Спикерлер

Басскаран Наир

Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінің адъюнкт-профессоры, Назарбаев Университеті Мемлекеттік саясат жоғары мектебінің шақырылған профессоры

Білімі: Сингапур университеті, Гавай университеті

Басскаран Наир DBS Bank (Сингапур) корпоративтік коммуникациялар және маркетинг тобының аға вице-президенті, содан кейін CapitaLand -да аға вице-президенті қызметтерінде болды. Наир мырза Инвесторлармен байланыс жөніндегі Сингапурлық кәсіби қауымдастығының, Сингапурлық қор биржасының Басқарма мүшесі, сондай-ақ халықаралық достық кәсіпорнының төрағасы және директоры болып келеді.

Ол "Сингапурдағы қоғаммен байланыс жөніндегі оқулықтың" (1986), "Басты көшеден кибер-көшеге дейін: коммуникация тәжірибесіндегі өзгерістер" және "Қоғамға арналған маркетингтік саясат" (2018) атты кітаптар авторы.

2010 жылы Наир мырза ұлт алдында сіңірген еңбегі үшін Сингапур Президенті медалімен марапатталған. Ол "2004-ші жылдың кәсіби PR" деп танылған, сондай-ақ 2008 жылы "Өмірлік жетістіктері үшін" деген сыймен марапатталған.

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019