Спикерлер

Виктор Христенко

Еуразиялық экономикалық одақ Іскерлік кеңесінің президенті

Білімі: Челябинск политехникалық институты

Ресей Федерациясы Қаржы министрінің орынбасары (1997-1998), Ресей Федерациясы Үкімет төрағасының орынбасары (1998), Ресей Федерациясы Қаржы министрінің бірінші орынбасары (1998-1999), Ресей Федерациясы Үкімет төрағасының бірінші орынбасары (1999-2000), Ресей Федерациясы Үкімет төрағасының орынбасары (2000-2004), Ресей Федерациясы Үкімет төрағасының міндетін уақытша атқарушы (2004), Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және энергетика министрі (2004-2008), Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрі (2008-2012), Экономикалық даму және интеграция жөніндегі үкіметтік комиссия мүшесі (2010-2012), Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясының төрағасы (2012-2016) қызметтерін атқарған.

Марапаттары: III дәрежелі «Отан алдындағы ерен еңбегі үшін» ордені, IV дәрежелі «Отан алдындағы ерен еңбегі үшін» ордені, Құрмет ордені, Ресей Федерациясы Президентінің Алғыс хаты, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының грамотасы, II дәрежелі Достық ордені, I дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» медальі, Әулие князь Даниил Московский ордені.

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019