Спикерлер

Бердібек Сапарбаев

Экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолын Қызылорда облысы Задарьинский кеңшарының жұмысшысы болып бастады (1969 - 1971жж.), әскер қатарында болды (1971 - 1973 жж.). Институтты бітіргеннен кейін республикалық мемлекеттік еңбек жинақтау кассалары басқармасында экономист (1977 ж.), Қазақ КСР Қаржы министрлігінде экономист, бас экономист, бөлім бастығының орынбасары (1977 - 1988 жж.), Қазақ КСР Халыққа білім беру Министрлігінің басқарма басшысы (1988 – 1990 жж.), Қазақстан Республикасы Білім министрінің орынбасары (1990 - 1994 жж.);

Президент Аппараты бөлімінің және Қазақстан Республикасы Министрлері кабинетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары (1994 ж.), Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті Іс басқармасының Қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі (1994 - 1995 жж.) болды.

Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті Аппаратының басшысы (1995 ж.); Қызылорда облысының әкімі (1995-1999жж.); Оңтүстік-Қазақстан облысының әкімі (1999-2002жж.) қызметтерін атқарды. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы (2002 - 2004 жж.), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Вице-Министрі - Кедендік бақылау комитетінің төрағасы (2002 – 2006 жж.); Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Үкіметтің Өкілі (2006–2007жж.); Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі (2007 ж.).

2007 жылдың тамызынан бастап 2009 жылдың наурызына дейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымында болған.

2009 жылдың наурызынан 2014 жылдың қараша айына дейін  Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.

2014 жылдың қарашасы - 2015 жылдың қыркүйегі аралығында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болды.

2015 жылғы 11 қыркүйектен 2019 жылдың 25 ақпанына дейін Ақтөбе облысының әкімі қызметін атқарды.

2019 жылғы 25 ақпанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019