Спикерлер

Ләззат Ибрагимова

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқармасының Төрайымы (2017 ж. бастап)

Білімі: Ақмола ауыл шаруашылығы институты; Еуразия гуманитарлық институты.

Ләззат Ибрагимова Л.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетінің экономика факультетінде оқытушы болып жұмыс істеді (1995-2007), «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ талдау және даму стратегиялары, оқыту және консалтинг, корпоративтік даму департаменттерінің директоры (2004-2009), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қаржы институттарын және даму институттарын басқару жөніндегі дирекцияның арнайы бағдарламалар департаментінің бас менеджері (2009), «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі (2009-2011), «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма Төрайымы, Директорлар Кеңесінің мүшесі (2009-2016), «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры (2011-2016), "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі, Директорлар Кеңесінің Төрайымы (2016), "КазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» Директорлар Кеңесінің мүшесі, Директорлар Кеңесінің Төрайымы (2016-2017), «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі, (2016-2017), «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары (2016-2017) лауазымдарын атқарды, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқармасының Төрайымы болып табылады (2017 ж. бастап).

«Кұрмет» орденімен марапатталған (2016), экономика ғылымдарының кандидаты.

 

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019