Спикерлер

Роберт Фэриш

ТМД және Ресей аймағындағы IDC Вице-президенті

Роберт Фариш білімі бойынша тарихшы, Бирмингем университетінде бакалавр дәрежесін иеленген. Лондон университетінің Goldsmiths колледжінде журналистика фактультетінде оқыған. Еңбек жолын 1991 жылы Мәскеуде журналист ретінде жұмыс істеуден бастаған. 1993 жылы Computer Business Russia тәуелсіз басылымын ұйымдастырып, әрі мұны өзі басқарды.

1995 жылы IDC CEMA-ға ауысып, Роберт Фариш Ресейлік ақпараттық технологиялар нарығын зерттеуді жалғастырды. Ол 2002 жылдан бастап Ресей, Белоруссия, Украина, Орталық Азия және ТМД-ның басқа да елдеріндегі IDC өкілдігінің жұмысын басқарады, оның басшылығымен аталған елдерде барлық зерттеу бағдарламалары жүргізіледі.

Қазіргі уақытта Роберт Фариш өз бетінше және басқа талдаушылардың қатысуымен нарықтарға зерттеу жүргізіп, Интернет, дербес компьютерлер, принтерлер, офистік қызметті автоматтандыруға арналған жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша IDC есептерін жариялауға дайындайды.

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019