Спикерлер

Кристофер Кэмпбелл-Холт

АХҚО және Халықаралық арбитражды орталық сотының тіркеушісі және аппарат басшысы

Білімі: Лондон университеттік колледжі

Көптеген халықаралық заңгерлік институттар және дауларды шешу бойынша тәжірибелік топтардың негізін қалаушысы. Лондон университеттік колледжінде Этика және құқық орталығы Консультативтік кеңесінің мүшесі және құрылтайшысы болған. Таяу Шығыстағы аймақтық заңгерлік фирманың заң бойынша консультанты болып қызмет еткен. Лондондағы Norton Rose Fulbright халықаралық заңгерлік фирмасында қызмет еткен, Комитет хатшылығының мүшесі болған.

Дауларды заңгерлік, соттық және баламалық шешу бөлімі бойынша АХҚО білім беру бағдарламасының әзірлемесін басқарады.

Заңгер-практиктердің журналына мақалалар жариялап тұрады, сонымен қатар, корпоративтік құқық саласындағы жетекші басылым Gore-Browne on Companies-тегі корпоративті төлем қабілетсіздігіне арналған тараулардың авторы, (Jordans, 2007-2010 жылдар аралығында), «Әділеттілік іздеу жолында» кітабының редакторы (OUP, 2008 жылы) және «Ағымдағы заңи мәселелер» басылым редакторының көмекшісі (2005-2010).

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019