Спикерлер

Монтек Ахлувалия

Үндістан Республикасының Жоспарлау жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары(2004-2014)

Білімі: Дели университетінде экономика саласы бойынша бакалавр дәрежесі (үздік), Оксфорд университетінде Родс шәкіртақысы иегері атанып, экономика саласы бойынша магистр дәрежесін алған.

Үндістан Республикасының Жоспарлау жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары қызметін атқарған (2004–2014). Халықаралық валюта қорындағы Тәуелсіз бағалау бюросының бірінші директоры болып жұмыс істеген (2001-2004).

Ахлувалия мырза 1980 жылдардың ортасында Үндістан Республикасындағы экономикалық реформаларды жүргізу процессіндегі маңызды тұлғаға айналды. Премьер-министрлер Раджив Ганди және В.П. Сингхтың арнайы хатшысы, Сауда министрі (1990–1991), Қаржы министрлігінде хатшы, Қаржы және экономика министрі (1991–1998), сонымен қатар, Жоспарлау жөніндегі комиссияның және Премьер-министр жанындағы Экономикалық консультативтік кеңестің мүшесі қызметтерін атқарған (1998–2001).

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019