Спикерлер

Шиксин Чен

Азия даму банкінің вице-президенті (АДБ)

2018 жылы Азия даму банкіне қызметке келгенге дейін Чен мырза Қытай Халық Республикасы Қаржы министрлігі Халықаралық экономикалық және қаржы ынтымақтастығы департаментін басқарған. 1998 жылдан бастап Чен мырза Қаржы министрлігінде басқарушылық қызметтер атқарып, мемлекеттік қаржыландыру және халықаралық даму банктерімен серіктестік орнату мәселелерімен айналысты. 2012-2014 жылдары Кредиттік кепілдік беру және инвестициялау қоры басқармасының мүшесі қызметін атқарған. 2013-2016 жылдары Дүниежүзілік банктің Қытай Халық Республикасы бойынша атқарушы директоры және 2016-2018 жылдары Жаңа даму банкі және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің Қытай Халық Республикасы бойынша Басқарма мүшесі лауазымдарын атқарған.

Чен мырзаның Ғылыми-зерттеу институты Жоғары мектебінің экономикалық ғылымдар докторы және Гарвард Университеті Джон Ф. Кеннеди атындағы Басқару мектебінде Мейсон бағдарламасы бойынша мемлекеттік саясатты басқару саласы бойынша магистр атағына ие.

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019