Спикерлер

Екатерина Майорова

Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігі сауда келіссөздері департаментінің директоры

Білімі: Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті, Ресей СІМ Дипломатиялық академиясы

Екатерина Майорова сауда саясатымен 2000 жылдан бері айналысады. Көптеген екіжақты және көпжақты халықаралық келісімдер бойынша Ресей Федерациясынан келіссөз жүргізуші. Аяқталған ірі жобаларға мыналарды жатқызуға болады: қызметтер бойынша айрықша міндеттемелер, сондай-ақ Ресейдің ДСҰ-ға қосылу процесі шеңберінде келісілген жүйелік міндеттемелер, капитал салымдарын қорғау және көтермелеу туралы келісімдер, ТМД-дағы еркін сауда аймағы туралы шарт, Ресей, Қазақстан және Беларусь Кеден одағы шеңберіндегі келісімдер.

Қазіргі уақытта кәсіби міндеттер саласына Ресей Федерациясының ДСҰ-мен және өзге де Халықаралық экономикалық ұйымдармен сауда-саяси мәселелер бойынша өзара іс-қимыл мәселелері, Ресей заңнамасы мен құқық қолдану тәжірибесінің Ресейдің халықаралық міндеттемелеріне сәйкестігі мәселелері, тауарлар мен қызметтердің еркін саудасы туралы келісімдерді қоса алғанда, халықаралық сауда және инвестициялық келісімдер бойынша келіссөздер кіреді.

Екатерина Майорова экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие.

 

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019