Спикерлер

Вадим Лю

«Кселл» компаниясында бизнес-нарықты дамыту жөніндегі директор.

Білімі: Вадим Лю 2001 жылы Алматы энергетика және байланыс институтына радиотехника және байланыс факультетіне оқуға түскен, Лондонға кетіп, кейінгі үш жыл CIMA бағдарламасы бойынша оқумен қатар бағдарламашы, дизайнер, жобалар менеджері ретінде өзінің алғашқы кәсіби ІТ тәжірибесін алды.

Вадим Лю 2004 жылы Ұлыбританияда, кейіннен Қазақстанда да тіркелген корпоративтік клиенттерге ақпараттық технологиялар және цифрлық маркетинг саласында қызметтер көрсетуге арналған iBEC Systems компаниясының негізін қалаушылардың бірі. Сондай-ақ, 2007-2010 жылдар аралығында Deloitte компаниясының қазақстандық және бельгиялық кеңселерінде ІТ және операциялар жөніндегі аға кеңесші қызметін атқарған.

2017 жылдың наурыз айынан бастап Вадим Лю «Кселл»-дің корпоративтік нарықтағы дамуына жауапты және Қазақстанның бизнес мұқтаждылықтарын терең түсіну арқылы компанияның позицияларын нығайтуды, бизнес-шешімдер портфелін және win-win қағидаты бойынша серіктестік қатынастарды кеңейтуді өзінің міндеті деп біледі.

 

 

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019