Спикерлер

Оса Регнер

БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, «БҰҰ-әйелдер» құрылымының атқарушы директорының орынбасары

Білімі: Упсала университетінің (Швеция) демократиялық даму магистрі.

2014-2018 жылдары Регнер ханым Швециядағы Балалар, қарттар және гендерлік теңдік министрі болып қызмет етті, және оның жұмысы Швецияның гендерлік теңдік саясатын іске асыруда нақты нәтижелерге, сондай-ақ әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға және ерлер мен ұлдардың гендерлік теңдік жұмыстарына белсене қатысуына негізделді.

 

Регнер ханым үкіметте, үкіметтік емес ұйымдарда (ҮЕҰ) және Біріккен Ұлттар Ұйымында әр түрлі көшбасшылық лауазымдарда жұмыс атқару арқасында гендерлік теңдік пен әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуде үлкен тәжірибеге ие. Швеция мен одан тыс жерлерде маңызды үдерістер мен науқандардың басында болып, феминизмнің және гендерлік теңдіктің жетекші қорғаушысы ретінде Регнер ханым бірқатар маңызды мүдделі тараптармен, соның ішінде әйелдер қозғалысы мен азаматтық қоғам, жаһандық және елдік деңгейлерде тығыз байланыстар орнатқан. 

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019