Спикерлер

Алик Шпекбаев

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы

Білімі: КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебі, РФ Ішкі істер министрлігі Академиясы.

Әр жылдары Алматы облысы бойынша ІІБ бастығы (2000-2003),Қазақстан Республикасның ішкі істер вице-министрі (2003-2008), Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі (2008-2014), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (2014-2015, 2016-2017) жәнеҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының орынбасары (2016). 2017 жылдың 11 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып табылады.

Заң ғылымдарының кандидаты. II дәрежелі «Айбын», II дәрежелі «Даңқ» және «Парасат» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» меркелік медальдарімен, сондай-ақ ведомствалық медальдарымен наградталған. Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері. Алматы облысының Құрметті азаматы.

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019