Спикерлер

Әсет Тұяқбаев

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ның Трансформация жөніндегі басқарушы директоры

Білімі:2005 жылы Мәскеу қаласының Заманауи гуманитарлық академиясын (Мәскеу қ.) «Экономикадағы Ақпараттық технологиялар» мамандығы бойынша тәмамдады (Бакалавр).

Өзінің еңбек жолын Қазақстан Республикасының Салық комитетінде Ақпараттық технологиялар басқармасының маманы, кейін ақпараттық жүйелердің аға әзірлеушісі қызметінен бастады (2002 жылғы маусымнан бастап 2004 жылғы ақпанға дейін).

2005 жылғы қаңтардан бастап 2006 жылғы желтоқсанға дейін -  «Ұлттық Ақпараттық Технологиялар» АҚ-да ҚР Электрондық Үкіметі жобасының басты әзірлеуші әкімшісі болды, Электрондық Үкімет порталын Қазақстан Республикасының Президентіне таныстырды.

2006 жылғы желтоқсаннан бастап 2016 жылғы ақпанға дейін – Аджип ККО және НКОК компанияларында Қашаған жобасын іске асыруға қатысты, Ақпараттық технологиялардың бас инженерінен бастап Ақпараттық технологиялар және ақпарат департаментінің (ICT and IM) басшысына дейін лауазымдарда жұмыс жасады.

2016 жылғы желтоқсаннан бастап 2018 жылғы қарашаға дейін – «ҚазАгро» АҚ-да Ақпараттық технологиялар департаментінің басшысы.

 

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019