Спикерлер

Мехмет Шимшек

Түркия Премьер-Министрінің орынбасары (2015-2018), Түркия Қаржы министрі (2009-2015)

Білімі: экономикалық ғылымдар бакалаврі, Анкара университеті; инвестициялар және қаржы саласындағы M.Phil., Эксетер университеті, Ұлыбритания.

Мехмет Шимшек 2015–2018 жылдары Түркия Премьер-Министрінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Бұған дейін ол Түркия Қаржы министрі (2009–2015 жылдары) және Экономика министрі (2007–2009 жылдары) лауазымдарын атқарған. Ол биліктегі АК партиясының атынан парламентке үш мезгілге сайланды (2007, 2011, 2015).

Министр қызметін атқарған мемлекеттік қызметтегі он бір жыл ішінде г Шимшек мырза өзін құрылымдық реформалар мен тиімді макроэкономикалық саясаттың белсенді қолдаушысы ретінде көрсете білді. Сенімді қаржылық позиция мен реформаларды жүргізудегі белсенділік Түркияға соңғы он жылда орын алған көптеген (ішкі және сыртқы) күйзелістердің алдын алуға көмектесті. Ол G20, ХВҚ, ДБ, ЕЫДҰ және ИДБ шараларына губернатор ретінде Түркия атынан қатысқан.

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019