Спикерлер

Сергей Кирюшкин

«Газинформсервис» ЖШҚ бас директорының кеңесшісі

А.Ф.Можайский атындағы Әскери инженерлік-ғарыш институтын бітірген.

1992-1996 жылдары РФ Қарулы күштерінде инженерлік қызметтер атқарған.

1996-1999 жылдары А.Ф.Можайский атындағы Әскери инженерлік-ғарыш институтында адъюнктура бойынша білім алып, ақпаратты қорғау мәселелері жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізген.

2000-2005 жылдары А.Ф.Можайский атындағы Әскери инженерлік-ғарыш институтында есептеу математикасы кафедрасында сабақ берген.

2002 жылы бірқатар серіктестерімен бірге электрондық қолтаңба мәселелері жөніндегі мамандандырылған конференцияны ұйымдастыру және өткізу бастамасын құрып, кейіннен бұл бастама «PKI-Форум» деп аталынды. Қазіргі таңда конференцияның бағдарламалық комитетінде қызмет етеді.

2005 жылы бірқатар коммерциялық және IT-компанияларда басшылық қызмет атқарды.

2009 жылдан бері «Газинформсервис» ЖШҚ қызмет атқарады.

2016 жылдан бері Азиялық-тынықмұхиттық аймақта қағазсыз сауда және көлік мәселелері бойынша БҰҰ сарапшылар тобында сарапшы қызметін атқаруда (UNNExT).

Техника ғылымдарының кандидаты.

«Эксперт Северо-Запад» журналының нұсқасы бойынша ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар саласындағы жыл сарапшысы (2017)

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019