Спикерлер

Хамза Әли Мәлік

БҰҰ ЭСКАТО Макроэкономикалық саясат және дамуды қаржыландыру бөлімінің директоры

Бөлім ЭСКАТО-ның 2030 жылғы күн тәртібін қолдауға арналған қаржы стратегиясын әзірлеуге, экономикалық жағдайларға, даму мәселелері мен Азия-Тынық мұхиты аймағындағы саясатқа талдау жасайды. Ол «Азия-Тынық мұхиты аймағындағы экономикалық және әлеуметтік жағдайға шолу» және «Азия-Тынық мұхит аймағының елдері және олардың ерекше қажеттіліктерінің дамуы туралы есеп» атты екі арнайы жыл сайынғы жетекші басылымдарын шығарады. Хамза Малик сондай-ақ ЭСКАТО «Азия-Тынық мұхиты аймағындағы тұрақты даму» журналының бас редакторы болып табылады және әртүрлі экономикалық және қаржылық мәселелер бойынша жұмыс және бағдарламалық құжаттарды жариялауды басқарады.

ЭСКАТО-ға келмес бұрын, Хамза Малик 2007 жылдың маусымынан 2014 жылдың қараша айына дейін Пәкістанның Мемлекеттік банкіндегі (ПМБ) ақша-кредит саясаты департаментінің директоры қызметін атқарған. Ол Банктің ішкі ақша-несие саясаты жөніндегі комитетінің мүшесі болды және елдің ақша-кредит саясатының негізін қалыптастыруда және көптеген реформаларды жүзеге асыруда, оның ішінде қысқа мерзімді пайыздық дәліз мен орталық банк заңнамасында заңнамалық өзгерістерді енгізуде маңызды рөл атқарды.

Халықаралық Валюта Қорымен (ХВҚ) талқылауға қатысқан және халықаралық капитал нарықтарында тәуелсіз облигацияларды сәтті шығарған Пәкістанның үкіметтік топтарының тұрақты мүшесі болды. Сондай-ақ, ПМБ жұмыс құжаттарының редакторы ретінде жұмыс істеді және ақша-кредит саясаты саласындағы ПМБ-нің позициясын айқындау үшін үнемі электронды БАҚ-та көрініп жүрген.

ПМБ-ға жұмысқа кірмес бұрын, ол Канададағы Лейкхед университетінің экономика бойынша доценті қызметін атқарып, макроэкономика, монетарлық экономика және халықаралық қаржы мәселелері бойынша сабақ берген. 2002 жылы МакМастер университетін экономика докторы болып бітірді және ақша-несие саясаты және онымен байланысты мәселелер бойынша көптеген ғылыми мақалалар жазған болатын.

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019