Спикерлер

Бақытжан Жұмағұлов

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты

Білімі: С.М. Киров атындағы Қазақ мемелекеттік университеті, «Әділет» құқықтық жоғарғы мектебі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының бас ғылыми хатшысы, вице-президенті, президенті (1991-2001) болып
жұмыс жасаған. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі (2002), Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат басқармасының бастығы (2002-2004), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің бастығы, «Отан» республикалық саяси партиясы Орталық аппараты басшысының орынбасары (2004-2005) болды. 2005 жылы Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Н.Ә.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының бастығы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің IV шақырылымының депутаты болды. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры (2008-2010) болып тағайындалды. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі (2010-2013) лауазымында болған. 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының президенті болып табылады, 2017 жылғы 13 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты қызметіне ие .

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019