Спикерлер

Жанар Айтжанова

Елші, Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесі және басқа халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілі

Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ағылшын тілін терең меңгерумен тарих факультеті, Алматы қ. (1982-1988); М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасы (1989-1990); Карлов университеті және Орталық Еуропа университетінің аспирантурасы, Прага қ. (1991-1992); Вена біріккен институтының экономика және қаржыны мемлекеттік басқару бағдарламасы, Вена қ. (1996-1997); Гарвард университетінің мемлекеттік басқару бойынша магистратурасы, Кембридж қ. (2002-2003).

Жұмыс тәжірибесі: Қазақстан Республикасындағы БҰҰ даму бағдарламасы/БҰҰ Өкілдігінің Мемлекеттік басқару және нарықтық экономикаға өту бөлімінің басшысы, бағдарламалар үйлестірушісі (1993-1996); БҰҰ үйлестірушісінің көмекшісі/Монғолиядағы БҰҰ даму бағдарламасының резиденті (1998-1999); Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ даму бағдарламасы Штаб-пәтерінің Еуропа және ТМД аймақтық бюросы бағдарламаларының үйлестірушісі (1999-2002); Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі (2003-2010); Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына ену бойынша Арнайы өкілі (2005-2016); Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі (2010-2011); Қазақстан Республикасы Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі (2011-2016); 2016 ж. маусымнан бастап. - Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі; 2017 ж. мамырдан бастап - Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігі және Ватикан мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы. Дипломатиялық дәрежесі: II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл; Меңгерген тілдері: Қазақ, орыс, ағылшын және чех.

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019