Спикерлер

Алмагүл Мұхамедханова

ҚР БҒМ, Ұлттық білім академиясының Вице-президенті, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Педагогикалық білімдер бойынша Халықаралық ғылым академиясының корреспондент мүшесі.

Білімі: Семей мемлекеттік педагогикалық институттың тарих факультеті. «КАЗГЮУ Университетінің» заң факультеті. Мәскеу
қаласындағы педагогика университетінің аспирантурасы.

Алмагүл Мұхамедханова оқу орнының деканы, проректоры, білім беру бойынша халықаралық сарапшы, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) ұлттық кеңесшісі, Шығыс Қазақстан облысы іскер әйелдер қауымдастығының төраға орынбасары, ғылыми жобалардың жетекшісі, Жаңартылған білім беру мазмұнын тарату орталығының директоры және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті болып қызмет атқарып келеді.

87-ден аса ғылыми мақаланың, 17 оқу-әдістемелік құралдың, 5 оқулық пен ОӘК: «Білім берудегі менеджмент», «Қазақстандағы
этномәдени процестер», «Мемлекет және құқық тарихы», «Білім мазмұнын жаңарту», «Инклюзивті білім беру», «Білімдегі инновациялар», «Қауіпсіз білім беру ортасы», «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» және т.б. авторы.

Халықаралық:  ЮНИСЕФ, UNDP, USAID, Pittsburg State University, AED: "Management in Education Program", "Reading and Writing for Critical Thinking Project", "Бизнес менеджмент", "Бизнес жоспарлау", "Жаһандық білім беру" және т.б.  (Қазақстан, Ресей, Швейцария, Филиппин, Польша, Түркия және т.б.) жобаларға қатысқан.

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019