Спикерлер

Әлтаир Ахметов

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры

Мемлекеттік басқару магистрі, Ұлыбритания, University of Birmingham (2014).

Заң ғылымдарының кандидаты. 2000 жылы Қазақ Мемлекеттік Заң академиясын бітірген, құқықтанушы.

Еңбек жолын 2000 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің заң бөлімінің референті, атташе ретінде бастаған. 2003–2011 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің әртүрлі бөлімдерінде референт, бас сарапшы, бас консультант, сектор меңгерушісі лауазымдарында істеді. 2011 жылдан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқаруға кірісті. 2015 жылдан бері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті төрағасының орынбасары. 2016 жылдың қарашасынан бері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқу жұмысы және ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-ректоры болып жұмыс істеді. 2019 жылдың сәуірінен бері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды.

Үйленген, үш баласы бар.

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019