Спикерлер

Жаксыбек Кулекеев

«Қазақ мұнай және газ институты» бас директорының кеңесшісі

Білімі: С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы (1997-1999), Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрі (1999-2002), Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы (2002-2003), Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі (2003-2004), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры (2005-2006) қызметтерін атқарған. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшесі болған (2007-2008).

«Қазақстан экономикасындағы мемлекеттік құнды қағаздар», «Жобаға талдау жасау», «Нарыққа көшудегі жер қатынастары», «Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы экономикалық панорамасы», «Нарықтық қатынастарды дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің проблемалары» кітаптарының авторы және тең авторы.

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019