Бағдарлама

13:30 - 14:45
Денсаулық сақтау саласындағы адами капиталды дамыту
Сессия серіктесі: ҒБМ / ДСМ
«Нью-Йорк» залы
Конгресс-орталығы

Денсаулық сақтау саласындағы адами капиталды дамыту

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Денсаулық сақтау жүйесін нығайтудың ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі адами капиталды дамыту стратегиясы болып табылады. Бүкіл әлемде денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі мен медициналық қызметтердің сапасы денсаулық сақтау ұйымдарының және ел өңірлерінің білікті мамандардың жеткілікті санымен қамтамасыз етілуіне, олардың білімдерімен, шеберліктерімен және уәждемелерімен, ғылыми-технологиялық даму деңгейімен айқындалатын сала қызметкерлері қызметінің көрсеткіштеріне байланысты.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қазіргі кезеңде мемлекеттің экономикалық өсуінің шешуші факторы адами капиталды қалыптастыру мен дамытуға байланысты инвестициялар болып табылады. Әлемнің 192 елінің экономикасын зерттеуге негізделген Дүниежүзілік Банктің деректері бойынша экономикалық өсудің тек 16% – ы ғана физикалық капиталмен, 20% – ы-табиғи, 64% - ы-адами капиталмен негізделген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) анықтамасына сәйкес негізгі қызметі денсаулықты жақсартуға бағытталған адамдар денсаулық сақтау қызметкерлері болып табылады. Олардың қатарына медициналық қызмет көрсететін мамандар (дәрігерлер, медбикелер, фармацевттер және зертханашылар), сондай-ақ әкімшілік және қосалқы қызметкерлер кіреді. Әлемде 60 миллионға жуық денсаулық сақтау қызметкерлері бар. Олардың үштен екісі медициналық қызметтерді (провайдерлер) көрсетеді, ал үштен бірі әкімшілік және қосалқы функцияларды орындайды.

Кез келген елдің, оның ішінде Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы өзінің адами капиталын сапалы дайындау мен дамытуға зор шығындар мен ресурстарды талап етеді. Өйткені, тек жоғары білікті қызметкерлер мен табысты кәсіпкерлер ғана сол қоғамның жоғары экономикалық тиімділігіне қол жеткізудің қуатты кепілі болып табылады.

Тұрақты экономикалық даму үшін әлеуметтік-экономикалық негізді білім беру, ғылым, денсаулық сақтау мен мәдениет салалары құрайды. Сондықтан қазіргі Қазақстанда мемлекеттің қызметі білім беруге, ғылымға, денсаулық сақтауға, әлеуметтік қамсыздандыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, тұрғын үй саясатына бағытталатын шығыстар мен инвестицияларды ұлғайту жағына қарай өзгеруде.

Адам капиталының өзегі адам және ол солай болып қалады, бірақ енді-білімді, жасампаз және бастамашыл, жоғары кәсіби деңгейіне ие адам. Білімі, кәсіби тәжірибесі мен біліктілігі бар адамдар қажетті өзгерістердің мүмкіндіктері мен шекараларын анықтайды. Қызметкерлердің білімі мен шығармашылық әлеуеті экономикалық жүйе тиімділігінің басты факторына айналуда, онсыз техникалық және экономикалық прогресс іс жүзінде қол жетпейтін міндетке айналуда.

Осылайша, тез жаңаратын технологиялар жағдайында ғылыми және өндірістік процестерге енуге дайын инновацияларға сезімтал адами капиталды қалыптастыру міндеті бірінші жоспарға қойылып отыр.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Денсаулық сақтауда салалық біліктілік шеңберін қалыптастыру
  • Адам ресурстарын басқару: әлемдегі заманауи үрдістер және Қазақстандағы жағдай
  • Жоғары білім берудегі жаңа жаһандық сын-қатерлер
  • Білім беру нәтижелерін жақсарту бойынша жүйелі тәсілі

Модератор:

  • Олжас Әбішев, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

Спикерлер:

  • Елжан Біртанов, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
  • Павел Черных, Skillscenter «Дағдылар мен құзыреттілік орталығы» одағының директоры, БҰҰ-ның Ресейдегі білім беруді дамыту жобасында сарапшысы, Халықты жұмыспен қамту және құзыреттілік мәселелері бойынша Дүниежүзілік Банк жобасының сарапшысы
  • Гүлмира Раисова, Қазақстан HR-менеджерлері қауымдастығы Үйлестіру кеңесінің төрайымы
  • Дайнюс Павалькис, «Астана медицина университеті» (КЕАҚ ректоры)
  • Син Ши, «ҚМУ» БАҚ зерттеулер жөніндегі директоры, Қарағанды, Қазақстан

 

13:30 - 16:15
Жаһандық комиссияның еңбек болашағы жөніндегі баяндамасын талқылау үшін Халықаралық Еңбек Ұйымының 100 жылдығына орайластырған халықаралық конференциясы
Сессия серіктесі: МТСЗН
«Бейжің» залы
Конгресс-орталығы

Жаһандық комиссияның еңбек болашағы жөніндегі баяндамасын талқылау үшін Халықаралық Еңбек Ұйымының 100 жылдығына орайластырған халықаралық конференциясы

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ведомстволық бағынысты ұйымдар, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің республикалық бірлестіктері.  

Қазақстан Республикасы Халықаралық еңбек ұйымына 1993 жылдың 31 мамырынан бері мүше.

БҰҰ-ның ең тәжірибелі маманданған мекемесі саналатын ХЕҰ 2019 жылы өз 100 жылдығын тойлауда. Осыған орай, Қазақстан Республикасы ХЕҰ мүшесі ретінде аталмыш конференцияны ұйымдастыруда.

ХЕҰ халықаралық еңбек нормаларын бекіту және орындауға жағдай туғызады, еңбек және әлеуметтік мәселелер бойынша ақпарат пен анализ ұсынады.

ХЕҰ қызметінің басты маңызды салалары: еңбек және әлеуметтік мәселелер, жұмыспен қамтуды дамыту, кедейлікті қысқарту, еңбекті қорғау және әлеуметтік диалог, түрлі кеңестер, ұсыныстар және тағы да басқа бағдарлы және үйретуші бағдарламалар көмегімен саясат құрастыру және техникалық көмек көрсету арқылы ағымдағы өзекті мәселелерді шешу бойынша құқықтық және заңнамалық базаны жетілдіруге көмектесу.

Халықаралық еңбек нормативтері саласында Қазақстан ХЕҰ-ның 24 Конвенциясын (8 күрделі, 4 директивті, 177 техникалық конвенция ішінен 12) бекітті.

Еңбек саласы жасанды интеллект, автоматтандыру және робототехниканың дамуы секілді технологиялық жетістіктердің әсерімен күн сайын түрленуде. Бұл технологиялар өз кезегінде өмір сапасын жоғарылату, таңдау мүмкіндігін кеңейту, гендерлік алшақтықты қысқарту және тағы да басқа мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.    

Алайда, еңбек саласындағы бұл өзгерістер еңбек нарығында және адамның қабілеттілігін дамыту мақсатында инвестицияларды көбейтуге бағытталуы тиіс әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастардың қазіргі қағидаларын жетілдіруге сын-тегеуріндер алып келуде.

Сессия тақырыбы:

1 сессия: Еңбек саласының болашағы

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Еңбек болашағы туралы ХЕҰ Жаһандық комиссия баяндамасының негізгі ұсыныстары
  • Еңбек нарығы институттарына салынатын инвестицияны арттыру
  • Лайықты еңбек тұрақты дамумен қамсыздандырудың құралы ретінде
  • Қазіргі заманның үдерістері және болашақтың мамандықтары: 5-7 жылдан кейін қандай мамандықтар ерекше сұранысқа ие болады?
  • Өмір бойы кәсіби оқытудың тиімді жүйесін құру

2 сессия: 4.0 индустрия шеңберінде жаңа цифрлық шынайылықта әлеуметтік-еңбек саласын дамыту

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Өнеркәсіптік революция және оның еңбек нарығына әсері;
  • Ақпараттық технологиялар және автоматтандыруды дамыту жағдайында жалпыға бірдей жұмыспен қамту кепілдігін қамтамасыз ету жолдары
  • Әлеуметтік-еңбек қатынасындағы цифрландырудың перспективалары

Модератор:

  • 1 сессия: Дәулет Арғандықов, «Dasco Consulting Group» серіктесі
  • 2сессия: Нариман Мұқышев,Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

 

Спикерлер:

 

Сәлемдесу сөзі:

  • ГүлшараӘбдіхалықова, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

1 сессия:

  • Бердібек Сапарбаев, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
  • Шерзод Кудбиев, Өзбекстанның Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрі
  • Бақытжан Әбдірайым, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы
  • Грахам Минтон, Халықаралық Әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (ХӘҚҚ) мүшелер қызметі және коммуникацияларды дамыту департаментінің директоры
  • Сергей Перапечка, серіктес және атқарушы директор, BCG Қазақстан, Ресей және ТМД елдерінде мемлекеттік сектормен жұмыс бойынша сараптау тәжірибесінің басшысы
  • Михаэль Хармс, Германия экономикасы Шығыс комитетінің бас директоры

       

2 сессия:

  • Джованни Капанелли,Азия Даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры
  • Марат Атнашев, СКОЛКОВО бизнес мектебінің ректоры
  • Майкл Ахерн, PwC-дің Еуразия бойынша салықтық және заңгерлік серіктесі
  • Сусанна Айрапетян, Дүниежүзілік банкінің Орта Азиядағы адами капитал жөніндегі бағдарламалар жетекшісі
  • Паиза Суюмбаева, Еуразиялық экономикалық комиссиясы Еңбек көші-қон және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры

 

13:45 - 18:10
AEF Talks (Ашық лекциялар)
Сессия серіктесі:
АХҚО
(Мәңгілік Ел, 55/23, павильон С-4.4),

Өткізу орны: АХҚО (Мәңгілік Ел, 55/23, павильон С-4.4), 16 мамыр

Ұйымдастырушылар: «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), Экономикалық зерттеулер орталығы, БАҚ саласындағы медиа біліктілігін арттыру орталығы, Казмедиа орталығы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады және осы ретте AEF Talks Астана экономикалық форумы шеңберінде қазақстандық жастарға беделді ғалымдар және саясаткерлермен өтетін лекциялар-әңгімелесулерге қатысуға мүмкіндік жасайды. Лекция мазмұны «Ынталандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар» тақырыбы шеңберінде қонақтар-лекторлардың практикалық тәжірибесі мен біліміне негізделеді .

AEF Talks шеңберінде танымал экономистер-Форум қонақтарымен ашық лекция-әңгіме форматында өтетін бұл шараға тек жастар ғана емес, сонымен қатар кез келген адам қатыса алады (кіру тегін).

Модератор:

  • Махаббат Есен, журналист, БАҚ саласындағы біліктілікті арттыру орталығының басшысы,ҚазМедиа Орталығы

Лекторлар:

  • Джеффри Сакс, Колумбия университеті Тұрақты даму мәселелері жөніндегі орталықтығының директоры, профессор
  • Владислав Иноземцев, Постиндустриалдық қоғамды зерттеу орталығының директоры, Ресей Ғылыми кеңесі Халықаралық істер жөніндегі кеңесінің мүшесі
  • Мухаммад Юнус, 2006 жылғы бейбітшілік саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты
  • Хавьер Сала-и-Мартин, Колумбия университетінің экономика профессоры, жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің негізін қалаушы
  • Хазем Галяль, Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік секторға қызмет көрсету жөніндегі PwC жаһандық тәжірибесінің басшысы, PwC-тің БАӘ-дегі серіктесі
  • Владимир Якунин, «Ресей темір жолдары» ААҚ президенті (2005-2015), «Өркениеттер диалогы» зерттеу институты Қадағалау кеңесінің төрағасы
  • Сергей Велеско, Митвайда университетінің халықаралық бағдарламалар деканы
  • Николас Гутьеррес, Басқарушы директор, Ресейдегі "Ресурстар және Индустрия Х.0 Accenture" тәжірибелерінің жетекшісі
  • Мария Григорьева, Басқарушы директор, Ресейдегі Accenture "Технологиялар" департаментінің жетекшісі

 

09:00 - 11:45
AEF Talks (Ашық лекциялар)
Сессия серіктесі:
АХҚО
(Мәңгілік Ел, 55/23, павильон С-4.4)

Ұйымдастырушылар: «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), Экономикалық зерттеулер орталығы, БАҚ саласындағы медиа біліктілігін арттыру орталығы, Казмедиа орталығы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады және осы ретте AEF Talks Астана экономикалық форумы шеңберінде қазақстандық жастарға беделді ғалымдар және саясаткерлермен өтетін лекциялар-әңгімелесулерге қатысуға мүмкіндік жасайды. Лекция мазмұны «Ынталандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар» тақырыбы шеңберінде қонақтар-лекторлардың практикалық тәжірибесі мен біліміне негізделеді .

AEF Talks шеңберінде танымал экономистер-Форум қонақтарымен ашық лекция-әңгіме форматында өтетін бұл шараға тек жастар ғана емес, сонымен қатар кез келген адам қатыса алады (кіру тегін).

Модератор:

  • Махаббат Есен, журналист, БАҚ саласындағы біліктілікті арттыру орталығының басшысы,ҚазМедиа Орталығы

Лекторлар:

  • Асхат Садуов,урбанистика орталығы басшысының орынбасары
  • Дина Байтасова,(Орта Азиядағы жаңа мәдени институтция) өнертанушы және куратор, TSE art destination негізін қалаушысы
  • Жером Санс, куратор-визионер, L'Officiel Art француздық мәдени журналының креативті директоры және бас редакторы
  • Аншу Гупта, Үнді әлеуметтік кәсіпкері, Goonj негізін қалаушысы
  • Хамза Али Малик, БҰҰ АТМЭӘК Макроэкономикалық саясат және дамуды қаржыландыру бөлімінің директоры
10:30 - 13:15
Өзгермелі әлемдегі трансформациялық көшбасшылық жаһандық конференциясы
Сессия серіктесі: МҚІА / МБА
«Бейжiн» залы
Конгресс-орталығы

Өзгермелі әлемдегі трансформациялық көшбасшылық жаһандық конференциясы

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

Жаһандық сын-тегеуріндерге тап болған қазіргі заманда мемлекеттің баршаны біріктірудегі рөлі тек нығая түсуде. Интеграциялық міндеттерді шеше алатын жаңа формацияның көшбасшыларын даярлау кез келген ұлттық үкімет үшін өзекті күн тәртібі болып табылады. Мемлекеттік қызметкер қандай болуы тиіс, қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне жауап беріп, Қазақстандағы реформалардың фасилитаторы атануы үшін ол қандай дағдылар мен қасиеттерге ие болуы керек – «Өзгермелі әлемдегі трансформациялық көшбасшылық» атты жаһандық конференцияның ұсынатын негізгі мәселелері.  

Бизнес ортада және азаматтық қоғамда орын алып жатқан жүйелі өзгерістердің үлкен қарқыны мемлекеттік қызметшілерге жоғары деңгейлі талаптарды қоюда - олар қызмет етіп жатқан мемлекет инновациялар арқылы сұраныстарды алдын ала болжай алатын және қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын өзгерістердің көшбасшысы болуға тиіс.

Конференцияның мақсаты: өзгерістерді басқаруға қабілетті көшбасшылықтың жаңа мәдениетін қалыптастыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.

Панельдік талқылау 1:

Жаңа формацияның көшбасшыларын қалыптастырудағы жаһандық трендтер

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Көшбасшылық трансформациясы: кәсібиден стратегиялық және цифрлық ойлауға;
  • Мемлекеттік басқару трансформациясы: стратегиялықтан инновациялық мемлекеттік басқару бағытында бизнес үдерістерінің реинжинирингі.

Модератор:

  • Әлтайыр Ахметов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры

Спикерлер:

  • Әсет Исекешев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры
  • Алик Шпекбаев, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы
  • Лим Су Хун, Сингапур Қаржы министрлігінің аға кеңесшісі және Мемлекеттік қызмет колледжінің аға ғылыми қызметкері
  • Гарегин Манукян, Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті, Мемлекеттік мекемелер және цифрлық басқару бөлімінің Басқару және мемлекеттік әкімшілік мәселелері жөніндегі аға қызметкері
  • Марат Атнашев, СКОЛКОВО Мәскеу басқару мектебінің ректоры

Панельдік талқылау 2:

Инновациялық мемлекеттік басқаруға арналған қазіргі заманғы көшбасшының дағдылары (практикалық кейс-конференция)

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қоғам трансформациясы: ашық сана, азаматтық қоғамның мемлекеттік сектормен белсенді өзара іс-қимылы, ашық үкімет
  • Трансформациялық көшбасшылық қағидаттарын біріктіру (транспаренттілік, сценарийлік жоспарлау, альтернативті көзқарас)
  • Agile көшбасшылық және мемлекеттік басқару

Модератор:

  • Әлтайыр Ахметов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры

Спикерлер:

  • Уильям Мозер, Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
  • Датук Крис Тан, PEMANDU Rus LLC басқарушы директоры
  • Сепп Верхайен, Эмираттық Дипломатиялық академиясының инновация және арнайы бастамалар жөніндегі менеджері
  • Жанар Тайжанова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығының басшысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Адалдық алаңы» республикалық жобалау кеңсесінің басшысы

 

14:15 - 17:00
Марапат пен құрмет: ХХІ-ші ғасырда мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру
Сессия серіктесі: БҰҰДБ / ACSH / GSPP NU
«Бейжің» залы
Конгресс-орталығы

Марапат пен құрмет: ХХІ-ші ғасырда мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру

Ұйымдастырушылар: Қазақстандағы БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы, Астана мемлекеттік қызмет хабы, Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі

Белгісіздік, күрделілік пен құбылмалылықтың жоғары дәрежесімен сипатталатын ХХІ ғасырда азаматтар тарапынан туындайтын жаңа сын-қатерлерге үкіметтер мен мемлекеттік қызметтің жедел ден қою қабілеті шешуші мәнге ие. Тиісінше, өзгермелі жағдайларға тез икемделетін тиімді мемлекеттік қызмет адамдардға лайықты өмір, қалалардың қалыпты жұмыс істеуін және экономиканың инклюзивті өсуін қамтамасыз етуде басты рөл атқарады. Бұл 2015 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Тұрақты даму мақсаттарында көрініс тапты.

Тиімді мемлекеттік қызметті құруда сапалы адами ресурстар, меритократия қағидаттары мен ынталандыруға ерекше орын беріледі. Сондықтан да бұл мәселелер Астана мемлекеттік қызмет хабына қатысушы елдерді қоса алғанда, көптеген үкіметтердің реформаларының күн тәртібіндегі басым бағыттардың бірі болып табылады.

Сонымен бірге, әрбір үкіметтің күн тәртібі әртүрлі, осы салалардағы реформалардың жылдамдығы, қарқыны мен тереңдігінде айырмашылықтар бар. Дегенмен, үкіметтер осы ізденіс барысында жаһандық трендтер мен мәдени-тарихи ұқсас проблемаларға негізделген аймақ елдері үшін бірдей сын-қатерлерді ескеруі қажет. Демек, ынталандыру, еңбекақы төлеу және бағалау мәселелерінде өзара білім алмасу, басқа елдердің тәжірибесін есепке алу және зерттеулер маңызды рөл атқарады.

Осыған орай, аталған мәселелер бойынша тәжірибе мен білім алмасу аймақ елдерінің үкіметтері мен жауапты мемлекеттік органдары үшін аса маңызды мәнге ие. Панельдік сессияда әр түрлі елдердің, соның ішінде Хабқа қатысушы елдердің мемлекеттік органдары өкілдері сөз сөйлейді. Негізгі спикер ретінде мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру теориясының негізін қалаушылардың бірі болып табылатын профессор Джеймс Перри шақырылды. Ол «Comparative Civil Service Systems in the 21st Century» кітабында «Civil Service Systems and Public Service Motivation» тарауын (2015 ж.) және Анна Хондегхеммен бірлесіп «Motivation In Public Management: The Call Of Public Service» (2008 ж.) атты кітап жазған.

Сессия мақсаты – мемлекеттік қызметшілерге еңбекке ақы төлеу мен бағалау саласындағы прогресс пен жетістіктер, соңғы зерттеулер нәтижелері мен анықтаған проблемалары, сондай-ақ өңірлік және жаһандық трендтермен танысу мен талқылау.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру, еңбекақы төлеу және бағалау жүйесінде прогрессивті, тиімді және инновациялық құралдарды анықтау
  • Мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру, еңбекақы төлеу және бағалау саласындағы жаһандық трендтер мен заманауи зерттеулердің нәтижелерін талқылау
  • Мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіруге, олардың қызметінің тиімділігін бағалауға бағытталған нақты елдік мысалдар, кейстер мен реформаларды қарастыру
  • Мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру, еңбекақы төлеу және бағалау саласында жаңа құралдарды әзірлеу мен енгізу тәжірибесінен алынған сабақтарды қорыту
  • Қатысушы елдердің ынталандыру жүйесін дамытудағы қазіргі заманғы трендтері және оны басқа елдерде енгізудің практикалық нәтижелері туралы хабар алу
  • Ынталандыру, еңбек ақы төлеу және бағалау саласындағы сарапшылар желісін нығайту

Модераторлар:

  • Алихан Байменов, Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы
  • Гүлмира Раисова, Қазақстан HR-менеджерлері қауымдастығы Үйлестіру кеңесінің төрайымы

Спикерлер:

  • Алихан Байменов, Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитеті төрағасы
  • Мирьяна Сполярич Эггер ханым, БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰДБ әкімшісінің ассистенті, Еуропа және ТМД бойынша Өңірлік бюр директоры
  • Шигео Катсу, Назарбаев Университетінің президенті
  • Алик Шпекбаев,Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы
  • Джеймс Л. Перри, Блумингтон Индиана университеті О’ Нил атындағы Қоғамдық және экологиялық мәселелер жөніндегі мектептің аса құрметті профессоры
  • Гүлмира Раисова, Қазақстан HR-менеджерлері қауымдастығы Үйлестіру кеңесінің төрайымы
  • Басскаран Наир, Сингапур Ұлттық университеті Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінің адъюнкт-профессоры; Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің шақырылған профессоры
  • Екатериана Кардава, Грузияның Мемлекеттік қызмет бюросының директоры; Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитетінің мүшесі
  • Бакытбек Сагынбаев, Қырғыз Республикасы Мемлекеттік кадр қызметінің директоры міндетін атқарушы
  • Алона Пасека, Украина Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі ұлттық агенттігінің бөлім басшысы
  • Жандос Хасен,Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет департаментінің Ынталандыру, бағалау және персоналды дамыту басқармасының басшысы
  • Панос Ливеракос, Астана мемлекеттік қызмет хабы мен Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының техникалық кеңесшісі

 

14:15 - 17:00
Ғылым, инновация және бизнестегі әйелдер
Сессия серіктесі: Expo & Women / BCG
«Нұр-Сұлтан» Пленарлық отырыстар залы
Конгресс-орталығы

Ғылым, инновация және бизнестегі әйелдер

Ұйымдастырушылар: «Expo&Women» халықаралық ұйымы, BCG, БҰҰДБ Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның қолдауымен

Стратегиялық серіктестер: IRENA жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттігі

Жаһандық экономикада әйелдердің ұстанымын нығайтуға және олардың қазіргі заманғы әлемге әсерін күшейтуге сұраныс өсуде. Бүгінгі таңда көптеген дамыған мемлекеттерде әйелдер капиталын дамыту негізінде инклюзивті экономиканы қалыптастыру қажеттілігін бұрыннан түсінді.

Әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, гендерлік теңдіктің өсуі өнімділікті арттырады, экономиканы әртараптандыруды және табыстың теңдігін ұлғайтады. Халықаралық валюта қорына сәйкес гендерлік теңгерімнің артуы Канада мен Жапония сияқты дамыған елдерде ЖІӨ – нің 4%-ға, ал дамушы елдерде 30-32%-ға дейін өсуіне ықпал ететін болады. Гендерлік теңгерім инновацияларды енгізуге, бизнес тиімділігінің басты көрсеткіштеріне, компаниялардың жалпы ұйымдастырушылық және қаржылық табыстылығына, бизнестің әлеуметтік құрамдас бөлігінің өсуіне оң әсер етеді.

Ғылым мен технологиялардың қарқынды дамуы компаниялар қанағаттандыратын таланттарға үлкен сұраныс тудырады. Бұл ретте компаниялар бүкіл әлем бойынша жаратылыстану ғылымдары, технологиялар, инжинирнг және математика саласындағы мамандықтар бойынша бітірушілердің 36%-ын құрайтын әйелдердің әлеуетін әрдайым тиімді пайдаланбайды, бірақ тек 25% жұмыс орнын және осы салаларда басшылық позициялардың 9%-ын ғана алады.

Соңғы онжылдықта әлемнің көптеген елдері, оның ішінде Қазақстан да гендерлік теңдік саласында үлкен жетістіктерге жетті. Дегенмен, әлі де шешілуі керек проблемалар бар. Мысалы, қаржыға, жерге, жылжымайтын мүлікке және технологияларға тең қолжетімділікті шектеу. Жоғары ақы төленетін жұмыс орындарына, басшылық позицияларға қол жеткізуде, әсіресе ауылдық жерлерде гендерлік алшақтықтар бар, ол ерлер мен әйелдер арасындағы еңбекке ақы төлеудігі алшақтықтарға алып келеді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Ғылым, инновациялар және бизнестегі әйелдердің рөлі қандай және әйелдердің экономикалық дамуға қосар үлесін арттырудың қандай пәрменді тәсілдері бар?
  • Түрлі қызметтер саласындағы гендерлік алшақтықты қысқартуда халықаралық ұйымдар, мемлекеттер мен бизнестің қандай табысты тәжірибелері бар?
  • Басшылық қызметтегі әйелдер елдің немесе өз ұйымының жетістікке қол жеткізуіне қалай әсер ете алады?
  • Гендерлік теңгерімді ілгері бастыртуда әйелдер қоғамының жігерін біріктіру, осылайша, қоғам, ғылым, инновациялар және бизнестегіілгерілмелі дамуды қамтамасыз етудің мүмкіндіктері қандай?

Модератор:

  • Рақым Ошақбаев, «Талап» қолданбалы зерттеу орталығының директоры

Спикерлер:

  • Гүлшара Әбдіхалықова, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
  • Роза Отунбаева, Қырғыз Республикасының Президенті (2010-2011 жж.)
  • Бруно Балванера, Орталық Азия бойынша ЕҚҚДБ басқарушы директоры
  • Асли Курбай, серіктес және атқарушы директор, BCG Стамбул
  • Селия Гарсия-Банос, Саясат және қаржы орталығының бағдарламалар жөнідегі маманы, IRENA
  • Әсел Аяпова, дрондарды қолдануды дамыту жөніндегі жаһандық инновациялық бағдарламаның директоры, AES корпорациясы
  • Александра Аккирман, «Соca-Cola» компаниясының Орта Азия және Кавказ елдері бойынша үкіметтік және қоғамдық байланыс жөніндегі менеджері
  • Гаухар Нургалиева, Мәскеу СКОЛКОВО басқару мектебінің Еуразиялық зерттеулер зертханасының меңгерушісі
  • Талғат Нәрікбаев, М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ-ның ректоры
  • Салтанат Рақымбекова, «Expo&Women»Халықаралық ұйымының Президиум төрайымы
  • Камила Магзиева, Еуропа Одағындағы «Горизонт 2020» Шекті бағдарламасының Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі, InExCB-KZ директоры; «Көк-сағыз СМ» ЖШС директоры

 

15:45 - 17:00
БҰҰ тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде Enactus студенттік кәсіпкерліктің рөлі
Сессия серіктесі: ENACTUS Kazakhstan
АХҚО
(Мәңгілік Ел данғ., 55/23, павильон С-4.4)

БҰҰ тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде Enactus студенттік кәсіпкерліктің рөлі

Ұйымдастырушылар: EnactusKazakhstan

БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыруда студенттік кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік болашақ бизнес көшбасшыларын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Enactus студенттері – жоғары оқу орындары жастарының көрнекті өкілдері.

Студенттер отандық бизнес көшбасшылары мен оқытушыларының қолдауымен инновациялық бизнес идеяларды жүзеге асыру үдерісіне белсене қатысуда, кәсіпкерліктің тәжірибелік дағдыларына үйренуде және өзіндік жеке шығармашылық қабілеттерін дамытуда.

Enactus студенттерінің қызметі – әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар тобының өмір сапасын жақсарту және оларды кәсіпкерлік дағдыларға үйрету, осылайша ұлттық және әлемдік экономиканың әлеуметтік-экономикалық жағдайына жағымды әсер етуіне көметесу.

«Әділдік», «құштарлық», «инновациялар» сөздерінде көрсетілген Enactus-тың құндылықтары студент жастардың кәсіпкерлік қызметіндегі анықтаушы мотивтер болып саналады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қазақстанда студенттік кәсіпкерлікті дамытудың негізгі үдерістері
  • Enactusәлеуметтік белсенді студент жастарды тартудың формасы ретінде
  • Студенттік кәсіпкерлікті қолдау жүйесін жетілдіру
  • Жастар саясаты және кәсіпкерлік

Модератор:

  • Дәуіржан Ауғамбай, «Ақыл-кеңес Консалтинг» ЖШС директоры

Спикерлер:

  • Альбина Ержанова, Enactus Kazakhstan президенті, философия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі
  • Юсуф Маджидов, ENACTUS Eurasia атқарушы директоры
  • Виталий Времиш, Қазақстан Ресупбликасындағы БҰҰ ДБ Тұрақты өкілінің орынбасары
  • Әмір Әбдіғалымов, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің 3-курс студенті, Алматы қаласы
  • Әлижан Мейрамов, М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің студенті, Астана қаласы
  • Кәрімжан Сулейманов, М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің 4 курс студенті, Тараз қаласы
  • Әсел Коғабаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 3 курс студенті, Алматы қаласы

 

15:45 - 17:00
Азаматтық қоғамды әл-ауқат саясатына тарту
Сессия серіктесі:
Сингапур» залы
Hilton Astana

Азаматтық қоғамды әл-ауқат саясатына тарту

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, «El tiregi» қазақстандық шағын және орта бизнес қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ

Дамушы елдердің ұлттық әл-ауқатты адамдар өмірінің сапасына және берекелі ғұмыр кешуіне айналдыра білу қабілеті заманауи экономикада маңызды рөл атқарады. Адам басына шаққанда көрсетілетін тәсіл және азаматтардың өмір сүру сапасының жеткіліксіз деңгейі – экономикалық өсім сапасының жеткіліксіз екендігінің айғағы.

Азаматтардың әлеуметтік-экономикалық теңсіздігі қоғам мен жалпы мемлекетті дамытудың нәтижесі болып саналады. Әлемнің дамыған үздік отыз елдерінің қатарына кіруді мақсат еткен Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) стандарттарын негізге алды. Бұл ұйымға мүше болу инвестицияның, ғылыми зерттемелердің, еңбек өнімділігінің, бизнесті және тұрғындар өмірінің стандарттарын дамытуды қамтамасыз етуді талап етеді.

Қазақстан түрлі әлемдік рейтингтерде жоғары орындарға ие. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде обьективтік ақиқат пен азаматтардың әл-ауқат деңгейі елдегі ауқаттылық пен өмір сүру деңгейінің әлемдік стандарттарға сай деп айтуға жол бермейді. Экономикалық өсімге қарамастан Қазақстан соңғы жылдары әлеуметтік саясат назардан тыс қалып жатты. Нәтижесінде әлеуметтік қалыптағы ел тұрғындарының түрлі топтардың дифференциациялануы пайда болды.

Бүгінгі әлемнің мұндай реалияларында азаматтық қоғамның позициясы мен ықпалы тұрғындардың әл-ауқаты мен дамуында маңызды рөлдердің бірін атқарады.

Бүгінде үкіметтік емес сектор – мемлекет пен тұрғындар арасындағы қажетті көпір, өзіндік буферлік аймақ.

Мемлекеттік бюджеттің іске асырылуын қоғамдық деңгейде бақылау, ағымдағы жағдайды объективті бағалау, заңнама ретінде жасақталған ұсыныстар, мемлекеттік жүргізіп жатқан саясатына сындарлы сын айту және қатысу – ел тұрғындары ауқаттылық деңгейінің тиімді өсуіне қажетті құралдар

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын іске қосу
  • 2030 жылға дейінгі БҰҰ ТДМ мақсатты көрсеткіштерін іске асыру және бақылауды ұйымдастыруға азаматтық қоғам институттарының қатысуын дамыту
  • Қазақстан азаматтық қоғамын дамыту трендтері және болашағы
  • Азаматтық секторды ауқатты саясатқа тиімді тарту

Модератор:

  • Асылбек Қожахметов, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті

Спикерлер:

  • Дәурен Абаев, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі
  • Саясат Нұрбек, Бақыт пен амандық жаһандық коалициясының ұлттық кеңсесінің кеңесшісі
  • Рикардо Пелиццо, Қауымдастырылған профессор және зерттеулер бойынша вице-декан, Назарбаев Университеті
  • Джозеф Зиглер Кеннет, «Astana hub» IT-стартаптардың Халықаралық технопаркі» Корпоративтік қорының Бас директоры  
  • Лейла Ахметова, HPAIR Азия конференциясы Ұйымдастыру комитетінің атқарушы директоры

 

 

 

 

15:45 - 17:00
Икемді білім мен ғылым арқылы әлеуметтік даму
Сессия серіктесі: ҚР БҒМ
Нью-Йорк» залы
Конгресс-орталығы

Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Білім беру саласында: 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 17 Тұрақты даму мақсаттарын қабылдады. Мыңжылдық дамуының бұрын қолданыста болған мақсаттарына қарағанда елдер дамуының барлық маңызды аспектілері бойынша даму мониторингінің неғұрлым нақты жаһандық архитектурасы құрылған. «Кедейшілікті жою», «аштықты жою», «жақсы денсаулық пен әл-ауқат» сияқты маңызды мақсаттардан кейін төртінші ТБО «сапалы білім» деп белгіленген. Осы арқылы әлемнің елдері сапалы адами капиталсыз, оның басты көзі - білімсіз тұрақты даму мүмкін еместігін тағы да растады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің ел халқына арнаған алғашқы жолдауында: «жетекші фактор — адамдардың өздері, олардың ерік-жігері, энергиясы, табандылығы, білімі. Бұл бізге өркендеу мен Тәуелсіздіктің есігін ашуға мүмкіндік беретін «Алтын кілт». 20 жыл өткеннен кейін Елбасы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында елдің экономикалық өсуінің жаңа моделінің орталық буыны білім беру болуы тиіс екенін тағы да атап өтті.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында «Жаңа адами капитал» реформасы шеңберінде ХХІ ғасырдың жоғары сапалы және талап етілетін дағдыларына ие адами капиталды дамыту көзделген. Білім беру жүйесі барлық деңгейлерде қолжетімділік пен инклюзивтілікті қамтамасыз етуге және еңбек нарығының, сондай-ақ болашақ экономиканың ағымдағы сұраныстарына жауап беретін кадрларды даярлауға бағытталуы тиіс.

Білім және ғылым саласындағы әлемдік стандарттарға сәйкес келу мақсатында Қазақстан 2017 жылы ЭЫДҰ-ның Инновациялық және білім беру саясаты жөніндегі комитеттеріне кірді.

Әлемдік үрдістер бүкіл әлемде білім берудің өсіп келе жатқан рөлінің куәсі. БҰҰДБ сарапшылары атап өткендей, дәл осы ең ұзақ оқыту кезеңінде адам тұлғасы қалыптасады, психологиялық тұрақтылық негіздері мен одан әрі даму әлеуеті қаланады.

Бүгінде білім беру білікті жұмысшы кадрларды даярлау құралы ғана емес, сонымен қатар жастарды әлеуметтік бейімдеу құралы болып табылады.

Бұл проблеманы дер кезінде шешу елдегі тұрақсыз және шиеленіскен әлеуметтік жағдайға әкелуі мүмкін.

Ғылым саласында: қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ғылымның елеулі рөлі әрдайым мойындалады. Қазіргі жағдайда ғылым - ұлттық экономиканың жалпыға танылған негізгі саласы, Ұлттық қауіпсіздік, әл-ауқат, ұлттың физикалық және ақыл-ой денсаулығы ғылым прогресіне байланысты. Білімге негізделген экономика тиімділігінің негізі тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын, тұрақты дамуға ықпал ететін, жұмыспен қамту проблемаларын шешуге, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға көмектесетін инновациялар болып табылады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Мамандарды болашақ үшін даярлап жатырмыз ба? Біз түлектеріміз болашаққа дайын ба?
  • Қазақстан мектептеріндегі бизнес-білім: парадигмалар және перспективалар
  • Болашақтың дағдылары. Біздің айналамыздағы әлемнің өзгеруі
  • Инклюзивтік инновациялар (әлеуметтік-бағытталған жобалар): Қазақстан ғылымын дамытудың заманауи тренді ретінде

Модератор:

  • Фатима Жақыпова, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылымвице-министрі

Спикерлер:

  • Аида Сағынтаева, «Nazarbayev University Graduate School of Education» ЖМ деканы
  • Алмагүл Мұхамедханова, Ы.Алтынсарин атындағыҰлттықбілімакадемиясыныңвице-президенті
  • Ермек Күзенбаев, «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы
  • Мұрат Сартбаев, «Өнімді инновацияларды ынталандыру» Жобасын басқару тобының директоры, биология ғылымдарының кандидаты