Спикерлер

Ристо Сииласмаа

Nokia Corporation Директорлар кеңесінің төрағасы

Білімі: Хельсинки технологиялық университеті, Финляндия.

Ристо Сииласмаа – Nokia директорлар кеңесінің төрағасы. 2008 жылдан бері Басқарма мүшесі, 2012 жылдан бері Басқарма төрағасы қызметін атқарып келеді. Сонымен қатар, ол Корпоративтік басқару және тағайындау жөніндегі комитеттің төрағасы, Технологиялық комитет мүшесі лауазымдарын қоса атқарады. F-Secure Corporation президенті және бас атқарушы директоры болып жұмыс істеген (1988–2006).

Финляндия технологиялық кәсіпорындар ұйымы Директорлар кеңесінің мүшесі. Еуропалық мүдделестер дөңгелек үстелінің қатысушысы. ЕО Жоғарғы өкілі Федерика Могеринидің бастамасы бойынша құрылған Жаһандық техникалық топтың мүшесі. 2017–2018 жылдары Финдік өнеркәсіп конфедерациясы (EK) Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары, 2016–2018 жылдары Финляндия технологиялық кәсіпорындар ұйымы Директорлар кеңесінің лауазымдарын атқарған.

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019