Спикерлер

Фатима Жақыпова

Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі

Білімі: С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.

Жақыпова Фатима Надырқызы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ассистент, аға оқытушы, доцент (1991-2001), Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де "Қазақ университеті" баспасының директоры (1999-2000), Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Экономика және құқық институты директорының орынбасары (2000-2001), М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Жалпы мәселелер, экономикалық болжау және дамыту жөніндегі проректоры (2001-2003), М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультеттерінің оқу-әдістемелік жұмысы бойынша проректоры (2003-2008), І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқу – әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры-бірінші проректор (2008-2011), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары (2011-2012), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры (2012-2014), Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің атқарушы директоры (2014-2016) қызметтерін атқарған. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры (2016-2019).

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019