Спикерлер

Ато Браун

Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы Тұрақты өкілі

Білімі: Кваме Нкрума ғылым және технологиялар университеті (Гана), Штутгарт университеті (Германия).

2016 жылғы 1 наурызда Еуропа және Орталық Азия өңірі шеңберінде Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.

Осы тағайындауға дейін Дүниежүзілік банктің Сьерра-Леонедегі Тұрақты өкілі болды, бұнда ол Дүниежүзілік банктің елдегі Эбола пандемиясының таратылуына жауап ретінде шаралар кешеніне сәтті жетекшілік етті.Бұрын ол Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка өңірі бойынша Дүниежүзілік банктің су секторы секторының басшысы қызметін атқарды.25 жылдан астам уақыт бойы Дүниежүзілік банк және басқа да халықаралық қаржы ұйымдары қаржыландырған инфрақұрылым және коммуналдық шаруашылық саласындағы реформалар, қызметтерді көрсетуге жеке сектордың қатысуы, қызметтерді инновациялық қаржыландыру, қалалық және ауылдық аумақтарды дамыту, әлеуметтік қорғау сияқты салалардағы жобаларда жұмыс істеді.

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019