Спикерлер

Александр Сазонов

Жобалар жетекшісі, «Касперский зертханасы» АҚ

Білімі: Н.Э. Бауман атындағы ММТУ, электрондық-есептеу құралдарын жобалау және технологиясы, инженер; Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университеті (МЭСИУ), ұйымдастыру менеджменті, менеджер.

Он жылдан астам трансшекаралық электрондық өзара әрекеттестікті заңгерлік маңыздылықпен қамтамасыз ету мәселелерімен айналысуда. Бизнес және азаматтар үшін цифрлық сервистерді жобалап, оларды іске қосады.

Сәйкестендіру, сенім сервистері, жеке мәліметтер, үлестірілген реестрлер контекстінде құқық және ақпараттық технологиялардың торабына маманданады (блокчейн).

Сауда процедуралары мен Электрондық іскерлік операциялар жеңілдету бойынша БҰҰ орталығында заңды маңыздылығы бар сенімді трансшекаралық электрондық өзара әрекеттестікпен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды жасау жөніндегі жобаның
басшысы болып жұмыс істеген (UN/CEFACT).

UNNExT (Азия және Тыным мұхиты аймағындағы қағазсыз сауда және көлік жөніндегі БҰҰ сарапшылар желісі) сарапшысы болып қызмет етеді.

«Ақпараттық қауіпсіздік»  бағдарламасы бойынша кәсіби қайта дайындау  туралы дипломмен (Н.Э. Бауман атындағы ММТУ, 2014 ж.) және ірі жобаларды іске асыруда PKI-технологияларды қолдану саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қосқан
үлесі үшін дипломмен (Ресей Коммуникация және байланыс министрлігі, 2014 ж.) марапатталған.

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019