруашылығы, туризм, денсаулық сақтау және көлік саласындағы салаларға арналған мүмкіндіктер құрудың үлгісі болып саналады. Трансшекаралық агломерация кәсіпорындарға мамандануға, ауқымды жұмыс істеуге және әлемге тауарлар мен қызметтерді экспорттау арқылы бәсекеге қабілеттілік пен әртараптандыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Дәлізді дамытудағы қарқынды прогрессті тарату үшін ОАЭЫ Қазақстан (Шымкент), Өзбекстан (Ташкент) және Тәжікстан (Худжанд) елдерінің араларында жаңа экономикалық дәліз құру бастамасын қолға алды. Сессия әлемдегі экономикалық дәліздерді дамыту барысында пайда болған мүмкіндіктерді және мемлекеттік және жеке секторды жұмылдыру арқылы ОАЭЫ өңірінде экономикалық әртараптандыруды ілгері бастыру мәселелерін талқылайды.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Үлкен табысқа қол жеткізу мүмкіндігі бар «ұтысты» өңірлік дәліздерді қалай таңдауға болады?
  • Табысты дәліздердің алғышарттары қандай?
  • Трансшекаралық арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) және индустриалды саябақтар (ИС) экономикалық дәліздердің дамуына қалайша мүмкіндік жасайды?
  • Табысты АЭА және ИС құру үшін қандай талаптар бар?
  • Экономикалық дәлізді дамытудағы жеке сектордың рөлі қандай?
  • Экономикалық дәліздің дамуына қатысудан шағын және орта кәсіпорындардың пайдасын барынша жақсарту үшін қандай саясат қажет?
  • ОАЭЫ Бағдарламасы секілді дамыту институтары мен аймақтық платформалар ОАЭЫ елдері арасында өңірлік экономикалық дәлізді дамытуға қалай қолдау білдіре алады?
  • Бірнеше елді кесіп өтетін және құрамына субұлттық білім беру жүйесі кіретін өңірлік экономикалық дәліздерді үйлестіру және басқару үшін тиімді институтционалды құрылғылар қандай болмақ?
  • Ұлттық, провинциялық және жергілікті деңгейдегі үкіметтің үйлестірілген рөлімен қалай қамтамасыз етуге болады?

Модератор:

  • Вернер Липах, Орта және Батыс Азия департаментінің бас директоры, АДБ

 

Спикерлер:

  • Мәди Тәкиев, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
  • Захид Хамдард, Ауғанстан Қаржы министрінің орынбасары
  • Гулру Джабборзода, Тәжікстан Экономикалық даму және сауда министрінің орынбасары
  • Шиксин Чен, АДБвице-президенті
  • Пол Валлели, ынтымақтастық және инфрақұрылым бағдарламасының жетекшісі, Дүниежүзілік банктің Алматыдағы өңірлік өкілдігі
  • Арадна Аггарвал, Копенгаген бизнес мектебінің профессоры

 

 

 

16:30 - 18:00
Ашық пікірсайыс: ынымақтастықтың жаһандық жүйесіндегі дәрменсіздік тәуекелдері
Сессия серіктесі: Бреттон-Вудстың жаңарту бойынша комитеті
«Мәскеу» залы
Конгресс-орталығы

Ашық пікірсайыс: ынымақтастықтың жаһандық жүйесіндегі дәрменсіздік тәуекелдері

Ұйымдастырушы: Бреттон-Вудс Жаңарту жөніндегі комитеті

Әлемнің көпполярлы әрі мультитұжырымдамалық екендігін ескерсек, бүгінде ол жаңа қауіп-қатерлі геосаяси кезеңге аяқ басуда. Әлемнің барлық ірі державалары (олардың соңынан — шағын мемлекеттер) ептеп жететін әлдебір норма және институттың бар екендігі туралы түсінік аксиома саналмайтын болды. Мұның барлығы жаңа қауіп төндіруі мүмкін: әскери күшею, экономика мен саудадағы ауытқулар, жеке мемлекеттердің ауыспалы халықаралық қатынастары мен ішкі саяси ландшафты арасындағы кері байланыстың тұрақсыздануы.

Жетпіс жыл бұрын Құрама Штаттар құрған либералдық тәртіп бүгінде бұзылу үстінде. Көпжылдық геосаяси одақтар өзгеруде. Дамушы елдер үлкен экономикалық сын-тегеуріндермен қақтығысуда, ал бүкіл әлем жаңа ауқымды рецессияның кезеңіне аяқ басуда.

Сауда соғыстары ДСҰ-ның өзінің ірі мүшелері арасындағы келіспеушіліктерді шешуде босаңдық танытқандығын анық көрсетті. Аймақтандыру үдерістерінің белсенді күшейіп жатқанымен, халықаралық инстиуттардың рөлі төмендеу үстінде. Елдерге аймақтық деңгейде шешімге келу жылдам әрі оңай болуда, себебі мұнда қолайлы жағдайлар жасалған және барлық тараптың мүддесі ескеріледі. Жаһандық жүйенің өзгеруі екпіндеп аймақтық блоктардың фрагменттелген моделіне айналуда. Осылайша, анық көшбасшылары бар аймақтық блоктардың жүйесі барлық жаһандық жүйені ішінен көрсетеді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Жаһандық ынтымақтастық жүйесі дәрменсіздігінің негізгі тәуекелдері қандай?
  • Жаңа технологиялар биліктің бір орталықтан жүргізілмеуіне әкеліп соғуда, әлем бір уақытта ауқымды технологиялық ревоюция мен протекционизмнің табалдырығында тұр, бұл үдерістен қандай нәтиже шығады?
  • Әлем егеменділік пен қауіпсіздіктің бәсекелі күштері, технология мен әлеумет, сонымен қатар, теңдік пен өркендеу арасында қалай теңгерім таба алады?

Модератор:

  • Питер Франкопан, Оксфорд университетінің аға ғылыми қызметкері, Византиялық зерттеулер орталығының директоры

Спикерлер:

  • Армен Саркисян, Армения Республикасының Президенті
  • Әлихан Смайылов, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
  • Стэнли Фишер, АҚШ Федералды резервтік жүйесінің вице-төрағасы (2014-2017)
  • Карло Монтичелли, Вице-басқарушы, Еуропа Кеңесінің даму банкі
  • Владимир Якунин, «Өркениет диалогы» зерттеу инстиуты Бақылау кеңесінің төрағасы, «Ресей темір жолдары» ААҚ бұрынғы президенті
  • Марк Узан, Бреттон-Вудс Жаңарту жөніндегі комитеттің негізін қалаушысы және атқарушы директоры
  • Риаз Кхокхар, Пәкістан сыртқы істерінің бұрынғы мемлекеттік хатшысы (2002-2005)

 

 

09:00 - 10:15
Технологиялық революция дәуіріндегі әлем: 4.0 индустриясы жаһандық өсуге қалай әсер етеді?
Сессия серіктесі: Бреттон-Вудстың жаңарту бойынша комитеті
«Мәскеу» залы
Конгресс-орталығы

Технологиялық революция дәуіріндегі әлем: 4.0 индустриясы жаһандық өсуге қалай әсер етеді?

Ұйымдастырушы:Бреттон-Вудс Жаңарту жөніндегі комитеті

Біз қазір робототехника, жасанды интеллект, автоматтандыру, цифрлық платформалар және басқа да инновациялардың экономикалық қызметтің күрделі сипаттамасын түбегейлі өзгертіп жатқан дәуірде тұрамыз. Әлемнің ең бағалы сегіз компаниялары — технологиялық кәсіпорындар. 4,7 триллион доллар көлеміндегі нарықтық капиталдандыруы бар және жұмыс күшінің жаңа түріне ие бұл компанияларүлкен макроэкономикалық әсер етуі мүмкін. Бұл жайттар өз кезегінде қаржылық жүйені және жалпы экономиканы өзгертуі мүмкін. Пікірталас барысында төртінші өнеркәсіптік революцияның жаңа дәуірімен байланысты шешуші іскерлік, техникалық және этикалық мәселелер қарастырылатын болады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Технология дәуірінің жаһандық қаржы жүйесіне және жалпы экономикаға тигізетін әсері қандай?
  • Төртінші өнеркәсіптік революцияның жаңа дәуірінде қандай шешуші іскерлік, техникалық және этикалық мәселелер маңызды саналады?
  • Еңбек нарығы мен адам капиталы үшін робототехника, жасанды интеллект, автоматтандыру, цифрлық платформалар және басқа да инновациялардың тигізетін салдары қандай?

Модератор:

  • Клаус Мангольд, Rothschild & Co Еуропа елдері Төрағасының орынбасары, Rothschild & Co Ресей және ТМД елдерінің Төрағасы және «Бәйтерек» холдингінің тәуелсіз директоры

Спикерлер:

  • Хавьер Сала-и-Мартин, Колумбия университетінің экономика профессоры, жаһандық бәсекелестік индексінің негізін қалаушы
  • Ристо Сииласмаа, Nokia Corporation директорлар кеңесінің төрағасы

 

 

 

12:00 - 13:15
«G-global платформасы» пленарлық стратегиялық сессиясы
Сессия серіктесі:
«Лондон» залы
Конгесс-орталығы

«G-global платформасы» пленарлық стратегиялық сессиясы

Ұйымдастырушылар: G-Global Халықаралық хатшылығы, БҰҰ, БҰҰДБ, ЮНКТАД, BBC World News, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы, Мадрид Клубы, «Global Citizen» Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму инстиуты

Бірлескен ұйымдастырушылар: Жібек жолы халықаралық ғылым академиясы, Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы, Ислам Даму Банкі, «Жаһандық Жібек Жолы» қауымдастығы

G-Global Халықаралық хатшылығы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының халықаралық бастамаларын насихаттайтын үкіметтік емес ұйым. Әлем халықтарының біртұтас, ашық және тең диалогы арқылы әлемдік қоғамдастықтың тиімділігін арттыру мақсатында жұмыс істейді. 7 жыл бойы G-Global қызметі әлемнің 147 елінен 30 мыңнан астам ғалымдар, тәжірибешілер мен сарапшыларды біріктіретін танымал және беделді халықаралық орталыққа айналды.

G-Global Халықаралық хатшылығы:

  • Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің (ЭКОӘЛК) кеңесшісінің жоғары мәртебесі,
  • БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі Конференциясының (ЮНКТАД) кеңесші-бақылаушысының мәртебесі,
  • Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму инстиутының Қамқоршылар кеңесінің мүшесі
  • Мадрид Клубының серіктесімәртбесіне ие.

G-GLOBAL Хатшылығының қызметі әлемдік экономиканың жаңа өсу модельдерін іздестіру және әлемнің жаһандық трансформациясы тұрғысынан біздің заманымыздың қиындықтарын қанағаттандыру үшін жаһандық сарапшылар қауымдастығын нығайту болып табылады.

 

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қазақстан РеспубликасыныңТұңғыш Президенті– Елбасы Н.Назарбаевтың жобаларын БҰҰ-ның алаңында халықаралық серіктестермен бірге насихаттау және институционализациялау.
  • 2018-2021 жылдарға арналған G-Global халықаралық жобасын одан әрі дамыту,тұжырымдамасын таныстыру және талқылау
  • Әрбір жоба бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларды ұйымдастыру, сарапшылар қауымдастығының ұсыныстарын және ұсынымдарын халықаралық деңгейде одан әрі іске асыру бойынша әзірлеу
  • БҰҰ агенттіктерімен және өңірлердегі негізгі серіктестермен бірлесіп ғаламдық форумдарды, онлайн конференцияларды, интерактивті сессияларды өткізу
  • G-Global жобасын одан әрі дамыту және G-global клубын құру туралы сұрақтарды талқылау
  • G-Global интерактивті платформасын дамыту
  • Конференция қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылы G-Global форумын бірлесіп өткізу туралы ұсыныспен Мемлекет және үкімет басшыларына, БҰҰ Бас Ассамблеясына, халықаралық ұйымдарға хабарлама жолдау

Модератор:

  • Ариэль Коэн, Атлант кеңесінің бас сарапшысы

Спикерлер:

  • Мария Елена Агуэро, WLA Club de Madrid бас хатшысы
  • Роза Отунбаева, Қырғыз Республикасының Президенті (2010-2011)
  • Нұрлан Аққошқаров, ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары
  • Нұртай Әбіқаев, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының Президенті
  • Рае Квон Чунг, «Жаһандық энергия» сыйлығын тағайындау жөніндегі халықаралық комитеттің төрағасы, Бейбітшілік саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (2007)
  • Хен О Сок, Корея Республикасының бұрынғы вице-премьер-министрі, Стратегия және қаржы министрі
  • Сергей Становкин, Еуразиядағы BBC World News өңірлік кеңселерінің басшысы
  • Моника Фролер, Пан Ги Мунның жаһандық азаматтарға арналған орталығының атқарушы директоры(BanKi-moonCenterforGlobalcitizens)
  • Мұрат Кәрімсақов, EECSA Президенті, G-Global Халықаралық Секретариаты басшысының бірінші орынбасары

 

15:45 - 17:00
Қорытынды пікірталас: шақыртулар, қайшылық тәуекелдері (шақырту бойынша)
Сессия серіктесі: ЭЗИ
«Дубай» залы
Конгресс-орталығы

Ұйымдастырушы: «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ

Сессия барысында ұйымдастырушылар корпусы шара бойынша қорытынды жүргізіп, өзекті тұстар мен Астана экономикалық форумы халықаралық сарапшылары туралы ұсыныстарды талқылайды.

Аталмыш сессияға сессиялардың бірлескен ұйымдастырушылары, мемлекеттік орган өкілдері, халықаралық сарапшылар және қазақстандық экономистер қатысады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • АЭФ-2019 халықаралық сарапшылары туралы ұсыныстарды талқылау
  • АЭФ-2020 тақырыптары мен негізгі бағыттарын талқылау

Модератор:

  • Ерлік Қаражан, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасы

Спикерлер:

  • сессиялардың ұйымдастырушылары және форум қонақтары