Спикерлер

Виталий Саттаров

«Қауіпсіз Интернет» компаниясының негізін қалаушылардың бірі және басшысы

Білімі: Бауман атындағы ММТУ

IT саласындағы еңбек жолын 2002 жылы бастаған. Ірі интернет жобасының программистінен техникалық директоры қызметіне дейін өскен (2002-2008). РБК және Рамблер секілді ірі интернет компанияларда, сонымен қатар,Colvir Software Solutions, Diasoft секілді өнеркәсіптік IT шешімдер шығаратын компанияларда түрлі қызметтер атқарған. Телекоммуникациялар, электрондық коммерция, bigdata салаларында үлкен тәжірибеге ие.

2006 жылы жаңа ұрпақ үшін ақпаратты іздеу жүйелерін құрумен айналысатын «ИнфоСкан» технологиялық стартап жобасының негізін салушылардың бірі атанды. 2007-2008 жылдары серіктестерімен бірге «Корпоративті қауіпсіздік технологиялары», кейін «Қауіпсіздік Интернет» атанып кеткен компанияның негізін қалады. Бұл компания бастапқыда ақпараттық қауіпсіздік саласындағы стартап жобасы болып бекітілгенмен, кейін желі трафигін реттейтін ресейлік ірі компанияға айналды. Сколково қорының сарапшысы, интернет, телекоммуникация және ірі қаржы жүйелері саласында тез өркендеуші бірқатар стартап жобалардың консультанты болып саналады.

 

 

 

 

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019