Спикерлер

Александр Ван де Путт

АХҚО Басқарушысы жанындағы Кеңестің стратегиялық даму мәселелері жөніндегі бас директоры, АХҚО Академиялық кеңесінің төрағасы

Александр Ван де Путт – IE Business School стратегиялық жоспарлау профессоры, «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Академиялық Кеңесінің төрағасы және АХҚО Басқарушысы жанындағы Кеңестің стратегиялық даму мәселелері жөніндегі бас директоры.

Бұған дейін Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясының Директорлар кеңесінің Мүшесі, Қазақстанның Даму Банкінің Басқарушы директоры, Дүниежүзілік экономикалық форумның (WEF) Аға директоры болған, сондай-ақ Shell International, PricewaterhouseCoopers, McKinsey & Company сияқты халықаралық компанияларда түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. Уортон және Кэмбридж университеттерінде, Басқарушылық даму жөніндегі халықаралық институтта (IMD) және басқа оқу орындарында оқытушы тәжірибесі бар. Александр Ван де Путт білім беру салаларында бірнеше рет сыйлықпен марапатталған. 300-ден астам стратегиялық болжамдау бағдарламасына қатысып, оларға жетекшілік еткен.

Менеджмент және Басқарушылық шешімдер саласында ғылыми дәрежесі бар, Гарвард бизнес мектебінде Бельгия америкалық білім беру қорының шәкіртақы алушысы болған, 3 докторлық дәрежесі бар (Лондон университетінде – стратегия және қаржы мамандығы бойынша, Женева бизнес мектебінде – халықаралық қатынастар мамандығы бойынша, Кембридж университетінде – инженерлік-экономикалық жүйелер мамандығы бойынша). Директорлар институтының мүшесі, Сингапур директорлар институтының мүшесі және Стэнфорд университеті директорының сертификатын иеленуші.

 

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019