Спикерлер

Жак Аттали

«PlaNet Finance» ұйымының президенті,

ЕҚҚДБ бірінші президенті (1991-1993)

Білімі: Политехникалық мектеп (Париж), Париж Тау мектебі, Саяси зерттеулер институты (Париж), Ұлттық әкімшілік мектеп (Франция), Париж-Дофин университеті.

Париж-Дофин университетінде, Политехникалық мектепте, Ұлттық көпірлер және жолдар мектебінде экономика профессоры болып жұмыс істеген (1968-85). «Аштықпен күрес» халықаралық үкіметтік емес ұйымның негізін қалаған (1979).Франция Президенті Франсуа Миттеранның кеңесшісі болған (1981-1991). Сонымен қатар, Жак Аттали – Еуропа Қайта құру және даму банкінің бірінші президенті (1991-1993). 1994 жылы Attali & Associates халықаралық фирмасын құрған. Франциядағы жоғары білім жүйесіне қатысты реформалардың бастамашысы, «PlaNetFinance» француздық үкіметтік емес ұйымның негізін салушы (1998), Kepler Capital Markets Бақылау кеңесінің мүшесі (2012).

«Тікелей және ауыспалы мағынада» (1988), «Көкжиек сызығы» (1992), «Карл Маркс: Әлемдік рух» (2005) және «Болашақтың қысқа тарихы» (2006) кітаптарының авторы.

 

 

 

 

 

 

 

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019