Спикерлер

Евгений Гашо

«Экологиялық өнеркәсіп саясаты орталығы» ҒЗИ» ФМАМ қызметкері, РФ МЭИ ҒЗУ энергия үнемдеу зертханасының меңгерушісі

Білімі: Воронеж политехникалық институты, Мәскеу энергетикалық институты (техникалық университет)

Евгений Гашо МЭИ ҒЗУ энергия үнемдеу әдіснамасы ҒЗЗ меңгерушісі (2015 ж. бастап), Инженерлік экология және еңбекті қорғау кафедрасының доценті (2018 ж. бастап), МЭИ ҒЗУ Өнеркәсіптік жылуэнергетикалық жүйелер кафедрасының доценті (2008 ж. бастап), Мәскеу қ. Қоғамдық палатасының экология, энергетика және тұрақты даму жөніндегі комиссиясының төрағасы болып табылады.

Келесі танымал жарияланымдар мен зерттеулердің авторы: «URBI ET ORBI. Қала мен әлемге: экологиялық даму басымдықтары. Мәскеу қаласының IX азаматтық форумына қоғамдық сараптама материалдары», «Менің қаламдағы жаңартылатын энергия көздері: болашақ жақын», «Мәскеудің энергетикалық және климаттық стратегиясы: ақылға қонымды симбиозды іздеу», «Мәскеудің тұрақты даму басымдықтары: энергия тиімділігі, осалдықтың төмендеуі, климаттық бейімделу» және т. б.

Мәскеу мэрінің алғысымен, МЭИ құрметті белгісімен марапатталған, Ресей инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі және Ресей Сәулет және құрылыс ғылымдары академиясының кеңесшісі болып сайланды.

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019