Спикерлер

Вибке Шлёмер

Еуропа және Орта Азия бойынша директор, Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC)

Вибке Шлёмер жеке сектор мен дамушы нарықтарды қолдауға бағытталған, Дүниежүзілік банк тобының құрамына кіретін Халықаралық қаржы корпорациясының Еуропа және Орта Азия бойынша директоры қызметін атқарады.

Вибке Шлёмер құрамына 24 ел кіретін аймақтағы IFC қызметінің басқарылуына жауапты және оның миллиардтан астам көлемінде инвестициялар портфелі және 89 консультативтік жобалары бар.

Вибке Шлёмер жылына миллиард көлемінде жаңа инвестицияларға жауап беретін құрамында 420 маман бар команданы басқарады, мұнда инфрақұрылымды жақсарту, агробизнес тиімділігін көтеру, өндірістегі экологиялық қауіпсіз инновацияларды қолдау және капиталдың жергілікті нарықтарын нығайту секілді талаптарға жауап беретін жеке секторларға ұсыныстар ұсынуға баса назар бөлінеді.

Шлёмер ханымның жобалық және корпоративті қаржыландыру саласында, энергетика, көлік, коммуналдық кәсіпорындар, телекоммуникациялар және технологиялар саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Қазіргі қызметіне дейін ол Халықаралық қаржы корпорациясының Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдеріне инфрақұрылымына инвестициялар бағыттау ісін басқарды және ,5 миллиард көлемінде инвестицияларды басқару ісін іске асырды.

Шлёмер ханым Халықаралық қаржы корпорациясындағы қызметін 2004 жылы Вашингтондағы (Колумбия округі) телекоммуникациялар, медиа және технологиялар (TMT) секторына инвестициялар жөніндегі кеңесші лауазымынан бастаған болатын, 2009 жылы корпорацияның Стамбулдағы кеңсесіне ауысып, мұнда Халықаралық қаржы корпорациясының Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдеріндегі телекоммуникациялар, медиа және технологиялар бағытын басқарды. 2011 жылы Гонконг қаласына ауысып, мұнда Халықаралық қаржы корпорациясының Шығыс Азия және Тынық мұхиты аймағындағы инфрақұрылымдық жобаларына қатысты қызметтерінің бағытын басқарды. 2014 жылы Вибке Стамбулға қайта оралып, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдеріндегі инфрақұрылымдық жобалар бойынша бағытқа басшылық етті. Ол 2017 жылдың ортасынан Австрия астанасы Венада қызмет атқарады.

Халықаралық қаржы корпорациясына қызметке келгенге дейін Шлёмер ханым Люксембург қаласындағы Еуропалық инвестициялық банкте қызмет атқарып, сонымен қатар, Германия инвестициялық корпорациясында (DEG) Африка, Азия және Шығыс Еуропа елдерінде инфрақұрылымдық жобаларды және жеке капиталы бар операцияларды қарыздық негізде қаржыландыру бойынша келісімдерді құрылымдау ісімен айналысты. Шлёмер ханымның Германиядағы Гёттинген университетінің экономика және қаржы магистрі, сонымен қатар, Германия Даму институтында саясат саласы бойынша ғылыми дәрежесі бар.

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019