Спикерлер

Гудни Йоуханнессон

Исландияның жұмыспен қамту және инновациялар министрлігінің Ұлттық энергетикалық басқармасының басшысы (Orkustofnun) (растады)

Білімі: Лунд университеті (Швеция) 

Исландиядағы БҰҰ университеті бағдарламасы бойынша геотермалдық энергетикада мамандар даярлау жөніндегі кеңестің төрағасы. Бұл бағдарлама Исландияда 1979 жылдан бері жұмыс істейді. Оқыту геотермалды барлау және игеру саласында әлеуетті құруда дамушы елдерге көмек көрсетуге бағытталған аспиранттарды даярлау бағдарламасы болып табылады. Бағдарлама дамушы елдер мен  айтарлықтай геотермалдық әлеуеті бар экономикасы өтпелі елдерден практикалаушы мамандар үшін жыл сайынғы алты айлық оқудан тұрады. Технологияны барынша табыстау мақсатында геотермалды даму жүргізілетін елдерге басымдық беріледі. Қазіргі уақытта Дүниежүзілік банк ҚР Энергетика министрлігімен бірлесіп «Қазақстан Республикасының геотермальды суларын» зерттеулерін аяқтауда. Осы зерттеулер аясында Исландия «Arctic Green Energy» компаниясы қазақстандық мамандарды оқыту үшін жасыл қорлардан қаржы тартуды жоспарлап отыр.

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019