Спикерлер

Джеймс Л. Перри

П.Х. О'Нил атындағыҚоғамдық және экологиялық мәселелер мектебінің құрметті профессоры, Индиана университеті, Блумингтон (2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін)

Білімі: Сиракуз университеті, Чикаго университеті

Дж. Л. Перри Йонсей университетінде, Калифорния университетінде, Гонконг университетінде, Гонконг Қытай университетінде және Висконсин университетінде оқытушы қызметтерін атқарған.

Джеймс Л. Перри мемлекеттік басқару саласындағы халықаралық деңгейде танылған көшбасшы және мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру теориясының негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Ол 10 кітаптың және 150-ден астам мақаланың авторы/редакторы. Ол «Comparative Civil Service Systems in the 21st Century» кітабында «Civil Service Systems and Public Service Motivation»тарауын (2015 ж.) және Анна Хондегхеммен бірлесіп «Motivation In Public Management: The Call Of Public Service» (2008 ж.) атты кітап жазған. 

Дж. Л. Перри «Public Administration Review» журналының бұрынғы бас редакторы.

Ол бірнеше беделді кәсіби марапаттардың лауреаты болып табылады, оның ішінде персоналды инновациялық зерттеуі үшін Йодер-Хенеман сыйлығының, Мемлекеттік басқарудағы үздік жетістіктері мен зерттеулері үшін Чарльз Х. Левиннің мемориалдық сыйлығының иегері.

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019