Спикерлер

Шерзод Кудбиев

Өзбекстан Республикасы Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрі (2018-2019)

Білімі: Ферғана политехникалық институты.

Ферғана политехникалық институты кафедрасында ассистент (2002-2006), аталмыш институтта «Бухгалтерия және аудит» кафедрасының аға оқытушысы (2006-2007), Өзбекстан Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының қаражатын тиімді және мақсатты қолдану басқармасының аға маманы (2007-2008), Өзбекстан Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек ақысы әдістемесі басқарма басшысының орынбасары (2008-2009), Өзбекстан Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жұмыспен қамту және еңбек нарығын талдау басқарма басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған (2009-2010). Өзбекстан Министрлер кеңсесі Қосынды ақпараттық-талдамалық департаментінің макроэкономикалық даму, экономикадағы құрылымдық өзгерістер және аумақтың кешенді дамуы бойынша жетекші және аға маман (2010-2012), Жұмыспен қамту, еңбекті қорғау және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі республикалық ғылыми орталықтың директоры (2012-2015), Өзбекстан Министрлер кеңсесі Қосынды ақпараттық-талдамалық департаментінің макроэкономикалық даму, экономикадағы құрылымдық өзгерістер, инвестицияларды тарту және аумақтың кешенді дамуы бойынша басқарушының орынбасары (2015-2016), Ташкент қаласы Улугбек ауданының әкімі қызметтерін атқарған (2016-2018).

2018 жылдан бері Өзбекстан Республикасы Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрі қызметін атқарып келеді.

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019