Спикерлер

Дәурен Абаев

Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі (2019 жылдан бері)

Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті, Лейден университеті (Нидерланды), Еуразиялық гуманитарлық институт

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі бөлімінің басшысы (2007), Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты(2008), Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары (2008-2009), Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы (2009-2011), Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы және кеңесшісі(2011-2016), Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі(2016-2019) лауазымдарын атқарған.

Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі (2019 жылдан бері) қызметін атқарады.

I класстағы бірінші хатшының дипломатиялық дәрежесіне ие. Қазақстан Республикасының «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019