Спикерлер

Александра Аккирман

«Coca-Cola» компаниясының Орталық Азия мен Кавказдағы үкіметтік және қоғамдық істер жөніндегі менеджері

Александра Аккмирман 2016 жылдың қараша айынан бастап Coca-Cola компаниясының (Стамбул қаласы) аймақтық кеңсесінде сыртқы және ішкі коммуникацияларға жауапты, мемлекеттік органдармен және Үкіметтік емес Ұйымдармен қарым-қатынасты қамтамасыз етеді, сондай-ақ Кавказ және Орталық Азия аймағының сегіз мемлекетінде  компанияның тұрақты дамуы мен әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі жобаларды жүзеге асырады.

Coca-Cola-ға келмес бұрын TeliaSonera телекоммуникациялық компаниясының корпоративтік коммуникация бөлімін ұялы байланыс операторларына тиесілі Еуразия аймағында басқарды. Стамбулдағы TeliaSonera аймақтық штаб-пәтерінде 2007 жылдың қазан айынан бері Александра сыртқы және ішкі коммуникацияларға, тұрақты даму және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікке арналған жобаларға жауапты болды, сондай-ақ Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Молдова, Непал, Тәжікстан және
Өзбекстан мемлекеттерінде этика және стандарттарға сәйкестік саласындағы ауқымды бағдарламаны жүзеге асыруға қолдау көрсетті.

2001-2006 жж. аралығында Nielsen зерттеу компаниясында Мәскеу қаласында маркетинг және коммуникация менеджері қызметін, кейін Кипрдағы Никосия қаласында орналасқан штаб пәтерде Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Африка мемлекеттерінде коммуникация менеджері қызметін атқарды.

Александра Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің филология факультетінің математика және қолданбалы лингвистика магистрі дәрежесін иемденіп, қазіргі уақытта Ұлыбританиядағы Брэдфорд университетінің іскер әкімшілдік магистрі дәрежесін алуда.

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019