Спикерлер

Алаа Мурабит

The Emerging Leaders Lab бірлескен негізін қалаушысы және Director of Phase Minus 1 атқарушы директоры

Білімі: Эз-Завия университетінің медицина колледжі, Ливия.

Дәрігер, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысымен бекітілген тұрақты дамудың жаһандық мақсаттары жөніндегі 17 адвокаттардың бірі, денсаулық сақтау және экономикалық өсу саласындағы жұмыспен қамту мәселелері бойынша БҰҰ жоғары деңгейлі комиссары. Алаа MIT Media Lab ғылыми қызметкері және «Deliver For Good Influencer» компаниясының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі директоры,Малала Қоры, Oxfam America, New Now және Women's March Global директорлар кеңесінің мүшесі болып еңбек етеді. Сонымен қатар, Алаа күрделі әлеуметтік және мәдени нормаларды негізге ала отыра, әйелдердің бейбіт процесстер мен шиеленістердің реттеу істеріне қатысуын қолдайды.

Оның «Кампания Нур» бағдарламасы халықаралық аренада танылған. 2015 жылы «Менің дінім әйелдер туралы не айтады» тақырыбында шыққан TED Talk төрт миллионнан астам көрсетілім жинаған, TED Talk of the Day ретінде және TED Talks жобасының ынталандырушы төрт сөз сөйлеуінің бірі ретінде таңдалған.

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019