Спикерлер

Сапархан Омаров

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Жоғары білімі: Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономика академиясы, Қазақ мемлекеттік заң университеті.

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының бөлім бастығы (1995-1996), Мемлекеттік «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» басқарма бастығы (1996-2001), «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-да басқарушы директоры (2001-2006), «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-ның вице-президенті (2006-2007),Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары (2007-2008), Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Аумақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы (2008-2011), Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (2011-2014), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының вице-министрі (2014-2016), ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты (2016-2018) қызметтерін атқарған.

«Құрмет» орденімен (2013), Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің Алғыс хатымен (2010), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) мерекелік медальдарымен марапатталған.

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019