Спикерлер

Морис Обстфельд

Калифорния университетінің экономика профессоры, Беркли, Халықаралық валюта қорының бас экономисі (2015-2018)

Білімі: экономика бойынша PhD (MIT), B.A. (Пенсильвания университеті және Корольдік колледж), M.A. (Кембридж университеті).

2015–2018 жылдары Халықаралық валюта қорында экономикалық кеңесші және зерттеулер департаментінің директоры қызметін атқарған.

2014–2015 жылдары д-р Обстфельд АҚШ Президенті Барак Обаманың Экономикалық кеңесшілер кеңесінің мүшесі болған. Бұған дейін ол Жапония банкі Валюталық-экономикалық зерттеулер институтының құрметті кеңесшісі лауазымын атқарған (2002–2014 жылдары). Сонымен қатар, ол Эконометрикалық қоғам және Америка ғылым академиясының мүшесі болып табылады. Сондай-ақ, ол атқарушы комитетте қызмет етіп, сонымен қатар, Америка экономикалық қауымдастығында вице-президент лауазымын атқарған.

Бұған қоса ол халықаралық экономика саласы бойынша екі маңызды кітаптың бірлескен авторы: «Халықаралық экономика» (11-бөлім, 2017 ж., Пол Кругман және Марк Мелиц) және «Халықаралық макроэкономика негіздері» (1996 ж., Кеннет Рогоффпен бірге), сонымен қатар, 100-ден астам ғылыми еңбектердің авторы.

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019