Спикерлер

Хосе Антонио Окампо

Колумбияның бұрынғы Қаржы министрі, БҰҰ Бас хатшысының Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бұрынғы орынбасары

Білімі: Нотр-Дам университеті, Йельуниверситеті.

Орталық банктің кеңес мүшесі, Колумбияның бұрынғы Қаржы министрі, БҰҰ Бас хатшысының Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бұрынғы орынбасары болып табылады. Экономикалық комиссияның Латын Америкасы мен Кариб бассейні өңірі үшін атқарушы хатшы болды (1998-2003), бірнеше үкіметтік лауазымдарға ие болды, оның ішінде, Қаржы және мемлекеттік кредиттеу министрі, Ұлттық жоспарлау департаментінің директоры және Ауыл шаруашылығы министрі болды. Федесарроллода Жоғары білім және даму қорының директоры, Анды университеті (Колумбия) Экономика факультетінің және Колумбия Ұлттық университетінің профессоры болды. Кембридж, Йель және Оксфорд университеттерінде шақырылған профессор болды.

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019