Спикерлер

Георгий Квирикашвили

Грузия Премьер-министрі (2015-2018)

Білімі: халықаралық қаржы магистрі, Иллинойс университеті, Шампейн-Урбана, АҚШ; Экономика бакалавры, Тбилиси мемлекеттік университеті, Грузия; Жалпы медицинадағы MB, Тбилиси мемлекеттік медицина институты, Грузия.

Георгий Квирикашвили 2015-2018 жылдар аралығында Грузия Премьер-министрі қызметін атқарған.
«Грузиндік арман» партиясының төрағасы қызметінде 2016 жылы өткен сайлауда жеңіске жеткен.
Квирикашвили Грузияның еуроатлантикалық және еуропалық интеграциясын ілгерілету жөніндегі ірі бастамалардың бастамашысы болған. Оның маңызды жетістіктері ретінде Грузия азаматтарына арналған визасыз режим, революциялық салық реформасы, кәсіпорындардан кіріс салығын алып тастаужәне II деңгейдегі зейнеткерлік жүйені енгізу істерін айтуға болады. Премьер-министр лауазымына дейін ол Грузия Сыртқы істер министрі, Экономика министрі және Грузия Парламент мүшесі лауазымдарын атқарған. Сонымен қатар, Квирикашвилидің банк саласында 15 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Ол халықаралық консалтингтікжобаларда жұмыс істеген, мұнда ол зейнеткерлік, қаржы секторы және нарық облигациялары мәселелері бойынша консультация берумен айналысқан. 2018 жылдан бері Квирикашвили Астана клубы Консультативтік кеңесінің мүшесі болып саналады. Қазіргі уақытта ЕҚҚДБ халықаралық кеңесшісі және Өзбекстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлардың кеңесін құру мәселелері бойынша консультация жүргізеді.

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019