Спикерлер

Антон Петраков

«Яндекс.Такси» компаниясының корпоративтік қатынастар жөніндегі директоры

Білімі: РФ СІМ Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институты (ММХҚИ)

Чехия Республикасындағы Ресей дипломатиялық миссиясының атташесі, үшінші хатшысы қызметтерін атқарған (2010-2014). «Яндекс» компаниясында үкіметтің мемлекеттік органдарымен өзара әрекеттестік жөніндегі жобалар директоры болып еңбек еткен (2014-2018). Компанияның Ресей өңірлерімен өзара қатынасына жауапты болды, сонымен қатар, АТ саласында жаңа серпінді технологияларды дамыту үшін заңнамалық және GR бастамаларды ілгерілету жұмысына жауапты болды.

Ресей Федерациясы, Қазақстан және Армения елдерінде жұмыс істейтін «Яндекс.Лицей» жобасының дамуы мен ауқымды таралуына белсенді ат салысқан. «Глонасс» ҮС навигациялық технологияларды дамыту жөніндегі жұмыс тобының, «Кадрлар және білім беру» бағыты бойынша стратегиялық бастамалар агенттігі жұмыс тобының, «Цифрлық экономика» АҮҰ көлік және денсаулық сақтау саласын цифрландыру жөніндегі сарапшылар кеңесінің, Денсаулық сақтауды цифрландыруды дамыту жөніндегі Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасы жұмыс тобының мүшесі қызметін атқарған.

Телемедицина туралы ресейлік заңнаманы құрушылардың бірі болып табылады.

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019