Спикерлер

Франк Шауфф

Еуропалық бизнес қауымдастығының бас директоры

Білімі: Волгоград мемлекеттік университеті, Лондон Экономика және саяси ғылымдар мектебі, Кельн университеті, PFH Жеке қолданбалы ғылымдар университеті

1994 жылдың сәуір айынан 1995 мамыр айына дейін Кельн қаласы әкімшілігінде қызметкер, 1995 жылдың мамыр айынан 1996 жылдың мамыр айына дейін Кельн қаласындағы Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы саясат және зерттеулер қауымдастығында жоба менеджері қызметтерін атқарған, 1995 жылдың қыркүйек айынан 1996 жылдың тамыз айына дейін Мәскеу қаласындағы ресейлік архивтерді зерттеу ісімен айналысқан, 1996 жылдың шілде айынан 1999 жылдың маусым айына дейін Солтүстік Рейн-Вестфалиядағы Социал-демократиялық жастар ұйымында атқарушы директор, 1998 жылдың желтоқсан айынан 2003 жылдың желтоқсан айына дейін Германия Жастар кеңесінің төрағасы (DNK), 1999 жылдың шілде айынан 2001 жылдың маусым айына дейін Жас социалистер кеңесінің халықаралық хатшысы (Бонн/ Берлин), 2001 жылдың қазан айынан 2005 жылдың сәуір айына дейін Берлиндегі Еркін университеті Шығыс Еуропа елдерін зерттеу институтында лектор, 2001 жылдың шілде айынан 2007 жылдың маусым айына дейін Германия Социал-демократиялық партиясы басшысының сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі (SPD) лауазымдарын атқарған.

2007 жылдың маусым айынан қазіргі уақытқа дейін Ресей Федерациясындағы Еуропалық бизнес қауымдастығының бас директоры қызметін атқаруда.

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019