Спикерлер

Гарегин Манукян

Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті Мемлекеттік мекемелер және сандық басқару бөлімінің Басқару және мемлекеттік әкімшілік мәселелері жөніндегі аға қызметкері

Білімі: Армения американдық университеті, Ереван политехникалық институты.

1986-1988 жылдар аралығында Армениядағы математикалық машиналар Ғылыми-зерттеу институтының бағдарламашысы болып жұмыс істеді.1988 жылдан 1990 жылға дейін Арменияның табиғи газ бойынша мемлекеттік комитетінің аға маманы болды. Ол сондай–ақ "EOL" шағын кәсіпорнының Президенті және негізін қалаушы болды (1988-1994). 1991 жылдан 1993 жылға дейін Арменияның Американдық университетінің бизнес-зерттеулер және әзірлемелер орталығының ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. 1994 жылдан 1996 жылға дейін ЮНИСЕФ-тің операциялық директоры қызметін атқарды. 1997 жылдан бастап БҰҰ
Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті Мемлекеттік мекемелер және сандық басқару бөлімінің Басқару және мемлекеттік әкімшілік мәселелері жөніндегі аға қызметкері болып табылады.

Сонымен қатар, ол мемлекеттік қызмет саласындағы кәсібилікке және орталықсыздандыру реформаларына арналған бірнеше конференцияларды ұйымдастырумен және қызмет көрсетумен айналысқан. Бұдан басқа, Гарегин Манукян Біріккен Ұлттар Ұйымының өңірлік оқу орындарының қоғамдық экономика және басқару саласындағы оқыту және зерттеу мәселелері бойынша жаһандық онлайн желісінің жұмыс істеуіне жауап беретін топтың құрамында болған. Ол сондай-ақ мақсатты қор жобасының жетекшісі болып табылады. Жоба шеңберінде Шығыс және Орталық Еуропа мен ТМД елдерінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Мемлекеттік қызмет саласындағы кәсібилік орталығы құрылды.

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019