Спикерлер

Бахыт Есекина

«Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығының директоры

Білімі: Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Экономика институты, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы

Қазақстанда, ТМД мен АТМ аймақтары бойынша мемлекеттік басқару, орнықты даму және «жасыл» экономика саласындағы халықаралық сарапшы. ҚР БҒМ Экономика институты директорының сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары (2003-2006 жж.), мемлекеттік және жергілікті басқару ҒЗИ директоры, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректор және ректоры (2006-2009 жж.), "Нұр Отан" ХДП Жоғары партия мектебінің бірінші директоры (2009-2013 жж.) болып жұмыс атқарды.  Қазіргі уақытта «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығының директоры қызметін атқаруда.

Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген 160-тан астам жарияланымдардың, оның ішінде 6 монография мен 15 кітапшаның авторы.

«Қазақстан Республикасының экологиясына 30 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытқаны үшін» төс белгісімен марапатталған. Экономика саласындағы үздік зерттеулері үшін төртінші Астаналық экономикалық форумның лауреаты (2010 ж.).

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019